Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет242/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.15. Шірікбақай
Шірікбақай 
(Paronyhia contagiosa,
копытная гниль) - тұяқтың шіруі жэне 
аша терісінің болжырауы арқылы ерекшеленетін жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды ұзақ уақыт бойы некробактериозбен, яғни са- 
рыппен шатастырып келеді. 1810 ж. Францияда Gohier аурудың ерекшелік- 
терін сипаттады, ал 
Beveridge
1941 ж. қоздырушысын бөліп алды. В. Пичугин 
Орта Азия аймағында бұл аурудың бар екендігін хабарлады. Гришаев Қос- 
танайда шірікбақайдың қоздырушысын бөліп алды.
Қоздырушысы 
-
Bacteroides nodosus
- бактериоидтар туыстығына 
жататын грамтеріс микроб. Түрі таяқша тэрізді түзу немесе аздап иілген, 
көлемі ірі, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді. Екі үттты аздап жуан- 
даған, түрі гантелге үқсайды. Бүл ірі таяқшаның айналасында көбінесе үсақ
314


грам теріс микробтар орңаласады. Ауасыбағасыз жағдайда арнайы қоректік 
орталарда өседі. Сыртқы ортада төзімсіз. Жайылымда 2 аптадан артық сақ- 
талмайды. 90°С 1 мин. 80°С 2 мин. ішінде өледі. Кэдімгі дезинфектанттар 
эдеттегі концентрациясында зарасыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Шірікбақайға қой мен ешкінің барлық тұқым- 
дары шалдығады. Әйтседе биязы жүнді қойлар қылшықты жүнділеріне қара- 
ғанда жиі ауырады. Жас төл уыздан апған иммунитеттің нэтижесінде жеңіл 
ауырады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой мен ешкі. Олар ірің- 
ді өліетті экссудатпен микроб бөліп шығарады. Ауырып жазылған малдың 
зақымданған ұлпасында қоздырушы 3-4 жыл бойы сақталады. Мұндай мап 
экелінген отарда індет байқапып, кейіннен түрақтанып қалады.
Ауру тікелей жанасу кезінде жэне ластанған төсеніш, көң, топырақ ар- 
қылы, әсіресе, жайылымда немесе суатта жұғады. Аурудың шығуына жара- 
қаттану, жоғары ылғалдылық қолайлы жағдай туғызады. Қыста мапды жылы, 
ылғап, лас қорада ұстау, рационда кальций, фосфор, витаминдердің жетіспеуі 
шірікбақайдың кең тарауына ықпал етеді. Ауру эсіресе, көктемде қар еріген 
уақытта немесе жауын-шашынды жаз, күз айларында көп шығады. Суы шыл- 
қыған көң немесе садыраның сілтілік көрсеткіші жоғары болып (pH 8-ден 
артық), түяқты жэне оның көбесін жұмсартып, болжыратады да, инфекцияға 
жол ашады.
Дерттенуі. 
Ауру қоздырушысы тұяқтың маңайындағы болжыраған теріге 
еніп, өсіп-өнеді де терінің эпидермисіндегі кератин белогін ыдырататын про- 
теаза ферментін бөліп шығарады. Сонымен қатар, ұлпаларды қабындырып, 
өліеттендіретін токсиндер бөледі. Дерт процесі тұяқтың мүйізді қабығын 
зақымдап, тұяқтың табанына шабады. Өрбіген ылғалды дегенерация мен өлі- 
еттену процестерінің нэтижесінде тұяқтың астындағы жұмсақ ұлпалар ірің- 
деп, шіріп, тұяқ босап, бөлініп, түсіп қалуы мүмкін. Жалаңаштанған ұлпа- 
ларға қосалқы іріңдеткіш микробтар еніп, ауру асқынып, бақайшық флег- 
монасы, тұяқ буынының іріңді артриті, тереңге бойлаған пододерматит бай- 
қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет