Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет25/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

Монополярлы тармақ деп күшейткіштің бір кіріс ұстатқышына (клеммасына) мидың үстінде орналасқан электродтардың біреуінен электр потенциалы беріледі, ал екіншісіне мидан белгілі қашықтықтан орналасқан электродтан немесе кейбір жергілікті көзден алынған орташаланған потенциал беріледі. Мидың үстінде орналасқан электродты белсенді электрод деп атайды. Мидан белгілі қашықтықтан орналасқан электрод: селқос, референтті немесе индифферентті деп аталады.
Референтті электрод құлақтың ипсилаторлы бөлігінде, иекте немесе кейде мұрынға орналастырылады.
Референтті электродты дене бөлігінен қашық жерге орналастыру жүрек, бұлшықет және басқа электрлі белсенді ағзалар тарапынан өзгеріс тудырады. Электродтың мұрынға бекіту науқасқа ыңғайсыздық тудыратындықтан тек арнайы жағдайда ғана қолданылады. Кейбір жағдайларда референтті электрод ретінде құлаққа бір-бірімен қысқа тұйықталған екі электродтардан тұратын тармақ қойылады. Орташаланған референтті электрод ретінде науқастың басындағы бірдей жеткілікті дәрежедегі үлкен кедергілі яғни барлық электродтар өзара параллел жалғанған өткізгіш қолданылады.
Монополярлы тармақ мидың биоэлектрлік белсенділігін және оның жарты шарларының ассиметриясын дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Биполярлы тармақ деп күшейткіштің оң және теріс кіріс ұстатқышына мидың үстіне орналасқан электродтарды қосатын тармақты айтады.
Сапалы электроэнцефалограмма жарық және дыбыс өткізбейтін бөлмеде түсірілген кезде алынады. Науқас көзі жұмулы, еркін күйде орындыққа отыруы керек. Алдымен «фондық» ЭЭГ жазылады, содан кейін әртүрлі (дыбыс және жарық түріндегі тітіркеніс, көздің ашық және жабық кезіндегі) ырғақтардың өзгерісі тест түрінде жазылады.
Кәзіргі кезде электроэнцефалограммалық тесттердің ең көп тараған түрі – гипервентиляция. Бұл кезде науқас 1-3 минут ішінде терең және ырғақты дем алады. ЭЭГ – ның жазылуы 3 минуттан кем болмау керек.
ЭЭГ – ның жазылуы кезінде зерттелудің мақсатына қарай дәрілік заттар енгізу арқылы фармакологиялық тесттерді қолдануға болады.
Жазылып алынған электроэнцефалограммаға қарап қорытынды жасау белгілі бір тәртіпке бағынады. Сондықтан олар үш кезеңге бөлінеді:
1. Науқас миының функционалдық күйін анықтау.
2. Мидағы биопотенциалдардың жергілікті өзгерісінің бар немесе жоқ екендігін көрсету.
З. ЭЭГ – дан ми қыртыстарымен қыртыс асты феномендарын бағалау.
ЭЭГ деп ми қабатындағы нейрондар белсенділік жиынын жазуды айтады.
Мидың нейродинамикасы жүйенің белсенділігі және үйлесімділігінің (синхронизация) өзара әсерімен анықталанатындығы дәлелденген.
Бірінші анатомиялық көрініс гипоталамус бөліктерінің шектеріне, көру дөңесіне және каудалдық бағанаға жайылады, оның қызметі мидың босаңсуы, ширақтығы және ұйқының күйімен анықталады. Екінші анатомиялық көрініс сергектік күйін қамтамасыз етеді және олар бағана бөліктерінің ұштарында орналасады.
Б

1.7. сурет

ерілген жүйелердің өзара байланысы мидың тиімді жұмыс істеуінің шартын береді. Оны электроэнцефалограмма деп атайды. (сурет. 1.7).


Еркін күйдегі науқас миының белсенділігі қалыпты жағдайда 3 негізгі ырғақ түрінде беріледі.
1
.8. сурет. α-ырғақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет