«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


 Біртүтас өсімдіктің жекелей өсіп жетілуі, дамуы онтогенез



бет53/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

1. Біртүтас өсімдіктің жекелей өсіп жетілуі, дамуы онтогенез деп аталады. Өсімдіктің әр түрінде онтогенез оның өзіне тән ерекше болып етеді. Онтогенез аналық клетканың алғашқы бөлінуінен басталады да, кейін одан бүкіл организм өсіп шығып, сөйтіп бұл индивид тіршілігін аяқтағанға дейін созылады. Онтогенез барысында өсімдіктін, формасы мен өсуі өзгеріп отырады. Онтогенез процесі түтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын, бір-бірінен жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын бірқатар кезеңдерден немесе фазалардан тұрады. Мүндай кезеңдерге тұқымның өнуі, бүршік жару, вегетативтік, одан соң репродуктивтік органдардың өсуі, гүлдеу және жеміс байлау сияқты кезеңдер жатады. Фазалардың негізінде физиологиялық-биохимиялық процестердің өзгерістері жатады. Бұл процестердін, нәтижесінде даму кезеңдерін жүзеге асыру және жаңа структуралар түзу мүмкін болады. И.В. Мичурин жеміс ағашының тіршілік циклінен мынадай фазаларды ажыратты: 1. тұқым фазасы, мүнда тұқым енеді; 2. балауса фазасы, өскін пайда болуынан алғашқы жеміс салуына дейінгі уақытты қамтиды; 3. толысу фазасы, жеміс салуының алғашқы 4-5 жылын қамтиды. 4. жетілу фазасы, мүнда өсімдік өседі және мезгілімен жеміс салады; 5. қартаю фазасы, мүнда жеміс салу аяқталады, вегетативтік органдар тіршілігін тоқтатып, ағаш біртіндеп қурайды. Бұл фазалар бірімен-бірі тығыз байланысты, әр түрлі өсімдіктерде олардың үзақтығы түрліше болады.
Көптеген өсімдіктердің тіршілік циклінде активті өсу кезеңдері тыныштық күйі деп аталатын, өсудің толық тоқталатын кезеңімен кезектесіп келіп отырады. Өсімдіктердің тыныштық күйге өтуі ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі ретінде қалыптасқан. Бұл кезеңде өсудің тоқталуы өсімдіктерді неғұрлым төзімді, экстремалды жағдайларда зақымданбайтындай етеді.
2. Өсу процесінің нәтижесінде өсімдіктер әр түрлі қозғалыстар жасайды. Топыраққа бекініп орналасқандықтан, өсімдіктер орын ауыстыра алмайды, бірақ органдарының қалпын өзгерте отырып, оларды қозғалысқа келтіреді. Сыртқы ортаның бір жақты әсер ететін әр түрлі факторларына жауап ретінде өсімдіктер органдарының қозғалысқа келуі тропизм деп аталады. Органдар қозғалысының мынадай түрлерін ажыратады: жердің тарту күшінің әсерімен жүзеге асатын геотропизм, жарық көзінің орналасуына байланысты болатын фототропизм, қоректік заттардың орналасуына байланысты болатын хемотропизм, өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм, жылылықтың бір жақты әсерінен өсімдіктерде термотропизм құбылысы байқалады, және т.б. Өсімдіктердің тамыр системасы оң, сабағы мен жапырағы -теріс геотропизмге ие. Егер өскіннің тамырын жоғары, сабағын төмен қаратып орналастырсақ, олар иіліп, қарама-қарсы бағытта өсетін болады, яғни тамыры иіліп, төмен қарай, ал сабағы жоғары қарай бағытталады.
Өсімдік органдарының диффузиялық әсер етуші факторлардың ықпалымен қозғалуы настия деп аталады. Температура, ылғалдылық, жарықтың түсуі және т. б. ортаға біркелкі таралған осындай

факторлар болып табылады. Настияның термонастия, фотонастия, гидронастия деген түрлерін ажыратады. Егер 10°С температурадағы ортадан 20°С температурадағы ортаға ауыстырып орналастыратын болсақ крокус пен жауқазын гүл ашады. Бақ темекісінің, бақбақтың, эшольциянын, гүлдері күн мен түн алмасуы кезінде ашылып жабылады. Бүл олардың гүл желектерінің жоғары және төменгі бөліктерінің әркелкі өсетіндігіне байланысты. Үрме бұршақтың, қымыздық пен шынқетердің жапырақтары күндіз горизонталь қалыпта болады да, түнге қарай төмен иіледі. Күн мен түннің алмасуына байланысты болатын қозғалыстар никтинастиялық қозғалыстар деп аталады.
3. Ауксиндер химиялық табиғаты жөнінен индолил-3-сірке қышкылы болып табылады. Ауксин барлык жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде бактерияларда түзіледі. Ол өркендердің үштарында, жапырақтар мен түқым жарнақтарында, өсіп келе жатқан үрықта түзіледі. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Өркеннің немесе колеоптильдің ұшында түзілген ауксин олардың түбіне қарай қозғалады. Ауксиннің тасымалдануы үшін энергия қажет, тыныс алу тежелгенде оның тасымалдануы тоқтайды. Ауксин клетканың созылу кезеңіне жағдай туғыза отырып, өсімдіктердің өсуіне әсер етеді.
Гиббереллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гиббереллині, оны гиббереллин қышқылы деп атайды. Гиббереллин өркендер мен тамырдың үштарында, жас жапырақтар мен үрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерлерден флоэманы бойлай отырып, қозғалады. Бүл фитогормон клетканың бөліну және созылу кезеңдеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағанда ол клетка қабықшасына әсер етпейді, түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гиббереллин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Ол тіпті сабағы өте қысқарған жертаған өсімдіктердін. негізгі өркендерінің күшті есуіне себепші болады. Гиббереллин жапырақтың өсуі мен түқымның өнуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді.
Цитокинин. Цитокинин тамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжиды. Цитокинин сондай-ақ тұқым мен жемісте түзіледі. Ол негізінен клетканың бөліну процесін тездетіп, ДНК. мен РНҚ-ның түзілуін жақсартады және жалпы зат алмасуы мен белоктың синтезделуін арттырады. Цитокинин түзілетін жерлерге амин қышқылы, ферменттер және т. с. с. заттар көп келеді. Заттар алмасуының осындай активтелуі нәтижесінде цитокинин бар жерлердің есу процестері жылдам етеді. Цитокинин жаңадан бүршік түзілуі мен жанама бүршіктердің ашылуына жағдай жасайды.
Бұл өсімдіктер тұқымының жетілуі барысында майлар мен ақуыздардың синтезделуі басымырақ болады. Майлардың пайда болуы ұрықтану аяқталған бойда-ақ басталып, тұқымдар толық жетілгенге дейін созылады. Бірақ, гүлденгеннен кейін алғашқы 10-15 тәулік ішінде бұл процесс өте баяу болады. Пісудің бастапқы кезінде полисахаридтердің, еритын көмірсулардың мөлшері біршама көп болады да, майдың мөлшері азаяды. Тұқым ұлпаларының өсуі тоқтаған кездебелок синтезі төмендеп, көмірсулардың майға айналуы пәрменденеді. Майдың мөлшері біртіндеп көбейіп, көмірсулардың мөлшері тез төмендейді. Үпілмәлік тұқымында бұндай өзгеріс гүлденуден 3-4 жеті өткенде ғана байқалады. Майлардың жалпы мөлшерін көбеюімен қатар сапалық құрамы да өзгереді. Шала піскен тұқымдар майының құрамында піскен тұқымға қарағанда, бос қаныққан май қышқылдары көбірек болады. Мысалы, күнбағыстың майындағы қаныққан қышқылдардың мөлшері піскен тұқымдарда 88,5-тен 6,77 пайызге дейін кемиды. Оның есессіне қанықпаған май қышқылдарының мөлшері артады. 
24. Өсімдіктегі судың күйі, бос және байланысқан су – қасиеттері, рөлі. Су потенциалы.
Судың физикалық-химиялық қасиеттері клетканың кұрылысына, оның тіршілік әрекетіне, организмдегі судың алмасуына айтарлықтай әсер етеді.
​Бүкіл клетка ішілік суды байланысқан және бос су деп бөлуге болады. Жасуша суының биополимерлер (белок, нуклеин қышқылы, полисахаридтер және т. б.) молекулаларына жақын орналасқан бөлігі байланысқан су деп аталады да, олардың маңында сутектік байланыстар күшімен үсталып түрады. Бос су биополимерлер коллоидтарымен үсталып тұрмайды, сөйтіп еркін диффузияланады. Судың бұл екі түрінің бір-бірінен физикалық қасиеттері женінен ғана емес, сол сияқты физиологиялық маңызы жөнінен де айырмашылығы бар. Өсімдіктердің аязға, қүрғақшылыққа және басқа да қолайсыз жағдайларға тезімділігі ондағы байланысқан судың мөлшеріне байланысты екендігі бірқатар ғалымдардың жүмыстары арқылы көрсетілді. Бүдан мынадай қорытынды жасалды: байланысқан су өсімдіктердің төзімділігін, ал бос су - физиологиялық активтілігін қамтамасыз етеді. Бүл пікірдің дұрыстығы өсімдіктердің түқымында өтіп жататын процестерден жақсы көрінеді. Тыныштық күйде түрған және осыған байланысты ортаның қолайсыз жағдайларына неғұрлым төзімді құрғақ түқымда 14 процентке дейін су болады және оның бәрі де байланысқан су болар деген жорамал бар. Тұқым ісініп, бос су пайда бола бастасымен физиологиялық процестердің активтілігі күрт артып, тұқымның төзімділігі кемиді. Булану процесі үшін байланысқан судың қиынырак, ал бос судың оңай пайдаланылатындығы анықталған.
​Организмнің сыртқы ортадан енетін суға өз бойындағы суын алмастыруы жөиіндегі тәжірибелер өсімдіктер арқылы ғана емес, сол сияқты балық организмі арқылы да көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет