Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді.
Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.
Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы: Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы: Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.
Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,
– Әкесісіз бе?
– Әкесімісіз?
-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды. т. б.
Шылау сөздердің жазылуы.
1. Шылаулар, негізінде, бөлек жазылады: сабақтан кейін.
2. Ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді сынды шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис арқылы жазылады: сен-ақ, шамалы-ақ, барыпты-мыс.
3. Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында қолданылғанда мы, мі, бы, бі, пы, пі болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады: келемісің, Сұлтанбысың?
Шылау сөздердің емлесі.
1. Шылау сөздер өзі тіркесетін сөзінен соң келіп тіркесіп, олардан бөлек жазылады: сен үшін, бұдан соң, Асан да, Сәуле мен Сайран, Дәулет пен Самал, үйге дейін, күзге таман, жүз шақты, мық қаралы, үшке шейін
т. б.
Бір топ шылаулар дефис арқылы жазылады: ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді, сынды: жақсы-ақ, қалқам-ау, айна-лайын-ау, айтыпты-мыс, білген-ді, айтқан-ды, Аман-гелді-сынды батыр т. б.
Кейбір шылаулар тұлғасын өзгертіп, түбірмен бірге жазылатын кездері де бар, олар түбір мен қосымшаның ортасына түскенде, кейде түбірден сон да, түбірмен бірге жазылады. Мұндай шылауларға сұрау шылауы ма/ме және соқ шылауы жатады: келесің бе? келемісің?, барасың ба? барамысық?, білесің бе? (білемісіқ?, барғасын) (барған соң, келгесін) келген соң.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Қосымшалардың жазылуына байланысты қандай өзгерістер бар?
2. Орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар қалай қосылады?
3. Шылау сөздер қалай жазылады?
«гөрі» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
«Және», «үшін», «ғана» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
«Кезектес» шылаудың қай түрі екенін көрсетіңіз.
«Әлде», «сынды» шылаудың қай түр екенін табыңыз.
Атау септігімен тіркесіп келетін шылауды көрсетіңіз.
Бас көзі жұмылады, ... көңіл көзі жұмылмайды. Керекті шылауды белгілеңіз.
Болымсыздық демеулігін табыңыз.
Дефис арқылы жазылатын шылауды табыңыз.
Жалғаулық шылауды табыңыз.
Кезектестік мәнді шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Күшейткіш демеулікті табыңыз.
Көмектес септігімен тіркесетін септеулік шылауды анықтаңыз.
Нақтылау мәнді демеулік шылау қай қатарға тән екенін белгілеңіз.
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
Септеулік шылауды табыңыз.
Сұраулық демеулік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Сұраулық демеулік қатысқан сөйлемді табыңыз.
Шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Шылаудың емлесіне сай жазылатын қатарды көрсетіңіз
Шылауға тән белгіні көрсетіңіз.
Шылауға тән тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
Қара бұлт аспан төріне қарай сырғып келеді. Шылаудың түрін анықтаңыз.
Қарсылықты қатынасты білдіретін шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
Қарсылықты қатынасты білдіретін шылауды белгілеңіз.
4. Одағайлардың жазылу емлесі.
Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.
Одағайға тән негізгі белгілер:
1. Лексикалық мағынасы болмайды;
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.
2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.
3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т. б. одағайлар қолданылады.
Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:
1.Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық! Құрау-құрау, кер бесті!
2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады.Мысалы, Далаға шықсам, ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...
3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді! Көз жасыңды көрсетпе, тәйт!
4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:
Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!
Тапсырма сұрақтар:
«Әттеген-ай» одағайының тұлғалық түрін көрсетіңіз.
Дара одағайды табыңыз.
Көңіл күй одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
Көңіл күй одағайын анықтаңыз.
Одағай ойға үстейтін мәніне қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
Одағайдың түріне қатысты қатарды белгілеңіз.
Одағайға байланысты дұрыс қойылған тыныс белгісін табыңыз.
Одағайға тән ерекшелікті көрсетіңіз.
Одағайға қатысты тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді табыңыз.
Одағайға қатысты тыныс белгісін көрсетіңіз.
Сөздің қайталануы арқылы жасалған одағайдың емлесін табыңыз.
Тек, жамандық шақырма! Одағайдың қай түрі екенін көрсетіңіз.
Тыйым салу одағайын көрсетіңіз.
Уа пәлі нағыз әнші мұнда ғой! Одағайға байланысты тыныс белгісін көрсетіңіз.
Шақыру одағайын белгілеңіз.
Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз. Уай, шіркін ән деп осыны айт!
Өкіну мәніндегі одағайды көрсетіңіз.
№12 дәріс. Бас әріптің емлесі. Бас әріптердің қолданылуы.
1. Жалқы есімдердің жазылуы.
2. Дефис арқылы жазылатын екі сөзден құралған фамилиялардың, ру аттарының жазылуы.
3. Кейбір мемлекеттік мекемелердің, жоғарғы ұйымдардың аттарының жазылуы аса маңызды тарихи оқиғалардың, құжаттардың, ордендердің жазылуы.
4. Тасымал емлесі т.б.
Сөйлемнің бірінші сөзі, өленнің әрбір жолы бас әріптен басталып жазылады.
Кісі аттары, жер, су (географиялық атаулар) аттары бас әріппен жазылады: Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Абай Құнанбайұлы, Ахмет, Асқар, Амангелді совхозы, Балқаш өзені, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Каспий теңізі, Арал теңізі, Орта Азия, Нигерия, Африка т. б.
Ірі уақиғалар, мекемелер, мерекелер аттары бас әріппен жазылады: Отан соғысы, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті, Наурыз мейрамы, Қазақстан Республикасы, Әлеуметтік қорғау министрлігі, Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, «Ынтымақ» сауда үйі Еліміздегі ен жоғарғы мемлекеттік мекемелер мен қызмет және құрмет атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады. Қазақстан Республикасы, Қалақстан Республикасының Президенті, Қалақстан Республикисы Жоғары Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, Қалақстан Республикасының шетел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттігі, Қазақстан ғылым академиясының академигі.
Кітап, журнал, газет, түрлі шығармалар аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: «Қазақ әдебиеті» газеті, Егеменді Қазақстан газеті, «Зерде» журналы, «Балдырған журналы, «Ана тілі» газеті, Аққан жүлдыз романы, «Өттің дүние» спектаклі, «Абай» операсы,Дала» симпониясы, Шаттық отаны» симфониясы, «Той бастар’ күйі, «Балбырауын» күйі т. б.
Сөздің бірінші әрпінен кысқарган сөздер бас әріппен жазылады: АҚШ, БҰҰ, ТМД, ҚХР, МХР, КХР. ЖАК.
3 Модуль. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы
№13 дәріс. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы.
Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған. Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,жазу емлелерімен бірге, делгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады;екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді. Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба.
Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады.
Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. Сұраулы сөйлем – біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлем. Адам баласы бір-біріне, кейде өзіне-өзі сұрақ қояды. Сұрақ-адам дүниетанымының қозғаушы күші. Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады.
Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер соңында көп нүкте (...) қойылады.
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі - үтір.Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады. Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте ұстау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді...
Бақылау сұрақтары:
1.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.
№14 дәріс. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер: сарамаланып айтылған сөйлемдерден кейін, мазмұны әуендес болып келетін, сұрау мағыналас тіркестерден кейін т.б. қойылатын тыныс белгілер.
1. Сөйлем соңында келетін тыныс белгілер.
2. Пунктуация ережелері.
3. Қаратпа сөздердің тыныс белгілері.
4. Қыстырма сөздің тыныс белгілері.
5. Одағайлардың тыныс белгілері.
6. Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері.
1. Сөйлем соңында келетін тыныс белгілер. Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрі сөйлем соңында келетін белгілер деп аталады.
Сөйлем келетін белгілердің әрқайсысы, негізінен екі түрлі мағынада екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі – сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі – сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылатындығын байқату. Бұл екеуі – сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерінің қай-қайсыларының да ең негізгі мағыналары мен функциялары. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функциялары мен қосымша мағыналары болады. Оларға өз орнында тоқталамыз:
Н ү к т е. Нүкте, біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін байқатады. Мысалы, Жанат – осы үйдің ер жеткен жалғыз баласы. Ұлы да, қызы да қадірлі қонағы да бір өзі. Шаршап шыққанға ұқсайды. Тіл қатпастан қарақат көзін анасына бір, Бейсенге бір төңкере салмақпен қарады да, үлкен бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре берді. Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Тымырсық аяздағы тымық әуені сіміре, Жақып күндегі әдетімен аулын аралап келеді. (Ғ.Мұстафин). Бұл мысалды жай сөйлем де құрмалас сөйлем де бар. Олардың барлығы да хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылған. Бірақ нүкте әрдайым хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылған сөйлемдерден кейін ғана қойылып отырмайды, солармен қатар, ерекше екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемдерден, жауап алу үшін айтылмаған, бірақ сұраулық мәні бар сөйлемдерден кейін де қойылады. Мысалы: Қазір аттаныңдар да, күн батқанша қайтып оралыңдар. Малқардың келіні еркімен отыр ма, зорлықпен отыр ма оңашалап сұраңдар. Егер зорлықпен отырса, күйеуімен қосып, осында алып келіңдер. (Ғ.Мұстафин).
Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қай-қайсылары болса да, сөйлемнің құрылысына қарай қойылмайтыны сияқты, нүкте қоюда да сөйлемнің құрылыс ерекшіліктері ескерілмейді, тек мағыналық жағы, айтылу сазы ескеріледі. Соныдықтан нүктемен бөлінетін сөйлем құрылысы жағынан алуан түрлі (жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жай, құрмалас т.б.) бола беруі мүмкін.
Жоғарыда ескерткеніміздей, сөйлемнің аяқталғандығының және оның мағыналық ерекшелігінің көрсеткіші болы – нүктенің ең негізгі функциясы. Бірақ осы негізгі функциясымен қатар, оның қосымша функциясы да бар. Олар мыналар:
а) Драмалық шығырмаларда әркімнің сөзінің алдында сол сөздің иесі болып табылатын кейіпкердің аты-жөні келтіріледі де, олардан кейін әрдайым нүкте қойылады. Мысалы:
Ғ а н ш и н. Алдындағы қашқын, артындағылары қуғыншылар, ә?
Қ а д и ш а. Қашқан екеу ғой.
М ұ р а т. Қысқасы, бұл, тегі, сыртқы ел драмасының бір сахнасы ғой өзі. (М.Әуезов).
Драмалық шығармаларда оның кейбір жақтарын актерлерге түсіндіру мақсатымен автор тарапынан берілетін ремарка деп аталатын ескертпелер болады. Ондай ескертпелер кеіпкерлер аттарынан кейін тұруы да, оған берілген сөз ішінде тұруы да мүмкін. Егер ремарка кейіпкер атынан кейін берілсе, нүкте кейіпкер атынан кейін қойылмайды, жақшамен қоршалған ремаркадан кейін қойылады. Мысалы:
М ұ р а т (бинкольмен қарап). Тоқтай қал. Мынауың не қылған серуен?
Қ а д и ш а ( о да қарап). Артындағы шаңның молын байқаймысың? (М.Әуезов).
Егер ремарка кейіпкер сөйлемдерінің арасында келсе, оның тыныс белгісі кейіпкер сөйлеміне байланыссыз, дербес болады да, ол жақшаның ішінде тұрады. Мысалы:
М ұ р а т. Е, Садық, сен бе едің? (Жарқынға.) Сенің атың кім?
М ұ р а т (халыққа). Не әзәрләктерің бар, не айтасыңдар? (Үн жоқ.) Қарсысыңдар ма, әлде? (Үн жоқ.) Қарсы болсаңдар оларыңды айт. (М.Әуезов).
Егер ремарка кейіпкердің бір сөйлемінің ішінде келсе, ол нүктемен бөлінбейді, тек жақшамен қоршалады. Мысалы:
С а д ы қ. Мен оған (Жарқын кеткен жаққа қарап) көрсетермін.
ә) Санай көрсетілген ой тәртібін, ой қатарын білдіру үшін қолданылатын пункттік цифрлардан, әріптерден кейін нүкте қойылады. Бірақ онда әр пункттің аяқталған сөйлемдер болып тұруы шарт. Мысалы:
1. Тізбектеліп бір ұғымды білдіретін бірнеше зат есімдер.
2. Тізбектеліп бір ұғымды білдіретін зат есім мен көмекші есім.
3. Күрделі сан есімдер.
4. Зат есім мен есімшенің тізбегі.
5. Заттық мағынадағы түрлі қос сөздер т.б. («Қазақ тілі грамматикасы»).
б) Кейбір сөздердің шартты түрде қысқартылып жазылған графикалық белгілерінен кейін нүкте қойылады. Мысалы: Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, Тург., Мұст., «Х. М.» журналы, т.б., с. С., т., ж.
Бұл мысалда Жамбыл, Абай, Тургенев, Мұстафин, «Халық мұғалімі», тағы басқа, тағы сол сияқты, тағы тағылар, жыл деген сөздер қысқартылып беріледі де, олардан кейін нүкте қойылып отырылған. Бірақ тіліміздегі қалыпты қысқарған сөздер мен қысқартылып алынған ұзындық, ауырлық және көлем өлшеулерінен кейін нүкте қойылмайды. Мысалы: МТС, совхоз, пединститут, КазПИ, 50 м, 20 кг, л, С.
С ұ р а у б е л г і с і. Сұрау белгісі де негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрады, екіншіден сөйлемнің мағыналық жағынан сұраулы екендігін аңғартады. Мысалы:
– Коммунизмді бүгін орнат демекпісің? Әлде мені сабаққа жаңа түскен бала деймісің? Бұдан он бес жыл бұрын кім сенің үйіңе ат басын бұрып еді? Ал бүгін бұрған екен, осынша көкуің не? (Ғ.Мұстафин).
Нүкте сияқты, сұрау белгісі де сөйлемнің құрылысына қарай қойлмайды. Сондықтан сұрау белгісі қойылатын сөйлем толымды, толымсыз, жай я құрмалас т.б. болып келе береді. Кейде сөйлем бірыңғай сұраулы ғана болмай, оның үстіне лепті мағынада болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сұрау белгісіне қабаттаса леп белгісі де қойылады, яғни екі түрлі белгі тіркесе қолданылады. Мысалы:
– Мұрның құрғыр пысылдаған, не іздеп кетті екен, ә?!
– Е, үйтіп жібермек пе едің?!
– Бетім-ау, өмірі екеуі шай деспей, келіп, бұнысы несі?!
Бұл мысалдағы сөйлемдердің ешқайсысы да таза, жалаң сұрау емес, сұрауға қосымша оларда реніш, кею, таңдану, ашу, кекету бар. Сондықтан мұндай сөйлемдерден кейін тек сұрау белгісін ғана қою жеткіліксіз.
Сұрау белгісінің жоғарыда аталған негізгі екі түрлі функциясымен қатар, кейбір қосымша функциялары да бар. Жазушы біреудің еңбегінен келтірген цитаттың кейбір сөзінен кейін жақша ішіне сұрау белгісін қоятыны болады. Мұндай жағдайда сұрау белгісі автордың цитат иесінің сөзіне түсінбегенін, оның дұрыстығына күмәнданатынын немесе «мұнысы несі» дегенін білдіреді. Мысалы: Екатерина Ивановна отыра қалып, рояльдің баспаларын қос қолдап басып-басып жіберді; онан кейін іле-шала (?) бар пәрменімен тағы басып жіберді. (Т.Ахтанов). Цитат иесінен кейінің әбден тіліміздегі іле-шала деген сөзді іле-шыға теріс қолдануының түсініксіздігін байқату және оның солай бұрмаланып қолдануының дұрыстығына өзінің күмәнданатындығын білдіру үшін, іле-шыға дегеннен кейін жақша ішіне сұрау белгісін қойған.
Л е п б е л г і с і. Леп белгісі лепті мағынада айтылған қуанышты, күйінішті, өкінішті, қорқынышты, өктем бұйрықты, тілекті, таңдануды, түңілуді, үндеуді, кекесінді, қарғысты сөйлемдерден кейін қойылады. Сөйлем соңында қойылатын басқа да тыныс белгілері сияқты, леп белгісі де негізгі екі түрлі мағынада, екі функцияда қолданылады. Оның бірінші мағынасы мен бірінші функциясы – сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екінші мағынасы мен екінші функциясы – сөйлемнің лепті сөйлем екендігін білдіру. Мысалы: Жеңіл барып, ауыр қайт! Жеңіліп барып, жеңіп қайт! Рақмет, достарым, айтқандарың келсін! Қазанқап Шәкенге қосып отряд әкелсе де, тобыңды жазба! Бермейміз! Тәукені! Не көрсек те, бір көреміз! Пай-пай, сенің дегбірсізің-ай! Түсінсеңші! Шолпан, қайт! Түс, алдыма! Құдай берді қолға! Асықта басың қалғыр-ай, қаңсытты-ау! Ұстап қана берсеңдерші біреуің! (Ғ.Мұстафин).
Леп белгісі қойылатын сөйлемдер құрылысы жағынан алуан түрлі болады: ол бірнеше жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем болуы да, оқшауланып айтылған жеке бір қаратпа немесе одағай сөз болуы да мүмкін.
Леп белгісі лептікпен қатар азды-көпті сұраулық та мағынасы бар сөйлемдерде сұрау белгісімен қабаттаса да қолданылады.
Сұрау белгісі сияқты, леп белгісі де кейде төл сөздің кейбір сөзінен кейін жақша ішіне алынып қолданылатыны болады. Ондай леп белгілері автордың цитат иесінің сөзіне таңданатынын, оған өзінің қосылмайтынын немесе оқушының назарын аударғысы келетінін байқатады. Мысалы: «Өзі аса ірі. Екі тізесі аттың екі құлағын қағып (!) келеді. Жалмұрат кірпігі жыпылықтап, бөксе жағы қыпылық қағып (!), жер шұқылап қалды. Балықшылар жарыла (!) күлді. Оның сөзіне Федоров та ылығып (!) қалған сияқты» - деп жазады Ә.Нүрпейсов. (Жұлдыз журналынан).
2. Пунктуация ережелері.
Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралатындығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлі. Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
1. Ү т і р. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бір бай белгі Бұл жай сөйлемдерді бір-бірімен бөлу үшін де, сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлі үшін де қолданылады. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей:
а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсеті үшін қолданылады. Мысалы: Абай, Әбіштер келгенде, ауыр ойда отыр еді. (М.Әуезов).
– Күн бұрының жоқ демесең, ортаңа түспей кететін нем болушы еді менің, – деп, Боздақ биге қарап езу тартты да, Игілік өзінің ел аузына таратқысы келген сөзімен аяқтады. (Ғ.Мүсірепов). Рахимовтың Степнов пен Борисовтай сенімді көмекшілері болғандықтан, олардың ісіне көп араласа қоймаушы едім. (Б.Момышұлы). Ушков Қарағандыдан Некрасовты алдырып, Бернер екеуімен ақылдасты да, Рязановқа алдын ала қайтарар жауабын айланып жалғыз қалды (Ғ.Мүсірепов).
ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Мысалы: Аңға Байжан, Самарқан, Дәулет үшеуі ғана шықты. Экскаваторлар, комбайнда, грейдерлер аз күнде каналдың арнасы жүретін жерлерді жыртып тастады. (С.Мұқанов).
б) Үтір қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады. Мысалы:
Арылма, өлең, арыла.
Домбырам, күйден жаңылма» (Жамбыл).
Таласпаңыз, Карл Карлович, қазақша Алма-ата емес, Алматы, Алмалы деген сөз. (Ғ.Мүсірепов).
в) Үтір қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрада. Мысалы: Жабайдың айтуынша, көп уақыттан бері бұл өзеннің аса бір мол тасуы екен. (С.Мұқанов). Бүгін де кешкі шайдан кейін, Ұлжанның қозғауы бойынша, кеше бітпей қалған әңгімесіне кірісті (М.Әуезов).
г) Үтір одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөлу үшін қолданылады. Мысалы: Ойбай, Шықаң мәселені қабырғасынан қойды ғой! (Ғ.Мұстафин). Е, ол белгілі ғой! Жә, әлгілер қайда кетті, жаным-ау?! (Ғ.Мүсірепов).
д) Үтір сілтеу, мақұлдау, келіспеу мәнінде айтылатын кейбір оқшау сөздерден кейін қойылады. Мысалы: Иә, айта беріңіз. Жоқ, мен сізге ештеме де айтпаймын. Қазір, міне, бүгінгі жүрісті өзі билеген Дәрмен Әбішті сол ауылдың үстінен байқаусызда түсірген кісі болды. (М.Әуезов). Әне, өздері де келе жатыр. Бәрекелді, болсаң, осындай бол! Кәне, енді жүрмейміз бе? (Ғ.Мұстафин).
е) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде. Жақын жерде, көгелды бұлақ басында, жеті-сегіз үйлі ауыл отыр екен. (М.Әуезов).
ж) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қойылады. Мысалы: «Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас», – дейді халық мақалы. Итбай толық денесін бұрып алып:
– Мен сыны жоқ, сыпайылығы жоқ, құр абажадай бірдеңе бола ма екен деп те қорқып едім. Әзір жат көрініп тұрған жоқ сияқты екен, – деді.
2. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір – хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, нүктеден дәрежесі төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл – аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өз ара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, саналап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады. Мысалы: Колхоздың қырманына баратын ұзақ жолдың үстінде, ай далада, жүк машинасының үстінде ұйықтап, соққан желге қарсы қарап отырып шырқатып ән салу; дәнінің салмағынан сабағы майысқан ұшы-қиыры жоқ қалың егіннің арасында жұмыс істеу; толқындай жайқалған ақ сұлының арасында маужыраған майда түнде армансыз әңгімелесіп, саңқылдап күлу; үйлердің төбесінде ұзық түндерді кірпік қақпай өткізу оларға қатты ұнайтын еді. (А.Фадеев).
Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өз ара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасына да қойылады. Мысалы: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көре алмаса, оның саяздығы. (Ә.Әбішев).
3. Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарда қолданылады:
а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі – кетпен шабу, бірі – егін ору. (С.Мұқанов). Қазір жайлаушылардың дені екі жерге жиналған: бір жиын Аман отырған көп ауылда, енді бір жиын Шәкен аулында. (Ғ.Мұстафин).
ә) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт жылқы, денесі бір жылқы, – барлығы бес жылқы. (С.Мұқанов).
б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып: – Қағаздағы аты жөніңіз басқа екен ғой? – деді Аман. – Аман біздің ауылдың мөрін кім басқан?
4. Көп нүкте. Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің түсіп қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда, негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан я қысылып ұялғаннан сөзі аузына түспей, сөз таба алмай мүдіргнін, сасқалақтағанын білдіру үшін, немесе сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. Мысалы:
– Тақсыр... қарағым... шырағым-ау... Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мініп келген... – дей бергенде Аман келді де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды. (Ғ.Мұстафин).
– Ие, кітап... Ойдан шығару... Сырлау... Соын да мыжушылар бар-ау әлі! Маған тіпті бір алты қырдың астында тұрғандай-ау өзі... Қайда, қайда!? Қашан да қашан боп сырғып кетіпті-ау, сірә... Е, барса, барсын... өмір кітабы да жетеді...
– Әзірше бір жағына маман қазақ дайындау ниетіндеміз ғой. Сондықтан... – деп, жөткіріп ап, – он студентке степендия... тағы төрт студентке степендия... Дауласар, айтар сөз жоқ.
Сонда да Қасен: Біз кадр... кадр... Өлкелік мекеме... жауапты қызметкер! – дей беріп еді, келгендер қараған жоқ. (М.Әуезов).
Кейіпкерлердің сөзінде кездесетін, бірақ жазуға ерсі, дөрекі, тұрпайы сөздер жазылмай, оның орнына көп нүкте қойылады.
Көп нүкте саяси, ғылыми әдебиеттерде, көбінесе, цитаталарда кездеседі. Цитата келтіруші цитата иесін сөздерін, сөйлемдерін толық алмай, қысқарту, ықшамдау мақсатымен кейбір сөздерін түсіріп қалдырған орындарға көп нүкте қойылады.
5) Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.
а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды-көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға, бұл екеуінен құралған сөйлемді оған ұқсас сөздер тіркесі мен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат. Астық – халық дәулеті.
ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады. Мұндай орында ол қосарлы түрде қолданылады.
6. Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаға қоршалған сөздің я сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдеңелердің шартты аталуы екендігін білдіреді.
7. Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен грамматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдер.
Жоғарыда келтірілген бұл ережелер М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың негізінде көрсетілсе, енді Р.Сыздықованың ережесі бойынша келтірейік:
3. Қаратпа сөздердің тыныс белгілері.
Жанды, жансыз заттарға қарата қарата айтылған сөздер сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, үтір оның соңынан, ортасында тұрса, екі жағынан, соңында тұрса, одан бұрын қойлады: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Жүрегім, нені сезесің? Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел (Абай).
Қаратпа сөздің алдында өз анықтауыштары болса, қаратпа сөзден тыныс белгісімен бөлінбейді. Қаратпа сөз анытауыштармен тұтасып, сөлемнің басқа мүшелерінен үтңрмен ажыратылады: Қарағанды шахтерлері, ұр еңбектің дабылын! (И. Байзақов).
Алдынан не соңынан келген эпитет сөздері бар қарапалар да тұтас тізбек құрайды, эпитет пен қаратпа сөз бір-бірінен тыныс белгісімен ажыратылмайды:
Жарайды, Абайға аға, қаршыға жайында ма?
Қаратпа сөзбен қатар келген одағайдан кейін үтір қойылады: Уа, Горький, халық ырысы - күнді сүйдің (Жамбыл).
Қаратпа сөзбен қатар келген о деген одағайдан кейін де үтір қойылады: О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен (Жамбыл).
Қаратпамен қоса айтылған шылулар да күрделі қаратпа сөздің құқрамына енеді де, екеуінің арасына дефис қойылады:
Жеңеше-ау, Абай ағамның мысқылына ажалды кісі тап болсын да.
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріппен жазылады:
Тоғжан! Япрмай, жақсы айттыңыз-ау! (М. Әуезов).
Қаратпа сөз сияқты, бірақ нақты біреуге арналып айтылмаған, жалпылық-белгісіздік немесе одағайлық мағынасы бар сөздер сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді. Олар да күрделі, шылаулы болып келе береді: Менің айқаным да, естігенімде де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау!
4. Қыстырма сөздің тыныс белгілері. Қыстырма сөздер (жалаң және күрделі) сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді. Қыстырма сөз сөйлемнің сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін, ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан қойылады: Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған (М.Әуезов).
Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері көбінесе мыналар:
а) Автордың түрліше сезімін: қуанышын, қайғырғанын, өкінішін, сенімін, күмәндануын т.б. білдіретін сөздер: амал қанша, несін айтасың, бәсе, әрине, рас, сірә, тегі т.б. Дүниеде сірә, сендей маған жар жоқ (Абай).
ә) Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білдіретін сөздер:....айтуынша,....айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша , менің аңғаруымша ,.... айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша, менің аңғаруымша, ұмытпасам т.б. Мысалдар: Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз. (М.Әуезов).
б) Ойдың желісін, ретін (бастамасын, түйінін) білдіретін сөздер: біріншіден, екіншіден,....әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, сайып келгенде т.б. Мысалдар:
Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз...
Не, немесе, қалай, ендеше, осы сияқты сөздер де сөйлем мұшесі болмай, айтушының(автордың) белгілі бір сезіміне байланысты қолданылғанда, қыстырма сөз ретінде үтірмен бөлінеді. Мысалы:
Не, бәрің осы баланы мүйіздей бересіңдер? (Ғ.Сыланов).
Сөйлемдегі сөздермен синтакистік байланысы жоқ қыстырма сөйлемдер көбінесе үтірмен бөлінеді:
Ұмытып барады екем, жуырда елінен Әміржан келіп қалды (С. Мұқанов).
Сөйлемдегі негізгі ойды, не бір сөзді айқындау, дәлелдеу, түсіндіру үшін қолданылған қыстырма сөйлемдер не сөз тіркестері екі жағынан жақшаға алынады (бірінші сөзі жалпы есім болса, кіші әріппен жазылады):
Бірақ менімен Раушанның (Рауза деп бірге оқитын жолдастары атап кеткен көрінеді ) оқысында үлкен айырма бар екенін сезгендеймін (М. Иманжанов).
Оңашаланған мүшемен келетін мысалы, айталық, шынында сияқты қыстырма сөзден кейін үтір қойылмайды.
Көктемде жыл құстарының алды, мысалы қаз бен үйрек, келе бастайды. Географиялық атаулар айталық, тау аттары, бас әріппен жазылады.
Мағынасы жағынан қыстырма сөздерге ұқсас келетін, дауыс кідірісімен айтылатын мынадай сөдер сөйлемнің басында не жай сөйлем ішінде үтір арқылы бөлінбейді: ал, тіпті, дегенмен, алайда, бірақ, сонымен қатар, сондай-ақ, әсіресе, тек. Мысалдар:
Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашрқыға қызығушылар көп болатын.
Сөйлем мүшелерімен синтакиситік байланысы жоқ, өз алдына жеке сөйлем сияқты қыстырма конструкциялардың да екі жағынан үтір қойылады. Ол конструкциялар көбінесе қасында, ішінде, басы.... болып деген тәрізді сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып тастағаннан сөйлем мағынасы ойсырамайды. Мысалы: Бір топ адам, басы Жомарт болып, егінге қарай беттеді. Газиктің рулін өзі ұстап, қасында Жақып бар, Жомарт келеді. (Ғ. Мұстафин).
Жақшаға алынған қыстырма сөзді не сөйлемдерді енгізген кім екенін білдіру үшін редакция деген сөз немесе автордың әріптерден қыстырылып көрсетілген аты-жөні (инициалы) қойылады. Ондайда қыстырмадан кейін нүкте мен сызықша қойлып , автордың қысқартылған аты-жөні немесе редакция деген сөз бас әріппен жазылады да, жақша жабылады:
Шоқан Уәлиханов Қашқарда қалай тұруы туралы былай дейді: "Қашқардың және Алты шаһардың ғұрпы бойынша, шет мемлекетпен бұл елге келгендер үйленуге міндетті, (Кейін анықтасам, бұл әдет мұсылмандар үшін ғана екен. С.М.). Кіші Бұхара (Қашқария – С.М.) имам Ханифке (мұсылмандар дүниесіндегі төрт мәзһәптің, орысша сектаның біреуі. – С.М.) бағынғанмен, ... бұл арада уақытша үйлену толық күшінде екен". Бұл мысалдардағы С.М. дегендер – Сәбит Мұқановтың инициалы.
5. Одағайлардың тыныс белгілері. Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді. Мысалы: Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім? (М.Әуезов). Тәй, қылжақты қоя тұр (С.Мұқанов). Апырау, сіздің ауыл Майқұдыққа қонбаушы еді ғой? (Ғ.Мүсірепов).
Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады, соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады: Мысалы:
Жүрегім, ойбай соқпа енді...
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен қылдым, япырмау?! (Абай)
О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О, шіркін, шіркін! (Ғ.Мүсірепов).
Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады: Мысалы: Пәлей! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еhe! Сен өзің біздің қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин).
Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем, жарайды (осы мағынадағы жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді сияқты сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасы қарай оқшауланып келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді. Мысалдар: Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал! Бәсе, Белқара ғой... Бәлем, Бөжей де осыны сезген болар (М.Әуезов).
Иә, (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мысалы: Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Иә, етін ыстық, ауырған жерің бар ма? (М.Әуезов).
Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қойылады:
Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда (С.Сейфуллин). Пай-пай, бала-ай, сабырың-ақ соңымнан қалмады-ау (Ғ.Мұстафин). Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай).
Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген одағайлар мен әй (ай) дер ажа, әудем жер деген сияқты тіркестерді (олардағы ә, әй, әу деген форматтары) шатастырмау керек: тіркес құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді: Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп тұрды. Мен оны ә дегеннен тани кеттім.
6. Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері. Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Мысалы: Абай былтыр бақырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан (М.Әуезов). Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:
а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:
Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).
ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, «әсіресе» деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлелдеп түрса оңашаланған мүше болады. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады:
Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға түскен заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл заңды заттар сақталу заңы, немесе Ломонов заңы, деп атайды.
Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді: Аяғының ауырғанына қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды. Кешігіп қалған екеуді қоспағанда, жорыққа аттанатын шаңғышылар саны он алты. Жорыққа аттанатын шаңғышылар саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда, он алты.
Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орны ауысып) келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: ^ Мұқанның баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның (С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің әдеттегі орын тәртібі: Мұқанның, менің былтыр өлген ағамның, баласы ғой болу керек. Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, яғни айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойлады да, айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Күлкіні иесі – қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесі – қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесін, қызды, біз енді жақсылап көрдік.
Ал айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай (бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды: Менің інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов). Шойын кеуделі, аю жоталы... қара кісі Игілік би паң да, тәкәппәр да емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген сөздерді дәлдеп атап айтып айқындарп тұр. Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш
сөздердің тыныс белгілері.
Тыныс белгілерден қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерде үш топқа бөліп қарауға болады: а) араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер, араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен қатар келетін бірыңғай мүшелер.
Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады. Бірыңғай мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады.
Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын (М.Әуезов).
Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің мүшелердің аралығына үтір қойылады: Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, қоңыр өңді кісі еді (С.Мұқанов).
Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының (немесе бірқатарының) өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Қала деген аты ғана болмаса, Н... қаласы екі қабат үлкен үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп кездесетін; азғана жаңбыр себелеп өтсе, көшелерінен адам батпақтап жүре алмайтын; бірақ етек жеңі мол; таусымақтау жерге жалпая салынған;
Сібірде көп кездесетін үлкен бір деревня еді (С.Мұқанов). т.б.
№15 дәріс. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Жоғарыда келтірілген бұл ережелер М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың негізінде көрсетілсе, енді Р.Сыздықованың ережесі бойынша келтірейік:
Бастауыш зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Тіл – қоғамдық құбылыс.
Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар тұрса, сызықша қойыла береді: Қаланың қасында көз толатын табиғат – шалқар көл ғана (С.Мұқанов).
Бастауыш I, II жақтық жекеше не көпше тұлғадағы есімдіктен, баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Мен – тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын (Абай). т.б.
Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылады: Үш жердегі үш – тоғыз. Екі бесіміз – он.
Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады: Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға (Абай).
Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыштар өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, бастауышы қай сөз табынан жасалса да, одан кейін сызықша қойылады: Мұндай бастауыштары бар сөйлем өзінің алдындағы сөйлемдермен логикалық байланысты болады, сондықтан олар контеске қарай ажыратылады: Тіл-тілдің қай-қайсысында болсыг сөз мағынасы көбіне метафора арқылы ауысады. Сөйтіп, бұл – сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішіндегі метафораның айрықша орын алатындығын көрсетеді. (К.Аханов).
Ескертулер. Бұл ережені орынсыз қолдана беруге болмайды. Анытауыш деп танылып кететін қаупі жоқ жерде ол, бұл деген есімдіктерден дасалған бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Ол біздің үйге келді.
Бастауыш – у жұнақты етістіктен не ол араласқан тіркестен жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен немесе – у жұрнақты етістіктен және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Елдің шетін күзету – ең ардақты правоң (Жамбыл).
Бастауыш – ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден (не есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұған таяу отырған – Ыбырайдың Ысқағы (М.Әуезов).
Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды., өйткені мұнда есімше өзінің етістік қызметінде қолданылады: Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт Абайды таңдандырған.
Ал баяндауыш болып тұрған есімше зат есім мағынасында қолданылған болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: ^ Осы кездік – саған тартқаным (соңғы есімше тұлға «тартқан сыйым» деген мағынада қолданылып тұр). Енді осы – тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов).
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не -у жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Жаяу Мұса – Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі (М.Әуезов).
Бастауыш болып тұрған сөз баяндауыштың құрамында қайталап, бастауышқа жалғас тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: ^ Физикалық денелерден құралған заттар сол қалпында: шыны-шыны қалпында (қалады), парафин-парафин қалпында (қалады), мыс-мыс қалпында қалады («Химия оқулығы»).
Бақылау сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2005.
2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.
3. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000
4. С.Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.
5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002.
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
4 апта
1. Қазақ орфографиясының тарихы.
2. Қазақ тілінің орфографиялық ұстанымдары.
3. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы»
мақаласы туралы.
5 апта
1. Е.Омаровтың, Қ.Жұбановтың қазақ емлесі туралы айтқан пікірлері.
2. А. Байтұрсынұлының қазақ емлесі туралы айтқан ойлары.
6 апта
1. Ж.Аймауытов шығармаларындағы сөздердің стильдік қолданысы.
2. Өзіңіз таңдаған мәтінге (Көлемі он бет) орфография принциптеріне сай
талдау жасаңыз.
10 апта
1. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін орфоэпия нормасысына сай жазу.
2. М.О.Әуезовтың «Абай жолы» романының «Қайтқанда» тарауының алғашқы бес бетіне орфоэпиялык нормаға сай талдау.
12 апта
1. Мәтінмен жұмыс. Баспасөз беттеріне шолу жасау.
2. Қазақ тіліндегі редукция және элизия процестері
3. Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстар
14 апта
1. Біріккен сөздердің жазылу емлесі.
2. Орыс тілінен енген сөздерге қосымшаның жалғануы.
3. Тыныс белгілері (қолданылу ерекшеліктері). Баспасөз беттеріне шолу жасау.
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
8. Негізгі әдебиеттер
8.1.1. Қосымша әдебиеттер
Жоспар
1. Дыбыс үндестігіне қатысты орфографиялық нормалар.
2. Орфографиялық сөздік (конспект)
Екі кітап
Жас суретші
Әбілханның қасына келіп, шал жөн сұрай бастады.
— Жаркенттенсің бе? Білем ол жерде болғанмын. Тамаша таулы өлке! Ғажап! — деп Жетісуды жақсы көретінін, оны талай аралағанын айтты. Революциядан бұрын жер өлшеуіш болған Николай Гаврилович суретшілік өнерді өзгелерге де үйретті. 1920 жылы Алматыда бейнелеу өнері студиясында сабақ берді. Бұл кезде Қазақстанда Бейнелеу өнері мен графика жанры енді ғана көріне бастаған еді.
— Үйреніп, сабақ алуға келдім – деді Әбілхан.
Баланың бұл сөзіне Хлудов қатты қуанды. Хлудов қазақ тұрмысы мен өнерін жақсы білетін. Ол қазақ өмірінен бірнеше суреттер салды.
— Қазақ — өнерлі халық! Деді ол.
— Міне, жасым жетпіс сегізге келгенде, қылқалам ұстаған қазақ суретшісін алғаш көріп отырмын, — деді Хлудов.
Бұл Қазақстан Республикасының халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірінен бір көрініс еді.
І. Мәтінмен жұмыс 1. Абзацтағы сөйлемдерді буынға бөліп жазыңыз
1. Жар-кент – тен – сің бе?
2. Үй – ре – ніп
3. Ба – ла – ны
4. Қа – зақ
5. Мі-не
ІІ. Орфоэпиялық норма бойынша айтылатын сөзді жаз
Жазылуы Айтылуы
Жанры Жаныры
Қылқалам Қылғалам
ІІІ. Тасымалданбайтын сөздердің астын сызыңыз
деп, жер, бір
10. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Ер Тарғын, бет ашар.
B) Жан күйер, қызыл ала.
C) Су тегі, қалам ақы.
D) Ac кабақ, каска бас.
E) Сая жай, мал басы.
12. «Еш» есімдігімен бөлек жазылатын қатарды анықтаңыз.
A) Қашан.
B) Қайдан.
C) Қайда.
D) Адам.
E) Кім.
17. Сабактас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
Май құйған шапа сонсе де, шам-шырақ сөнбес өмірде.
A) Көсемше жұрнағы арқылы.
B) Шартты райдың «-се» жұрнағы арқылы.
C) Күрделі етістіктен.
D) Багынынқысының баяндауышы күрделі етістіктен.
E) Етістіктің шартты рай түріне «де» шылауының тіркесіп келуінен.
25. Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді керсетіңіз.
A) Тек не бұйырсан да, тезінен бұйырғайсың.
B) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты.
C) Дегенмен,-мен жаңылмаппын.
D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей карайды.
E) Бұл шынында да Нартай біле бермейтін жаңалық еді.
20. Бөлек жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Қызмет ету, қырық аяқ.
B) Қақ шеке, тоғыз құмалақ.
C) Қара курең, алып сатар.
D) Он тогыз, егеу кұйрық.
E) Сан ет, ортан қол.
Достарыңызбен бөлісу: |