ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет46/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Ерекшеліктері:

Фонетикасы бойынша: ä/ә дауыстарының болуы (äлäм «әләм/әлем», йäй «жаз», йäш «жас»);
өзге түркі тілдеріндегі е, и, ү, ө дыбыстарының орнына и, е, ө, ү, дыбыстарының жұмсалуы: биш «бес»,белем «білім», көн «күн», күк «көк»;

с дыбысының орнына көмей (фарингал) һ – ның жұмсалуы: һонъғы «соңғы», қыһ «қыз»;

ш орнына с дыбысының жұмсалуы: санъғы «шаңғы»;

д орнында тіс аралық з̣ жұмсалуы: барз̣ынъ «бардың», өйз̣ä «үйде».



Морфологиясындағы ерекшеліктер: еди көмекші етістігі ине түрінде жұмсалады: барһа ине «барса еді»;

нақ өткен шақ аффиксі -з̣ы болымсыздық аффиксінен кейін -ны формасында қолданылады: тапманым “таппадым»;
міндеттілік/тиістілік (долженствовательное накл.) райының -аһы бар формасының қолданылуы: бараһым бар «баруым керек/барарым бар/баруға тиіспін»;
ниет мәнін білдіретін рай тұлғасы -мақсы: бармақсымын «бармақпын/бармақшымын».
Башқұрт тілінің екі диалектісі бар: шығыс (тау, кувакин) және оңтүстік (луговой, юрматин).
Башқұрттардың әдеби тілі кеңес кезеңіне дейін татар жазба тілінің күшті ықпалында болып, 1920 жж. – шығыс диалектісінің негізінде, содан кейін – екі диалектінің де негізінде дамыған. Башқұрт және татар тіл-әдебиет дәстүрінің тұтастығы кейін сақталған.

Татар тілі (Еділ, Астрахань, Сібір)

Татар (татар, болғар, қазанлы; өзге тілдердегі атаулары. мар.сүас,удм. бигер, қалм. мангот, қазақ., қарақалп., нуғай; қазан татарларының мишарлық атаулары: лехор, ногир; этн. топтары: қазан, қасым, астрахань, орал, сібір татарлары, мишарлар, сергачтар, тептярлар, шоқынған татарлар – кряшендер) – түркі тілдері қыпшақ тобы қыпшақ-бұлғар топшасының тілі, жекелеген диалектілері өзге топтар мен топшаларға жақындайды.


Ерекшеліктері:

Фонетикасында – 13 дауысты;

татар тіліндегі е, и, у дыбыстарының өзге түркі тілдеріндегі и, е, о (сигез «сегіз», умбиш «он бес») түрінде жұмсалуы;
лабиалды (о-ға жуық) å: бåлåлåрға «балаларға»;
сөз басындағы дж (джиде «жеті»);

қ, нъ дыбыстарының сақталуы;


дауыстылардың дәйекті (буын) жуан//жіңішке және ерін үндестігі: болотло «бұлтты», бөтөнлөк «бүтінлік»;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет