Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет25/36
Дата04.11.2016
өлшемі6,9 Mb.
#242
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Хинди тіліндегі жаңапоэзияның кезеңдеріне тоқталыңыз.

  2. Жаңа заманғы хинди романдарының өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар.

  3. Үнді әдебиетіндегі постмодернизмнің көрінуі мен ерекшеліктері.

  4. Ағылшын тіліндегі үнді әдебиетіндегі шығармалардың тақырыбы, сипаттамасы.

  5. «Жаңа әңгіме» бағытындағы үнді жазушыларының шығармаларына тоқталыңыз.



Корея әдебиеті
Корей әдебиеті дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүние­танымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жандүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады. Корей әдебиетінің дамуына корей жерінде таралған түрлі діндер мен шығыс философиясының тигізген ықпалын ескеру қажет.

Корей әдебиеті тарихында жаңа заман кезеңін анақтауда түрлі пікірлер айтылады. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша кэха дәуірінен бастап корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 1910-1920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көріне бастайды. Осылайша қазіргі замандағы корей әдебиеті 1908 жылдан, яғни Че Нам Сонның «Теңіздің жас жігітіне» атты өлеңі жарыққа шыққан кезден бастау алады. Корей жазушылары Че Нам Сон мен И Кванг Судың әдеби шығармалары қазіргі корей әдебиетінің бастауы болды деген ортақ пікір мен тұжырымдар да кезедеседі.



Жаңдану кезеңі (1908-1919). Корея тарихында бұл кезең мемлекет билігін басып алумен және елдің тұтастай отарлануымен есте қалған. Осындай ауыр жағдайларға қара­мас­тан әдебиет дами түсіп, халықтың сана-сезімі оянады. Батыс Еуропа мәдениеті корей әдебие­тіне атарлықтай әсер етіп, әдебиетте жаңа көркем тәсілдер мен құралдар, сондай-ақ жаңа ұғымдар пайда болады.

Корей ақын-жазушылары Батыс Еуропа авторларына еліктей отырып, Батыс әдебиетіне тән көркем тәсілдер мен ұғымдарды пайдалана бастайды. Олардың қатарында Че Нам Сон, И Кванг Су, Ким Ок сынды жарқын есімдер пайда болады. Олардың шығармалары мазмұны жағынан ұлттық сипатта болып, олар корей әдебиетінде бұрын-соңды қабылданған әдеби нормалардан батыл түрде бас тартады.

Батыс Еуропа ақын-жазушыларының шығармалары жарияланатын «Тесомунэсибо» («Батыс әдебиеті мен өнеріндегі жаңалықтар») журналы да жарыққа шығады. Осылайша, оқырмандар Батыс Еуропа әдебиетімен таныса бастайды. Символикалық поэзияның даму негіздері пайда болады.

Ақындар 'синче-си' үлгісіндегі жаңа өлеңдер жазу барысында каса мен чанга үлгіле­рі­нен сенімді түрде бас тартады. Поэтикалық шығармалардың мазмұнында идеалистік сипат­та­ғы ноталар пайда болады. Бұл корей қоғамының Жапонияның қол астында болуымен түсін­ді­ріледі. Корей ақындары өз өлеңдерінде ұлттық сана-сезім мен патриотизмді көрсетіп, шығар­маларын жарыққа шығаруды армандағанымен, қоғамда орын алған жағдайларға байла­­нысты бұл мүмкін болмайды.

Прозалық өлеңде алғаш рет жаңа сиджо стиліне жақын 'синче-си' формасын қолданған ақын әрі тарихшы Че Нам Сон болды. 1909 ж. ақын Ан Чханг Хомен бірге «Мектеп кезін­дегі жолдас» журналын жарыққа шығарып, ағарту идеологиясын жақтай отырып, халықтың сана-сезімін ояту үшін көп еңбек етеді. 1919 ж. тәуелсіздік Манифесінің алғашқы құрушысы болып, Кореядағы «Жеткіншек», «Жастық», «Қызыл чогори», «Аққан жұлдыз» сынды көп­теген журналдарды баспаға шығарады. Оның шығармашылығына «Теңізден шыққан жас», «Таза су», «Бізге қымбат адам», «Жаңа корей жігіті», «Теңіз жағасында» атты туындыларды жатқызуға болады.

«Еркін» немесе «прозалық» деп аталатын жаңа формадағы өлеңдердің пайда болуы өз кезегінде корей әдебиетіндегі ерекше құбылыс болады. Осы күнге дейін өлең шығаруда тек дәстүрлі сиджо ырғағы ғана танылып келген. еді. Тіпті ұзақ сиджоның (сааольсиджо) пайда болуының өзі түрлі таластар тудырған болатын. Осылайша, Че Нам Сонның синче-си үлгі­сіндегі жаңа өлеңді дүниеге әкелуі корей ұлттық әдебиеті тарихындағы маңызды оқиға болады.

1918 ж. бастап корей поэзиясында еркін өлең (велибр) қалыптасады. «Батыс әдебиеті мен өнері туралы жаңалықтар» атты журналда француз ақын-символистері шығарламары­ның аудармалары алғаш рет жарық көреді. Оны корей ақыны Ким Ока аударған болатын. Бұл аудармалардың арасынан «Көктем кетіп барады» өлеңі халық арасында кең тарайды. Хванг Сок Удың «Жалғыздың әні», Чан Дудың «Не үшін, неліктен?» өлеңдері жарыққа шы­ғып, сол жылы «Рухтың жай-күйі» аты будда журналында Хан Ёнг Унның «Рух» өлеңі жарияланады. Ал 1919 ж. «Жолдас» әдеби журналында Чжу Ё Ханның «Көктем» және «Жылға» атты өлеңдері шығады. Дәстүрлі корей өлеңдерінің шектеулі сыртқы құрылым­да­ры­нан бас тарта отырып, корей ақындары ішкі құрылымдық мазмұн мен өлең ырғағына басты назар аудара бастайды.

Символизмді жақтаушылардың бірі, көрнекті корей ақыны Хванг Сок Удың шығарма­лары «Чангчжо» және «Пехо» журналдарында жарық көреді. Ол 1921 ж. бастап «Чжанми­чон» («Раушан елі») мен сунсу-си - ұлттық корей поэзиясы журналы ретінде танымал болған «Чжосонсидан» («Чосонның поэтикалық әлемі») журналдарын басқарды.



Чжу Е Хан «Чангчжо» әдеби журналында Ким Донг Инмен бірге қызмет етіп, Корея­да­ғы жаңа әдеби қозғалыстың негізін салушы болады. Аталған журналда автордың «От ойын­да­ры» атты еркін үлгіде жазылған өлеңі жарияланады. Бұл шығармада бұрын-соңды кездес­пе­ген символикалық баяндау тәсілі қолданылады. Осылайша, корей әдебиеті тарихында ер­кін өлең формасы пайда болады.

ХХ ғасырдың 1910 жылдары корей әдебиетінің тарихында роман жанры дами бастайды. И Кванг Судың «Жас құрбан» атты романы пайда болған кездері «Жас ұлан» журналында «Құрбан болу» (1910) «Баланың мұңы» (1917), «Дүние кезу» (1918), «Юн Кванг Хо» (1918) атты романдары да жарыққа шығады. «Сезімсіз» романы (1917) қазіргі роман жанрында жазыл­ған ең үздік туынды болып табылады.



И Кванг Судың «Жас құрбан» атты ертеректе жазылған шығармасында соғыс жыл­дары әкесі қайтыс болған бала туралы айтылады. Бала әкесі үшін кек алмақшы болып соғыс­қа аттанады, бірақ майдан жолдарының қиылысында жау солдаттарының қолына тұтқынға түседі.

«Баланың мұңы» романы «Жастық» журналында жарыққа шығады. Романда жас жігіттің тағдыры, оның алғашқы махаббаты мен сүйіктісінен айрылған сәттегі қайғы-қасіреті туралы айтылады. Шығарманың негізгі идеясы адамдар арасында күрделі, тіпті қатаң заңды­лықтар ұсынатын конфуцийшіл ойларға қарсылық көрсету мен корей қоғамына өзгерістер енгізу болып табылады.1917-1918 ж. аралығында И Кванг Судың «Пионер» атты кезекті шығар­масы «Меилъсинбо» («Күнделікті жаңалықтар») газетінде жарияланады. Әңгі­ме­нің бас кейіпкері – қиын тағдырға душар болған ғалым химик Ким Сонг Чже. Бұл шығар­мада да демократиялық, ағартушылық ойлар басым. Кейіпкер феодализмнің қалдықтарын жойып, ер мен әйел арасындағы қатынастар махаббат пен сыйластыққа негізделуі керектігін айтады. Жастар өздерінің қоғамдағы орны мен өмірлік мақсаттарын нақты білуі керек.

И Кванг Судың «Сезімсіз» атты романының 1917 ж. жарыққа шығуы сол уақыттағы корей әдебиетінде ерекше құбылыс болған. Бұл шығарма автордың ағартушылық көзқараста­рын аша, прозаикалық жанрға төңкеріс жасаған. Романның бас кейіпкері И Хёнг Сик Жапо­нияда білім алып, Кенгсонг мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Романның сюжеті И Хёнг Сик, биші - кисэн Пак Ёнг Че мен жақсы білімді, ауқатты ағартушының қызы Ким Сон Хёнг есімді үш жастың қарым-қатынасы негізінде құрылған. Бұл өзіндік үшжақты махаббат секілді.

Шығармада бас кейіпкер Ким Сон Хёнг Америкаға оқуға кетеді, биші Пак Ёнг Чхенің әкесі патриот, ағартушы, басшылыққа келген кезде жапондық интервенттердің тарапынан заңсыз тұтқындалып, абақтыға қамалады. Биші әкесіне қалай қолдау көрсетпек. Әкесі абақтыда қайтыс болады, Ёнг Чхе әкесі лайық деп тапқан И Хёнг Сикуге қосылуға уәде береді. Ёнг Чхе жігітті Сеулде кездестіріп, оның бишілік өмірден босатып алуға дәрменсіз еке­нін түсініп, үйіне қайта оралады. Осы жерден үлкен қайғы басталады. Қыз интер­венттердің зорлығына ұшырып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Бірақ Ёнг Чхе сауатты Ким Пёнг Ук деген әйелмен кезігіп, соңғы шешімінен бас тартады. Пак Ёнг Хе жаңа өмір бастап, Токияға оқуға кетеді. Оқиға одан әрі төмендегідей өрбиді. И Хёнг Сик Ким деген дін қызметкерінің қызына ағылшын тілінен сабақ беру үшін шақырылады. Әкесі бір-біріне ұнап қалған екі жастың некелеріне рұқсат береді. И Хёнг Сик Пак Ёнг Чхені сүйетін сияқты болады, бірақ оған Ким Сон Хёнг те ұнайды. Ол Ким Сон Хёнгті таңдайды. Екі жас неке­лес­кеннен кейін Америкаға кетеді, Пусанның портында олар Пак Ёнг Чхе және Ким Пёнг Укті кезіктіреді. Бұл кейіпкерлер бастарына түскен сұрапыл апаттарға қарсы тұру үшін бірігіп, жапа шеккендерді құтқарады. Олардың махаббат туралы ойлауға еш мүмкіндіктері де болмайды. Соңында бәрі өз орнына келеді, бірақ кейіпкерлер өз өмірлерін халық ағарту ісіне жұмсауға бел буады. Аталмыш романда оқиға осылайша өз мәресіне жетеді.

Бұл шығармада кейіпкерлердің қалыптасуы анық көрінеді. Алдымен олар тек өздерінің жеке сезімдерін, армандарын ойлайды, бірақ уақыт өте келе өмір адамға жеке бақыты үшін ғана емес, сондай-ақ халық игілігіне бағытталған әрекеттер жасау үшін де арналғандығын түсінеді. Бұл романында барлық кейіпкерлер еш қиындықсыз шетелге оқуға кеткен. Деген­мен сол кездері Кореяда шетелде оқу соншалықты қарапайым іс болмаған. Осыдан романда баяндалған оқиғаның шындықтан алыс екенін көре аламыз. Шығармада сол дәуірде қоғамда орын алған өзекті мәселелер көтеріліп, қарапайым халықтың өмірі суреттеледі. Бұл роман корей ағартушылық әдебиетінің жарқын үлгісі болып табылады.

1908 жылдан «Хексиндан» («Жаңа труппа»), «Мунсусонг» («Мун Су Сонгтың труп­пасы») сынды дәстүрлі емес, жаңа театр топтарының қойылым­дары көрсетіле бастайды. Олар сахналық қойылымдардың жаңа түрлерін өмір­ге әкелуге талпынады. Дәл осы уақытта Им Сонг Ку, Юн Пек Нам, Чжо Чжунг Хван сында корей драматургтарының есімдері елге таныла бастайды.

«Батыс әдебиеті және өнерінің жаңалықтары» атты корей ұлттық журналы 1918 жылы Чанг Ду Чол басшылығымен жарыққа шығады. Онда түрлі жанрда жазылған өнер мен әдебиет саласындағы туындылар, романдар, повестер, әңгімелер, сиджо өлеңдері, театрлан­дырылған әуенді поэмалар мен мәдениет саласындағы соңғы жаңалықтар айтылатын.

1919-1920 ж. аралығын корей әдебиеті тарихында «ізденіс кезеңі» деп атауға болады. Сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай халықтың рухани әлсіреуімен сипатталды: 1919 жыл­дың 1 наурызында тәуелсіздік үшін халық қозғалысының сәтсіз болуынан кейін адамдардың сая­сат­қа көңілдері қалады. Мәдениет жапон империясының билігі тұсында да дами береді. Сөз бостан­дығы орын алып, 1920 ж. «Чосон Ильбо», «Тона Ильбо», «Лекчжо» («Аққу»), «Пхэхо» («Қираған орын»), «Чжанмичон» («Раушан алқабы»), «Кым­сонгу» («Шолпан»), «Ёнде» («Рух») және т.б. журналдардың негізі қаланады.

Әлемдегі экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жапон имперализмінің жүргізген өктемдігі корей халқының қоғамдық сана-сезімін оятып, елінің болашағы туралы толғанды­ра­ды. Батыс та пайда болған түрлі әдеби бағыттар (романтизм, реализм, натурализм, символизм) корей әдебиетіне айтарлықтай әсер ете бастайды. Аталмыш кезең барысында корей әдебиетінде сентименталь­ды романтизм мен сондай-ақ реализмнің белгілері пайда болып, бірте-бірте күшейе түседі. И Гван Су мен Че Нам Сон сынды жазушылар тілдің таза­лығы мен корей әдебиетінің көркем құндылығы үшін күреседі.

Поэзияда ескі үлгідегі өлеңдердің орнына Ким Ок, Чжу Ё Ханның шығармашылығынан көріне бастаған еркін үлгідегі өлеңдер - чжаю-си- пайда болады.Дәстүрлі өлеңдердің, яғни халық әні- миненің жақтаушылары Ким Ок, Ким Со Воль, И Сайт Хва, Хонг Са Ёнг және т.б. болады. Олар дәстүрлі ұлттық мәдениетті дамытуға тырысады. Ким Со Вольдің шығармашы­лығында халық әндерінің әуендері көрініс тауып корей халқының сезімін көрсетеді.



Ким Со Воль –ХХ ғ. корей халқының ең танымал ақыны. Оның өлеңдер антологиясы халық арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Ақын өзінің көптеген өлеңдерін 25 жасына дейін жазған. Ким Со Воль 32 жасында өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмады. Оның дүниетанымына сол дәуірдегі интеллигенция өкілдерінің ауыр жағдайға душар болып, ақындардың қоғамдық өмірден алшақтап, қысымға алынуы өз әсерін тигізбей қоймайды.

Хан Ён Ун ақын және буддалық монах болған, ол өз өмірін тәуелсіздік қозғалысына арнаған. 1920 жылдардың ортасына қарай Хан Ён Ун лирикалық өлеңдердің шектеулерінен шығып, жаңа тәсілдер іздеуге ұмтылады.

И Санг Хваның шығармашылық әлемі әртүрлі. Онда романтикалық және сентимен­таль­ды бағытта жазылған өлеңдер де, корей халқының отаршылдарға қарсы күресін суре­ттейтін азаматтық мазмұндағы жырлар да кездеседі.

1923 жылы Жаңа идеялық әдебиет деп аталатын әдеби бағыт пайда болады. Оның негізін қалаушы Жапонияда білім алған Ким Ги Чжин болған. Осы бағыттағы әдебиетшілер өз шығармаларында арман әлемі мен ғашықтардың сүйіспеншілік көңіл-күйін жырлаған. Ким Ги Чжиннің сөздері әдеби шеңберде үлкен маңыздылыққа ие болып, жазушылар мен ақындар өздерінің өмірлік мақсаттары, өмір мен әдебиетте алатын орныны туралы ойлана бастайды.

20-шы жылдардың соңына қарай реалистік тенденциялар басым болып, жазушылар сол кездегі халықтың шынайы өмірін суреттеуге тырысып, реализм прозада бірте-бірте маңызды орынға ие бола бастайды. Осы кезеңде қоғамдағы жеке тұлға мәселесі анағұрлым өзекті бо­ла­ды. Қоғам мен жеке тұлға мәселесін анық әрі дәл ашып көрсететін бірнеше шығармалар пайда болады. Әдеби шығармаларды жеке тұлға мен мемлекет төңірегіндегі мәселелерге байланысты әлеуметтік зерттеулер ретінде қарастыруға болады.

Жазушылар кедейліктің себептері мен одан құтылу жолдарын іздестіре бастайды. Бұл тақырып сол кездегі әдебиетте өзекті мәселеге айналады. Әдебиет ортақ бағытқа ие болып, әлеуметтік мәселелерді шешуге ұмтылады. Шығармаларда жұмысшылар, ұсақ саудагерлер мен еңбекшілер секілді кейіпкерлер пайда болады. Әдебиет үйсіз-күйсіз, аш-жалаңаш жүрген адам­дар­дың жүрегінде үміт оятып, қоғамдық мәселелерді шешуде маңызды құралға айналады. Че Со Хе, Чжо Менг Хи, И Ги сынды жазушылардың шығармала­рында әлеуметтік қайшылықтар суреттеледі.



Қалыптасу кезеңі (1930-1945 жылдар). 30-шы жылдардың басына қарай отарлық тәртіп әлсіреп, қазіргі заманғы корей әдебиеті қалыптаса бастап, әдеби белсенділік орын ала­ды. Бірақ 1945 ж. соңында жапондар тарапынан қайта қуғын-сүргіндер басталып, әдебиет те тоқырауға ұшырайды. 1931 ж. Маньчжурдағы соқтығыстар, 1937 ж. қытай-жапон соғысы, 1941 ж. Тынық мұхит аймағындағы соғыс және т.б. оқиғалар осы кезеңдегі корей қоғамында орын алған жағдайларға өз әсерін тигізбей қоймайды. Қуғын-сүргін күшейе түседі. Бір ме­зет­те экономи­ка­лық және мәдени жүйелер бақылауға алынып, қоғамдық орындарда корей тілін пайдала­нуға, корей тілінде жазуға тыйым салынады. Көптеген корей журналдары жасы­рын түрде қызмет жасағанымен, корей әдебиетінде тоқырау кезеңі басталады.

Жапондық солшыл экстремистер әсерінің күшеюі нәтижесінде КФАП әдеби әрекеті айтар­­лықтай әлсірей бастайды. Әдеби үйірмелер мен топтарда көркемдік тәсілдерді жетіл­діру мақсатында түрлі бағыттар қалыптасады.

Таза поэзия-сунсуси бағыты көркем үлгі мен әдебиеттегі образдарға үлкен мән береді. Бұл бағыт Пак Ёнг Чоль, Ким Ёнг Ранг, Син Сок Чжонг деген ақындардың туындыларында өз жалғасын табады. Жоғарыда аталған ақындар поэзиясы корей идеологиясына ғана қызмет етпей, оқырмандардың жүрегіне әсер етіп, көркем сезімдер тудыру керек деген пікір айтады.

Корей әдебиетіндегі романтикалық бағыттың негізін қалаушы ретінде «Сэнъри» қоға­мы­­ның мүшесі Ю Чхи Хванды ерекше атап өтсек болады. Бұл бағыттың жақтаушы­ларына сондай-ақ «Сит Бурак» («Ақындар қаласы») үйірмесінің мүшелері Ким Донг Ри, Ким Таль Чжин және Со Чжонг Чжуды да жатқызуға болады. «Өмір фракциясының» жақтаушылары болған жоғарыда аталған ақындар көбіне басқа фракцияларды өткір сынға алған. Олар «ин­тел­лектуальды поэзия» фракциясының әсерлі жеткізу техникаларына, ал идеологиялық фракцияның шектен тыс идеологияға бағытталғанын айтады.

Өмір фракциясы ақындарымен қатар табиғатты жырлайтын «чжоивонси» стилінде жа­за­тын ақындар пайда болған. Олар қаланың өмірінен бас тарта отырып, ауылдық жерде өмір сүріп, осы арқылы өздерінің табиғатқа жақындығын көрсетеді. Мұндай құбылысты Ким Санг Ёнгтің туындыларынан, Син Сок Чжонгтің «Сіз шалғайдағы осы елді білесіз бе?» және Ким Донг Меннің «Почё» атты шығармаларынан да байқауға болады. И Юк Са мен Юн Донг Джу­дің шығармалары отаршылдық тәртіпке қарсы бағытталған. И Юк Са жапондардың жа­уыз­дық әрекеттеріне қарсылық көрсе­тіп, патриоттық өлеңдер топтамасын жазады. «Ақын­­дар қаласы» атты әдеби үйірмеге мүше болған Ким Донг Ри, Ким Толь Чжин и Ю Чи Хван сынды ақындардың шығармаларын ерекше атап өту қажет. Ю Чи Хванның шығар­ма­ларынан натуралистік көзқа­рас­тарды байқауға болады. Автордың ойын дәл жеткізетін шығармаларға Ю Чи Хванның «Шың» атты өлеңін мысалға келтірсек болады. Онда автор­дың өзі, оның ер­кіндігі мен өмірі шыңға теңеледі.

Корей әдебиетінде «Таза поэзия» қозғалысымен қатар модернизм де пайда болады. Осыған орай көптеген шығармаларда адамдар арасындағы қарым-қатынас, өмір мен өлім, қа­ла мен ауыл мәселелері қозғалады.

Модернистік ағымның екі негізгі бағытын көрстеуге болады: ағылшын-америка стилін ұстанған ақын-жазушылар (Чжонг Чжи Ёнг, Ким Кванг Гюн, Чжанг Ман Ёнг және басқалар) мен ерте француз сюрреализмін ұстанғандар (И Санг, И Си У және т.б.).

И Санг өзінің «Бес түйсік» және т.б. өлеңдерінде өзінің сюрреалистік бағыттағы кес­кіндеу құралын пайдалануға тырысқан. Ал Чжанг Манг Ёнг өз шығармаларында, ең алды­мен, ауылдық өмір мен табиғатты жырлаған.

Ким Квант Гюннің шығармашылығына ағылшын ақыны Эрза Фаундтың туындылары әсер еткен. Ю Чи Хванның «Өмір бастамасы», «Қаңтар» және т.б. шығармаларынан ерекше рух айқын байқалады, онда модернизмге тән сезімге үстірт қараудан ақын өзін алшақ ұстай­ды. Бұл өлеңдер қатаң логикалық бастаудан құралып, ондағы «жан ашуы», «қайғы» мен «қуаныш» сөздерінен де нық сенімді көруге болады. 1939 ж. «Фраза» журналында ақын Пак Ту Чжин, Чжо Чжи Хунның өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Чжо Чжи Хун – мәдени кон­сер­ватизмнің өкілі. Ол табиғатты жаны сүйген және қоршаған ортаны тұтас әсемдігімен шынайы суреттеген. Пак Ду Джин – идеалистік көзқарасты ұстанған ақын. Ол жер бетінде бақыт­тың орнауы тылсым күштерге байланысты деп есептеген.

Пак Мок Воль фольклор ақыны деп аталған. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы – табиғат пен оның әсемдігі. Осы кезде қоғамда орын алған шындық пен корей халқының ұлт­тық болмысы мен сана-сезімін сипаттайтын түрлі өлеңдер жарық көре бастайды. Ким Санг Ок, И Хо У, Чжонг Ван Ёнг, И Ёнг До және т.б. ақындардың сиджо стилінде жазылған шы­ғар­маларында да атамыш тақырыптар сөз болады. Ким Санг Ок поэзияда ХХ ғасырда мүлде ұмыт болған сиджо үлгісін қайта жандандырып, қазіргі заманға сай тақырыптар мен сезім­дерді қамтиды. Ким Санг сонымен қатар сиджо поэтикалық спектріне қайшы келетін ұзақ прозалық өлеңдер де жазады. Осылайша, ақын осы үлгінің шектеулерін жоюға тырысады. Ким Санг Ок ерте кезден корей халқының мәдени мұрасын аса жоғары бағалаған. Ол жапон­дарға қарсы жасалған әрекеттері үшін бірнеше рет абақтыға қамалса да, елі үшін көп нәрсе жасай алмағанын түсінеді. Ким Санг Октың ұлттық рухты оятуға бағытталған шығарма­ла­рын­да ақынның өзін кінәлі сезінгенін байқаймыз.

Осы кезеңде жарық көрген прозалық шығармаларда корей қоғамындағы адам өмірінің түрлі жақтары ашылады. Корей прозасы жаңа мәнге ие болып, дами түседі. Қоғамдық өмірде түрлі өзгерістер пайда болып, 1927 ж. елдің әдеби және мәдени өмірінде даму тенденциялар байқалады. Идеологиялық әдебиет үлкен маңыздылыққа ие болады. Корей идеологиялық әдебиетінде алғаш рет таптық алшақтықтар көрсетіліп, кедейлер мен байлардың өмірі сурет­теледі. Осылайша, социалистік көзқарастағы әдебиет пайда болады.

Прозалық шығармалардың авторлары елдегі саяси жағдайларға үлкен көңіл бөле бас­тайды. Пролетарлық әдебиет айтарлықтай саяси күшке ие болып, шығарманың мазмұны кеңейе түседі. Көптеген жазушылар социалистік бағыттағы көзқарастардан бас тартып, шын­дыққа тура қарауға тырысады. Осы кезеңде И Ги Енг, Хан Соль Я, Ким Нам Чхон, И Бук Менг, Хонг Менг Хи сынды жазушылардың шығармашылығы үлкен жетістікке ие болады.

Аталмыш кезеңде корей әдебиетінде романдар, әсіресе тарихи романдар көптеп жарық көре бастайды. Мұндай шығармаларға И Кван Судың «Әзәзілдің мұрагері», «Тан Чжонның мұңды оқиғасы», «И Сун», «И Чха Донның өлімі», «Сечжон патша»; Хон Менг Хифтің «Им Кок Чжонг»; Ким Донг Иннің «Жастар», «Унхен сарайындағы көктем»; Пак Чжонг Хванның «Қанға боялған Кым Сан», «Тэчхунбу», «Өткен кеш», «Мейірімді Будда»; Юн Пэк Намның «Қара шляпа», «Шақыру»; Хен Чжиннің «Сон Хва ханшайым» атты туындыларын жат­қызуға болады.

Хон Менг Хифтің «Им Кок Чжонг» атты шығармасында Чосон мемлекеті кезінен Мен Чонг патшаның тұсына дейінге кезең қарастырылады. Жазушы өз шығармасында ақсүйектер мен қарапайым адамдардың, барлық қоғамдық таптардың өмірін шынайы суреттеуге ты­рысқан.

Ем Санг Собтың шығармаларында ұрпақтар арасындағы, әке мен бала арасындағы қақ­ты­ғыстар сипатталады. Оның «Үшінші ұрпақ» атты романын отаршылдық жағдайда өмір сүріп жатқан бір әулеттің үш ұрпағы, атасы, әкесі мен немересі арасындағы қарым-қаты­настар суреттеледі. Осы кезеңде әйел жазушылардың саны да арта түседі. Олар көп жағдайда кедейшілік мәселелері мен елде орын алған қиыншылықтардың себептері туралы жазады. Әйел жазушылардың арасынан Пак Хва Сонгтың «Чусок мейрамы қарсаңындағы түн», «Қуаңшылық», «Отансыз қалған адамдар»; Кан Геннің «Ана мен қыз», «Шляпа», «Қараң­ғы­лық», «Жер астындағы ауыл», «Адамзат мәселелері» атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады.

1941 ж. Тынық Мұхиты аймағындағы соғыстың басталуы елде фашизмнің күшеюіне әке­ліп соқты. Мыңдаған корей жастары майданға аттанады. Көптеген жазушылар мен әде­биетшілер түрме қабырғасында қайтыс болып, аман қалғандары жапон саясатын қолдауға мәж­бүр болады. Осы кезде Хван Сун Вон, Че Менг Ик, Ан Су Гилы, Чжонг Би Сок сынды жазушылардың шығармалары кең тарайды.



Күрт өзгеріс кезеңі (1945-1950 жылдар). 1945 жылдың 25 маусымынан бастап Корей әдебиеті мен тарихында жаңа кезең орын алады. 1945 жылы басталған азаматтық соғыс сол­түстік және оңтүстік Кореяның арасындағы үлкен қақтығыстарға ұласып, ортақ корей әде­бие­тінің қалыптасуы күрделі мәселеге айналады.

Жарты арал екіге бөлініп, оңтүстікте Америка әскерлері, ал солтүстікте Кеңес әскерлері үстемдік етеді. Осындай қақтығыстар жалпы корей халқының рухани өміріне айтарлықтай әсер етеді. 50-ші жылдар корей тарихы мен әдебиетіндегі ауыр кезең болып табылады.

1945 ж. тамыз айында әдеби қозғалыстың сол қанаты ретінде «Әдебиет саласындағы негізгі басқарма», ал қыркүйек айында «Корей пролетариатының өнер одағы» құрылып, бұл ұйымдар желтоқсан айында «Әдебиетшілер одағына» бірігеді. Осы жылы оң қанатта «Орта­лық әдеби бірлестігі», 1946 ж. сәуір айында «Кореядағы Ильбо жас әдебиетшілер бірлестігі», 1947 ж. «Республикадағы барлық мәдени ұйымдардың жалпы бірлескен жина­лы­сы» пайда болады. Осылайша, әдеби қозғалыстың сол және оң қанаттары арасында әдебиет пен өнер мәсе­лесіне байланысты идеологиялық күрес басталады. Отарлау саясаты кезінде қолына қалам алмаған ақында өз шығарма­шы­­лы­ғын қайта бастап, поэтикалық одақтар құра бастай­ды. Оң және сол қанаттардың арасында белгілі бір оқырмандар тобына арналған әдебиет пен пролетарлық әдебиеттің қайсысы маңызды деген сұрақ төңірегінде таластар басталады. Кореяның екіге бөлінуінен кейін қоғамда да түлі қақтығыстар орын алады. Сонымен қатар 40 жылдары корей поэзиясында екі үлгі пайда болады. Бірі өмір мен ондағы барлық көркем дүниені жырлап, ұлттық өлеңді қайта жаңғыртқан поэзия, екіншісі 30-шы жылдардағы модернизм үлгілерін мұра еткен поэзия.

Қазіргі корей поэзиясының қайта жандану кезеңінде Пак Мок Воль, Пак Ду Чжин, Чже Чжи Хунның шығармалары ерекше көзге түседі. Олар 1946 ж. «Чонокчжиб» («Көк маралдың антологиясы») атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарады. Әдебиетте бұрын-соңды белгісіз болған шығармалар да жариялана бастайды. И Юк Саның «Юк Са өлеңдер жинағы» мен Санг Хваның «Санг Хва өлеңдер жинағын» мысалға келтіруге болады. Сонымен қатар Пак Ин Хван, Ким Су Ен, Ким Ген Лин сынды ақындар 1949 ж. «Жаңа қала және азаматтар хоры» атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарады.

40 жылдары корей әдебиеті дамудың жаңа сатысына өтіп, еркін өмір сүре бастайды. Азат ету кезеңіндегі әдебиетте қоғамның бөлінуі (оңтүстік және солтүстік), елде орын алған түрлі жағдайлар, өз Отаныны оралған корейлер туралы айтылады. Жазушылар елдің екіге бөліну себептерін іздеп, өз қателіктері үшін жауапкершілік алулары тиіс зиялы қауым өкілдерін айыптайды. Бұрынғы жапон саясатын жақтаған Че Ман Сик пен Тхе Чжун өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіреді.

Че пак Но Гаптың «Қырық жыл» атты романында отарлау дәуіріндегі елдің жағдайы бүге-шігесіне дейін суреттеледі. Алдағы кезде интеллигенция өкілдері мен олардың елге қайта оралу мәселелері туралы жазылған романдар жарық көре бастайды. Оған мысал ретінде Чжен Би Соктың «Отанға оралу», Ом Хын Собтың «Репартация күнделігі» мен Хо Чжунның «Әлсіз жалын» атты шығармаларын мысалға келтіруге болады.

1945 жылы 15 тамыздағы оқиға елді толық азат ете алмады, шетелдіктердің ықпалы әлі де айқын байқалатын. Елдің оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінуі, идеологиялық қақтығыстар жаңа әдеби қозғалыстардың дамуына кедергі болады. Ең бастысы халық екіге бөлініп, бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмады, Оңтүстік жән Солтүстік Кореяның ара­сын­дағы хат алмасу да қатаң бақылауға алынады. Елде орын алған аталмыш жағдайлар әдебиетте де жиі қозғалатын болды. Ем Санг Собтың «Қатар жол», Ке Енг Муктың «Жұлдыздар санап» атты романдарында елдің екіге бөліну туралы айтылады.

Пак Чонг Хваның «Халық» атты романында алғаш рет азат ету жылдарына дейінгі және кейінгі Кореяның өмірі шебер суреттеледі. Ким Тонг Ли өзінің «Жол іздеу» және «Ай» атты шығармаларында уақыт өткеніне қарамастан әрқашан танымал болып қалатын жақсы әдебиеттің қажет екені туралы сөз қозғайды. Ем Санг Собтың «Өлім» атты романында отбасы мүшелерінің ауыр жағдайы мен қайғы-қасіреті баяндалады.

Хванг Сун Вонның «У әзірлейтін қарт» атты романында у жасап, сату арқылы әйелі мен жеті жасар баласын асырайтын адамның қайғылы тағдыры суреттеледі. Бір күні қарттың әйелі жоғалып кетеді де, оны таба алмаған Сонг-енггам өмірге деген құлшынысын жоғал­тады. Бірақ жеті жасар баласын ойлайды. Қарттың денсаулығы нашарлап, әлсірей бас­тайды. Ол баласын басқа отбасына беріп, соңында өз-өзін өлітіреді. Бұл романда әйелі мен қоғамнан оқшауланған қарапайым адамның тығырыққа тірелген тағдыры туралы баяндалады.


Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет