Қайталау сұрақтары:
1.Химия дамуының негізгі тарихи кезеңдері
2.Химияның негізгі заңдары
3.Ең жаңа химияның даму бағыттарының кейбір ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
№5 Биология концепциялары
1.Биологиялық эволюция және адам
2.Сана-сезімнің классикалық моделі
3.Иекмділіктің жаратылыстанушылық негізі
Адамды табиғи дене ретінде қарастыруға болады. Біріншіден - пайда болуына байланысты, екіншіден - өзінің табиғатына байланысты. Адамды физикалық дене және биологиялық ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі уақытта ғылым адамды – биологиялық және әлеуметтік компоненттерді біріктіретін биоәлеуметтік ретінде анықтады. Бұнымен келісуге болады, бірақ: 1. адамды физикалық жағдайда қарастырып, онда болып жатқан химиялық процестерді білу. 2. тек адам ғана әлеуметтік формада өмір сүрмейді, көптеген жануарларда тіршілік етеді.
Ертедегі антикалық философия адамның табғатына көп көңіл бөлген. Кинктер өмірді табиғи жағдайда және материалдық қажеттіліктерді шектеулі түрде қарады.Адамның биологиялық және спецификалық жағдайының арасындағы шекараны оқытатын ғылым – “социобиология” деп аталады.
Адамды табиғи ғылым ретінде қараудың 3 аспектісін бар: 1. пайда болу. 2. Ондағы табиғи және гуманитарлы бірлестіктер. 3. адамды табиғи ғылым әдісімен білу. Бірінші бағыт “антропология” д. а. Ол адам қашан және қалай пайда болды және жануарлардан айырмашылығы туралы оқытады. Екінші бағыт – социобиология адамның генетикалық негізі және физиологиялық, психологиялық процестердің қарым-қатынасы туралы оқытады. Үшінші бағытқа табиғи ғылым жолымен адамның миы, оның анын, есін т.б. оқытады.
Адам – әлеуметтік құбылыс. Адамның өмірі, философияның анықтамасы бойынша, қоғамдық қатынастардың бірлестігінен туды. Жаратылыстану жануарлар әлемін зерттейді.
Адамға байланысты әлеуметтік биология – әлеуметтік ұжым туралы ғылым, ол адам мен жануарлардың әлеуметтік мінез –құлықтарының ұқсастықтарын және адамның әлеуметтік мінез құлқының генетикалық детерминациясының механизмдерін анықтайды.Әлеуметтікбиология адамды екі бөлімнен тұратын тіршілік иесі ретінде қарастырады: биологиялық, әлеуметтік бөлімдер.Әлеуметтік биологияның мақсаты-адамның биограммасын қалыптастыру, яғни оның іскерлігіндегі табиғи- биологиялық негіздерді толығымен сипаттау.Адам бойындағы табиғи мен әлеуметтіктің қатынасу мәселесі генетикалық-мәдени коэвалюцияның мәселесі болып табылады.
Әлеуметтік биология коэвалюцияны адамның өзін де зерттейді.Оның адамға байланысты негізгі ойы- «Саналы адам» генетикалық әртүрлі мінезі бар кәдімгі биологиялық түр. Адамда, басқа түрлердегі сияқты,өзінің биологиялық табиғатынан тыс мақсаттары болмайды.Сондықтан биология мына сұраққа «жоқ» деп жауап береді: «Мәдениет адамның мінезін альтроистік мінсіздікке жақындатып өзгерте алады ма?»
Адамда туғаннан бір-біріне болысушылық және бір-бірімен араласушылық болады. Егер бұл қабілеттер тұқым қуалаушылықпен берілсе, әлеуметтік биологиямен байланысты,егер өмір сүру мен тәрбиелеу процесінде пайда болса,әлуметтік мәдениетпен байланысты. Генетика мен әлеумметтік биология эгоизмнің,альтруизмнің гендері бола ма,яғни мінез тұқым қуалай ма,әлде әлеуметтік тәрбиеге байланысты ма соны қарастырады.
2. Этология әлеуметтікбиологияға дейін, адамда жануарларға тән көп нәрсенің бар екенін көрсеткен. Агрессия жануарлардың агрессиясына сай келеді. Жануарлардағы сияқты ашуланушылық ер адамдарға көбірек тән. “Мәдени – тарихи және техникалық даму жағдайларында түр ішілік агрессияны қауіпті деп санауға маңызды себептер бар, ” – дейді К.Лоренц.
Бұл қауіпті жағдай жануарлар әлемінде қалай жойылады ?”Пайдалы, қажетті инстинк өзгермейді; кейбір ерекше жағдайларда егер ол зиян болса, арнайы тоқтау механизмі енгізіледі. Бұл жерде де ұлттардың мәдени тарихи дамуы осыған ұқсас болып келеді; дәл сол үшін Моисейдің шарттары жолі сөздер емес тоқтамдар т.б.”. Агрессияны алып тастауға болмайды, себебі ол биологиялық пайдалы қызметті атқарады, барлық инстинктер бір-бірімен байланысқан, күлкі агрессияны тоқтатушы механизм. Күнахармен күресу өте маңызды, себебі оған энергия жұмсалады.
Лоренц Канттың категориялық императивінің биологиялық нұсқасын жасайды: “Менің іс – әрекетімді басқаратын заттарды табиғаттың жалпы заңдары дәрежесіне дейін жоғарылата аламын ба?”. Этологиялық императив былай дейді:»Сенің әрекетің табиғаттың заңдарына сәйкес келетіндей әрекет жаса»
Жануарлар стимулдарға адамдарға қарағанда қатты мән береді.Адамдардың жануарлардан тағы бір айырмашылығы-болжау қабілеттілігі.
«Жоғары дәрежелі жануарлардың,әсіресе адам тәрізді маймылдардың ересектерінің топтық іс-әрекеті кішкентай кезінде мамасымен қарым қатынасы қалай болды, соған байланысты.Бір нәрсені жаттау үшін,ол нәрсеге қызығу керек.Қызығушылықты көтеру үшін ойын қажет. Қазіргі психология былай дейді, адамға жаңаны үйренуге тырысу қасиеті тән, ерлерде ол жақсы дамыған, әйелдерге қарағанда, оның негізгі функциясы сақтау мен өндіру.Араласу нәтижесінде адамның санасы жануарларға беріледі. Адам қоғамда табиғи сұрыпталуы нашар жүреді, ата-бабаларымыздың эвалюциясына болысқан. Адам қандай жетістіктерге жетсе де ол писсимистік анықтамалармен жүрді, біздің эвалюциямыз құлдырауға әкеледі деген анықтамалар бар.
3 .Адамдар арасындағы көптеген айырмашылықтары- ұлттық,
нәсілдік, жыныстық- табиғи құбылыс болып табылады, оны көптеген ғылым салалары зерттейді. Этнос- адамдардың бірлестігі, ұлттық қасиеттері бойынша қосылған. Біздің кезімізде белгілі этнолог Л.Н.Гумелев болып табылады. Этнология, Гумелев бойынша- жаратылыстық ғылым. З.Фрейд индивиттердің іс әрекетін психикалық энергиядан түсіндірсе, Гумелев қоғамдық дамуды күннің энергиясымен байланыстырған. Күн импульстарды жібереді, олар пассионарлық қозғалысқа келеді. Сонғысын түсіндіргенде Гумелев келесі гипотезияны айтады. Күннің қуаттылығының азаюынан ноносфераның қорғаныш қасиеті төмендейді, жекелеген кванттар төмендейді, сол кезде өз жолдарында сәулену болады, ол мутацияны тудырады.
Гумелев бойынша, пассионарлы қозғалыс энергиясы мол адамдардың пайда болуына әсер етеді, ол адамдар этносты құрап, басқа адамдарды өз артынан жүргізеді. Этногенез келесі этаптардан турады: 1 Ояну- динамикалық фаза;2 жылыну- акматикалық фаза;3 Қалыпты жағдайға көшу- инерциондық фаза;4 обскурация- өшіп бара жатқан қозғалыстар фазасы.
Ояну фазасының негізгі ұраны этностың қажеттілігі бәрінен маңызды. Индивидумға ең маңыздысы- қоғам алдындағы міндет. Инерциялық фазада мынадай ұран болады «өзіңді сақтап өз өзің бол», мұнда индивидуализм гүлденеді, қан көп төгіледі. Обскурация фазасында ұран- «басқалар сияқты болу» әркім өзі жайлы ғана ойлайды. Мәдениет дамиды, материалды байлықтар жиналады.
Экология жогарыда адам, қоршаган орта арасындағы қатынас
ретінде қарастырылады, себебі адам- биологиялық пен әлеуметтіктің бірлігі. Кең мағынасында экологиялаға жататындар «адам- табиғат» жүйесіне кіретінін барлығы яғни бұл ғылым жаратылыстық, техникалық, гуманитарлық ғылымдардың түйісу жерінде тұр.
Адам қоршаған ортамен әртүрлі байланыста болады- заттық, энергетикалық, ақпараттық. Олар адамды, табиғатты өзгертеді. Орыс ғалымы А.Л.Чиновский күннің адамға үлкен әсерін айтқан. Жүрек ұстамаларының сызығы күн қуаттылығының графигіне сай келеді. Егер жануарлар қоршаған ортаға үйренсе, адамдар қоршаған ортаны өздеріне үйретеді. Вернадскийдің айтуы бойынша жана жер құрылысы адаммен жасалынады. Адаммен табиғаттың байланысын зерттейтін ғылымдар жахандық экология, адам экологиясы және әлеуметтік экология.
Будыко бойынша жахандық экологияның негізгі мақсаты- антропогендік шаруашылықтың әсерінен биосфераның өзгеруінің болжамын жасау. Әлеуметтік экология адам мен табиғат байланысын қоғамның қоршаған ортаға әсері негізінде қарастырылады. Адамдар өндірістерді арттыру үшін экосистемалардың тұрақтылығын бұзады. Адам табиғаттан барынша коп нәрсе алғысы келеді, ал табиғат максималды өнімділікті емес, максималды тұрақтылықты сақтауға тырысады.
Ноосфераны екі мағынада түсінуге болады:1 Сананың билеу сферасы
(Фихте бойынша);2 .адам мен табиғаттың саналы әрекеттесуі.
Ноосфера, Тейяр де Шарден бойынша- ұжымдық сана, планетаның болашақтағы эвалюциясын бақылап отырады. «Кибернетикада» Винер былай дейді «тірі организм күрделі, қиын зат, онда басқа да тірі организмдер өмір сүреді. Клеткаларда тірі организмдердің көптеген қасиеттері бар» (Н.Винер.кибернетика.М.,1968,227-бет).
Ноосфера концепциясы натурфилософиялы жүйеге ұқсайды.
Ноосфераның құралды- мүмкіндік, бірақ қажеттілік емес. Бұл концепцияның құндылығы, мүмкін болатын болашақтың концепциясын жасау, және онда адам өзін саналы индивид ретінде көрсетеді.
Қайталау сұрақтары:
№5 Биология концепсиялары
1.Биологиялық эволюция және адам
2.Сана-сезімнің классикалық моделі
3.Иекмділіктің жаратылыстанушылық негізі
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
№6Биология негіздері және оның салалары
1.Өсімдік шаруашылығы
2.Астық, көкеніс және жеміс- жидек шаруашылығы
3.Қазақстан ағаштары мен бұталары, олардың шаруашылықта қолданылуы
4. Астық, көкеніс және жеміс- жидек шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу
Өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылымның мақсаты – екпе өсімдіктер, олардың биологиялық, ботаникалық ерекшеліктері, баптау, күтіп - өсіру жайлы кең түсінік беру, тұрақты да сапалы мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну.
Өсімдік шаруашылығында топырақтану, өсімдік физиологиясы, агрономиялық химия, егіншілік, химия, физика және тағы басқа сабақтас ғылым мәліметтері кеңінен пайдаланылады.
Өсімдік шаруашылығының биологиялық негізі болып саналатындар: 1) екпе өсімдіктердің өсіп - өну ерекшеліктері мен олардың өсетін ортасының жағдайларына қоятын талаптар; 2) өсімдіктер өсетін ортаның жағдайын жақсы білу және оны қажетті бағытта өзгерту; 3) өсімдіктердің тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін білу және соның негізінде тиісті агротехникалық шараларды белгілі бағытпен жүргізу.
Өсімдік шаруашылығының көптеген жеке салаларының өркендеуіне С. П. Кулжинский ( дәнді бұршақ дақылдары) , И. В. Якушин ( дәнді дақылдар , картоп, қант қызылшасы) , Н. Н. Кулешов ( жүгері, бидай) , А. И. Носатовский ( бидай) , В. А. Харченко ( мал азықтық тамыр жемістері) , Н. М. Майсурян ( бөрі бұршақ) және тағы басқа ғалымдар елеулі үлес қосты.
Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығын дамытуға байланысты ғылымдағы бағыттардың бірі - өнімнің күні бұрын болжануы және программалануы. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары еліміздің барлық егіншілік аймақтарында, әр түрлі дақылдармен жүргізілуде.
Өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылымның да өзіне тән зерттеу объектісі, мақсаттары және тексеру тәсілдері бар. Зерттеу объектісі – екпе дақылдары мен өсімдіктер; негізгі мақсат - өнімнің қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, өнімділікті арттыру жолдарын көрсету. Ал, өсімдік шаруашылығының тексеру тәсілдеріне – далалық, лабораториялық және вегетациялық зерттеу әдістері жатады. Осы тәсілдері пайдалану арқылы алынған қорытындылар әр аймақтың егін шаруашылығының негізі болып табылады.
Әрбір өсімдік тіршілігі жасына қарай үш кезеңге – жастық, кемеліне келген және қартаю кезеңдеріне бөлінетін зерттеуші Ф. М. Куперман атап көрсеткен болатын. Осы кезеңдердің ұзақтығы, әр түрлі дақылдардың өзіне тән ерекшеліктеріне, қоршап тұрған ортасына тікелей байланысты.
Екпе дақылдарының ішінде астық тұқымдастарына үлкен мән беріледі. Оларға – бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері, құмай және қарақұмық жатады. Бұлар тағамдық қасиетінің жоғары болуына және тұрмыста жан – жақты пайдаланылуына байланысты жер шарының барлық аймағына кеңінен таралып отыр. Астық дақылдары тұқымында белок, углевод және май көп мөлшерде кездеседі.
Астық дакылдарының бірқатары (арпа, сұлы, жүгері) құнарлы мал азығы болып саналады. Олардың дәні жиналып алынғаннан кейінгі қалған сабандары мен топандары мал азығына тікелей пайдаланылады. Ал астық дақылдарының дәндері сыра, крахмал, спирт алуға және декстрин өндірісінде кеңінен пайдаланылады.
Астық дақылдары
Дәнді дақылдардың ішіндегі әлемге кең тараған және өте бағалы дақыл. Бидай наны жоғары дәмділігімен және жақсы қорытылатындығымен басқа дақылдардың көбінен жоғары тұрады. Бидай дәнінде орташа есеппен 13,5% немесе 11-ден 25% дейін белок, 63—74% клетчатка, 2% май болады.
Егер нан ретінде пісіруге белоктың көрсеткіші – 14-15% кем соқпауы керек болса, макарон жасауға – 17-18% кем болмауы шарт. Осы көрсетілген тағамдармен қатар бидай дәнінен спирт, крахмал және декстрин де алуға болады.
Аса бағалы бидайға, қатты және күшті бидай түрлері жатады.
Күшті бидай тек жұмсак, бидай түрінен алынады. Дәндеріндегі белок 14%, шикі клейковина 32%-тен кем болмауы шарт. Күшті бидайды нандық қасиеті төмен, әлсіз бидайға қосу арқылы, нанның дәмін, көлемін, көтерілгіштігін арттыруға болады. Қазір СССР-дің Краснодар өлкесінде, Еділ бойында, Қазақстан және Батыс Сібірде егілетін жұмсақ бидай өнімі күшті бидай қатарына жатады.
Көкөніс дақылдар бөлімі
Көкөніс дақылдар бөлімінде жеке участкеге көп жылдық өсімдік түрлерін отырғызады: ақжелкек (хрен), қымыздық (щавель), жер алмұрты, рауағаш, қасқыр жем (спаржа). Бөлімнің қалған ауданын төрт көкөніс ауыспалы егісіне бөледі:
1-ші танапқа: шірімеген көң тыңайтқышына-жапырақтылар: орамжапырақтың әртүрлі іріктемелері (Слава, қызыл, гүлді, кольраби, брюссель, савой, жапырақты, қытайлық), салат, пияз.
2-ші танапқа: жемісті-томат, қияр, асқабақ.
3-ші танапқа: минералды тыңайтқыштарға - тамыр жемістілер ( сәбіз, қызылша, шомыр, шалғам, шалқан).
4-ші танапқа: бұршақтар (үрме және асбұршақ) және ерте пісетін картоп.
Көкөністер бөлімінде де коллекциялар мен тәжірибелердің қарама-қарсы орналасуы әр танапта жалғасады. Мысалы, орамжапырақ және қызаның іріктемелерінің коллекциясын танаптың екі жағына «Г» формасында сыртқы соқпақтар бойына отырғызады. Тамыр жемістілердің тұқымдық түрлерін үшінші танаптың шетінен бастап отырғызған дұрыс. Осылай, оқушыларға бірінші және екінші жылғы өсімдіктерді көрсетуге болады. Ол, соқпақ жағынан отырғызылған сәбіз, қызылша, шалғам, шалқан тұқымдықтарын салыстыруға қолайлы.
Әрбір бөлімде себу мен отырғызуды сабақ тақырыптарын өткізуге қолайлы етіп орналастырады.
Коллекциялық және тәжірибелік егістерді қолайлы орналастырудың маңыздылығы:
оқушылардың тәжірибелік және бақылау бөлшектеріндегі өсімдіктерді, сонымен қатар мәдени және жабайы өсімдіктердің бір іріктемесін мен екінші іріктемесімен салыстыруға мүмкіндік береді (мысалы, пияз бен картоптың мәдени және жабайы түрлері және т.б). Екі жылдық көкөніс өсімдіктер жүйектеріне қосымша тұқымдықтарды орналастырады.
Жеміс-жидектер бөлімі.
Жеміс-жидектер бөлімінің ауқымды бөлігін жемісті баққа, ал қалған жерін жидектер мен питомниктерге арнайды. Баққа діңді формалы (ауданы 6х6 м2), аласа түпті (ауданы 4х4 м2) және жатаған (арақашықтығы 3 м) алманы отырғызуға болады. Коллекция үшін шие, алмұрт, долана, шетенді отырғызады.
Жеміс-жидек бөлімін ұйымдастыруда, ересек ағаштарға бақылау жасау оқытуда, пішіндеуге мүмкіндік беретін жас ағаштарға қарағанда онша қызығушылық туғызбайтынын ескеру керек. Сол себепті мектеп учаскесінде питомниктің болғаны ұтымды, онда бір қатарға жемісті ағаштардың тұқымдарын себуге, екінші қатарды оларды сиретуге және қалғанын төртке: телінуші екпе көшеттер, телінген өсімдіктерді жетілдіру, ағаш кронасын сала бастау және қалыптастыру. Қасына жеке аудандарға қарақат, таңқурай (1х2 м2), қарлыған мен шетенді (1,5х3 м2) орналастыруға болады. Жабайы жидекті өсімдіктерді де жетілдіру, сұрыптау және будандастыру үшін отырғызуға болады. Қалемшемен көбейту үшін төртбұрышты алаң қазады (ені 1м, тереңдігі 20 м). Бүлдіргеннің әртүрлі іріктемелері мен құлпынай және жабайы бүлдірген үшін жүйектер жасайды; жабайы бүлдіргенді мәдени түрге айналдыру, бүлдіргенді мұртшаларымен көбейту, алма тұқымдарын себу, өсімдіктерді пішінге келтіру, көшеттерді сұрыптау және алма көшеттерін жетілдіру, алма және жидек өсімдіктерінің гүлдерін жасанды тозаңдандыру, жеміс ағаштарын теру және көзсабақтау (окулировка), ағаш өсімдіктерін қалемшелері және жидектерді сұлатпа сабақтармен көбейту тәжірибелерін жүргізуге болады.
Вегетативті көбейтуге дағдыландыруға ерекше көңіл бөлу керек. Жеміс-жидек бөлімінде мал азықтық шөптерге арналған жер қорын қалдыру керек. Кейіннен осы жерлерге жеміс ағаштары питомнигін көшіреді және бүлдіргенді 5 жылдан соң, таңқурай мен басқа жидектерді 7 жылдан соң отырғызады.
Қайталау сұрақтары:
1.Өсімдік шаруашылығы
2.Астық, көкеніс және жеміс- жидек шаруашылығы
3.Қазақстан ағаштары мен бұталары, олардың шаруашылықта қолданылуы
4. Астық, көкеніс және жеміс- жидек шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
3-ші бөлім
Зертханалық және сарамандық жұмыстар жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
№1.Сабақтың тақырыбы: Физика концепциялары
Сабақтың мақсаты: Мәдени жүйедегі ғылымның орны және эволюциясы және ғылыми жаратылыстану және гуманитарлы мәдениет туралы талдау жасау
Тапсырма:
1.Мәдени жүйедегі ғылымның орны және эволюциясы
2. Ғылыми жаратылыстану және гуманитарлы мәдениет туралы жазбаша және ауызша тақырыпты конспектілеу және тұжырымдама жасау
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
№2.Сабақтың тақырыбы:Синергетика концепциялары
Сабақтың мақсаты; .Физиканың келешекте шешетін мәселелері және Күн мен Жер байланысы туралы талдау жасау
Тапсырма:
1.Физиканың келешекте шешетін мәселелері
2.Күн мен Жер байланысы туралы жазбаша және ауызша тақырыпты конспектілеу және тұжырымдама жасау
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
№3.Сабақтың тақырыбы: Химия концепциялары
Сабақтың мақсаты:Химия концепциясы негізмен танысу
Тапсырма:
1.Химия дамуының негізгі тарихи кезеңдері
2.Химияның негізгі заңдары туралы жазбаша және ауызша тақырыпты конспектілеу және тұжырымдама жасау
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
№4.Сабақтың тақырыбы:Биология концепциялары
Сабақтың мақсаты: Биологиялық эволюция және адам және сана-сезімнің классикалық моделімен танысу
Тапсырма:
1.Биологиялық эволюция және адам
2.Сана-сезімнің классикалық моделі туралы жазбаша және ауызша тақырыпты конспектілеу және тұжырымдама жасау
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
№5.Сабақтың тақырыбы:Биология негіздері және оның салалары
Сабақтың мақсаты: Өсімдік шаруашылығының негізгі салаларымен танысу
Тапсырма:
1.Өсімдік шаруашылығы
2.Астық, көкеніс және жеміс- жидек шаруашылығы туралы жазбаша және ауызша тақырыпты конспектілеу және тұжырымдама жасау
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
4-ші бөлім
ОБСӨЖ –ді орындауға арналған әдістемелік нұсқау
№1
Сабақтың тақырыбы: Ғылым және жаратылыстану дегеніміз не ?
Сабақтың мақсаты: Ғылым мен жаратылыстану туралы төмендегідей тақырыпқтарға реферат жазу, жазылған рефератты негізгі ала отырып тұжырымдама жасау
1. Ғылымның пайда болуы.
2. Жаратылыстану дегеніміз не?
Бақылау формасы: Жазбаша
Ұсынылған әдебиеттер:
1. А.А. Горелов. Концепция современного естествознания. Москва, 2003
2. Е.ААхметов, М.О.Әбілова және т.б. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы, 20035
3. З.И.Кузнецов, Г.М.Идлис, Гутина В.Н. Естествознание. Москва, 1996
4. В.И.Вернадский. Биосфера
5. Б.Ф.Поршнев. О начале человеческой истории. Москва, 1974
6. ФрейдЗ. Психология бессознательного. Москва, 1989
7. Л.Тищенко, Г.К.Гагаев, А.Б.Смаилов. СПИД, проблемы лечения и профилактика. Москва, 1989
8. Интернет жүйесі мен кезеңдік басылымдар
№2
Сабақтың тақырыбы:.Физика концепциялары
Достарыңызбен бөлісу: |