ОҚулық Атыраулық заманауи жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі шағын прозалық жинағы



бет70/77
Дата25.12.2016
өлшемі34,49 Mb.
#4904
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Нұргүл Ысмағұлова

«МЕНІҢ БАЙҒҰС

ҒАШЫҒЫМ...»
«МОЯ НЕСЧАСТНАЯ ЛЮБОВЬ...»

328





Аяз би әлін білсін!
Тірлік туралы түсінік – туабітті, қанға һәм жанғасіңді шығар дейсің! Ойланбайсың сосын, ойлансаң мынау: дүние есігін ашқаныңнан, тізең дірілдеп алғаш қимылға келе бастағаныңнан-ақ тырбанасың, қол-аяғың икемге кеп еңбектейсің – еңбектегенің, жылайсың, күлесің – алға жүресің, есейесің – ес білесің, бәлкім қартаясың, бірақ, тын- бау керек, тоқтамау керек, тоқтамау керек, оған дейін қылатының тірлік қой!

Әйтсе де, «көтере алмайтын шоқпарды бәрібір беліңе байлай аламайсың!». Біздің заң осы. Тағы да: Аяз би әлін білсін!
Бейбаяндау базардың бұрышындағы қыздың көзі! Арбап барады, бұл арбалып жүр... Төсіндегі тыншы- май, тулай беретін жүрегіне жіпсіз, байламсыз «ұзын арқан, кең тұсау» салынғандай, алыс кетсе күйетін, жақын келсе тоңатын халге жеткізген сол көз, бетіңе тура қарамай, бүгежіктеп, төменшік тартып, аяқ жағыңа қарай үңіліп, қадалады да қалады, кірпігі жүзін жабардай ұзын екен!
Бұзаубас бәтіңкесін олай-бұлай билетіп, алдынан неше рет өтті кес-кестей, байқайтыны – сол көз, байқайтыны – сол сұлулық, Құдадың өзі қолдан құйғандай жарасымдылық. Байқайтыны – жарасым- ды жүзіне мынау дүниедегі бар жылулық жиылып қалғандай. Жарасымдылықтың өзі де жылулықтан құралғандай тартымды ғой, ыстық қой. Осы ыстыққа көз жұмып күйіп кеткің келсе, өртеніп кеткің кел- се артық емес сияқты, Хауа ананың мейіріміне бөленгендей жалғанда көрмейтін рахатты бір кешіп қалатындайсың! Әрі өтсе, бері қайтса дегбірсізденіп, дауасыз дертке душар болғандай, тынышы кете берді. Төсекте дамылдаса, дала кезсе де, ас ішсе де – ойлай беретіні – базар. Ойлай беретіні базар емес-ті...
Бейбаяндау базардың бұрышындағы қыздың көзі! Әбден арбалды. Таңдаған гүліне қона аламай әрі-сәрі қалбалақтаған, безгектеген қызылқанаттай, көбелек дегенім. Адам байғұстың көбелектен айырмашылығі қандай?! Қанаты ғана ма, қанат бізде де бар, қозба қиялдың жетегіне еріп, ұшып та кетеміз. Көбелектің

– өмірі гүл дейсіз, біз де гүлге ынтазармыз қашанда. Гүлден-гүлге ұшып қонады дейсіз көбелекті, бізде де мәңгілік ештеңе жоқ. Пәруананың ғұмыры қысқа, біз де қай уақытта жарық дүниемен қош-қош айтысып, бақи кешіп кетерімізді білмейміз. Білсек, бүйтеріз бе... Тіпті, адам баласы нені білген?! Өмірі білмеумен түйесілері хақ. Алда не күтіп тұр, не күтпей кетіп барады, кіммен кездесесің, кіммен қоштасасың, е, кім білген... Білсең, тек сол өткінші күндерде, көз алдыңда селеу-селеу тұмандай үдере көшкен дүние- керуеннің уағында ғұмырыңа сәулесі түскендей, ай болып көрініп, қол жетпес арман боп қалған сәттерің көңіл дәптеріңде қалың-қалың бояуланып жазылар! Жүрегі шымыр етті. «Жазылса, базардағы қыздың көзі жазылар! Сол жазылсын, бүткіл денеме, маңдайыма,



Пусть Аяз-би познает силу!
Понятие о жизни – надо полагать, передается чело- веку вместе с кровью, с душой. Поэтому не задумыва- ешься ни о чем, а если подумать: появившись на свет, барахтаешься, дрожащими ножками делая первые движения, затем, научившись двигать руками и нога- ми, начинаешь работать, плачешь, смеешься идешь вперед, взрослеешь, умнеешь, возможно, состаришь- ся, но, нельзя успокаиваться, нельзя останавливать- ся, не останавливаться, и все время действовать!

Все же, «дубину, которую не можешь поднять, не заткнешь за пояс». Таков наш закон. Пусть Аяз-би познает силу!
Ах, эти девичьи глаза на углу базара! Так приворожи- ли, околдовали его...Будто на беспокойное, бушующее сердце в груди без веревки накинули длинный аркан с широкой петлей. Эти глаза доводят до такого со- стояния, что, уйдешь далеко сгораешь, подойдешь близко холодеешь. Они не смотрят прямо на тебя, взгляд опускается вниз, на ноги и застывает на них. А ресницы, такие длинные, будто закрывают все лицо!!
Несколько раз так и сяк, вдоль и поперек прошелся перед ней в своих тупоносых ботинках, и отметил

– те же глаза, та же красота. Такая ладная, бог не по- скупился на красоту при ее создании. Будто тепло всего мира собрано в ее милом лице! Эта гармония словно создана из тепла, притягивает тебя; ты ощу- щаешь жар, тебе хочется, закрыв глаза, сгореть в этом жару, испытать такое наслаждение, какого ты никогда не чувствовал в этой жизни. Едет ли он туда или об- ратно, всюду нетерпелив и беспокоен, будто охвачен каким-то недугом, от которого нет лекарстав. Лежит ли в постели, едет ли по степи, ест ли пищу – думает лишь об одном – о базаре. О базаре ли...



Девичьи глаза на углу базара! Да, попал в плен. Вот порхает бабочка, суетливо, лихорадочно машет кры- льями, не может сесть на выбранный цветок. А в чем отличие бедного человека от бабочки?! Только в кры- льях, крылья есть и у нас, мы тоже можем улететь на крыльях мечты. Жизнь бабочки, скажете вы, в цветке

– мы тоже влюблены в цветы. Говорите, бабочка ле- тает от цветка к цветку, а ведь у нас тоже нет ничего вечного. У мотылька коротка жизнь мы ведь тоже не знаем, когда попрощаемся с белым светом и уйдем в вечность. Если б знали, разве поступали бы так...Что вообще знает человек ?! Всю жизнь сталкивается с незнанием чего-то. Кто знает, что ждет впереди или вовсе не ждет, с кем встретишься, а с кем попроща- ешься... Если знать, то мгновения, озаренные лучом, которые казались тебе луной на небе, недостижимой мечтой в прошлом, стоящие перед глазами, как ухо- дящий в туман караван жизни, вписываются в книгу твоей жизни цветными красками. Его сердце защеми- ло. «Если впишется, то пусть это будут глаза девушки на базаре. Пусть это впишется в мою судьбу».


329 330





тағдыр-талайыма!».


Бейбаяндау базардың бұрышындағы қыздың көзі! Ажырамастай арбалып болған. Күндегі әдетке айнал- ды: алдыңнан кес-кестей өтуі – тіл қата алмай өтуі. Қайғысыз-қамсыз кім бар дейсің, төменшік тартқан қыздың мұңды көзін тағы байқады, аяғына түсіп тұр. Тапты!
«Бәлкім, бәтіңке сатушы болғасын? Иә, дәл солай, әйтпесе, аяғымыз, бәтәіңкеміз бүтін еді». оОйын сезіп қалғандай қыз жанарын өзге бағытқа ауыстырды. Ал- дына жайып қойған, үстел үстіндегі аяқ киімдердің арғы жағынан кеудесі қылтиып, арадай гулеп, қайшыласа ерсілі-қарсылы қаптаған қалың жұрттың аяғына мөлейді.
Шәлкемшалыстана шұбаған қалың аяқ қара базардың топырағын тып-типылын шығара жөнкіліседі келіп. Әне, әнеубір сүріне-қабына асыққан аяқ; сыңар- сыңарынан бір озып, бір қалып тобық сабасып келеді. Қайда асығатынын кім білген. Ойлайсың: барар жеріне есен-сау жетіп бір дамыл табады-ау. Әйтпесе...
«Көзің түскір, не болды? Етегіміз ашық қалған жоқ па?!» Жанбаланың ойын шыжбалақтаған, қатқақ кел- ген жұқалтаң әйелдің ащы үні бұзды. Қыз – тілсіз. Әйел арс ете түсіпті. Бәлкім, ол да дұрыс айтқан шығар. Қыз есін жиғандай, қарғадай қауқиған аяқ киімдерді зор ұқыптылықпен және бір сүртіп қойды. Жанында қоңсылас отырған сатушы әйелдердің жағында тыным жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет