Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет92/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдер 
1.
Созылмалы жүйке-психикалық жарақаттар мен қызметтік 
зияндылықтарға байланысты АҚ жоғарлауы.
2.
Тұқымқуалаушылық бейімділік (40-60%). 
3.
Жиі жағымды ағымды.
4.
Тәулік бойы систолалық АҚ айқын өзгеріп тұруы. 
Ағымның криздік сипаты.
5.
Симпатикотонияның жоғарлауының клиикалық белгілері, 
тахикардияға, терлегіштікке, үрей сезіміне бейімділік.
6.
АГ-ның клиникалық, ЭКГ және рентгенологиялық 
белгілері.
7.
Көз түбінде 1-3 дәрежелі Салюс-Гунна синдромы.
Бүйректің концентрациялық қызметінің орташа төмендеуі
(изогипостенурия, протеинурия). 
8.
АГ асқыныстарының болуы (ЖИА, СЖЖ, ми-
қанайналым бұзылысы). 


167 
Шағымдары мен сыртартпасы: 
 
1.АГ болу ұзақтығы, АГ 
жоғарлау деңгейі, гипертониялық 
криздердің болуы.
 
2.АГ-ның екіншілік түрінің диагностикасы: 

Отбасылық сыртартпада бүйрек аурулары (бүйрек 
поликистозы);

Сыртартпада бүйрек ауруларының, қуықтың инфекциясы, 
гематурия, анальгетиктерді шектен тыс қолдану болса (бүйректің 
паренхиматозды аурулары);

Әр түрлі дәрілік заттарды қолдану: оральдық ұрықтануға 
қарсы заттар, назальдық тамшылар, стероидты және стероидты 
емес қабынуға қарсы препараттар, кокаин, эритропоэтин
циклоспориндер;

Пароксизмальдық тер ағу көріністері, бас аурудың, үрей 
сезімінің, жүрек қағудың көріністары (феохромоцитома);

Бұлшық 
етті 
әлсіздік, 
парестезия, 
тырысулар 
(альдостеронизм)
3. Қауіп себептері:

АГ, жүрек-тамыр аурулары, дислипидемия, қант диабеті 
бойынша тұқымқуалаушылықтың болуы;

Науқас 
сыртартпасында 
жүрек-тамыр 
аурулары, 
дислипидимия, қант диабетінің болуы;

Шылым шегу;

Дұрыс тамақтанбау;

Семіздік;

Физикалық белсенділіктің төмен болуы;

Ұйқы кезінде қорылдау мен тыныс алудың тоқтауы
(туыстарының айтуы бойынша);

Науқастың тұлғалық ерекшеліктері. 
4. 
Нысана-мүшелердің зақымдалуы мен ассоцирленген 
клиникалық жағдайларды көрсететін белгілер: 

Бас ми мен көз – бас ауырсынуы, бастың айналуы, 
көрудің, сөйлеудің бұзылысы, ТИШ, сенсорлы және қозғалтқыш 
бұзылыстар;

Жүрек – жүрек қағысы, кеуде қуысында ауырсыну, 
ентігу, ісінулер;


168 

Бүйрек – шөлдеу, полиурия, никтурия, гематурия, 
ісінулер;

Шеткері артериялар – аяқ-қолдарының суық болуы, 
алмасулы ақсаңдау
5. Алдында қабылдаған антигипертензивті терапия: қолданған 
антигипертензивті препараттар, олардың әсері мен көтере алуы.
6. Жұмыс орнының, тұрмыстық жағдайының және сыртқы 
орта себептерінің АГ-ға әсер етуін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет