Орфография және пунктуация мәселелері



бет3/8
Дата08.06.2018
өлшемі0,6 Mb.
#41648
1   2   3   4   5   6   7   8

Ал­тын адам

Ал­тын киімді сақ жа­уын­герін 1969 жы­лы Жетісу жерінде, Есік қорғаны­нан ар­хе­олог К.Ақышев тапқан. «Ал­тын адам» зерт­те­ушілердің пікірі бойын­ша б. з. б. VII-III ғасыр­ларға, ер­те темір дәуіріне жа­тады. Оның жа­сы 17–18-де, бойы ша­масын­да болған. Сақ көсемі мүрдесінің ба­сы ба­тысқа қара­тылып жатқызы­лып­ты. Есік қорғанын­дағы екі қорым­ның біреуі ер­те­ректе то­налған екен, ал екіншісі аман қалған.

Есік қорғаны­ның ди­аметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен то­пырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және ба­тысы­нан ыдыс­тар, зергерлік бұйым­дар та­былған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жа­уып, темір құрса­улар­мен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық ал­тын әшекейлермен бе­зендірілген. Он­дағы ба­рыс, бұлан, та­уте­ке, арқар, жылқы түрлі құстар­дың бей­не­лері аң стилінде үлкен ше­берлікпен жа­салған. Сонымен қатар ал­тын алқа, көз салған ал­тын сырға және қазіргі қазақтар­дың бас киімдеріне ұқсас шо­шақ төбелі, биіктігі 70 см-ге же­тетін бас киімі табылған. Сақ көсемінің қолын­да екі ал­тын жүзік, белінде құрас­тырма­лы кісе бел­беуі болған. Ал­тын плас­ти­налар жап­сы­рылған қынапқа са­лынған темір қан­жар (аки­нак), қызыл қынап­ты ұзын сем­сері та­был­ды. Сақ жа­уын­герінің шал­ба­ры да ал­тын тоғалар­мен әше­кей­лен­ген. Бұл ал­тын адам­ды жер­леу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол за­ман­да Жетісу жерін ме­кен­де­ген сақтардың жас көсемі, әскер­ба­сы болған де­сек күмән туғыз­бай­ды. Ал­тын адам­ның жа­нынан та­былған күміс тос­таған­дағы таңба­лар сол за­ман­ның өзінде Жетісу сақта­рын­да жа­зу болған­дығын байқата­ды. Тек бүгінгі күнге дейін ол жа­зуды ғалым­дар оқып ажы­рата ал­май отыр. Со­нымен қатар табылған көне жәдігер­лер сақ за­маны­ның ма­тери­ал­дық мәде­ни­еті, өнері, мифоло­ги­ясы ту­ралы мол мәлімет­тер алуға мүмкіндік бе­реді. «Ал­тын адам» сақ елінде өз за­маны­на сай өрке­ни­еттің болған­дығын дәлел­дейді.

Пайдаланылған әдебиет:

1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.

2. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

3. Қазақ графикасы – қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

Графика (гр. graphike – жазылған, өрнектелген) графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы. Фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.

Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихы.

Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.


Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы.

Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.

Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха — «а», «ә»; дамма — «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра — «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен — ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет — ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб — ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі — ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген — ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген).

Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған.

Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.

Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов былай дейді:






«Газеттер пайдаланған араб графикасына негізделген алфавитте араб әліппесіндегі әріп таңбалары түгел дерлік сақталған. Оның үстіне парсы тілі арқылы енген , , , әріптерінің таңбалары және қазақтағы мұрын жолды "ң" дыбысының таңбасы ретінде "н" мен "к" дыбыстарының қосынды таңбасы алынған. Араб әліппесін толықтыратын асты, үсті, үтір сияқты қосымша белгілер пайдаланылмаған».

Ал Гүлфар Мамырбекова жәдид жазу жүйесінде аз болса да харакаттардың қолданылғанын көрсетеді: құл және күң — ﻚﻨُﻜ (1874, №6), күтүб — ﺐﻭﺘُﻜ , құшақтасыб — ﺐﺴﺎﺘﻘﺎﺸُﻗ , құрметтеб — ﺏﻴﺪﺘﻤﺭُﻗ (1874, №10), тұхым — ﻢﺤُﺗ , құдай — ﺍﺪُﺤ (1874, №16), құл - ﻝُﻘ (1977, №30). Фатха арқылы белгіленген сөздер: бағасы — ﻰﺳﺎﻐَﺒ (1875, №1), ақраб — ﺐَﺭﻘﺍ [2, 75]. Мұндай гетерогенді жазба тілді меңгеру көпшіліктің үлесінде емес, тек сол кездегі элиталық топтың ғана оқу құралы болды. Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-ақ түбіргеқосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңы сақталмай жазылды.

Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні» т.б. яғни жалғау және жұрнақтар ескі қазақ жазба тілінде бір ғана инвариант принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың («-дар, -тар») варианттары таңбаланбай, қазақ тілінің үндесім заңдылығы үнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны, келтүр, өткүр, үчүн, қабұл, түрлү, жауұн» т.б.

Жадид, қадим жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық таңбалар, сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды.

Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты», «Айқап» беттерінде көтеріледі. Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар — сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған.

Жалпы қазақ жазу тарихында араб графикасын (араб әліпбиін) қабылдауға не себеп болды, қандай ықпал, әсер негізінде араб жазуына бет бұрды, оның халық сауатын ашуда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық таңбалауда кемшілік тудыруының себебі неде деген мәселелерді айқындау үшін, араб графикасына көшуге негізделген түркілік бағыт көрсетіледі.



Миссионерлік бағыт.

Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді.



Н.И. Ильминскийдің жобасы.

Н.И. Ильминский түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға 8 әріп арнайды: а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ.

Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу».

Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді. 

Сол кезеңдегі әліпби мәселесін қозғаған жиындарда түркі тілдес халықтар тіліндегі төл дыбыстарды бейнелейтін қосымша әріптер жөнінде айтыс-тартыстар да болады. 1976 жылы 29 сәуірде Қазан университетінің жанындағы археология, тарих,этнография қоғамының мәжілісінде орыс әліпбиі араб әліпбиіне қарағанда осы күйінде де қазақ тіліне жарайды деп шешілген болатын.

В.В.Катаринскийдің жобасы.

1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Орынбор, 1897) атты еңбегі жарыққа шығады. Ғалым қазақ тілінде 9 дауысты және 15 дауыссыз бар деп көрсете отырып, 21 әріптен тұратын мынадай әліпбиін жариялайды: а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш.

Үкімет тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері Ресей отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалған жоқ. 1906 жылдың 31 наурызында Ресей патшалығының өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң да шығарып қойғанын тарихи деректерден көреміз. Жоспарланған саясаттың астарын білдірмеу үшін 1910 жылы маусымда Петербург қаласында өткен кеңесте «орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын», деген қаулы қабылданған болатын.

Жалпы қазақ жазу тарихындағы өзгерістер мен әліпбилердің ауысуы себептерін талдап, салыстыра баға беру нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға тура келеді. Әліпби реформасына байланысты бұл кезде екі түрлі көзқарас болды. Бірінші топ – қазақ тілінің дыбыс жүйесін беруде араб жазуының мүлде жарамсыздығын дәлелдеп, оны басқа әліпбимен ауыстыруға шақырса, екінші топтағылар араб әліпбиін ғасырлар бойы пайдаланып отырғандықтан, рухани мұрамыздан қол үзбеу үшін әліпбиді түбегейлі реформалауға қарсы тұрып, тек қана өзгерістер енгізумен шектелу керектігін қолдайды.



А.Е.Алекторовтың жобасы.

1892 жылы А.Е.Алекторовтың «Русско-казахская азбука. К мудрости ступенька» деп аталатын еңбегі жарыққа шығады. Жұмыстың көлемі 114 бет. Онда қазақ тілінің 1300-дей сөзі қамтылған. А.Е.Алекторов орыс графикасындағы таңбаларды пайдалана отырып, 38 әріптен тұратын, орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырады: а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ. Алекторов қазақ тіліндегі а-ә, о-ө, ы-і жұп дауысты дыбыстарына арнайы таңба арнайды.

Қазақ тілінің дыбыстық құрамында жоқ ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, ë тәрізді дыбыстар да алынады. Автор бұл дыбыстарды ең соңынан барып оқытылуы тиіс деп көрсетеді: «Обучение грамоте должно быть начато на природном (казахском) языке учащихся, только в этом случае обучение будет сознательное и не пойдет вразрез с главными педагогическими правилами – идти от известного (казахского) и неизвестному (русскому), от легкого к трудному» дей отырып, «Азбука «к мудрости ступенька» составлена в строгой последовательности, переходя от изучения легких в произношении киргизов к более трудным звукам, что сочетания звуков в слоги и слова – самые легкие и доступные, как показала практика, детям даже шестилетнего возраста».

Ағартушылық бағыт.

Ы.Алтынсариннің жобасы.

Н.И. Ильминскийден кейін, 1879 жылы қазақ ағартушыларының бірі –Ы.Алтынсарин орыс әліпбиі негізінде қазақ балаларына арнап қазақша анықтама жасаған болатын.

Жобаның негізгі ерекшелігі – Ы.Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған, яғни қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр тәрізді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді: нг" (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және лдауыссыз дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал)Иа, иу әріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да белгілегенін көреміз: аяк, узюк.

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.

Әліпби үш рет өзгерді: 1) араб әліпбиі; 2) латын әліпбиі; 3) орыс әліпбиі. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

Бақылау сұрақтары:



  1. Араб әліпбиінің негізінде қазақ әліпбиінің емлесін түзген ғалымды көрсетіңіз.

  2. Бас әріппен жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  3. Бас әріппен жазылмайтын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  4. Бас әріпті қолдану қай әліпбиден басталғанын табыңыз.

  5. Басқа тілден енген сөздерде жазылатын әріп қатарын көрсетіңіз.

  6. Басқа тілден енген сөздерде ғана жазылатын әріпті табыңыз.

  7. Дыбыстың жазудағы таңбасы қалай аталатынын белгілеңіз.

  8. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

  9. Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән қанша әріп барын табыңыз.

  10. Тіл білімінің фонетика саласына жататын терминді көрсетіңіз.

  11. Тіл дыбыстары қалай жасалатынын белгілеңіз.

  12. Тіл дыбыстарын жасауға қатыспайтын мүшені көрсетіңіз.

  13. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталатынын табыңыз.

  14. Тек қазақтың төл дыбыстарынан жасалған сөз қатарын көрсетіңіз.

  15. Қазақ халқы 1929 жылдан бастап қандай әліпбиді қолданғанын белгілеңіз.

  16. Қазақ халқы 1940 жылдан бастап қандай әліпбиді қолданғанын табыңыз.

  17. Қазақ халқы орыс әліпбиіне қай жылдан бастап көшкенін белгілеңіз.

  18. Қазақ халқының сауат ашу құралы болған әліпбиді табыңыз.

  19. Қазақ әліпбиі қай әріптен басталып, қай әріппен аяқталатынын көрсетіңіз.

  20. Қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылатын әріпті көрсетіңіз.

  21. Қазақтың төл сөздерінде ғана жазылатын әріптер қатарын көрсетіңіз.

  22. Әліпби термині қай тілден енген термин екенін көрсетіңіз

  23. Әліпбидің анықтамасын табыңыз.

  24. Әріп саны мен дыбыс санында айырмашылық бар сөзді табыңыз.

  25. Әріп терині қай тілден енгенін табыңыз.


№2 дәріс. Араб графикасы: Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан аймақтарында таралуы.

1. Араб графикасы.

2. Ұлттық бағыт және қазақ жазуы.

3.  А.Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы.

1. Араб графикасы. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді.

Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.

Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه)

Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (), т (ت), ж (ج), ш (), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (), ң (), л (ل), м (م), н (ن)

Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й ().

Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.

А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады.

Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. ХХ ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткіжайтқа негізделді.

3. «Байтұрсынов жазуы» және емле ережелерінің тарихы

Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. «Дала уалаяты газетінің» 1896-жылғы 27-санында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеясын қолдаған сауатты азамат А.Құрмамбаевтың «Қазақ тілі турасынан» деген мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың жазба тілі ноғай (татар) сөздерімен «шұбарланып барады» деп қауіп айтады. Бұл қазақ тілінің  сөздік қазынасы жайындағы алғаш көтерілген мәселе болса, әрі қарай ұлттық («қазаққа керек») жазу-графика, орфография, пунктуация мәселелері де әңгіме бола бастайды. «Дала уалаяты газетінің» (әрі қарай ДУГ) 1896 жылғы 31-32 – сандарында жарияланған ағартушы Д.Сұлтанғазиннің «Қазақ тілінше жазу туралы» деген көлемді мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында айта келіп, «көп заманнан бері қазақ тілінде жүріп, бұзылған себебінен (автор бұл кезде «бұзылған» деп фонетикалық тұрпаты қазақ тіліне икемделіп өзгерген құбылысты айтып отыр) араб, парсы сөздерін қазақтың сөйлеуі бойынша жазу жарайды» - деп орфографияға қатысты ең алғашқы пікірлердің бірін айтады. Бұл принципті қазақ емлесі  күні бүгінге дейін танып келеді.  Ал орыс тілінен еніп жатқан сөздерге келгенде, Д.Сұлтанғазин өзгеше принципті ұсынады. Алдымен, ол қазақ тіліне араб, парсы сөздерін көптеп қабылдай бергенді қостамайды да, орыс тілінен сөз алуға назар аудару керек дейді. Олардың емлесі жайында да пікір айтады. Орыс сөздерін екі топқа бөледі, ертеде еніп, қазақша тұлғаланып кеткендерді сол қалпында жазу дұрыс дейді. Ал жазу арқылы келген сөздерді араб жазуының  мүмкіндігінше орысша тұлғасын сақтап жазуды қостайды: «орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсастырып жазуға тырысу керек». Сондықтан жандарал, жанарал деп жүрген сөздерді генерал деп жазу керек дейді. Газет осы тәртіпті ұстанған. Біздің бүгінгі емлемізде талас тудырып келе жатқан мәселенің бірі - жазба арқылы келген орыс сөздерінің  орысша орфограммасын сақтап жазу немесе қазақша «сындырып» айтылуынша жазу дилеммасы басын ХІХ ғасырдан алады екен.  Біз қазір «Сұлтанғазинше» жазып жүрген сияқтымыз.

ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ мәдениеті үшін алфавит таңбаларының тіл табиғатына үйлесімді, қолайлы болуы жөніндегі мәселе жиірек сөз болды. ДУГ-та Д.Сұлтанғазиннен басқа Р.Дүйсенбаев, О.Әлжанов, И.Бисенұлы сияқты сауатты, білімді, ағартушы авторлар да тіл, графика, емле жайында пікірлерін білдіріп отырды. Д.Сұлтанғазин аталған газеттің 1899 жылғы 23-нөмірінде «Қазақ сөзін қалайша жазу турасы» деген мақаласында қазақ әліпбиі жөнінде сөз қозғап,  христиан миссионерлері ұсынған «орыс» жазуы мен араб жазуының қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне қайсысы қолайлырақ дегенді талдайды. Бірақ араб әліпбиін былайша реформалау керек деген сияқты нақты ұсыныстар айтпайды.

Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалардың көпшілігінде араб әліпбиінің қазақ тілі үшін жарамсыз, оны толықтыру не жаңа алфавит жасау қажет дейді (Р.Дүйсенбаев «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10). Араб алфавитінің қазақ тіліне үйлесімсіздігін Д.Сұлтанғазин де, О.Әлжановтар да айтады. Демек, араб графикасын реформалау идеясы ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында әлеумет назарына ұсынылса да, оның жүзеге асырылуы ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылының үлесіне тигені белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды.

Қазақ жазбаларының орфографиясы мен жазба мәдениеті туралы әлеуметтік үн де ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылы барысында ашығырақ шықты, мақалалар жарияланды, қазіргі тыныс белгілерінің түр-тұрпаты мен орындары көрсетілді (ДУГ, 1896, №31). Жоғарыда айтылды, араб жазуымен берілген мәтіндерде ешқандай тыныс белгілері болмады. ДУГ-тің өзі бастапқы нөмірлерінде тыныс белгілерінсіз шығып тұрыпты. Кейін өзі танытып түсіндірген тыныс белгілерін пайдаланды.

Бірақ не газет редакциясы, не жеке авторлар бұл тыныс белгілерінің қазақша толық (түгел) атауларын (терминдерін) бере алмады. Тыныс белгілері дегенді тыныстар деп атады және тыныс белгілерін қою емес, тыныстарды жүргізу деді. Ал жеке бірқатарының атауларын: нүктені – тыныс, үтірді – жарты тыныс, нүктелі үтірді – тыныстың төрт бөлгенінің бірі, сұрау белгісін  сұралған жауаптың аяғына  қойылады деп, леп белгісін ашуланып не қорқып, яки таңданып айтқан сөздің аяғына қойылды деп, осы үлгіде әрі қарай тырнақшаның, қос нүктенің, көп нүктенің, дефистің, сызықшаның терминдік атаулары емес, т ү с і н д і р м е  л е р і  ғана көрсетілген (ДУГ, 1898, №42). Тыныс белгілерінің осы күнгі терминдерін алғаш ұсынған А.Байтұрсынов болатын.

Біршама әлеуметтік үні болған бұл газеттің (ДУГ-тің) қазақтың жазба тілі, алфавиті, пән сөздері (терминология саласы), емле, оқу құралдары туралы мәселелелерді көтеріп отырған дәстүрлерін (қарекетін) кейін ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Қазақстан» газеттері,  «Шора» журналы жалғастырды.  Бұлардағы ғылыми негізі бар, жүйелі түрде ұсынылған пікірлер негізінен Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералиндердің жазғандарында көрінді.

А.Байтұрсынов 1895-1909 жылдары ауыл мектептерінде бала оқытып жүрген кездерінде  оны араб әліпбиінің қазақ сөздерін дұрыс жазуға келгенде үйлесімсіздігін, онда қазақ тілі үшін қажетсіз, яғни қазақ сөздерінде келмейтін дыбыстардың әріптері бар, бірақ  қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қажет ерекше дыбыс таңбаларының жоқ екендігі, олардың қажеттігі ойландырады. Ойлана жүріп қолданыстағы араб графикасын қазақ тілінің фонетикалық қалыбына салып, реформалайды. Қазақ тілі үшін қажеті жоқ артық таңбаларды ығыстырады, олар жуан дауыссыз деп аталатын араб тіліне тән дыбыс таңбалары болатын, кейбір таңбалардың жуан-жіңішкелік оппозиттерін білдіретін тәсілді ұсынады, ол үшін дәйекші деген белгіні ойлап табады.

Байтұрсынов бұл проектісін «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. А.Байтұрсынов мұрасын тарихи-лингвистикалық зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, оның бұл жұмысы – нағыз ғылыми, ғылыми аргументтері күшті, тіпті бүгінгі күннің талабын да өтейтін еңбек болып табылады. А.Байтұрсынов бұл ізденістерінде қазақ тілінің фонологиялық табиғи белгісі – сингармония заңдылықтарына сүйенеді. Бүгінгі фонетист ғалымдар А.Байтұрсынов дыбыстар жүйесін сингармофонемалар ретінде дұрыс таныды дейді. Сондай-ақ қазақ алфавитін түзуде (жасауда) болсын, грамматикалық (морфологиялық) категорияларын зерделеуде болсын, А.Байтұрсынов тіл біліміндегі парадигмалық жүйені ұстады. Парадигматилық жүйе дегеніміз – тіл бірліктерінің (дыбыстардың, морфологиялық көрсеткіштердің, емлелік тәртіптердің т.б.) екі түрлі типін бір-бірінің қарсысына қойып жүйелеу. Сондықтан қазақ әліпбиін түзуде дыбыстардың дауысты-дауыссыз, жуан-жіңішке, қатаң-ұяң сияқты оппозиттерін негізге алған. Бұл бүгінгі ғылым биігінен (жетістіктерінен) қарағанда өте дәлелді, дұрыс ұстаным болып саналады. Ғалым араб жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылым-білім дүниесіне ұсынады. Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынов тәртіпті жазу деп атаймыз деді: «Тәртіпті жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (әрпі) бар болса» деп анықтайды. 1912 жылғы «Айқаптың» 9,10,11-сандарында «Шахзаман мырзаға» деген көлемді мақала жариялап, өзі көп ізденіп, іс жүзінде, мектепте балалардың сауатын ашу процесінде тәжірибеден өткізіп түзген алфавитін нағыз ғылыми-теориялық негізде дәлелдейді (Шахзаман Жияшов. «Бірге қозғалайық» - Д. «Айқап» 1912, №6).

Араб жазуы (әріп таңбалары) – құран қолданған әліпби, сондықтан оған өзгерістер енгізуге, қысқартуға, өзге таңбаларды қосуға болмайды деген діндар догматиктердің қарсы пікірлері де (мақалалары  да) болғанына қарамастан, ауыл мұғалімдері, озат ойлы, білімді адамдар тарапынан Байтұрсынұлы әліпбиі  батыл қолдау табады.

Сөйтіп, қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің даму сипаты, жазба тілі, алфавиті, терминологиясы, оқу-ағарту істерінің күй-қалпы, оқу құралдарының қажеттігі сияқты мәселелер туралы пікірлер айтылды. ХІХ ғасырдың ең соңғы жылдары мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ қоғамында ашылған әр сатылы мектептерде балалардың ана тілінде сауатын ашатын графиканың мәні, оның қазақ балаларын оқытуда қиындық келтіретін тұстары кеңінен айтыла бастады. Бұл пікірлерге ауыл мұғалімдерінің айтқандары прагматикалық сипатта болды. Ал графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов, Аманқос Мектептегі сияқты зерттеушілер жақсы талдап көрсеткен болатын (Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы, «Ғылым», 1993, 18-20 – беттер). А. Байтұрсынов оқыту ісінде ең басты құрал – оқулық екенін айтып, ал оқулық бойынша балалар сауаттарын қиналмай тез ашуы үшін жазу тәртібі болу керек дейді («Айқап», 1912, № 4 – 5, «Жазу тәртібі» деген мақаласында). Ахмет Байтұрсынов енгізген «Жазу тәртібі» термині «Қазақ жазба дүниесіне қажет алфавит» деген ұғымды береді, яғни қазақ тілінің табиғи фонетикалық құрылымына сәйкес тілде бар дыбыстардың жеке таңбасы (әрпі) болуы, сондай-ақ жазуда қазақ тілінің үндестік заңдарының сақталуы қажет екендігін ескертті. Бұл пікір-ұсынысқа қарсы шыққандар да болды, олар «түркі тілдеріне ортақ» бұрынғы жазу (емлеге қатысты) үлгісін сақтауды ұсынды. Демек, А. Байтұрсынов және бірқатар зиялылар қолданып келе жатқан араб әліпбиіне қазақ жазбалары үшін өзгеріс енгізу, яғни реформалау принципін ұсынды. Ол: «бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ», жазғанымыздың қате, дұрыстығын айтарлық емле жоқ, оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашып-арнаған әріптер жоқ» - деп жазғанда, қазақтарға қажет тек алфавит мәселесі ғана емес, соған тікелей қатысты емле мәселесін де көтерді, оның әлі күнге жоқтығын айтты. Бұл пікірсайысты «Айқап» журналынан «Қазақ» газеті іліп әкетті.

А. Байтұрсынов қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын қостай отырып, Міржақып Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады («Айқап», 1912, № 8). Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды.

Қазақ жазуының орфографиясы ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында тұңғыш рет сөз болды. Оның қажеттігі мен рөлі ғана дәлелденіп қойған жоқ, алғашқы ережелері іспеттес тәртіп жүйесін ұсынды. Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуының емлесі туралы ой-пікірлерін өзі редакторы болған «Қазақ» газетінің беттерінде әрі қарай жалғастырып, пікірсайысқа жол берді. Емле мәселесіне келгенде, «Айқап» пен «Қазақ» газеттері қарама-қарсы екі түрлі бағытта болды. «Айқап» бұрынғы дәстүрлі әліпби жүйесі мен емлені қолдаса, «Қазақ», әрине, А.Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен жаңа емле принциптерін жақтады.

Сөйтіп, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ мәдениеті, жазба тілі үшін графика (әліпби) мәселесі мен қазақ жазуы емлесі жайындағы әңгіме баспасөз беттеріндегі пікірталастар түрінде әлеуметтік үнге ие болды. Бұл – қазақ рухани-мәдени дүниесінің едәуір көтерілгенін, ұлттық проблемаларға бара алатын зиялы топтың, мәдени күштің жетіле бастағанын танытты.

Қазақ жазбасы сан ғасыр бойы қолданылып келген, ХХ ғасырдың басында реформаланып, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне лайықталған, кезінде үлкен ғалымдар (Поливанов, Яковлев т. б.) «Байтұрсынов жазуы» деп, ал А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Бұл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, түріктер мен әзірбайжандарда басталып, Ресей қол астындағы түркі халықтарының (татар, қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай т. т.) барлығының саяси-мәдени өмірінде белсенді түрде орын алғаны белгілі. Бұл құбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі – орфография мәселелерінің қойылуынан өзгешелігі сол – бұл кезеңде (1924 – 1929 жылдары) графика мен орфография үлкен саяси-әлеуметтік үн алды. Конференция, жиындар өткізілді. Бұл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық негіздерге сүйенген баяндамалар жасалып, үлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары мен ғалымдары арабшылар – латыншылар болып айқын екі жікті құрады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды.

Жазудың бұрынғысы реформаланған немесе жаңасы қабылданған кезінде оған қоса көтерілетін үлкен мәселе – сол жазуға сай келетін, яғни сол графикасымен сауатты жазуды жүзеге асыратын орфография мен пунктуация мәселелері қоса көтерілетіні белгілі, бұл әрекет әр кезеңде әр түрлі қарқында болып келді. Латын жазуын қабылдау туралы ұйымдастырылған жиын-конференциялар мен баспасөз беттерінде емле мәселелерімен қатар пунктуация жайы да кеңірек айтылды.Жазба мәтіндерде тыныс белгілерінің ережелерін түзу (жасау) және оны пайдалану проблемасы қазақ мәтіндерінде ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында көтеріліп, ХХ ғасырдың басында дұрыс, сауатты жазу үшін пунктуация өте қажетті проблема екендігі орнықты. Араб таңбалы жазуда тыныс белгілерінің жоқ болғандығы, бас әріп таңбасының жоқтығы мәтінді дұрыс жазуға, түсініп оқуға кедергі келтіретіндігі сөз болды. Әсіресе «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттері жарық көре бастағанда, тыныс белгілерін қолдану әрекеті басталды. «Синтаксистік тұтастық» (период) деп аталатын мәтін сегменттерін (бөліктерін) айырып азат жолдан (абзацтан, жаңа жолдан) бастап жазу да осы кезде көрінді. А. Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде, ХХ ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ», «Айқап» газеттерінде кеңінен орын алды. Араб жазуымен ұсынылған мәтінде орын алмаған (және орын алуы мүмкін де емес) мәселе – бас әріптің қолданылуы болып қала берді, сондай-ақ дефис пен сызықшаның қолданысы, оқшау сөздердің сөйлемдегі өзге сөздерден тыныс белгілерімен, көбінесе үтірмен бөлектетіліп көрсетілуі сияқты пунктуацияның жеке тұстары да әлі айқындалып, тұрақталмағандығы көрінді.

Сөйтіп, нағыз ғылыми дәлелдермен орын алған үлкен тартыстан кейін 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Оның қолданылу тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылордада өткен конференцияда), осы кезден бастап іс жүзінде қолға алынды: мектептер мен баспасөз және баспа орындары енді латынша жазуға көшті.

Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. Бұл тұстағы «орыс жазуын» қостайтын ғылыми-теориялық негіздеме әлсіз болды, араб жазуындай (сан ғасырлық) қолданыстағы тарихи дәстүрі болған жоқ, не қазақ тілінің дыбыс құрылымына сәйкестену мүмкіндігі де (қазақ жазбасына қажет дыбыс әріптерінің болу-болмауы) өзге жазулардан (айталық, алдыңғы латын әліпбиінен) артықшылығы көрінбеді, не сауатты жазуға ұсынылатын емле ережелерінде үлкен өзгерістер болмады. Тек орыс тілінен және орыс тілі арқылы келіп жатқан интерсөздер орыс тіліндегі қалпында жазылатын ереже бел алды. Бұл ереже тіпті шет тілдік, әсіресе қазақ тіліне «орыс тілдік» сөздердің қалың нөпірін қазақ фонетикалық жүйесіне келтірем деп қиналмай-ақ орысша жаза салып, тығырықтан шығудың бірден-бір оңай жолы болғаны байқалды.

Орыс жазуына (кириллцаға) көшу процесі негізінен латынға көшкендегідей бүкілодақтық үлкен жиын-конференцияларсыз, ғылыми негізді пікірталастарсыз, көп дайындықсыз өтті, ССРО-ны мекендеген түркі халықтарының жазуы латыннан кириллицаға көшсін деген үкімет қаулысы алынды да, 1940 жылы күзде қауырт жаңа әліпбиді қолдануға жарлық шықты. Әрине, оған көшудің алдында да кейбір жиын-жиналыстар мен баспасөзде жаңа жазуға қатысты пікір айтылып жатты. Ол пікірлер негізінен жаңа жазудың емлесі жайында болды, өйткені графика түрін таңдау ғалымдар мен ағартушылардың (тіпті халықтың) құзырында болмай қалды: оны Ресейлік (империялық) мүдде мен коммунистік идеология өздері шешті, қабылдатты. Он-он бес жыл бұрынғы латынға көшу қарекетінен бұл іс-әрекеттің айырмасы – тоқпақ күштірек соғылды, ғылым мен ағарту мүдделеріне жол бермеді, оның үстіне ұлттық мүдде үшін жандарын сала күресетін, өздеріне замандас орыс және өзге ұлт білімпаздарымен сауатты түрде айтыса алатын А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеров, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Б.Сүлеев сияқты ғалымдар «халық жауы» болып атылып-айдалып кеткен-ді. Қазақ тілі мен жазуы үшін күресетін одан кейінгі ғалымдар легі өсіп, жетіліп, қайтпас қайсар рух дәрежесіне енді келе жатқан болатын. «Орыс жазуы» мен оның емлесіне қатысты пікірлерді С. Жиенбаев, М. Балақаев, Ш. Сарыбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев сияқты тіл мамандары айтты. Жаңа жазудың орфографиясына қатысты шешімі қиын тұстары баршылық болатын. Бұл қиын тұстар (ережелер) тек кірме сөздерге ғана емес, төл сөздерді дұрыс жазуға да қатысты болды. Жаңа жазуда қолданылатын емленің қиын тұстары жайында кейінгі тарауларда жеке-жеке талданады. Емлені талқылауда үлкен пікір таласы болмағанмен, жеке ережелеріне келгенде айтарлықтай екі-үш ұдайылық (қарама-қарсылық) сипат алған ұсыныстар мен дәлелдеулер орын алып отырды.

Жаңа «орыс жазуы» кеңінен таралып, игерілуін үлгермей жатқанда, қоғам тіршілігін кілт өзгерткен Ұлы Отан соғысы басталды. Төрт жылға созылған соғыс жылдарында жазу мен оның емле ережелеріне мұқиат үңіліп, қырнай түсетін іс-шаралар жүргізетін мүмкіндіктер де бірінші кезекте тұрмады, дегенмен 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. Соғыс аяқталар тұста бұл жазу да дағдылы құбылысқа айналып үлгірді: Халық жаңа әліпбимен жазып, жаңа жазулы басылымдарды біршама еркін игеріп кетті. Дегенмен о бастан, жаңа графика қабылданып, оның алғашқы емле ережелері түзілген кезден бері қолданыста қиындық келтіріп келе жатқан, ала-құлалыққа жол беріп отырған емле ережелерін айқындап, түзетулер енгізу керектігі көрінді. Олар төл сөздердің жазылуында ы, і әріптерінің әр позициядағы қолданысына қарап (топрақ/топырақ, рас/ырас, ру/ұру, сиыр/сыйыр, жинау/жыйнау, силау/сыйлау т. т.); ә әрпінің екінші, үшінші буындарда жазылуына (Жәлилә/Жәмила, Күлаш/Күләш, күман/күмән т. т.), сөздердің бірге, бөлек жазылуына, орыс тілі арқылы келген сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғауына т. б. қатысты болды. Кириллицамен жазудағы бұл қиындықтар тек 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелер кодексі де, алдыңғылар сияқты ресми түрде қабылданды, яғни Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Указымен 1957 ж. 5-маусымда бекітілді, одан кейін де бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25 августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді. Осы ережелердің негізінде Қазақ тілінің үлкенді-кішілі бірнеше орфографиялық сөздіктері жарық көрді.

Орфография да – тарихи, «жанды» құбылыс. Қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінің дамуы ол пайдаланылып отырған жазба тілдің, әсіресе оның сөздік қазынасының толығуы, реттеле түсуі (нормалану процесі) сияқты қозғалысына орай оның жазба тәжірибесі де, жазу тәртіптері – емле қағидалары да азды-көпті өзгерістерге ұшырап отырады, өңделе, қырнала түсіп реттеледі. Сондықтан өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының бас кезінде соңғы рет ресми түрде қабылданған, яғни осы ережелер бойынша жазу міндеттелген орфографиялық ережелерге кейінгі, 20 жылдан астам мерзім ішінде де ғылыми-практикалық мәні бар пікірлер айтылып келеді. Бұл пікірлер мен ұсыныстар әсіресе қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесі (статусы) берілгеннен кейін тіпті жандана түсті. Әңгіме көбінесе орыс сөздері мен интертерминдерді жазуға (олардың дыбыстық тұрпатын қазақша сындырып жазуды, қазақ, араб, парсы сөздерінің екінші, үшінші буындарында еріндік үндестігін сақтап жазуды (құдұқ, құлшұлұқ) ұсынған өзгерістер енгізуге қатысты болып келеді, сондай-ақ қазақ сөздерінің бірге және бөлек жазылатын сәттерін әлі де айқындай түсу, адам, жер-су аттарын дұрыс жазу (яғни бұзып жазуға бет алған ағымға тойтарыс беру) тәрізді жеке тұстары да айтыла бастады.

Қазақ жазбасын жаңа графикаға – латынға ауыстыру мәселесі көтерілгеніне 15-18 жылдай уақыт өтті. Егер графика ауысатын болса, оның емле ережелері арнайы түзіледі. Қазақ тілі орфографиясының негізі сақталғанмен, бөгде тілдік сөздердің жазылуы, біріккен сөздер мен аналитикалық тіркестердің жазылу тәртібі, қазақ сөздерінің айтылуындағы үндестік заңдылықтарын сақтап жазу немесе сақталмай жазу сияқты баптар да едәуір пікір таласын тудыратыны сөзсіз. Бірақ ендігі жерде емле мәселесі әркімнің «меніңше былайына» қарай емес, ғылыми-теориялық негіздерде сүйеніп, нақты дәлелдерімен айтылуға тиіс болмақ. Орфографияның теориялық негіздері, оның принциптері тіл білімі мамандарының ізденістерінің, жан-жақты зерттеу жұмыстарының  нәтижесінде көрсетіледі.           


№3 дәріс. Латын графикасы: тарихына қысқаша шолу.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет