Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет120/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

АРИТМИЯЛАР 
 
Жүрек аритмиялары (жүрек ырғағының бұзылысы) – жүрек 
импульстерінің пайда болу үрдістері және олардың өткізгіштігінің 
бұзылысына алып келетін жүректің электрлік импульстерінің
жиілігі, реттілігі мен генерациясы ошағының өзгерісін сипаттайтын 
жинақы түсінік.
 
Ырғақ пен өткізгіштің бұзылысының жіктелуі
Импульстердің түзілуінің бұзылысы ( автоматизм бұзылысы) 
1.Синусты түйіннің автоматизмінің өзгеруі: 

синусты аритмия 

синусты брадикардия 

синусты тахикардия 

синусты түйіннің әлсіздік синдромы (СТӘС) 
2. Эктопиялық жиырылулар мен ырғақтар (екіншілік және 


225 
үшіншілік автоматизм ошақтарында - ырғақ өткізгіштігіне
электрлік импульстің пайда болуы) орналасуына байланысты:

қарыншаүстілік (автоматизм ошағы жүрекшелер мен АВ 
түйінде) 

қарыншалық (автоматизм ошағы жүректің қарыншаларында) 
2а. Енжар эктопиялық жиырылулар мен ырғақтар (СА түйіннен 
импульстер жиілігінің азаюы немесе болмауы және СА түйіннен 
импульстер өткізілуінің блокадасы кезінде екіншілік және 
үшіншілік автоматизм ошақтарынан алмасушы импульстер): 

алмасатын жиырылулар (бір рет) 

алмасатын ырғақ (жүрекшелік жүргізуші ырғағы, АВ түйіннен 
қосындылары немесе қарыншалардан - синусты емес сипаттағы 3 
және одан көп импульстердің дамуы) 

жүргізуші ырғақтың миграциясы
2б. Белсенді эктопиялық жиырылулар мен ырғақтар: 

экстрасистолалар 

эктопиялық ырғақтар (эктопиялық ырғақтар жиілігі синустық 
ырғақтың жиілігінен басым; эктопиялық ырғақ әдетте СА түйіннің 
өзіндік белсенділігін тежейді): 
– қарыншаүстілік тахикардиялар (жүрекшелік, АВ түйіндік) 
– жүрекшелер жыбыры мен дірілі
– қарыншалық тахикардия 
– қарыншалар жыбыры мен дірілі
Өткізгіштіктің бұзылуы 
1.СА блокадалар (I–III дәрежелі) 
2.АВ блокадалар (I–III дәрежелі) 
3.қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылысы (ерекше емес және 
Гис аяқшаларының блокадасы) 
 
Қарыншалардың уақытынан бұрын қозу синдромы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет