Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет174/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары 
негізінен аурудың табиғи ошағында 
кемірушілердің өсіп-өнуін түрақты бақылауға алуға саяды. Соның нәтижесін- 
де індеттанулық болжам жасауға мүмкіндік туады. Мал қораларында, жем 
қойм алары нда кем іруш ілерге қарсы күрес ж үргізудің, ж ан уарларды қан
246


сорушы жәндіктерге қарсы домдаудың маңызы зор. Ауруға шалдыққан мал- 
дарды оқшаулап, арықтағандарын сойып, дезинфекция, дезинсекция, дерати- 
зация жүргізеді. Өлексені жинап, жоюға баса көңіл бөлінеді. Адамдарға ауру 
жұқтыруға жол бермеуге бағытталған шаралар басты назарда болады.
Атаулар мен ұғымдар
Туляремия, Tularemia,Francisella tularensis, тулярин.
Бақылау сұрақтары
1. Туляремия қоздырушысының қандай түр тармақтары бар?
2. Туляремияға қандай жануарлар бейім, қаыдай жануарлар ajibin жүру- 
шілері болады?
3. Туляремияның табиғи ошақтары қандай ландшафта болады, олар қалай 
қалыптасады?
4. Туляремияның үй жануарларында клиникалық белгілері қандай?
247


10 ТАРАУ
10. ҚҮЙІСТІЛЕРДІҢ АУРУЛАРЫ
10.1. Қарасан
Қарасан 
(Gangrena emphysematosa,
эмфизематозный карбункул) - жіті 
өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қа- 
бынуы арқылы ерекшелеңетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Қарасан ерте заманнан белгілі, бірақ, оны ұзақ уақыт 
топалаңмен шатастырып келді. 1870 ж Ф. Шабер бұл екі жұқпалы аурудың 
клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінең ажыратты. Қоздырушысын-1887 ж. 
С. Арлуэн мсн Ж. Томас ашгы. 1925 ж Лекленш иен Валлэ вакцина ұсынды. 
Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды.
Қоздырушысы 
-
Clostridium chauvoei -
түзу, аздап иілген таяқша, 
ұзындығы 2-8 мкм. Үлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосар- 
ланып орңаласады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, есқірген кезде грамтеріс 
боялады. Өлексе мен сыртқы ортада микробтың ортаиында, болмаса шеткері- 
рек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоз- 
дырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймала- 
рында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің 
ішіндегісінен бөліп алуға болады.
Cl. chauvei -
нағыз ауасыбағасыз микроб. Қан, бауыр, ми қосылған қо- 
ректік орталарда (Китт-Тароцци, Хоттингер орталары) өседі. Қоздырушы- 
сының өн-бойындағы соматикалық О-антигені осы микроб түрінің барлық 
өкілдеріне ортақ. Жіпшелеріндегі Н-антигені бойынша қойдан жэне сиырдан 
бөлінген штамдарының айырмашылығы бар.
Қоздырушының споралары аса төзімді келеді. Олар топырақта, суда бір- 
неше жыл, шіри бастаған етте, көңде 6 айға дейін сақталады. Тура түскен күн 
сэулесі 24 сағ., қайнату 2 сағ., автоклавтау 30-40 мин. өлтіреді. Ең сенімді дез- 
инфектант - 4% формальдегид ерітіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет