377
14.1.
14-
тарау
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮЗЕТКІШТЕР
ЖӘНЕ СТАБИЛИЗАТОРЛАР
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРЛЕНДІРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ
ЖІКТЕУ
Электрондық түрлендіргіш құрылғылар энергия көзінің кернеуі
мен тогын энергия қабылдағышқа
қажетті кернеу мен токқа
түрлендіруді жүзеге асырады.
Энергия көзінің және қабылдағыштың кернеуі мен тогының
түрлеріне байланысты:
■
түзеткіштер
—
синусоидалық кернеумен мен токтарды
тұрақтыға түрлендіруге арналған
;
■
инверторлар
—
тұрақты
кернеулер мен токтарды
синусоидалыққа түрлендіруге арналған
;
■
конверторлар
—
тұрақты кернеулер мен токтарды басқа
мәндегі тұрақтыға түрлендіруге арналған
.
Түзеткіш пен инверторды құрамдастыру бір жиілікті
синусоидалық кернеу мен токты басқа жиілікті синусоидалық кернеу
мен токқа түрлендіруді іске асырады.
Жоғары қуатты түрлендіргіштер (жүз
және одан көп киловатқа
дейін) электр жетекте, электр дәнекерлеу құрылғыларында,
электротермияда және т.с.с. ал төмен қуатты түрлендіргіштер
(бірнеше ондық ваттқа дейін) радио
-
электрондық аппаратураны
қайталама электрмен қуаттау көздерінде (ҚЭҚК) қолданылады.
Түзеткіштердің әрекет ету
принципі мен сипаттамаларын
қарастырайық, олар түзетілген синусоидалық кернеу көзінің фазалар
саны бойынша
–
бір фазалық және көп фазалық (көбінесе үш
фазалы) түзеткіштер, схемотехникалық шешім бойынша
–
нөлдік
нүктелі шықпасы бар
трансформаторлы және көпірлі, түзетілген
кернеуді реттеу мүмкіндіктері бойынша басқарылмайтын және
басқарылатын болып жіктеледі.