Оқулық Т. Артыкова Қазақ тілі 9-сынып Сыныбы: 9«А» Пәні: қазақ тілі



бет4/11
Дата20.06.2018
өлшемі0,59 Mb.
#43656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Уақытты босқа өткізбе

Тыңдалым. Мектептегі үйірмелер
Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олар: «Маржан» тіл үйірмесі, экологиялық, қуыршақ, елтану, қолөнер, дене шынықтыру үйірмелері. Мектеп оқушылары өздеріне ұнайтын үйірмелерге белсенді қатысады. «Маржан» тіл үйірмесінде біз тілді меңгерумен қатар мақал-мәтелдер, өлеңдер, ақыл-нақыл сөздерді жаттап, білім алудамыз. Экологиялық үйірмеде біз еліміздегі экологиялық жағдайды бақылап, экологиялық апаттардың болу себебін, сонымен қатар бұл апаттарды болдырмау мәселесін қарастырамыз.
Бастауыш сынып оқушылары «Қуыршақ» үйірмесіне қатысады. Әр түрлі қойылымдар қояды. Олар мектеп сахнасында өз өнерлерін көрсетеді. Елтану үйірмесінің жұмысы да қызықты өтеді. Мұнда оқушылар мемлекетімізге, елімізге қатысты түрлі мәліметтерді жинап, ғылыми жобалар жазады. Ал дене шынықтыру үйірмесіне келсек мұнда оқушылар әртүрлі спорт түрлерімен шұғылданады. Денелерін шынықтырады. Спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Оқушылар бос уақыттарын қызықты өткізеді. Ал біз үйірмелерге қатыса отырып, ..... .
Айтылым. 1-тапсырма. Мәтін не туралы екенін өз сөзіңмен айт.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Сен қандай үйірмеге барасың?

Неліктен бұл үйірмені таңдадың?

Айтылым. 3-тапсырма. Өзің қатысатын үйірмең туралы әңгімеле.

Жазылым. 4-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар.

Сөйлесім. 5-тапсырма. «Елтану» үйірмесі тақырыбына диалог құрастырыңдар.

13.Пән: қазақ тілі

Сынып: 9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Уақыт алтыннан қымбат.

Оқыту мақсаты: Оқушылар тақырып төңірегінде мәлімет алады, соның негізінде сұхбаттаса біледі.

Күтілетін нәтиже:

- алтыннан қымбат деген сөздің мағынасын біледі;

- мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойын жеткізе алады;

- уақытты тиімді пайдалануға байланысты пікір білдіріп, диалог құрастыра алады.


Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдасты-

ру кезеңі.



1-7 мин.

«Тақырыптық теннис» тәсілі.

Мұғалім екі оқушыдан ортаға шығарып, 30 секундтың ішінде өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қою арқылы «Тақырыптық теннис» ойнауды ұсынады.

Оқушылар кезекпен теннис шаригін бір-бірлеріне лақтырып, сұрақ қояды. Көп сұраққа жауап берген оқушы оң жаққа, аз жауап берген оқушы сол жаққа барып тұрады. Басқа жұптар да солай жасайды. Сонымен екі топ құралады.


Шапалақтау арқылы бір-бірлерін қошеметтеу.

Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.

Уәж туғызу кезеңі



7-10

мин.


«Су бетіндегі шеңберлер» тәсілі.

Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, әр топқа «уақыт алтыннан қымбат» сөзі бар парақтарды береді.

1-топ –

2-топ –
Мұғалім табыс парақтары мен бағалау парақтарын таратады.


Әр топ сол сөздің мән-мағынасын ашатын сөз не сөз тіркесін жазады.
Кейін әр топ жұмыс-

тарымен алмасып, бір-бірлерін толықтырады, бағалайды.



Формативтік бағалау: смайликтер арқылы бағалау.



Сын тұрғысынан ойлау: «Су бетіндегі шеңберлер» тәсілі.

АКТ: сабақтың тақырыбы мен мақсаты интербелсенді тақтаға шығарылады.



Негізгі кезең


10-25

мин.


Мұғалім әңгімені екі бөлікке бөліп, әр топқа береді. Әр топ өз бөлігі бойынша тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:


  1. Мәтінді оқып, талқылау.


2-тапсырма. Сөйлемдегі пысықтауыштың орнын толықтырыңдар.

1. Арман ... тұрып жаттығу жасады.

2. Досы екеуі ... спорт кешеніне бармақшы еді.

3. Олар хоккейді ... ойнайды.



3-тапсырма. Мына пікірлерді оқыңдар. Қай пікірге қосыласыңдар? Не себепті? Өз ойларыңды білдіріңдер. Бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?

1. Мен өзіме ризамын, өйткені мен бос уақытымды тиімді өткіземін.

2. Сабақтан басқа да атқаратын міндеттерім көп, сондықтан менде бос уақыт болмайды.

3. Атқаратын жұмыстар көп болса да, мен достарыммен киноға баруға, футбол ойнауға уақыт табамын.



4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Зат есімдердің септік жалғауларын анықтаңдар.

Демалысқа қайда барамын? Аман қайдан келе жатыр?

Досыма Мектептен

Ауылыма театрдан

Киноға достарынан

Концертке өзеннен
5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, үлгі бойынша бос уақыттарың туралы сөйлесіңдер.

- Ерлан, сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

- Өте жақсы.

- Бос уақытыңда не істейсің?

- Бос уақытымда күрес үйірмесіне барамын, ал кешке қарай футбол ойнаймын.

- Үйірмеге қашаннан бері қатысып жүрсің?

- Екі жыл болды.


1-тапсырма бойынша оқушылар мәтінді оқып, талқылайды.
Топтар өз дайындық-

тарын «Бағдаршам» тәсілі арқылы көрсетіп отырады. Жасыл түс – «дайынбыз». Қызыл түс – «дайын емеспіз».




Бақылаушы бағалау парағын толтырады: әр тапсырма 3 ұпаймен бағаланады:

Табыс парақтарын әр оқушы жеке толтырады.


Формативтік бағалау: қол соғып, қолпаштау.



Оқытудың жаңа тәсілдері: топтық жұмыс.

Басқару және көшбасшылық.


Оқыту үшін бағалау.




Сергіту сәті

25-27

мин.



Бейнеролик

Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.


Формативті бағалау: шапалақтау.

Қорытынды бағалау.




АКТ: бейнеролик көрсетіледі.


Қорытынды кезең

27-42 мин.

Тапсырмалар жазылған парақтар.


Мұғалім әр топқа тапсырмалар жазылған парақтарды береді.

6-тапсырма. «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.

Оқуды бағалау.




Үй тапсырмасын беру

42-45 мин.

Интербелсен

ді тақтада жазылған үй тапсырмасы



1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып келу.

2. Уақытты тиімді пайдалану туралы күн тәртібін құру.

3. Уақытты босқа өткізбеу туралы монолог құру


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.





Уақыт алтыннан қымбат

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Бүгін – демалыс күні. Арман ерте тұрып, беті-қолын жуды, дене шынықтыру жаттығуларын жасады, таңертеңгі тамағын ішті. Содан соң үй ішін жинап, досына барды. Демалыс күні Арман досы екеуі спорт кешенінде өтіп жатқан хоккейді тамашалады. Өйткені олар осы спорт түрін ұнатады. «Динамоның» қарсыластары мықты болды. Сондықтан хоккей өте қызықты өтті. Арман бос уақытын досымен бірге өткізеді. Олар бүгінгі өткізген кештеріне өте риза.



2-тапсырма. Сөйлемдегі пысықтауыштың орнын толықтырыңдар.

1. Арман ... тұрып жаттығу жасады.

2. Досы екеуі ... спорт кешеніне бармақшы еді.

3. Олар хоккейді ... ойнайды.



3-тапсырма. Мына пікірлерді оқыңдар. Қай пікірге қосыласыңдар? Не себепті? Өз ойларыңды білдіріңдер. Бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?

1. Мен өзіме ризамын, өйткені мен бос уақытымды тиімді өткіземін.

2. Сабақтан басқа да атқаратын міндеттерім көп, сондықтан менде бос уақыт болмайды.

3. Атқаратын жұмыстар көп болса да, мен достарыммен киноға баруға, футбол ойнауға уақыт табамын.



4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Зат есімдердің септік жалғауларын анықтаңдар.

Демалысқа қайда барамын? Аман қайдан келе жатыр?

Досыма Мектептен

Ауылыма театрдан

Киноға достарынан

Концертке өзеннен
5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, үлгі бойынша бос уақыттарың туралы сөйлесіңдер.

- Ерлан, сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

- Өте жақсы.

- Бос уақытыңда не істейсің?

- Бос уақытымда күрес үйірмесіне барамын, ал кешке қарай футбол ойнаймын.

- Үйірмеге қашаннан бері қатысып жүрсің?

- Екі жыл болды.

14.Пән: қазақ тілі

Сынып: 9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Емтиханға дайындық

Оқыту мақсаты: Оқушылар мәтін бойынша алған ақпаратты жүйелей алады, танып білген мәліметтерді тәжірибеде қолдана алады.

Күтілетін нәтиже:

- осы шақ, келер шақ, өткен шақты орынды қолдана біледі;

- өте қатал, қызу дайындық, кеңес беру деген ұғымдар төңірегінде сұхбаттаса алады;

- емтиханға тиімді дайындалу туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді.


Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдасты-

ру кезеңі.



1-7 мин.

«Адымнан кейін адым» тәсілі.

Мұғалім бір-бір оқушыдан ортаға шығарып, 30 секундтың ішінде өткен сабақтың тақырыбы бойынша сөз немесе сөз тіркестерін айтуды ұсынады.

Оқушы сөз не сөз тіркесін айтқан сайын бір адым ілгері жылжиды. Жауаптары бойынша ілгері кеткен 6 оқушы 1-топқа, қалған оқушылар 2-топқа топтасады.


Шапалақтау арқылы бір-бірлерін қошеметтеу.

Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.

Уәж туғызу кезеңі


7-10

мин.


«Білемін, білгім келеді, білдім» кестесі.

Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, әр оқушыға кесте таратады.
Мұғалім табыс парақтары мен бағалау парақтарын таратады.


Оқушылар кестенің бірінші және екінші бағанын толтырады.




Сын тұрғысынан ойлау: «БББ» кестесі.

АКТ: сабақтың тақырыбы мен мақсаты интербелсенді тақтаға шығарылады.




Негізгі кезең


10-25

мин.



Төменде берілген мәтін мен тапсырмалар

Түрлі тапсырма жазылған А3 қағаздары





Мұғалім әр топқа балықтың қаңқасы салынған қағаз беріп, тапсырмаларды түсіндіреді.

Тапсырмалар:



  1. Мәтінді оқып, балықтың қаңқасын толтыру.

  2. Аялдама (станция) тапсырмалары

1-тапсырма. Мына сөйлемдерді мақсатты келер шаққа айналдырыңдар.

Үлгі: Мына бөлмеде досым отыр. – Мына бөлмеде досым отырмақ.

1. Біз мына үйде тұрамыз. 2. Біздің мұғаліміміз бізге қазақ тілін үйретеді. 3. Менің қарындасым ауылға хат жіберді. 4. Біз таңертең дене шынықтыру жаттығуларын орындаймыз.



2-тапсырма. Жолдасыңның сөзін қостама. Дұрыс жауап бер.

Үлгі: Берік биыл мектепті бітірмек (оның ағасы). – Берік емес, оның ағасы бітірмек.

1. Студенттер қазақ тілін келешек қызметтері үшін үйренбек (біз). 2. Сіз оқуға жазда түспексіз (менің сіңлім).



3-тапсырма. «Емтихан талаптары» атты тақырыпта досыңызбен сұхбаттасыңдар.

4-тапсырма. Мына етістіктерді мақсатты келер шақта жіктеңдер.

Ашу, тұру, жабу, келу, қуану, кету, үйлену, жету.




1-тапсырма бойынша оқушылар мәтінді оқып, соның негізінде балықтың қанқасын толтырады. Балықтың басына әңгіменің тақырыбы бойынша сұрақ, қабырғасының үстінгі жағындағы сүйектеріне негізгі түсініктерді, төменгі жағындағы сүйектеріне сол түсініктер бойынша сипаттама, құйрығына сұрақтың жауабын жазады.

Топтар өз дайындық-

тарын «Бағдаршам» тәсілі арқылы көрсетіп отырады. Жасыл түс – «дайынбыз». Қызыл түс – «дайын емеспіз».
Әр топ әр аялдамаға (станцияға) кезекпен барып, онда жатқан қағаздағы сұраққа жауап береді, алдыңғы топтың жауабын «+», «-» белгілері арқылы бағалап отырады.


Бақылаушы бағалау парағын толтырады: 5 тапсырма – әр тапсырма 3 ұпаймен бағаланады:

Фишбоун кестесін толтыруға қатысуы, кластер не сурет салуға қатысуы, сұрақтарға дұрыс жауап беруі, «Ыстық орындық» ойынына қатысуы, сұрақтар қоюы.

Табыс парақтарын әр оқушы жеке толтырады.

Формативті бағалау: «+», «-» белгілері арқылы бір-бірлерінің жауаптырын бағалайды.



Оқытудың жаңа тәсілдері: топтық жұмыс.

Басқару және көшбасшылық.

Сын тұрғысынан ойлау: Фишбоун кестесін толтыру, кластер құру, «Айналмалы станциялар» тәсілін пайдалану.

Оқыту үшін бағалау.



Сергіту сәті

25-27

мин.



Бейнеролик

Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.


Формативті бағалау: шапалақтау.

Қорытынды бағалау.




АКТ: бейнеролик көрсетіледі.


Қорытынды кезең

27-42 мин.




Мұғалім «Ыстық орындық» ойынын ойнауға ұсынады.

Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.



Әр топтан кезекпен бір оқушы шығып таққа отырады. Қарсы топтың мүшелері сабақта өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.


Сын тұрғысынан ойлау: «Ыстық орындық» тәсілі.

Оқуды бағалау.




Үй тапсырмасын беру

42-45 мин.

Интербелсен

ді тақтада жазылған үй тапсырмасы



1. «Емтиханға дайындық» мәтіні не туралы екенін өз сөзіңмен әңгімеле, мәтінді толықтыр.

2. Мәтінді өткен шақта оқуға дайындал.

3. «Мен емтихан алушы мұғалімнің орнында болсам ... » тақырыбына шағын ой толғау жазу.


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.





Емтиханға дайындық

Емтихан талаптары
Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасында негізгі білімді аяқтағалы отырмыз. Сондықтан біз осы оқу жылының аяғында емтихан тапсыруымыз қажет. Емтихан талаптары өте қатал, сондықтан жақсы дайындықты талап етеді. Мемлекеттік емтиханды қазақ тілі, математика, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен тапсырамыз. Мұғалімдер де оқушылар да қызу дайындық үстінде. Әр пәннен аптасына бір рет кеңес сабақтар жүргізіледі. Біз емтиханды жақсы тапсырамыз деп үміттенеміз.
Жазылым. 1-тапсырма. Мына сөйлемдерді мақсатты келер шаққа айналдырыңдар.

Үлгі: Мына бөлмеде досым отыр. – Мына бөлмеде досым отырмақ.
1. Біз мына үйде тұрамыз. 2. Біздің мұғаліміміз бізге қазақ тілін үйретеді. 3. Менің қарындасым ауылға хат жіберді. 4. Біз таңертең дене шынықтыру жаттығуларын орындаймыз.

Айтылым. 2-тапсырма. Жолдасыңның сөзін қостама. Дұрыс жауап бер.

Үлгі: Берік биыл мектепті бітірмек (оның ағасы). – Берік емес, оның ағасы бітірмек.

1. Студенттер қазақ тілін келешек қызметтері үшін үйренбек (біз). 2. Сіз оқуға жазда түспексіз (менің сіңлім).


Сөйлесім. 3-тапсырма. «Емтихан талаптары» атты тақырыпта досыңызбен сұхбаттасыңдар.

Жазылым. 4-тапсырма. Мына етістіктерді мақсатты келер шақта жіктеңдер.

Ашу, тұру, жабу, келу, қуану, кету, үйлену, жету.



15.Пән: қазақ тілі

Сынып: 9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Емтихан туралы менің ойларым

Оқыту мақсаты: Оқушылар тақырып төңірегінде мәлімет алады, соның негізінде сұхбаттаса біледі, белгілі бір жағдаяттан шыға алады.

Күтілетін нәтиже:

- емтихандағы ережені біледі;

- мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойын жеткізе алады;

- емтиханда өзін қалай ұстау керектігіне байланысты пікір білдіріп, диалог құрастыра алады.


Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдасты-

ру кезеңі.



1-7 мин.

«Тақырыптық теннис» тәсілі.

Мұғалім екі оқушыдан ортаға шығарып, 30 секундтың ішінде өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қою арқылы «Тақырыптық теннис» ойнауды ұсынады.

Оқушылар кезекпен теннис шаригін бір-бірлеріне лақтырып, сұрақ қояды. Көп сұраққа жауап берген оқушы оң жаққа, аз жауап берген оқушы сол жаққа барып тұрады. Басқа жұптар да солай жасайды. Сонымен екі топ құралады.


Шапалақтау арқылы бір-бірлерін қошеметтеу.

Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.

Уәж туғызу кезеңі



7-10

мин.


Кластер тәсілі.

Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, әр топқа бір сөз жазылған парақтарды береді.

ЕМТИХАН
Мұғалім табыс парақтары мен бағалау парақтарын таратады.




1 әрекет:Әр топ жазылған сөзді естігенда қандай етістіктер ойға келеді, сол сөздерді жазады.

2 әрекет: Әр топ келесі топқа өз етістіктерін оқиды, келесі топ сол етістікпен сөз тіркесін құрайды.

Кейін әр топ жұмыс-

тарымен алмасып, бір-бірлерін толықтырады, бағалайды.



Формативтік бағалау: смайликтер арқылы бағалау.



Сын тұрғысынан ойлау: «Су бетіндегі шеңберлер» тәсілі.

АКТ: сабақтың тақырыбы мен мақсаты интербелсенді тақтаға шығарылады.



Негізгі кезең


10-25

мин.


«Автобус алдамасы» әдісі




Мұғалім сыныптың әр жеріне түрлі тапсырма қояды, топпен сағат тілімен қозғала отырып, тапсырмаларды орындау керек.



1 аялдама: Мәтінді түсініп оқып, 1 жылға жоспар құру.

2 аялдама: Диалогды толықтыру.

3 аялдама: Сөйлемдерді мақсатты келер шаққа айналдыру.

4 аялдама: Мемлекеттік емтихан туралы өз ойларыңды өрбітіңдар.





Бақылаушы бағалау парағын толтырады: әр тапсырма 3 ұпаймен бағаланады:

Табыс парақтарын әр оқушы жеке толтырады.




Оқытудың жаңа тәсілдері: топтық жұмыс.

Басқару және көшбасшылық.


Оқыту үшін бағалау.




Сергіту сәті

25-27

мин.



Бейнеролик

Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.


Формативті бағалау: шапалақтау.

Қорытынды бағалау.




АКТ: бейнеролик көрсетіледі.


Қорытынды кезең

27-42 мин.

Тапсырмалар жазылған парақтар.


Мұғалім әр топқа тапсырмалар жазылған парақтарды береді.

5-тапсырма. «Елтану» үйірмесі тақырыбына диалог құрастырыңдар.
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.

Оқуды бағалау.




Үй тапсырмасын беру

42-45 мин.

Интербелсен

ді тақтада жазылған үй тапсырмасы



1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып келу.

2. Уақытты тиімді пайдалану туралы күн тәртібін құру.

3. Уақытты босқа өткізбеу туралы монолог құру


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет