Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет122/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Диагностикалық өлшемдер 
1.Шағымы мен сыртартпада: ырғақты емес сипаттағы жүрек 
қағысы, пароксизмдер, жүрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялық 
асқыныстар. 
2.Физикалдық зерттеу: жүрек аускультациясы – ЖА тұрақты 
түрінде дұрыс емес ырғақ, жүректің органикалық патологиясы мен 
СЖЖ белгілері, жүрек жеткіліксіздігі асқынған сайын – кіші қан 
айналымда сұйықтың іркілу белгілері, өкпенің төменгі бөліктерінде
ылғалды ұсақ және ірі көпіршікті сырылдар пайда болады. 
3.Зертханалық зерттеулер: 
Коагулограмма – коагулопатияны жоққа шығару үшін, тікелей 
антикоагулянттардан бастап тікелей емес антикоагулянттарға 
көшетін антикоагулянтты терапияны жүргізу.
ХҚҚ 
тікелей 
емес 
антикоагулянттардың 
мөлшерлерін 
таңдағанда (ХҚҚ 2-2,5 деңгейіне дейін күнделікті 3 күн бойы 
бақылау, одан кейін айына 1 рет). 
4.Аспаптық зерттеулер: 
А.ЭКГ: 
Қарыншалар миокардының гипертрофия белгілері, ЖА бар 
науқастарда синусты ырғақта Р тісшесінің морфологиясы мен 
ұзақтығы, өткізгіштіктің бұзылыс белгілері (блокадалар, 
асистолиялар, синусты брадикардия), миокардтың органикалық 
өзгерістерінің белгілері (тыртықтар); тұрақты түрінде – қалыпты Р 
тісшелердің осцилляциясы немесе жыбыр толқындарының көлемі 
мен түрлері әр түрлі, АВ-өткізгіштігінің бұзылысында болатын 
қарыншалардың дұрыс емес жиырылуларымен байланысты 
жүрекшелер жыбыры кезіндегі қарыншалардың жиырылу жиілігі
АВ түйіннің электрофизиологиялық қасиеттеріне, жүйке жүйесінің 
симпатикалық және парасимпатикалық белсенділігінің деңгейіне 
және дәрілік заттардың әсеріне байланыстары өзгереді.
Б.Түсті 
доплерографиямен 
бірге 
трансторакальдық
эхокардиографиясы: 
-миокардиалдық және қақпақтық патологияның болуы;


228 
-сол жүрекше өлшемдері, 
-сол қарыншаның өлшемдері мен қызметтері
В.өңеш арқылы эхокардиография – сол және оң жақ жүрекше 
құлақшаларының жүрекішілік тромбтары, кенеттен болған 
эхоконтрастирлеу. 
Г.Тәуліктік (Холтерлік) ЭКГ мониторингі (диагностикалық 
және терапияны бақылау үшін): 
- тұрақты түрінде – қарыншалардың барынша жоғары, орташа 
жиырылу жиілігі, үзілістердің болуы (асистолия), қарыншалық 
ырғақ бұзылысына қосарланады;
-пароксизмальдық 
түрінде – жыбыр аритмиясының
қарыншаүстілік экстрасистолалар, брадикардиялар (тахи-бради 
синдромы) болуы, синусты ырғақтың қалпына келу көріністері 
(асистолия арқылы). 
Д.Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы (ӨАЭС)– 
пароксизмалдық түрінде ЖА пароксизмінің индукциясы мен оны 
тоқтату үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет