Оқулық Т. Артыкова Қазақ тілі 9-сынып Сыныбы: 9«А» Пәні: қазақ тілі



бет3/11
Дата20.06.2018
өлшемі0,59 Mb.
#43656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11.Пән: қазақ тілі

Сынып: 9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Емтихан

Оқыту мақсаты: Оқушылар емтиханды тапсырудың өзіндік ерекшелігі туралы біледі, етістік түрлерін сөйлемде қолдана біледі.

Күтілетін нәтиже:

- емтихан жайлы мәліметтерді біледі;

- емтихан тапсыру ерекшеліктері жайындағы сұхбаттарға қатысады;

- емтихан тапсыру кезіндегі күн тәртібі туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді.

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдасты-

ру кезеңі.



1-3 мин.

«ойлану, тыңдау, жазу, оқу, жауап беру, алу, қолдану, еске түсіру, айту, отыру, амандасу, сөйлеспеу» деген сөздер жазылған қағаздар.

Мұғалім оқушыларға үстелдің үстінде жатқан қағаздарды бір-бірден алуды ұсынады.


Оқушылар таңдаған қағаздардағы жазуларға байланысты екі топқа бөлінеді.

1-топ: қолдану, еске түсіру, айту, отыру, амандасу, сөйлеспеу

2-топ:

ойлану, тыңдау, жазу, оқу, жауап беру, алу,



Шапалақтау арқылы бір-бірлерін қошеметтеу.

Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.

Уәж туғызу кезеңі



3-10

мин.





Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:

  • Топтарға бөлінгенде қандай сөздер берілді?

  • Қандай тақырыпқа арналған етістіктер?

  • Биылғы оқу жылының соңында не істейсіңдер?

  • Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Қандай мақсат пен міндеттер қоямыз?

Мұғалім табыс парақтары мен бағалау парақтарын таратады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.




Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.

АКТ: сабақтың тақырыбы мен мақсаты интербелсенді тақтаға шығарылады.




Негізгі кезең


10-25

мин.



Топты бөлу кезінде берілген етістіктерді емтихан тапсыру кезінде қандай әрекеттер болатынын рет-ретімен қояды.

.


Мұғалім әр топқа қағаз беріп, «Миға шабуылды» ұйымдастырады.

Мұғалім екі топқа екі мәтінді (емтихан, емтихандағы кезіндегі күн тәртібі) береді. Әр топ өз бөлігі бойынша тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:


  1. Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп алып, аудармасын табу.

  2. Мәтінді түсініп оқып, талқылау.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Мұғалім екі топтағы оқушыларды жұптастырады.


Мұғалім алған ақпараттарын тексеру үшін тілшілердің жұмысын ұйымдастырады.




Екі минуттың ішінде

берілген етістіктерді емтихан тапсыру кезінде қандай әрекеттер болатынын рет-ретімен қояды.

Топтар өз жұмыстарымен алмасып, бір-бірлерін толықтырады және смайликтер арқылы бір-бірлерін бағалайды.
Оқушылар топтық жұмыс үшін рөлдерді бөледі: басшы, спикер, бақылаушы, тілші, уақытты реттеуші, хатшы.
Топтар өз дайындық-

тарын «Бағдаршам» тәсілі арқылы көрсетіп отырады. Жасыл түс – «дайынбыз». Қызыл түс – «дайын емеспіз».


Әр топтан жұптасқан оқушылар өз мәтіндері бойынша алған ақпараттарымен бөліседі.
Жұптар бөлініп, өз топтарына қайтады. Тілшілер топта дайындаған сұрақтарын қарсы топтың мүшелеріне қояды.

Формативті бағалау: смайликтер арқылы бағалау


Бақылаушы бағалау парағын толтырады: 4 тапсырма – әр тапсырма 3 ұпаймен бағаланады:

сөздік құруға қатысуы, мәтінді талқылауы, сұрақтар құрастыруы, сұрақтарға дұрыс жауап беруі.

Табыс парақтарын әр оқушы жеке толтырады.

Формативті бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.



Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.

Сын тұрғысыан ойлау: топтық жұмыс.

Оқыту үшін бағалау.

Сын тұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.



Сергіту сәті

25-27

мин.



Бейнеролик

Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.


Формативті бағалау: шапалақтау.

Қорытынды бағалау.

Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.


АКТ: бейнеролик көрсетіледі.


Қорытынды кезең

27-42 мин.

Тапсырмалар жазылған парақтар

Мұғалім топтарға тапсырмалар жазылған парақтар таратады.

1-топ:1-тапсырма. Төмендегі бұйрық райлы етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жазып, түбірдің соңында қандай дыбыстық өзгеріс болғанын айтыңдар.

Оқы, жібі, ірі, тоқы.

2-тапсырма. Төменде берілген етістіктердің емлесіне талдау жасап, сөздердің синонимін тауып айтыңдар.

Туу, ауу, буу.



3-тапсырма. Төмендегі и дыбысына біткен бұйрық райлы етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жаз да, тұйық етістік жұрнағында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.

Жи, ки, қи.

2-топ: 4-тапсырма. Берілген мысалдарға қарап, қалау райдың қалай жасалып тұрғанын және қандай жұрнақтары болатынын айтыңдар.

Оқығым келді. Оқығың келді. Оқығысы келді. Көрсе игі еді. Барса игі еді.



5-тапсырма. Берілген үстеулердің синонимдерін тауып айтыңдар.

Тез, бекер, жорта, бастапқы, әбден, ақырын.



6-тапсырма. Төмендегі үстеулерді беретін мағыналарына қарай бөлек-бөлек теріп жазыңдар.

Күндіз, әрдайым, мұнда, әрі, әрең, көзінше, таңертең, бері, қолма-қол, өзінше, әрмен, оқта-текте, бірталай, соншама, орасан, өте, тым, анағұрлым, кілең, тіпті.

Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.



Әр топ өз тапсырмасын орындап, бағалайды.

Спикерлері оқып шығады.


Оқушылар табыс парақтарын толтырады

Оқуды бағалау.


Оқыту үшін бағалау.

Үй тапсырмасын беру

42-45 мин.

Интербелсен

ді тақтада жазылған үй тапсырмасы



1. Емтихан кезіндегі күн тәртібін есте сақтап, әңгімелеу.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын ашатын 2 «жіңішке» және 2 «жуан» сұрақ құрастыру.

3. «Емтиханде мен не істеймін?» сұрағына ретімен жауап беру арқылы бірнеше сөйлем жазу.


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.






Емтихан.

1 топ: Мемлекеттік емтихан
Емтиханға қалай дайындалу керек?

Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасама. Өз алдыңа мақсаттан тыс жетістіктерге жетуге үлкен міндеттер қойма. Жағдайдың қиындауына жол берме. Емтиханға даярлықты ертерек баста. Алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, сосын қиын материалды зерделеуге кіріс. Шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса. Ол үшін күн тәртібі жоспарын құрастыр.


2 топ: Күн тәртібі

Күнді 3 бөлікке бөл:

- 8 сағат емтиханға дайындал;

- спортпен айналыс, таза ауада жүр;

- 8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.

Тамақтану: 3-4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек. Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарын пайдалан.



Әр топтың тапсырмалары

Жазылым. 1-тапсырма. Төмендегі бұйрық райлы етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жазып, түбірдің соңында қандай дыбыстық өзгеріс болғанын айтыңдар.
Оқы, жібі, ірі, тоқы.
Жазылым. 2-тапсырма. Төменде берілген етістіктердің емлесіне талдау жасап, сөздердің синонимін тауып айтыңдар.
Туу, ауу, буу.
Жазылым. 3-тапсырма. Төмендегі и дыбысына біткен бұйрық райлы етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жаз да, тұйық етістік жұрнағында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.
Жи, ки, қи.
Жазылым. 4-тапсырма. Берілген мысалдарға қарап, қалау райдың қалай жасалып тұрғанын және қандай жұрнақтары болатынын айтыңдар.
Оқығым келді. Оқығың келді. Оқығысы келді. Көрсе игі еді. Барса игі еді.
Жазылым. 5-тапсырма. Берілген үстеулердің синонимдерін тауып айтыңдар.
Тез, бекер, жорта, бастапқы, әбден, ақырын.
Жазылым. 6-тапсырма. Төмендегі үстеулерді беретін мағыналарына қарай бөлек-бөлек теріп жазыңдар.
Күндіз, әрдайым, мұнда, әрі, әрең, көзінше, таңертең, бері, қолма-қол, өзінше, әрмен, оқта-текте, бірталай, соншама, орасан, өте, тым, анағұрлым, кілең, тіпті.

12.Пән: қазақ тілі

Сынып: 9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Уақытты босқа өткізбе.

Оқыту мақсаты: Оқушылар тақырып төңірегінде мәлімет алады, соның негізінде сұхбаттаса біледі, белгілі бір жағдаяттан шыға алады.

Күтілетін нәтиже:

- бос уақытты тиімді пайдалану деген сөйлемнің мағынасын біледі;

- мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойын жеткізе алады;

- уақытты тиімді пайдалануға байланысты пікір білдіріп, диалог құрастыра алады.


Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдасты-

ру кезеңі.



1-7 мин.

«Тақырыптық теннис» тәсілі.

Мұғалім екі оқушыдан ортаға шығарып, 30 секундтың ішінде өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қою арқылы «Тақырыптық теннис» ойнауды ұсынады.

Оқушылар кезекпен теннис шаригін бір-бірлеріне лақтырып, сұрақ қояды. Көп сұраққа жауап берген оқушы оң жаққа, аз жауап берген оқушы сол жаққа барып тұрады. Басқа жұптар да солай жасайды. Сонымен екі топ құралады.


Шапалақтау арқылы бір-бірлерін қошеметтеу.

Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.

Уәж туғызу кезеңі



7-10

мин.


«Су бетіндегі шеңберлер» тәсілі.

Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, әр топқа бір сөз жазылған парақтарды береді.

1-топ – үйірме сөзі.

2-топ – уақыт сөзі.
Мұғалім табыс парақтары мен бағалау парақтарын таратады.


Әр топ өз сөзінің әрбір әрпіне байланысты сол сөздің мән-мағынасын ашатын сөз не сөз тіркесін жазады.

Мысалы:


Ү-үйрен

Й- иелен


І- іліп ал

Р-ретімен

М-мақсатқа жет

Е-ереже


Кейін әр топ жұмыс-

тарымен алмасып, бір-бірлерін толықтырады, бағалайды.


Мысалы:


У-уақыт

А-ақылмен

Қ-қызықты

Ы-ықыласпен

Т- тиімді
Формативтік бағалау: смайликтер арқылы бағалау.


Сын тұрғысынан ойлау: «Су бетіндегі шеңберлер» тәсілі.

АКТ: сабақтың тақырыбы мен мақсаты интербелсенді тақтаға шығарылады.



Негізгі кезең


10-25

мин.





Мұғалім әңгімені екі бөлікке бөліп, әр топқа береді. Әр топ өз бөлігі бойынша тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:



  1. Мәтінді оқып, талқылау.


1-тапсырма. Мәтін не туралы екенін өз сөзіңмен айт.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Сен қандай үйірмеге барасың?

Неліктен бұл үйірмені таңдадың?

3-тапсырма. Мәтінде қандай сөйлемдер жоқ? Анықта.

4-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұрін анықтаңдар.


1-тапсырма бойынша оқушылар мәтінді оқып, талқылайды.
Топтар өз дайындық-

тарын «Бағдаршам» тәсілі арқылы көрсетіп отырады. Жасыл түс – «дайынбыз». Қызыл түс – «дайын емеспіз».




Бақылаушы бағалау парағын толтырады: әр тапсырма 3 ұпаймен бағаланады:

Табыс парақтарын әр оқушы жеке толтырады.


Формативтік бағалау: қол соғып, қолпаштау.



Оқытудың жаңа тәсілдері: топтық жұмыс.

Басқару және көшбасшылық.


Оқыту үшін бағалау.




Сергіту сәті

25-27

мин.



Бейнеролик

Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.


Формативті бағалау: шапалақтау.

Қорытынды бағалау.




АКТ: бейнеролик көрсетіледі.


Қорытынды кезең

27-42 мин.

Тапсырмалар жазылған парақтар.


Мұғалім әр топқа тапсырмалар жазылған парақтарды береді.

5-тапсырма. «Елтану» үйірмесі тақырыбына диалог құрастырыңдар.
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.

Оқуды бағалау.




Үй тапсырмасын беру

42-45 мин.

Интербелсен

ді тақтада жазылған үй тапсырмасы



1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып келу.

2. Уақытты тиімді пайдалану туралы күн тәртібін құру.

3. Уақытты босқа өткізбеу туралы монолог құру


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.




Каталог: uploads -> doc -> 0128
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0128 -> Қазақ тілі 1 -сынып
0128 -> Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет