кұндылыктык бағдарларын карастырмасак жеткіліксіз болар еді.
Мысалы, казіргі замандағы көрнекті психоаналитик және этиктердің
бірі Э.Фромм жемісті емес жэне жемісті бағдарларды бөліп көрсетеді.
Бұл жерде берілген ұгымдардың белгілі бір индивидтің мінезін сипаттау
емес, "идеалды типтер" екендігін ескеруі кажет. Әдетте эрбір түлғаның
мінезі бұл бағдарлардьщ барлығын немесе кейбірін білдіреді, бірак оның
біреуі басымдылыкка ие болады.
Жемісті емес бағдарлар рецептивті, каналушы, сараңдық жэне
нарықтык бағдарларға бөлінеді. Рецептивті бағдарда адам барлык
игіліктердің көзі сыртта жатыр, калаған нэрсенді алудың жалғыз тәсілі -
мейлі ол материалдык болсын, сүйіспеншілік, білім, лэззат алу болсын,
оны тек осы сырткы көзден алу деп есептейді. Ең бастысы - өзің сүю
емес, сүйікті болу. Олар тек беделді адамға, камкоршыларға ғана емес
кандай да болсын көмек көрсетуге кабілетті адамдардың барлығына да
бағынышты. Олар бизнес саласында әлсіздеу, өйткені олар тәуелсіз
емес жэне жасканшақ. Жалпы алғанда алушы бағдардағы адамдардың
дүниетанымы оптимистік жэне ашык-жаркын болып келеді, олардын
өмірге және оның сыйына деген сенімділіктері бар, бірак күнкөріс көзін
жоғалту каупі туғанда олар тынышсызданып, беймаза күй кешеді.
Қанаушы бағдардың рецептивтілікпен ұқсастығы, олар үшін де
барлык игіліктің көзі өзінен тыс орналасады деп есептеуде. Ал
айырмашылығы, канушы тип бір нэрсені өзгелерден сыйға аламын деп
үміттенбейді, калаған нэрсесін олардан күшпен немесе кулыкпен тартып
алады. Интеллектуалдык эрекетте ол сүғанактыкпен (плагиаттық)
айналысады. Өзгелерден тартып алған нәрсе оған үнемі өзінікінен жаксы
көрінеді де тұрады. Олардың кұндылыктык кондырғысы дұшпандыктын
жэне манипуляцияның (жүмсаушылыктың) койыртпағымен боялған
254
|