Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы бекітеді.
Сараптау жөніндегі Ережеге сəйкес мұғалімнің (педагогикалық қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады: сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар көшірмесі, бақылау- қадағалау не басқа біліктілік жұмыстарын орындағаны туралы эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы, білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.
Екінші біліктілік категориясын алу үшін мұғалім мектеп сараптау комиссиясына , бірінші категория үшін – аудандық комиссияға, жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді.
Екінші кезең- мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кəсіби қызметінің нəтижелілігін бағалауды ұйымдастыру;
Үшінші кезең – сараптау комиссияларының шешім қабылдауы жəне сол шешімдердің нəтижесі бойынша бұйрық жариялау.
Сараптау комиссияларының шешімдерінің негізінде білім басқару органдары мен білім беру мекемелерінің басшылары педагогикалық қызметкерлерге біліктілік категорияларын беру жөнінде бұйрық
шығарады, белгіленген разрядтар бойынша еңбек ақы деңгейін тағайындайды.
Жоғарыда əңгіме тиегі болған біліктілік көтеру жүйесінің тиімділігі көптеген жағдайды ескеруден іске асатынын байқауға болады, атап айтсақ, ол – басқару сапасы, мұғалімдер мен тəрбиешілердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге деген басшылар мен мектеп ісін ұйымдастырушылардың көзқарас – қатынасына байланысты, яғни, біліктілік көтеру мектеп директорларының тұлғалық сапасына , аудан, облыс, жалпы елдегі оқу ісін басқарушы, ұйымдастырушылардың мұғалімге болған ықылас – ниет сипатына тəуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |