ОҚУ Әдістемелік кешен «Жас ерекшелік және әлеуметтік психология»



бет6/8
Дата20.11.2016
өлшемі1,52 Mb.
#2131
1   2   3   4   5   6   7   8

Зейін, ес, қиялдың дамуы. Оқу іс-әрекеті жоғары психикалық функциясының – зейін, ес, қиялдың дамуын талап етеді. Зейін, ес, қиял бастауыш сынып оқушысында дербестікке ие болады – бала оқу іс-әрекетінде көңіл бөлуге, көрген немесе естігенді есте сақтауға бұрын қабылаған нәрсені көз алдына

елестетуге, арнайы іс-әрекеттерді меңгеруге үйретеді. Егер мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекеті еркін дамудың сандық өзгерістерге мүмкіндік туғызса, бастауыш мектеп жасында оқу іс-әрекеті баладан арнайы әрекеттерді меңгеруді талап етеді. Бірақ алты-жеті, он-он бір жастағы балада танымдық процестер бала қатты ағынмен жағдайда немесе өзіндік қозумен арнайы ұйымдастырғанда туындайды. Әдеттегі жағдайда балаға жоғары адамзаттық психикасы көлемінде өзінің психикалық функциясын ұйымдастыру қиынға соғады.



Зейінің дамуы. Баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортаны тексеруге, оның зейінін қызығушылығы басылғанша зерттелетін объектіге бағытталып ұйымдастырылады. Алты-жеті жастағы бала еш алаңдамай екі-үш сағат ойнай алады. Тура осылай өнімді іс-әрекетпен де (сурет салу, әр түрлі заттарды жасау) ұзақ уақыт айналыса алады. Бірақ зейінді жұмылдырудың мұндай нәтижелері – баланың айналысатын ісіне қызығушылық. Егер бала өзіне ұнамайтын іспен айналысса, тез шаршайды, өзін бақытсыз сезінеді.

Ересек бааның зейінін ауызша нұсқалардың көмегімен ұйымдастыра алады. Оларға орындалуы тиіс іс-әрекетті есіне салып, іс-әрекет тәсілдерін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушысы белгілі дәрежеде өз іс-әрекетін жоспарлай алады. Жоспарлау балалардың зейінін ұйымдастырады.

Бастауыш сынып балалары өз мінез-құлқын жүйелей алады. Балаларға бірдей және тартымды емес іс-әрекетке немесе қызықты іс-әрекетке бағытталу қиынға соғады.

Бастауыш сынып жасындағы балалар зейінін интеллектулдық тапсырмаларға бағыттай алады, бірақ бұл өте үлкен күш-жігер мен мотивацияның жоғары ұйымдастырылуын талап етеді.

Естің дамуы. Мектепке дейінгі кезең – естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы кезеңде ес Осы кезеңде ес – психикалық фунцияның жетекші танымдық процесі. Шын мәнінде мектепке дейінгі кезеңде бала ана тілін жақсы меңгереді. Бала маңызды деген оқиғаларды есте сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамға бүкіл өміріне жетерліктей естеліктер қалдырады.

Есте сақтау сәтті ойынның басты шарты болып қалыптасқанда немесе бала әрекетін жүзеге асыу мәнін иеленгенде, ол өлеңдерді т.б. жақсы есте сақтайды. Бала есте сақтау тәсілдерін санлы түрде пайдалана алады. Ол есте сақтау керек затты қайталап, түсінуге тырысады.

Мектепте балаа өз еркімен сақтау керек қажеттілігі талабы тұрады. Оқу іс-әрекеті баладан есте сақтауды міндетті түрде талап етеді. Мұғалім балаға қандай жолмен есте сақтауға болатыны туралы нұсқау береді. Балалармен бірге ол материалдың көлемі мен мазмұнын талқылайды, оны бөлімдерге бөліп, есте сақтау процесін бақылауға үйретеді. Түсіну есте сақтаудың басты шарты – мұғалім бала зейінін түсіну қажеттілігіне бағыттайды, есте сақтау керектігін балаға түсінуді үйретеді, есте сақтау стратегиясының мотивациясын: білімді, дағдыларды игеруге үйретеді.

Бала оқу іс-әрекетінде мағыналы еске арқа сүйей алады. Есте қалдыру мен оқу материалын қайта жаңғырту балаға психикалық өзгерістерін рефлексиялауға болады.



Қиялдың дамуы. Бастауыш мектеп жасында бала өз қиялында әр түрлі ситуацияларды құрастыра алады. Бір затпен екінші заттың орын басуының қалыптасуы, қабылдау іс-әрекетінің басқа түрлеріне ауысады.

Оқу іс-әрекеті жағдайында балаға мағыналы іс-әрекетерді қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы талаптар қояды. Мұғалім сабақ үстінде әр түрлі ситуацияларды елестетуді ұсынады. Бұл оқу талаптары қиялдың дамуына мүмкіндік туғызады, бірақ олар арнайы құралдармен қуаттануды талап етеді. Бұл шынайы құралдар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер т.б. заттар болуы мүмкін.

Алты-жеті жастағы балалар сұйықтың бағанасы және сақталу саны туралы дұрыс болжам жасады. Бірақ бала сұйықтың өзгеру деңгейін дұрыс болжап, одан кейін сұйықтың сақталу санын жоққа шығаратын өтпелі кезең болып табылады.

Мұндай зерттеулерден Ж. Пиаже мынадай қорытынды жасады: алдымен қиял статикалық түрде ішкі елестету жағдайымен шектеледі; қиялдың дамуына байланысты бала алғыр және жігерлі болады.




7 Дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ақыл-ойы мен мінез-құлқының дамуы

Жоспары:

  1. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты.

  2. Оқу іс- әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс-әрекеті ретінде.

  3. Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымы, қалыптасу заңдылықтары.

  4. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Ақыл -ой әрекеті мен ұғымдарды сатылап қалыптастыру (П.Я.Гальперин).

Х.Вернер ақыл-ой дамуының жалпы бағыттарына сипаттама бере келе, ол осы процестің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің келесі көрсеткіштерін бөліп көрсетті. Бұл синкретикалықтан дискретикалыққа, диффузиялықтан есеп беруге, ригидалықтан икемділікке, тұрақсыздықтан тұрақтылыққа өту. Синкретикалық, мысалы, Х.Вернер ақыл-ой өмірінің бастапқы қарапайым жүйесінен көреді және сәби кезеңінде эмоционалдық процес аумағында, қабылдау облысында және қиял процесінде, фунционалды дифференцияланбаған субьект-обьект қарым-қатынасында көреді. Х.Вернер бойынша даму немесе ортогенез икемділік және тұрақтылықтың, функционалды дискреттіктің, есеп берудің ішкі жүйедегі сенімді жүйелер арасында өсумен құралады.

Осы айтылған дамудың жалпы бағытының формальді қырлары, Х.Вернер даму деңгейіне салыстырмалы баға беруге тырысады. Мұндай баға 3 факторға байланысты беріледі: даму процесінің көрсеткішіне анықтама; анализдік құбылысты құратын іс-әрекеттер жүйесінің анықтамасы; жеке ақыл-ой операциясының анализі Х.Вернер айтқандай, диапозды ағзаның диапозон қабілетінде көрінетін жеке бақылаулар негізінде қоюға болмайды. Кез келген психологиялық құбылыс ғылыми тұрғыдан қарастырғанда ағза дамуының тұтас перспективалық негізінде классикациялануы керек. Оның орны мүлдем өзгермеген. Егер дамуда жаңа перспектива пайда болса, онда бір ақыл-ой құбылысы әр түрлі деңгейде болады. Бұл баланың оқымаған ересек пен ақылынан айырылған ауру адамның іс-әрекетін қарапайым даму стадиядағы іс-әрекетпен салыстыруға болмайды; ересек адамның (білімді, оқыған адамның) іс-әрекетін даму стадиясының жоғары деңгейіне сәйкес келеді деп айтуға болмайды.

Ақыл-ой дамуының салыстырмалы анализі Х.Вернерге биопсихологиялық эволюцияда ақыл-ой дамудың 3 стадиясын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл – сенсомоторлық, перцептивтік және ақыл-ой дамуы.

Мектепке келген кезде баланың сөздік қорының көлемі ұлғаяы, ол басқа адамдармен өзінің өміріне байлынысты болып жатқан жағдайлар жайлы оңай түрде түсінісе алады. Егер үш жастағы қалыпты дамыған бала 500-ге дейін және одан көп сөздерді қолданса, алты жастағы бала 3000-нан 7000-ға дейін сөздерді қолдана алады. Бастауыш мектепте баланың сөздік қоры зат есімнен, етістіктен, есімдіктен, сан есімнен құралады.

Тілдің дамуы баланың тілге деген қарым-қатынасында байланысатын тек лингвистикалық мүмкіндіктер арқылы жүрмейді. Бала сөздің дыбысталуын тыңайды және оған баға береді.

Егер де балаға сөздің кейбір заңдылықтарын түсіндіретін болсақ, онда ол өзінің жаңа жаңалықтарыдағы танымдық тілге белсенділігін аудара бастайды және ойнай отырып анализді өндіреді.

Тілді меңгеру, әдетте, баланың тілге деген қарым-қатынасындағы белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөзжасамдарда білінеді және берілген тапсырмаға сай дұрыс сөзді таба білуде де көрінеді.

Төменгі сыныптағы оқушылара туған тілінің жүйесіне байланысты бағдар пайда болады. Тілдің дыбыстық қабыршағы – 6-7 жастағы балаға арналған белсенді, ерекше түрдегі заттық әрекет болып табылады. 6-7 жаста бала тілдің күрделі грамматикалық жүйесін меңгереді, ол сөйлейтін тіл оның туған тіліне айналады.

Егер де бала бала-бақшаға барған болса, ол сөздің анализдік дағдыларын оқуы тиіс. Ол сөздің дыбыстық анализін өндіре алады және оны құрайтын дыбыстарға сәйкес орналастырады, сөздегі дыбыстарды ажыратады.

Бала арнайы оқыту кезінде дыбыстық жүйеге байланысты сөзді айта алады. Сөздің дыбыстық анализі оқу мен жазуға әсер етеді.

8 Дәріс. Жеткіншектік кезеңдегі психикалық даму ерекшеліктері

Жоспары:


  1. Жеткіншек жасының дағдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу.

  2. Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғы шарттары.

  3. Жеткіншектің физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы индивидуалды және жыныстық айырмашылықтар.

  4. ”Есею сезімі” жасөспірім жасының негізгі психологиялық құрылымы, оның түрлері.

Жасөспірімдер үшін мемлекет алдындағы борышы қоғамдағы өз тұлғасының дамуы деп түсінеді. Жасөспірім сайлаудың элементтерін қоршаған ортаның мәдениеті деп ойлап, ал өзі осы мәдениетке таңдау жасайды. Жасөспірім кезеңі – адам бұл кезде жаңа өмірге қадам бастайды. Өз тұлғасын қалыптастырады. Дәл жасөспірім шақта мынандай периодтарда (12-13 тен 15-16 –ға) дейін жеке тұлғасының дамуы.

Лидерлік – бұл адамның ашық айналық қасиеті. Ол қатты әсер етеді. Мақсатқа жету үшін тынбай еңбек ету, өз дамуының биіктігінде жаңа лидерліктің дамуы. Ол ең алдымен өзіне деген қарым – қатынас. Одан басқаларға әлемге, табиғатқа деген ерекше қарым – қатынастар. Оларды мынандай феномен болады «Біз» және «Мен». Біз деген қасиет, яғни мүмкіндік – басқалармен идентификациялық байланыс. Эмоционалды ситуацияларда және әлеуметтік таңдау кезінде. Бұл қуаныштың нақты қарым – қатынасы. Мен – басқалардан ерекше болу мүмкіндігі. Жалғыз бір бөлмеде қалу сияқты, өзін басқалардан жоғары санау. Мен және біз әлеуметтік қарым – қатынас, әлеуметтік индивидуалдылық болып екіге бөлінеді. Бұлар тұлғаның дамуына оның әрі қарай өсуіне, сонымен қатар жасөспірім оларды түсінуге тырысады. Екі плюс арасында тығыз байланыс пайда болады. Жасөспірім шақта белгілі бір нәтижеге ұмтылады. Жасөспірімдер дайын әлеуметтік лидерлер.

Жасөспірім шақта физикалық процесс, психикалық және әлеуметтік даму позитивті жетістікпен заңдық негативпен немесе спецификалық психологиялық қиыншылықтармен қатар жүреді.Өзін-өзі дамытудағы жасөспірімнің ынтасы өзіне сенбеушіліктен басталады.

Рефлексия басқа жасөспірімнің өзін-өзі тануда жақсы дамып келе жатыр. Ол өзін-өзі тануды жақсы көреді. «Мен кіммін?» - осы жастық негізі сұрағы.

Жасөспірім өзінің мойындауларын және болашақтағы ер баланы, қыз баланы бағалаудағы өзінің бұрынғы өміріндегі және қазіргі уақыттағы тұлғаның қалыптасуына зор көңіл бөледі. Жеке тұлғаның болашақтағы дамуы. Өзін-өзі танудың дамуы ішкі жұмысы қарым-қатынастың «Ішкі позициясын» жауапкершілікпен қаарйды. Тұлғалық сапасы жақсы қаралаған. Жасөспірім ішкі жан дүниесінің дамуы, интенсивтілік тану. Жасөсіпірмдерде физикалық даму өзінің тануында «Мен өзімді басқалар арасында қалай көрсете аламын» деген сұрақ мазалайды.

Ж.Пиаже және оның әріптестері баланың психологиялық дамуын зерттеудегі ең бір жемісті бағыттарын зерттейтін Женевалық генетикалық психология мектебін құрды. Бұл мектептің психологтары ақыл-ойдың дамуын, оның пайда болуын баланың ақыл-ойының дамуына қарай зерттейді. Олар үшін баланың танымдық механизмін түсіну маңызды. Соныңмақсатында негізгі әдіс ретінде белгілі Ж.Пиаженің әдісі қолданды. Ол баланың сыртқы тәртібінің ерекшеліктеріне, сөйлеу мазмұнына емес, сыртқы бақылау феномендерінің пайда болуына әсер ететін ақыл-ой процесіне негізделеді. Ж. Пиаже жұмыстары және оның оқушылары баланың ақыл-ой дамуы эгоцентризмнен децентрация арқылы баланың сыртқы әлемге және өзіне обьективті қарауына байланысты.

Баланың психикасының дамуының өзара ерекшелігін Женева мектебінің психологтары баланың өміріндегі заттармен қарым-қатынасына байланыстырады. Баланың сыртқы материалды іс-әректтері (екі жасқа дейін)алғашында кең түрде және бір-біріне байланысты болады. Бастауыш сынып жасында бір-бірімен байланысты іс-әрекеттер жүйесі ақыл-ой операциясына айналады. Ақыл-ойдың даму реті тұрақты қалыптасады, бірақ оның нәтижесі ішкі және сыртқы факторларға байланысты, соның ішінде баланың өмір сүретін әлеуметтік ортасы мен мәдени ортасының ықпалы да зор. Ж.Пиаже заңына сәйкес, танымдық даму көп жақты, олар баланың ақыл-ой процесі сондай-ақ ғылыми даму арқылы іске асырылады. Ж.Пиаже замандасы және оның тұрақты оппоненті, француз психологы Анри Валлон Ж.Пиаженің жұмысын жоғары бағалады. Ж. Пиаже танымдық қасиеттерді психикалық өмірде сапалық тану ретінде бас тартты. Оның ойынша, ондай элемент ретінде қозғалыс, нақтылық, іс-әрекет болуы керек.



9 Лекция Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық даму және темперамент типтері мен нерв жүйесінің ерекшеліктері. (2 сағат).

Жоспары:

  1. Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері

  2. И.П. Павлов пен Гиппократ бойынша темперамент және нерв жүйесінің типтері.

  3. Н.И. Красногорский бойынша темперамент сипаттамалары. Меланхолиг, сангвиник, флегматик, холерик типтерінің сипаттамалары.

  4. Бала темпераментін іс-әрекеті мен мінез-құлқына қарап анықтау. Жасөспірім кезеңдегі мінездің акцентуациясы.

А.Валлон бала дамуының патопсихологиялық әдістің көмегімен нормаларды, әртүрлі ауытқуларды және дамудың тежелуін бақылауға негізделге заңдылықтарды көрсетті. А.Валлон қалыпты бала патологиялық баладан шығады деп мойындады.

Тұлға даму стадиясының анализі жарты ғасырға созылған жаңа сұрақтарды туғызады: неге бір стадияда жақсы бейнеленген ағза, келесіге өтеді? Қандай жолмен дамушы ағза өз бірегейлігін сақтап, сапалы түрде өзгереді? Осы сұрақтарға теориялық негіздегі жауап Х.Вернердің ортогенетикалық концепциясынан табуға болады. Сөздік анықтамасы бойынша. Онтогенез – тірі ағзалардың эволюциясы қатаң анықталған бағытпен жүреді деп сендіретін, тірі табиғат дамуының теориясы. Ортогенетикалық концепция психологияда психикалық өмір мен оның дамуын қамтиды. Х.Вернер әр түрлі бағыттағы - филогенез, онтогенез, микрогенез. Отногенез, потогенез эволюцияларының салыстырмалы анализін жүзеге асырады. Қай жерде тіршілік болса, ол жерде өсу мен даму жүреді, сондықтан жеке тұдғаның және адам нәсілінің психологиясын, баламен жануардың психологиясы психапотология және психология генетикалық негізге ие деп өрсетті. Х.Вернердің пікірінше, зерттеудің әр түрлі аумағынан алынған фактілер саналы өмір үшін қолданылатын дамудың жалпы заңдылықтарын ашуға болады.

Онтогенездің, патогенездің, микрогенздің салыстырмалы анализі Х.Вернергепсихика дамуы жалпы және формальді задылықтарға бағынады деген қорытындыжасауға мүмкіндік берді. Бірақ та жалпы қырлардан басқа феномендерді субстратпен салыстыра әртүрлі спецификалық айырмашылықтар бар. Оның пікірінше, Ст.Холдың қатесі онто және социогенез стадиялары параллель болса да, олрдан ұқсастықты іздеуі. Х.Вернер салыстырмалы генетикалық психологияның ғылым ретіндегі мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратындықтан рекапитуляция сыншыларын дұрыс деп санамады. Х.Вернер көрсеткендей, параллель салыстыратын психикалық құрылымды жалпы формальдық мәнде ұқсастығын ғана айтады. Олардың қатарына мысалы, бала өседі және оның психикалық өмірі өзгеріс үстінде, ал ересек адамдар қарапайым қоғамда толық дамыған. Осыдан басқа бала, бала әлемінен бөлек ересектер әлемінде дамиды. Бірақ осы іргелі айырмашылықтар ұқсас мүмкіндермен генетикалық параллелді жоққа шығармайды.

Тәжірибені ынаталандыру мақсатында барлық ағзлардың функционалды құрылымының минималды деңгейіне сәйкес пайда болатындығын салыстырмалы анализ тұжырымдады. Олардың басқа жағдайда дамуы мүмкін емес. Ағза ортаның қасиеттерін зерттейді және осының әсерінен физиологиялық және психологиялық даму пайда болады. Физиологиялық құрылымдар физиологиялық мүшеге ие болатын ортаның қасиеттеріне ғана ықпал ете алады. Осындай жолмен психологиялық құрылым психикалық жүйеге сәйкес келетін тәжірибе мен ақпаратты ынпалдандырады.Осылай, ағза құрылуы оның өзара әрекеттестігімен оның тәжірибе нәтижесін анықтады. Бұл тәжірибе өз кезегінде өзара әрекеттестіктің қайнар көзі болған функционалдық құрылымда анықталады. Осындай кері байланыс бір стадиядан екінші стадияға прогрессивті, сапалы түрде ауысуға әкеледі. Х.Вернер бойынша, дамудың обьективті себебі нақтыланады: өткен стадиядағы ұйым жобаланады, бірақ ол енді болатын стадиядағы ұйымды қамтамасыз етпейді. Ұйым дамудың әр сатысында бір-бірінен ерекшеленетін болса, онда ағзаның ортамен өзара әрекеттестігі өмір барысында өзгереді: егер ағза үшін осы өзара әрекеттестік қолайлы болса, онда ұйым стабильді қалпында қалады.

Х.Вернердің концепциясында даму процесіне, тұрақтылық пен өзгерісті түсінуге «әртіс – сахна » бейнелерін пайдаланады. Орта – бұл сахна немесе ағза дамуымен іс-әрекеті үшін обьект, ал ағза – бұл әртіс немесе осы сахнадағы субьект. Демек, ағза ортаға әсер етеп қана қоймай, ол - өз сахнасының операторы. Прогрессивті немесе регресивті эволюция процесінде туындайтын «әртіс - сахна» байланысындағы немесе «субьект - обьект» өзара қарым – қатынасында даму анализі өзгерістердің зерттеу заңдылықтарын талап етеді.

Х. Вернер және оның Американдық ізбасары Б.Каплан дамуда «сахна - әртіс» өзара әрекеттестігінде өзгеріс пайда болады. «Сахна» қарапайым даму стадиясында немесе психологиялық ортада, - бірінші инициатор өзара әрекеттестік. Ағзаның функционалдық құрылымы оның мінез-құлқының формасын анықтаса да бәрібі сыртқы ынталандыруға салыстырмалы пассивтік реакция. Дамудың жоғарғы стадиясында ағза өзара әрекеттестіктің бірінші иницаторы болып табылады. Бұл мағынада « әртістің» мінез-құлқы ортаға спентанды белсенді ықпал етеді. Ағза өз әрекеттерінің мінезін анықтағанда және таңдау жасағанда дербестікке ие және ол өз қажеттіліктері мен мақсаттарын қанағаттандыру үшін өз-өзін қамтамасыз етеді.

Онтогенезде көрсетілген «әртіс» және «сахна» ортасындағы қарым-қатынаста генетикалық өзгеріс нышаны,- жай қабылдаудан оқиғаны критикалық бағалауға өту. Эгоцентрлік өзара байланыс өте ауқымды, ағза өзімен орта арасынан айырмашылықты көрсетпейді. Баланың түсті ішкі құбылыс ретінде қабылдауы мысал бола алады. Түсте және өңде көрген құбылыстардың арасында айырмашылықтардың болмауы психозда, қарапайым қозғалуда, деперсонализм жағдайында көрініс табады.

Дамуда қарапайым өзара әрекеттестіктің дифференциясы әртістің сахнамен интеграциясымен қолдау табады. Субьект пен обьектің арасында

Дифференциацияның нығаюы ағза нақты ситуацияға бағынышты емес екенін көрсетеді. Осындай еркіндіктің салдарын өз мақсаттарын нақты анқтай алады. Субьектігі жақсы таңдау жасап және ситуацияны өзінше өңдеуге мүмкіндік туады. Ол өз сөзімен ортаға манипуляция жасайды. Х.Вернерге сәйкес, дамудың жоғарғы сатысында әлемді өз қажеттіліктер позициясымен түсіндіру тенденциясы аз бақыланады.

Х.Вернер ақыл-ой дамуының жалпы бағыттарына сипаттама бере келе, ол осы процестің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің келесі көрсеткіштерін бөліп көрсетті. Бұл синкретикалықтан дискретикалыққа, диффузиялықтан есеп беруге, ригидалықтан икемділікке, тұрақсыздықтан тұрақтылыққа өту. Синкретикалық, мысалы, Х.Вернер ақыл-ой өмірінің бастапқы қарапайым жүйесінен көреді және сәби кезеңінде эмоционалдық процес аумағында, қабылдау облысында және қиял процесінде, фунционалды дифференцияланбаған субьект-обьект қарым-қатынасында көреді. Х.Вернер бойынша даму немесе ортогенез икемділік және тұрақтылықтың, функционалды дискреттіктің, есеп берудің ішкі жүйедегі сенімді жүйелер арасында өсумен құралады.

Осы айтылған дамудың жалпы бағытының формальді қырлары, Х.Вернер даму деңгейіне салыстырмалы баға беруге тырысады. Мұндай баға 3 факторға байланысты беріледі: даму процесінің көрсеткішіне анықтама; анализдік құбылысты құратын іс-әрекеттер жүйесінің анықтамасы; жеке ақыл-ой операциясының анализі Х.Вернер айтқандай, диапозды ағзаның диапозон қабілетінде көрінетін жеке бақылаулар негізінде қоюға болмайды. Кез келген психологиялық құбылыс ғылыми тұрғыдан қарастырғанда ағза дамуының тұтас перспективалық негізінде классикациялануы керек. Оның орны мүлдем өзгермеген. Егер дамуда жаңа перспектива пайда болса, онда бір ақыл-ой құбылысы әр түрлі деңгейде болады. Бұл баланың оқымаған ересек пен ақылынан айырылған ауру адамның іс-әрекетін қарапайым даму стадиядағы іс-әрекетпен салыстыруға болмайды; ересек адамның (білімді, оқыған адамның) іс-әрекетін даму стадиясының жоғары деңгейіне сәйкес келеді деп айтуға болмайды.

Ақыл-ой дамуының салыстырмалы анализі Х.Вернерге биопсихологиялық эволюцияда ақыл-ой дамудың 3 стадиясын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл – сенсомоторлық, перцептивтік және ақыл-ой дамуы.
10 Дәріс. Ерте жастық шақ психологиясы

Жоспары:


  1. Жасөспірім кезеңнен ерте жастық шаққа өту, оны шетел және кеңес психологиясында зерттеу.

  2. Жетекші іс-әрекет мәселесі. Акселерация мәселесі.

  3. Кәсіби бағдарлану ерте жастық шақтың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.

  4. Мамандық таңдаудың психологиялық ерекшеліктері.

Адамның балалық шағы мен жастық шағының дәстүрлі классификатциясы ( 11 – 12 жастан, 14 – 15жас). Осы ең қысқа астрономиялық уақыт аралығында жеткіншек өз дамуында ұлы жол жүреді: олар өзінің ішіндегі конфлектілер және басқалармен кикілжіңдер, сыртқы қайшылықтардан өту арқылы өзін тұлға сезіміне ие болуы мүмкін. Бірақта қоғам туралы енді ашылып келе жатқан сезімдері оны қатыгездікке жетелеуі мүмкін.

Қазіргі ақпаратты қоғамда жеткіншектің өзіне үлкен азаматтық статусын алуы – орындала бермейтін арман. Сондықтанда жеткіншек өзіне үлкен адам сезімін емес, жастық – пісіп жетілушілік сезіміне ие болады. Жеткіншек адамдық тұрмыстың құндылықтарына заттызқ әлемінен бірдестен тәуелділікке кетеді. Заттық әлемде өмір сүре тұрып бала сол заттарға табыну обектісі ретінде қарай бастайды. Жеткіншек белгілі бір қауымдастық құрамына кіргендіктен сол ортаның мінез – құлқына сай әрекет жасап, белгілі заттарды тұтынып сол заттарды тұтыну оларға өмірінің мазмұны бола бастайды. Өзіне жаңа зат ала ала отырып ол өзі және достарының алдында құндылыққа ие болады. Жеткіншек үшін белгілі бір заттарға иелік ету, ол үшін өзінің тұлғалық қасиетін ұстап тұруға әсер етеді.

Қазіргі таңда, Ресейде дамыған елдердегідей тұтынушылық қоғамға аяқ алу, жастардың арасында тұтынушылық тәбеттері айтарлықтай өсуде. Әрине, заттар – ол өмір сүру ортасы, рухани және физикалық даму жағдайы, қажет және аңсаған меншік болып табылады. Бірақта тұтыну қоғамы жеткіншекке таңдау және міндетті түрде жие ауыстырып тұру деп қабылдайды.

Қазіргі өмірде заттар жеткіншектерді мынадай мінез – құлықтарға бейімдеуі мүмкін: 1. негізгі құндылық болу үшін, өмірінің толықтығына деген мотивация тудырады; 2) табыну обектісі болу арқылы, заттардың құлы болуға, айналуы мүмкін. 3). Сыйлайтын адамдарды тәуелділікке қойып, қызғаныш пен агрессияға алып соқтырады.

Жеткіншектік бизнесі – “ жеткіншек заттар әлемінде “ атты мәселені ғана шешіпқойып қана қоймай өзінше жеткіншекті олып жүру қиын болатын.

Жеткіншектік шақ – ол жеткіншектің барлығын жаңадан өзінің отбасымен қарым – қатынасын түсіне бастайтын кезең. Үлкен тұлға деңгейіне ие болмасам мен қайтер едім деген сұрақ туындайды.

Жасөспірім бойындағы тұлғалық қасиетін сезінуге отбасындағы “ біз деген ұғым және дәстүрдің оны қолдауы көп әсер етеді. Осыған орай жасөспірім әлі де болса өзінің “ мен “ дегенімен жалғыз қала алмайды. Өйткені ол әлі өзін - өзі терең және обьективті түрде бағалай алмайды, және жалғыз өзі бүкіл әлем алдына ерекше “ тұлға ретінде тұра алмайды. Оның жоғалған “ мені “, “Біз” деген ұғымға ұмтылады. Бірақ бұл жолы (“Біз” – топ.У. Г. Самнер.) оның қатарластары құрайды.

Жеткіншек шақта – жасөспірім өзінің құрдастарымен қарым – қатынас пен, байланыстарын бағалай бастайды. Өзі сияқты тәжірибесі бар құрдастарымен араласу жасөспірімге өзіне жаңаша көз – қараспен қарауға мүмкіндік береді. Өзін - өзі дамытуда досқа деген мұқтаждық қатты байқалады. Досты және оған қызмет ету жасөспірім үшін үлкен орын алады. Достық арқылы жасөспірім адамдар арасындағы байланыс, әріптестік, бірін – бірі құтқару, екінші біреу үшін тәуекелге бару. Достық сонымен қатар сенім арқылы басқаны және өзіңді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әсіресе өскелең шақта жасөспірім достар арасындағы сатқындық, сырларын жария ету, ұрыс керіс барлығын түсіне бастайды. Қорыта келе, достық тек қана жақсылықтарға ғана емес ол сонымен қоса екінші бір адамға достық қатынаста қандай мінез – құлық таныту керектігін көрсетеді.

Достық балалық шақта да, топпен жұмыстада жасөспірімнің тұлғалық қатынаста өзімшілдік қасиет тудыруға ықпал етеді.

Көп жасөспірімдер өздерінің қабылдау, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі, ойлау қабілеті және оларға жаңа нәр беруге тырысады. Интенсивті түрде жұмыс істеу арқылы жасөспірім өзін тиімді санайды.

Жеткіншек шақ – жасөспірімді әрдайым өзін тануға деген құштарлықтарын, өз бойынан жаңа қырын ашудың өзі баланы тыныш өмір сүруге бейімдейді. Жасөспірім алып – ұшушылық мінезінде болғандықтан шекті сезімдер көп па? Көздері махаббат оты жанып тұрған кезде өз мақсатынан басқа бүкіл әлем оған ештеңе емес. Бірақ бұл уақытта өтеді, оның жанарында ұшқын оты да біртіндеп сөнеді. Азғана уақыттан соң ол жаңа мақсат отымен айналыса бастайды. Бірақта осы кезеңде жасөспірімдер өзіне және басқаларға жаңа қырларын ашып – психологиялық кризиске түсіп кету қаупі бар. Субьективті түрде бұл ауыр күйзеліс, уайымдау, бірақ өскіншектік кезеңнің күйзелісі жасөспірімді бала күнінде ойламаған біліммен байытады. Жасөспірім өзінің қиналысынан өзінің ойлары мен достары және өзі үлкен мектеп тәрбиесінен өтеді. Бұның барлығы оған тұлға ретінде құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет