Оқулық. Алматы, 518 бет


Жұқпалы ауруларды балаудың арнайы әдістері



Pdf көрінісі
бет58/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Жұқпалы ауруларды балаудың арнайы әдістері. 
Індеттанулық/кли- 
никалық жэне патологоанатомиялық әдістердің кемегімен кейбір іжскелеі ен 
жұқпалы ауруларға ғана диагноз қою мүмкін. К өбінде' бұл зерттеулердін 
нэтижесінде белгілі біріауруға күдіктенуге болады. Ал соңғы түжырым тек 
қана арнаулы эдістердің көмегімен жасалынады. Бұл арнаулы эдістер !аурудын 
өзіне тэн қоздырушысын немесе оған қарсы жануар денесіндегі өзгеше имму- 
нологиялық қүбылыстарды айқындауға негізделген. Мұндай арнаулы эдіс- 
терге микробиологиялық (бактериологиялық, вирусологиялық), серология- 
лық жэне аллергиялық зерггеулер жатады.
Бактериологиялъщ зерттеу. ~
Бактериологиялық балау эдісі жүқпалы 
ауруларға шалдыққан жануардың денесінен ауру қоздырушы зардапты ^ми- 
кробты табуға негізделген. Микробты табу "индикация" оныніқай түрге жа- 
татындығын айкындау "идентификация" деп аталады. Бактериологиялық зерт- 
теу үш түрлі буыннан түрады. Олар: микроскоппен көру яғни мйкроскопия 
(микроскоптау), бактерияңы қореқтік ортада өсіріп өсін алу жэне лаборато- 
риялық жануарларға жұқтырып биосынама қою.
Бактериологиялық зерттеу оң нэтиже берген жағдайда іс жүзіндетұжы- 
рымды диагноз қоюға болады. Тек кейбір шартты түрдегі зардапты микробтар 
(сальмонеллалар, пастереллалар, эшерихиялар) табылған кезде ібасқа балау 
әдістерінің көмегімен ауру немесе микроб алып жүру екенін ажыратуға тура 
келеді. Енді бір жағдайда табылған микробтың індеттік штамм немесе вак- 
циналық пггамм екенін айқындау қажет болады. Қазіргі замандағы; әдістер 
бұл қиындықтарды жеңуге толық мүмкіндік береді.
Вирусологиялык, зерттеу.
Вирусологиялық эдістің бактериологиялық 
зерттеулерден біршама өзгешеліктері бар. Вирус жасуша ішінде тіршілік 
ететіндіктен вирионды босатып алу үшін ең эуелі патматериалдьимұқият ұн- 
тақтап, суспензия дайындайды. Вирусты бөліп алу үшін суспензияны тауық 
эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізеді, болмаса лабораториялык немесе 
табиғи бейім жануарларға жұқтырады. Жұқтырудың нэтижесі оң болған жағ-
78


дайда өсіп-өнген вирусты айқындау үшін әр түрлі серологиялық реакциялар 
пайдаланылады.
Аллергиялъщ зерттеу.
Жүқпалы ауруларды аллергиялык әдістермен 
балау баяу типті сезімталдыққа негізделген. Бұндай зерттеулер ауру қоздыру- 
шы микробтардың антигендерінен даярланатын аллергендердің көмегімен 
іске асырылады. Аллергиялық балау туберкулез, паратуберкулез, бруцеллез, 
маңқа, топалаңның созылмалы түрі (шошқада) сияқты аурулар кезінде пай- 
даланылады.
Аллергенді негізінен орны шектелген реакция үшін тері іщіне, қабақ 
астына, көздің конъюнктивасына жібереді.
Орны шектелген реакция аллерген енгізген жердің қабынуы арқылы 
білінеді. Соның нәтижесінде тері қыртысы қалыңдайды, қабақ асты бұлтияды
ал көздің қасаң қабығы қабынып, ірің аралас жас ағады.
Кей жағдайда, орны шектелген реакцияның нэтижесі дүдэмал болса не- 
месе бұндай зерттеуді жүргізу мүмкін болмаса, организмнің жалпы реакция- 
сын анықтайтын зерттеулер жүргізеді. Бұндай жағдайда аллергенді вена ішіне 
немесе тері астына жібереді. Организмнің жалпы реакциясы дене қызуының 
көтерілуі арқылы білінеді. Орны шектелген реакциядан гөрі жалпы реакция- 
ны анықтау мейлінше дәлірек мэлімет береді.
Серологиялыц зерттеу.
Жүқпалы ауруларды балауға серологиялық реак- 
циядар қеңінең пайдаланылады. Серологиялық реақциялар антиген мен анти- 
денелердің организмнен тыс 
in vitro
өзара эрекеттесуінің нэтижесінен туын- 
дайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция 
жүрмейді. Сондықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі ■
фактор- 
лары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларда антиген мен антиде- 
неден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, 
антиглобулин, т.б. пайдаланылады. Серологиялық реакциялардың компонент- 
тері өзгермеген (табиғи қалпындағы), алып жүруші негізге (эритроцит, латекс, 
декстран, т.б.) жабыстырылған жэне радиоактивті изотоп, люминисцентті 
бояу немесе тағы басқалармен таңбаланған болуы мүмкін. Антиген м ен, ан- 
тидене қосылғанда белгілі бір қүбылыс байқалады. Мысалы, антигеңдер 
жабысып іріміктенеді, (агглютинация, преципитация) немесе ериді (лизис). 
Осы қүбылыстарды тікелей бақылаумен қатар, бір тектес қос компонентті 
жарыстырып, бірінің әсерін екіншісі тежеуі арқылы да серологиялық реакция- 
ның нәтижесін бақылауға болады. Мүндай реакциялардың бірінші түрі -
тікелей жүретін реакциялар да, екінші түрі - тежелінген реакциялар. Соңымен 
біздің пайымдауымызша (Т.Сайдулдин, 1982) серологиялык; реакциялар не- 
гізгі екі жікке бөлінеді: қосымша факторлары жоқ реакциялар және қосымша 
факторлары бар реакциялар. Бүлардың әрқайсысы компонентерінің ерекше- 
ліктеріне байланысты компоненттері өзгермеген, компоненттері жабысты- 
рьшған жэне компоненттері таңбаланған деп аталатын үш топқа бөлінеді. 
Реакциялардың эрбір тобы қойылу ерекшеліктеріне қарай тікелей жэне теже- 
лінген түрлерге бөлінеді.
Серологиялық реакцияларда антигенді, не болмаса антиденені айқын: 
дауға болады. А нтигенді айқындау үшін алдын ала белгілі, қүрамында сол
,79


антигенге қарсы антиденелер бар кан сарысу немесе иммунологлобулиндер 
пайдаланылады. Керісінше антиденелерді айқындау үшін алдын ала белгілі 
стандартты антиген қажет.
Антигенді айқындау мақсатымен серологиялық зерттеу үшін қоздырушы 
микроб немесе оның антигеыі бар-ау деіен ііатматериалды пайдаланады. 
Мысалы, бұл мақсатпен қүтырыққа ауырған жануардың миын, топалаңға 
малдың терісін тексереді. Патматериалда антигеннің табылуы диагностика- 
лық маңызы жағынан сол аурудың қоздырушысының табылуымен пара-пар 
болып есептеледі.
Серологиялық реакциялардың көмегімен бөлініп алынған ауру қозды- 
рушысын да тексеріп, оның түрін, тіпті серологиялық вариант (серовар) деп 
аталатын қоздырушының айрықша жекелеген топтарын айқындауға болады. 
Сондықтан серологиялық реакциялар бактериологиялық жэне вирусология- 
лық зерттеулердің басым көпшілігінің құрама бөлігі болып табылады.
Серологиялық әдіспен ауру қоздырушысына қарсы антиденелерді айқын- 
дау үшін негізінен қан сарысуы тексеріледі. Бүл жолмен жұқпалы ауруларға 
диагноз қойғанда мынандай жайттарды ескеру қажет. Антидене жануарлар- 
дың қанында ауру нэтйжесінде ғана емес вакцинамен иммундеу себепті бо- 
луы да мүмкін. Денесінде эр түрлі микробтардың ортақ антигендері болуы 
нэтижесінде ауырмаған жэне вакцинамен егілмеген организмде қалыпты 
(нормадағы) мөлшерде антиденелер кездеседі. Сондықтан антиденелердің 
диагностикалық титрі деген ұғым қалыптасқан. Мысалы, сиырдың қан сары- 
суында бруцеллезге қарсы антидененің агглютинация реакциясындағы титрі 
1:100-ден жоғары болғанда зерттеудің нәтижесі оң, яғни мап ауру деп есеп- 
теледі. Титрі 1:50 болса, зерттеудің нэтижесі дүдэмал, ал 1:25 жэне одан 
төмен болса реакцияның нэтижесі теріс, яғни мал сау деп есептеледі.
Антиденелерді айқындау арқылы жүқпалы ауруларға серологиялық 
диагноз қойғанда кей жағдайда жүп сарысу әдісі қолданылады. Бүл эдісті 
қолдану үшін тексеретін малдан арасына екі аптадай үзіліс салып екі мэрте 
қан алады. Егер соңғы зерттеу кезіңде алдыңғысымен салыстырғанда, ангиде- 
ненің титрі 4 есе немесе одан да жоғары артса, диагноз қойылды деп есепте- 
лінеді. Егер титрі бұрынғы мөлшерде сақталса немесе 2 есе ғана артса, зерт- 
теудің нәтижесі дүдэмал болып есептеледі. Ал титрдің төмендеуі оның бү- 
рынғы аурудан, элде вакцина егуден немесе айқыш иммунитеттен қалған 
анемнездік жадылық реакция ретінде бағаланады. Бұл айтылғандар көпшілік 
жағдайға ортақ жалпы заңдылық, ал кейбір жануарларда зерттеу нэтижесі бүл 
ережемен сэйкеспеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет