алуына, оның "корабының" каншалықты тартымдылығына, оның каншалыкты сергек, берік, жіті жэне сенімділігіне, оның отбасылык жағдайына, кандай клубка жататындығына, керек адамдармен таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бакыты туралы ойланбайды, калай өтімді тауарға айналуын ойлайды. ¥тымды тауар сиякты адам да тұлға рыногында сәнді болуы тиіс, ал сэнді болу үшін тұлғаның қандай түрінің сүраныска ие екендігін білуі тиіс. Мүндай үлгілердің картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді. Қазіргі адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де қабылдағандыктан оның өзін-өзі бағалауды өзінен тыс жағдайларға бағынышты. Егер ол үлгеріп отырса - кұны бар, ал олай болмаса — ол кұнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен біртұтас емес, өйткені оны колдану процесіндегі өзін көрсету емес, оларды сату процесіндегі оның табысы маңыздырак. Ойлаудьщ мұндай типі казіргі білім беру жүйесінде де өзінің герен ықпалын тигізеді. Окытудың максаты ең алдымен нарык үшін пайдалы акпаратты барынша көп жинактауға келіп тіреледі. Студенттерге өте көп 255
нәрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей қалады... Барлык бағдарлардың да өмірде өз үлестері бар, ал олардың кайсысының болмасын басымдылығы индивидтің өмір сүретін мәдени отрасының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, канаушы бағдар табиғи жэне адами ресурстарын тек өз елінде ғана емес, шамасы жеткен өзге елдерде де пайдаланып қалуға тырысқан авторитарлы жүйелерде үстемдік етті. Олар күштің кұкын жариялап, оны күштінің тірі қалуын