§9.
АСпАН КООрдИНАтАЛАрЫНЫң жүйЕЛЕрі
57
ПРОЕКТ
Шырақтың h биіктігі деп горизонттан (көкжиектен) шыраққа
дейінгі вертикаль дөңгелек доғасының немесе горизонт жазықтығы мен
шыраққа бағытталған сәуленің арасындағы бұрыштың шамаларын
айтады. Биіктіктер
Z зенитке қа-рай 0
°-тан +90°-қа дейінгі оң таңбалы
шамалармен және
Z′ надирге қарай 0
°-тан –90°-қа дейінгі теріс таңба-
лы шамалармен анықталады (сурет 2.10).
Шырақтың z зениттік қашықтығы деп зениттен шыраққа дейінгі
вертикаль дөңгелектің доғасының немесе тіктеуіш сызығы мен шырақ-
қа бағытталған сәуленің арасындағы
z бұрыштың шамаларын айтады.
Зениттік қашықтық 0
°-тан 180°-қа дейін Z зениттен Z′ надирге қарай
анықталады.
Шырақтың А азимуты деп горизонттың оңтүстік S нүктесінен
шырақтың вертикаль дөңгелегіне дейінгі доғаның немесе шырақтың
вертикаль дөңгелегінің горизонтпен қиылысу сызығы мен талтүстік сы-
зықтың арасындағы бұрыштың шамаларын айтады. Азимуттар аспан
сферасының тәуліктік айналысына қарай, яғни
S оңтүстік нүктеден
батысқа қарай 0
°-тан 360°-қа дейінгі шамалармен анықталады. Ал кейде
азимуттар батысқа қарай 0
° және +180° аралықтарында, шығысқа қарай
0
° және –180° аралықтарында анықталады. (Геологияда азимуттарды
анықтау
N солтүстік нүктесінен басталады).
Горизонттық координаталарды шырақтардың аспандағы орналасула-
рын әр бақылаушының тұрған орны мен уақытына сәйкес анықтайды.
Сондықтан мұндай координаталарды жұлдыздық карталар мен атлас-
тарда қолданбайды. Жұлдыздық карталар мен атластарда негізінен
эква-
торлық координаталар жүйесі қолданылады.
3. Экваторлық координаталар жүйесі негізгі жазық ретінде
аспан
экваторының жазықтығын пайдаланады (сурет 2.11). М шырақтың
анықталатын координаталарын δ
еңістік бұрышы немесе оның доғасы
және =
t сағаттық бұрыш немесе оның доғасы деп атайды.
Шырақтың δ еңісі деп еңістік дөңгелектің аспан экваторынан шы-
раққа дейінгі доғасының ұзындығын немесе аспан экваторы жазықты-
ғы мен шыраққа бағытталған сәуленің арасындағы бұрыштың шамасын
айтады. Еңістің шамасы 0°-тан +90°-қа дейін әлемнің солтүстік полюсіне
қарай және 0°-тан –90°-қа дейін әлемнің оңтүстік полюсіне қарай анық-
талады.
Шырақтың α = t сағаттық бұрышы деп аспан экваторының жоғар-
ғы нүктесінен (яғни аспан экваторының аспан меридианымен қиылысу
нүктесінен) шырақтың еңістік дөңгелегіне дейінгі доғаның ұзындығын
немесе аспан меридианы мен шырақтың еңістік дөңгелегінің арасында-
ғы екі жақты бұрыштың шамасын айтады. Сағаттық бұрыштар аспан
58
ПРОЕКТ
сферасының тәуліктік айналыс жағына қарай, яғни аспан экваторы-
ның жоғарғы нүктесінен батысқа қарай 0
°-тан 360°-қа дейін бұрыштық
өлшеммен немесе суретте көрсетілген 0 сағаттан 24 сағатқа дейін са-
ғаттық өлшеммен анықталады. Сағаттық және бұрыштық өлшемдер-
дің арақатынастары =
t теңдігі бойынша анықталады: 24 сағ = 360
°;
1 сағ = 15
°; 1 мин = 15′; 1 с = 15′′; 1° = 4 мин; 1′ = 4 с.
Жұлдыздардың экваторлық координаталарының шамалары бақы-
лаушының тұрған орнына тәуелсіз ұзақ уақыт сақталады. Жұлдыздық
карталар мен атластарда аспан шырақтары экваторлық координатала-
ры бойынша тіркеледі.
Аспанның жылжымалы карталары да осы коор-
динаталарға негізделіп жасалады.
4. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы белгілі бір орында
жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның
көрінісін анықтау мақсатында қолданылады. Карта екі бөліктен: жұл-
дыздар картасы мен қондырма дөңгелектен тұрады. Картада жұлдыз-
дар, шоқжұлдыздардың танымал бейнесі, олардың шегаралары, аспан-
ның экваторлық координаталарының торы бейнеленген.
Картаның орталығында еңістік дөңгелектерінің радиалды сызықтар
түріндегі көшірмелері қиылысады. Бұл нүкте – дүниенің солтүстік полю-
сі. Тура көтерілу мәндері карта жиегінің ішкі жағында сағат тілінің
бағытымен әр 1 сағ сайын жазылған. Аспан экваторы (еңістігі 0
°) және
аспанның үш ендігі әр 30
° сайын концентрлік шеңбермен сызылып, бас-
тапқы еңістік дөңгелегімен (0 сағ – 12 сағ түзуі) қиылысқан тұстарында
градуспен таңбаланған. Осы сандардың көмегімен аспан шырақтарының
экваторлық координаталарының мәндерін жуықтап анықтауға болады.
Аспан экваторының ішкі жағында аспанның солтүстік жартышары,
одан тысқары оңтүстік жартышарының 45
° еңістікке дейінгі аймағы
орналасқан.
Дүниенің
солтүстік
полюсі +90
°
Көктемгі
күн мен
түннің
теңелу
нүктесі
Аспан
меридианы
Зенит
Надир
–90
°Дүниенің
оңтүстік
полюсі
0
°
сағ
0
Аспан экваторы
Ең
істік дөң
гелегі
Сурет 2.11.
Экваторлық координаталар жүйесі
М
59
ПРОЕКТ
Аспан экваторымен екі нүктеде, яғни көктемгі күн мен түннің теңе-
лу нүктесінде = 0 сағ, = 0
° қиылысатын әрі орталық нүктесі дүние
полюсімен сәйкес келмейтін шеңбер эклиптика деп аталады.
Жазғы күн тоқырау нүктесі солтүстік жартышарда эклиптиканың
еңістік дөңгелегімен 6 сағ мәнінде, ал қысқы күн тоқырау нүктесі оң-
түстік жартышарда 12 сағ мәнінде қиылысқан тұста орналасқан.
Карта жиегін ала күнтізбелік айлар және күндер көрсетілген. Олар
Күннің эклиптикадағы орнын анықтайды.
Қондырма дөңгелекте географиялық ендік мәндері жазылған сопақ
пішінді тұйық сызықтар көрсетілген. Оның орны мен пішіні бақылау-
шының Жер бетінде орналасуына, яғни оның тұрған орнының геогра-
фиялық ендігіне тәуелді. Бақылаушының орналасу орнының ендігіне
сәйкес бұрыштық белгі салынған қисық бойымен қиып алғанда, оның
тұйық жиегі осы орынның математикалық горизонтқа (көкжиегіне)
сәйкес болады. Көкжиек бойында дүниенің «төрт бұрышы» белгіленген.
Егер оңтүстік пен солтүстік нүктелерінің арасында жіп керілген болса,
онда ол аспан меридианын көрсетеді. Осы жіптің орта шенін жуықтап
зенит ретінде санауға болады. Оның дәл орны керілген жіптің Жер енді-
гі -ге тең аспан ендігімен қиылысқан нүктесіне сәйкес келеді. Мысалы,
Алматы үшін ( = 43,25
°) зениттің аспандағы орны картада = 43,25°
ендік шеңберін сызып, сол шеңбердің талтүстік сызықпен қиылысқан
нүктесін белгілеу арқылы анықталады. Қондырма дөңгелектің жиегі
24 сағ-қа, ал әр сағат 6 бөлікке бөлінген. Бұл дөңгелекте сағат сандары-
ның мәні жергілікті уақыт бойынша белгіленген. Бақылау кезінде бұл
жайт есте болу керек. Қондырма дөңгелектің ойылып алынған жерін
мөлдір қағазбен желімдеп жапсырып, онда талтүстік (меридиан) сызығы
мен зенит орнын белгілесе және картаны дүненің солтүстік полюсі нүк-
тесінен шегеге қондырса, жылжымалы карта қолдануға ыңғайлы болады.
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасының көмегімен әртүрлі
астрономиялық есептерді шеше аламыз. Берілген орындағы жұлдыздар-
дың шығуы, батуы, жоғары және төмен шарықтауының, яғни көкжиек-
тен ең биік және ең төмен орналасуының қай күні, қай уақытта өтетінін
анықтауға болады. Мәселен, берілген күннің белгілі бір уақытында жұл-
дызды аспанның көрінісін анықтау үшін қондырма дөңгелегінің сағат-
тық жиегіндегі уақыт шамасы картаның жиегіндегі күн санымен сәй-
кестендіріледі. Осы кезде ойық ішінде аспанда көрінетін жұлдыздар пай-
да болады. Шарықтау шегінде талтүстік сызық бойындағы жұлдыздар-
дың дүниенің солтүстік полюсінің оңтүстік жағындағылары жоғары, ал
оның солтүстік жағындағылары төменгі шарықтау сәтінде орналасады.
Шығып келе жатқан жұлдыздар көкжиектің шығыс бөлігінде, ал батып
бара жатқандары батыс бөлігінде орналасады.
60
ПРОЕКТ
5. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын (ЖАЖК) қолдануға
мысал келтірейік. Қазақ халық астрономиясында кейбір жұлдыздар мен
шоқжұлдыздардың шығу және бату заңдылықтарын тұжырымдайтын
жұлдыз ережесі бар. Солардың бірінде Үркер, Үшарқар (Таразы) және
Сүмбіле «үш айда туып, бір айда батар» деп айтылады.
Осы ереженің растығын және оның қай мезгілде орындалатындығын
ЖАЖК-ын қолданып тексерейік. Бұл ережеде аспан шырақтарының ең
соңғы кешкі батуы мен таңер-теңгі ең алғаш тууы туралы айтылған.
Олар бақылаушының тұрған орнының географиялық ендігіне де тәуелді.
Біз қондырма дөңгелекті эллипс пішінді қисықтың = 45
° мәніне сәй-
кес кесіп алып қолданамыз.
Қондырма дөңгелекті карта бетіне орналастырып, дөңгелекті жоғары-
да аталған шырақтар оның ішкі жиегінің батыс тұсында орналасқанша
айналдырамыз. Сөйтіп, сағаттық дөңгелектен және айлар мен күндер
көрсетілген жиектен аталған шырақтар, жуықтап алғанда 5–15 мамыр
аралығында, келесі ретпен: Үркер, Үшарқар (Таразы) және Сүмбіле
жергілікті уақыт бойынша 20 сағ кезінде бататынын анықтаймыз.
Қондырма дөңгелекті сағат тілінің қозғалу бағыты бойымен айнал-
дыра отырып, бірінші болып Үркер туатынын байқаймыз. Үркердің
жуықтап алғанда тууы – маусымның 23 күні жергілікті уақыт бойынша
2 сағ-та болады. Дәл осылайша Үшарқар (Таразының) шамамен шілде-
нің 27-де 3 сағ 25 мин-та, ал Сүмбіле 20 тамызда 3 сағ 5 мин-та туатынын
анықтаймыз. Сондықтан қазақтар арасында «Сүмбіле туса су суиды» деп
күз маусымының басталғанын білдіреді.
1. Аспан координаталарының жүйелері не үшін қолданылады? Олар қалай
аталады?
2. Горизонттық (көкжиектік) координаталар жүйесі деп қандай жүйені ай-
тады? Координаталары қалай аталып белгіленеді? Қалай анықталады?
3. Экваторлық координаталар жүйесі деп қандай жүйені айтады? Коор-
динаталары қалай аталып, белгіленеді? Қалай анықталады?
4. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы не үшін жасалған? Оның
негізіне қай өңірдің астрономдарының ғылыми және өнертапқыштық
еңбектері алынған?
5. Әлемнің солтүстік полюсі жылжымалы картада қай орында орналас-
қан? Аспан меридианының орнын картада қалай табуға болады?
6. Картадан берілген мекенжайдың зенит нүктесінің орнын қалай табуға
болады?
Сұрақтар
?
61
ПРОЕКТ
1. Сириус жұлдызының Темірқазықтан бұрыштық қашықтығы 106
°.
Сириустың еңістік координатасының мәні оң бола ма, әлде теріс бола ма?
2. Бұрыштық өлшемге айналдырыңдар: а) 6 сағ 24 мин; ә) 18 сағ 43 мин.
3. Сағаттық өлшемге айналдырыңдар: а) 90
°30′; ә) 105°43′.
4. Жұлдыздардың аспан сферасының қай жартышарында орналасқанын
анықтаңдар.
1. Жұлдыздық картадан оқулықтағы қосымшада келтірілген жұлдыздар-
ды координаталары бойынша табыңдар.
2. Жұлдыздық карта бойынша мына жұлдыздардың экваторлық коорди-
наталарын анықтаңдар: а) Орион; ә) Лира. Алынған мәліметтерді
қосымшадағы осы жұлдыздардың координаталарымен салыстырыңдар.
3. ЖАЖК-ның көмегімен төменде келтірілген шоқжұлдыздардың қайсы-
лары өздерің тұратын орында батпайтынын анықтаңдар: а) Үлкен аю;
ә) Лира; б) Цефей; в) Бүркіт; г) Аққу; д) Кассиопея; е) Жетекші.
4. Оқулықта айтылған халық ережесін = 55
° ендікте қалай орындалаты-
нын тексеріңдер. Нәтижесі 45
° ендіктегі нәтижемен салыстырыңдар.
5. ЖАЖК-ның көмегімен күн мен түннің теңелу және тоқырау кездерінде-
гі экваторлық координаталарын, осы кездері Күннің шығу және бату
уақытын анықтаңдар.
1. Бақылаушы шар пішінді Жер бетінде орналасқандықтан, жұл-
дызды аспан көрінісі оның тұрған орнының географиялық ендігіне
байланысты әртүрлі болады. Географиялық ендік мәніне байланысты
шырақтардың тәуліктік параллельдері көкжиекке
қатысты әртүрлі бұрышпен орналасады.
Жердің солтүстік
Р полюсінде орналасқан бақы-
лаушыға аспан сферасының тек солтүстік жарты-
шары, ал оңтүстік полюсте оның оңтүстік жарты-
шары ғана көрінеді. Жер полюстерінде дүние өсі тік
сызық бойымен сәйкес келеді. Жұлдыздардың тәу-
ліктік параллельдері көкжиекке параллель орна-
ласады (сурет 2.12), яғни барлық жүлдыздар
батпайды және тумайды.
Жаттығу 2.2
Практикалық тапсырма
§10.
әртүрЛі гЕОгрАФИяЛЫҚ ЕНдіКтЕгі АСпАН
ШЫрАҚтАрЫНЫң КөріНЕрЛіК ҚОЗҒАЛЫСЫ
Сурет 2.12. Жұлдыз-
дардың тәуліктік
параллельдері
Р Темірқазық
62
ПРОЕКТ
Бақылаушы солтүстік полюстен экваторға сапар шеккенде, жұлдыз-
ды аспан көрінісі өзгеріп отырады. Дүниенің солтүстік полюсінің зенит-
тен бұрыштық қашықтығы біртіндеп өседі. Осыған орай жұлдыздар-
дың тәуліктік параллельдері горизонтқа (көкжиек) көлбеу орналасады.
Сөйтіп, аспан экваторы мен көкжиек жазықтықтарының арасындағы
бұрыш та өсетін болады; соның салдарынан аспан сферасының экваторға
таяу бөлігіндегі жұлдыздар көкжиектен шығып, көкжиекте бататын
болады, мысалы,
В жұлдызы (сурет 2.14).
Бақылаушы Жер экваторына жеткенде, дүние полюстері көкжиек-
ке (оның тура солтүстік және оңтүстік нүктелеріне) дәл келеді. Ал
аспан экваторы зенит арқылы өтеді. Жұлдыздардың қозғалысы аспан
экваторына параллель болғандықтан, олар шығыс көкжиектен оған тік
бұрыш жасай көтеріліп, сол қалпында батыс көкжиекке төмендейді
(сурет 2.13). Экватордағы бақылаушы аспаннан оның екі жартышары-
ның барлық жұлдыздарын көре алады.
Зенит
S
N
E
W
A
ж
В
ж
Р
A
т
В
т
N
S
ж
C
ж
C
Р
1
C
т
О
В
А
Көкжиек
Аспан экваторы
Сурет 2.13
Сурет 2.14
Батыс
Шығыс
2. Шырақтардың шарықтауы (кульминациясы). Шырақтардың қоз-
ғалыс барысында көкжиектен ең жоғары және ең төмен орналасуы олар-
дың
шарықтауы деп аталады. Шырақтың көкжиектен ең биік және ең
төмен орналасуын тиісінше
жоғарғы және төменгі шарықтауы дейді.
Сурет 2.14-те жұлдыздардың орта ендікте бақыланатын тәуліктік коз-
ғалысының траекториялары көрсетілген. Мұнда
А жұлдызы – батпай-
тын жұлдыз. Оның жоғарғы (
А
ж
) және төменгі (
А
т
) шарықтауы көкжиек
үстінде болса,
В жұлдызының тек жоғарғы шарықтауы ғана көкжиек
үстінде болады. Ал
С жұлдызы – бұл орында тумайтын жұлдыз. Оның
жоғарғы және төменгі шарықтауы көкжиек астында болады.
3. Тәуліктік қозғалыс кезінде шырақтардың көкжиектік координа-
таларының өзгеруі. Орта ендікте орналасқан бақылаушы үшін шырақ
белгілі бір мезетте көкжиектің шығыс тұсында
М
1
нүктесінде шығады
(сурет 2.15). Бұл сәтте оның көкжиектік координаталары
һ = 0
°,
63
ПРОЕКТ
А = ∠ SОМ
1
. Шырақ көкжиектен көтеріле оты-
рып, аспан меридианы арқылы өту сәтінде
М
2
нүктесінде жоғарғы шарықтауда болады. Оның
азимуты
А = 0
°, ал биіктігі һ = ∠ SОМ
2
. Уақыт
өткен сайын шырақтың биіктігі кеми береді де,
ол
М
3
нүктесінде көкжиектің батыс жағындағы
бату сәтіне келеді:
һ = 0
°, А = ∠ SОМ
3
. Шырақ
өзінің одан арғы жолын көкжиек астында жал-
ғастырады.
М
4
нүктесінде ол қайтадан аспан ме-
ридианын қиып өтеді. Бұл шырақтың төменгі
шарықтауы
һ = ∠ NОМ
4
,
А = 180
°. Шырақ өз жолының соңғы бөлігін
төменгі шарықтау нүктесінен көкжиектен шығу нүктесіне дейін жүріп
өтеді. Осылайша шырақтың көкжиектік координаталары тәулік ішінде
үздіксіз өзгеріп отырады.
1. Жұлдызды аспанның тәуліктік қозғалысының көрінісі бойынша бақы-
лаушы өзінің Жердің солтүстік полюсінде орналасқанын анықтай ала
ма? Неге?
2. Дүнис полюсі бақылаушы экваторда тұрғанда көкжиектің қай нүкте-
лерінде орналасады?
3. Аспан меридианын жұлдыздар тәулігіне неше рет кесіп өтеді?
4. Мына жұлдыздар мен аспан сферасының нүктелері шарықтау сәтінде
бола ала ма: а) Темірқазық; ә) дүние полюстері; б) көктемгі күн мен
түннің теңелу нүктесі?
5. Шырақтардың шарықтауы ұғымына сүйеніп, шығатын немесе бататын,
шықпайтын және батпайтын жұлдыздардың анықтамасын беріңдер.
1. Жұлдызды картадан Үлкен аю, Кіші аю, Кассиопея, Аққу, Арыстан,
Пырақ, Сиыршы және Орион шоқжұлдыздарын тауып, олардың пі-
шіндерін естеріңде сақтап, дәптерге сызбаларын салыңдар.
2. ЖАЖК-сын бақылау сабағы өтетін уақыт пен күнге келтіріп, осы
уақытта 1-пункттегі шоқжұлдыздардың қайсысы көкжиектен жоғары
орналасқандығын, қайсысы шығып немесе батып келе жатқанын және
шарықтауына жеткенін анықтаңдар.
3. ЖАЖК-сын бақылау орындалатын күні 0 сағ, 6 сағ, 12 сағ және 18 сағ
уақыттарына келтіріп, осы кездерде Үлкен аю, Кассиопея, Орион мен
Аққу шоқжұлдыздарының Темірқа зықтың қай тұсында (шығыс, ба-
Аспан экваторы
Көкжиек
S
N
M
2
P
О
M
1
M
3
M
4
P
1
Сурет 2.15
Сұрақтар
?
Практикалық тапсырма
64
ПРОЕКТ
тыс, оңтүстік не солтүстік) орналасқандарын анықтап, төмендегі кесте-
ні толтырыңдар. Жұлдызды аспан көрінісінің өзгеру себебі жөнінде
тұжырым жасаңдар.
Шоқжұлдыздардың аспан тұстарында орналасуы
Шоқжұлдыздар
Уақытқа байланысты орналасуы
0 сағ
6 сағ
12 сағ
18 сағ
Үлкен аю
Кассиопея
Орион
Аққу
4. ЖАЖК-ның көмегімен 21 наурызда (22 маусым, 23 қыркүйек және
22 желтоқсанда) Альтаир, Сириус, Поллукс, Ригель, Антарес жұл-
дыздарының шығу, жоғарғы шарықтау, бату және төменгі шарықтау
уақыттарын анықтаңдар. Төмендегі кестені толтырыңдар.
Жұлдыздардың шығу, шарықтау жэне бату уақыттары
Күні
Жұлдыздар
Уақыт, сағ, мин
Шығуы
Жоғарғы
шарықтауы
Батуы
Төменгі
шарықтауы
21.03 Альтаир
Сириус
Поллукс
Ригсль
Антарес
1. Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшеу үшін астрономия-
лық құбылыстармен тығыз байланысты табиғи бірліктер қолданылады.
Уақыттың негізгі табиғи бірліктері –
тәулік, ай және жыл. Бұлардың
алғашқысы күн мен түннің алмасуына, екіншісі Ай жүзінің (фазасы-
ның) өзгеруіне, ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына
байланысты.
Тәулік дегеніміз – Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қа-
тысты өз өсінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы.
§11.
жЕргіЛіКті, БЕЛдЕуЛіК жәНЕ БүКіЛәЛЕМдіК уАҚЫт
65
ПРОЕКТ
Мұндай дене ретінде Күн немесе кез келген жұлдыз алынуы мүмкін.
Олай болса, біз
күн тәулігі және жұлдыз тәулігі деген ұғымдарды
ажырата білуіміз қажет.
2. Нақты және орташа күн тәулігі. Күн шарығының (дискісінің)
орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сәті
нақты талтүс деп, ал тө-
менгі шарықтауы
нақты түн ортасы деп аталады.
Күннің екі аттас шарықтау аралығы
нақты күн тәулігі деп аталады.
Бірақ мұндай тәуліктің ұзақтығы жыл бойы тұрақты болмайды. Бұл
Күннің көрінерлік қозғалысы экватор емес, эклиптика бойымен өтуінен
әрі біркелкі еместігінен туындайды. Сондықтан күнделікті өмірде
ұзақтығы тұрақты 24 сағ болатын
орташа күн тәулігі пайдаланылады.
Орташа күн тәулігі ретінде аспан экваторы бойымен бірқалып-
ты қозғала отырып, бір жылда толық айналым жасайтын жорамал
нүктенің (бұл нүкте орташа күн деп аталады) аттас екі рет шарық-
тауға қажет уақыт аралығы қабылданады.
Күн тәулігінің басы түн ортасынан, яғни Күннің төменгі шарықтауынан
басталады.
3. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күннің аспан
меридианы арқылы өту сәті, әрине, бақылаушы орнының географиялық
бойлығына тәуелді. Бақылаушы шығысқа қарай жылжыған сайын Күн-
нің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады.
Демек, Күннің меридиан арқылы өту сәті бізге
жергілікті орынның күн
уақытын береді. Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген
географиялық меридианда ғана қолданылатындықтан, күнделікті өмір-
де
белдеулік уақытты қолдану ыңғайлы. Бұл үшін Жер беті полюстер-
ді қосатын сызықтар көмегімен 24
сағаттық белдеулерге бөлінген. Әр
сағаттық белдеу бойлық бойымен 15
°-қа созылады. Әр белдеудің ішін-
де оның орталық меридианындағы орташа күн уақыты осы аймақтың
белдеулік уақыты ретінде алынады.
Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан
нө-
лінші меридиан ретінде қабылданған және ол белдеу нөлінші сағаттық
белдеу (сурет 2.11) болып табылады. Гринвич меридианындағы жергі-
лікті орташа күн уақыты
бүкіләлемдік уақыт ретінде қабылданған.
1 сағаттық белдеудің (
n = 1) орталық меридианы Гринвич меридианы-
нан 15
° шығысқа қарай орналасқан. Басқа сағат белдеулерінің де бас-
тапқы меридиандары осылай анықталады. Ал олардың екі жақ шегара-
лары мемлекеттік және әкімшілік шегаралары бойынша немесе табиғи
аймақтармен (өзен, тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасы-
ның аумағы арқылы 4 және 5 сағаттық белдеу өтеді.
Бүкіләлемдік уақытты (
Т
0
) және берілген орынның белдеуінің реттік
66
ПРОЕКТ
санын (
n) біле отырып, белдеулік уақытты табу оңай:
Т
n
=
Т
0
+
n. (2.4)
1930 ж. көктемде үкімет декреті бойынша КСРО аумағында
декрет-
тік уақыт енгізілді: барлық сағаттық 200 белдеулерде сағат тілі тұ-
рақты түрде бір сағатқа ілгері жылжытылды. Кейбір елдерде декреттік
уақытты жаз айларында тағы 1 сағ ілгері жылжыту қабылданған.
Алматы және Астана уақыты (5 сағ-тық белдеу) бүкіләлемдік уақыт-
тан 6 сағ алда.
Т
5
=
Т
0
+ (
n + 1) = Т
0
+ 6 сағ.
Географиялық бойлығы болатын орындағы
Т
жергілікті орташа
күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлықтың уақыт бірлігіндегі
мәнін қосу арқылы анықталады:
Т
=
Т
0
+ . (2.5)
1. Нақты және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
2. Бүкіләлемдік уақыт жер бетінде қай орынның жергілікті уақытына
сәйкес келеді?
3. Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?
4. Астана уақыты ендік мәні қанша градус болатын орынның жергілікті
уақытына дәл келеді?
5. Жергілікті Алматы және Астана уақыттары бірдей ме? Осы қалаларда-
ғы жергілікті уақыттардың айырымын есептеу үшін бізге нені білу
керек?
6. Алматы мен Астанада белдеулік уақыт бірдей ме?
1. Алматы мен Астананың 5-сағаттық белдеуде орналасқанын біле оты-
рып, Алматы немесе Астана уақыты қай бойлықтың жергілікті
уақытына сәйкес келетінін есептеп шығарыңдар.
2. Қазақстан Республикасының ең шығыс шегарасы = 89
°20′ бойлық
арқылы, ең батыс шегарасы = 46
°30′ арқылы өтеді. Осы екі геог-
рафиялық орындардың жергілікті орташа күн уақыттарының айыры-
мын табыңдар.
3. Астана уақыты бойынша сағат 18 сағ 24 мин болғанда, географиялық
ендіктері = 71
°25′ және = 76°55′ болатын Астана мен Алматы қа-
лаларының жергілікті уақыттарын есептеңдер.
Сұрақтар
?
Жаттығу 2.3
67
ПРОЕКТ
1. Поляк ғалымы
Николай Коперник (1473–1543 жж.) өзінің Күн
жүйесінің гелиоцентрлік моделін (үлгісін) жасағанда ертеде қалыптас-
қан планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғала-
тыны туралы қағидаға сүйенді. Алайда неміс астрономы
Иоганн Кеплер
(1571–1630 жж.), Дания астрономы Тихо Брагенің (1546–1601 жж.) өте
мұқият жасаған Марс қозғалысына қатысты бақылау жұмыстарының
нәтижелерін пайдаланып, планеталардың орбиталарының эллипс бола-
тынын анықтады. Сөйтіп, ол планеталардың эллипс бойымен қозғалы-
сының үш заңын ашты.
2. Кеплердің бірінші заңы:
барлық планеталар Күнді эллипс бо-
йымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Эллипстің екі симметрия өсі бар: үлкені
АА
1
= 2
а, кішісі ВВ
1
= 2
b.
Мұндағы
а – үлкен жарты өсі, b – кіші жарты өсі деп аталады (сурет
2.16). Оның
F
1
және
F
2
екі фокусы симметрия центрі болып табылатын
О нүктесінен OF
1
=
OF
2
=
c = а
2
–
b
2
қашықтықта орналасқан.
Эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінен фо-
кустарға дейінгі қашықтықтардың қосындысы әрдайым үлкен өстің
ұзындығына тең:
МF
1
+
МF
2
= 2
а = const.
Эллипстің шеңберден айырмашылығы
е = с/ а қатынасы арқылы
анықталады. Бұл қатынас эллипстің
эксцентриситеті деп аталады.
Эксцентриситет неғұрлым үлкен болса, эллипстің шеңберден айырма-
шылығы да соғұрлым көп болады. Егер
с = 0 болса (эллипстің фокустары
центрімен беттеседі), онда эллипс радиусы
а болатын шеңберге айналады.
Шолпан мен Жер орбиталарының пішіндері шеңберге өте жақын
(Шолпан орбитасының эксцентриситеті 0,0068, Жердікі 0,0167). Өзге
планеталардың көпшілігінің орбиталары әлдеқайда созылыңқы болып
келеді. Орбитаның Күнге ең жақын нүктесін
перигелий (грек. реrі – таяу,
һеlіоs – Күн), оның ең алыс нүктесі афелий (грек. аро – алыс) деп ата-
лады. Эллипстің үлкен
а жарты өсі планетадан Күнге дейінгі орташа қа-
шықтыққа тең. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық Күн жүйесінде
қолданылатын қашықтықтың өлшем бірлігі ретінде қабылданған. Оны
астрономиялық бірлік (а.б.) деп атайды: 1 а.б. = 149 600 000 км.
Жердің табиғи серігі Айдың және кез келген жасанды серіктердің
Жерге ең таяу келетін нүктесі
перигей (грек. Гея – Жер), ал ең алыс
нүктесі
апогей деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |