Нəтижелілік өлшем-шек (педагогикалық қызмет нəтижесі). Оқушының пəн бойынша үлгерімін жəне олардың тəртіптілік деңгейін анықтауда ескрілетін жəйттер:
пəндік нақты білім қоры;
игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу жəне т.б.);
табиғат жəне қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мəнін түсіну;
оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі;
оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;
тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы, қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық жəне тəн-дене мəдениетіне орай талғамы.
Əрине, оқу-тəрбие жұмыстарының оқушы арқылы көрінетін нəтижелері мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен, олармен шектелу шынайылыққа нұқсан.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі дəрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-əрекет процесін ескерген де жөн. Бұл тұрғыдан назар аударарлық ұстаз əрекеттері; яғни процестік өлшем- шектері:
мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары;
оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас жасаудағы мұғалім ептілігі;
ата-аналармен жұмыс, бала тəрбиесіне байланысты отбасыға педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |