Сандық қиысу. Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар:
I -мыз, -міз (оның басқа варианттары), -ды+қ, ді+к, -ты+қ: біздер оздық, біздер қарап отырмайық, біздер мəселені жете түсінейік. III жақта баяндауышты бастауышпен көпті мағынада қиыстыратын арнаулы жікті жалғау жоқ. Грамматикаларда II жақтық көптік жалғаулар деп танылатын қосымшалар –а\ -ңыз, - е/ңіз, -сыз/сіз қазақ тілінде көптік мағынада жұмсалмайды, жекенің сыпайылық мағынасында жұмсалады. Сондықтан екінші жқтық баяндауыштарды көптік жалғаунда айтылатын бастауышпен қиыстыру үшін сыпайылық жəне анайылық жақтық тұлғалардан кейін –дар, -дер жалғанады: Сендер орындаңдар, Сендер ұмтылыңдар, Сендер бақыттысыңдар
Сұрақтар мен тапсырмалар
Баяндауыштың жасалу жолдары
Баяндауыштың негізгі түрлері
Етістік баяндауыштар
Есім баяндауыштардың түрлері
Пайдаланатын əдебиеттер
Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы. 1991ж.
Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
Бектұров Ш.Қазақ тілі. Алматы. 2006
Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
СӨЙЛЕМНIҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРI. ТОЛЫҚТАУЫШ.
Жоспары
Толықтауыш туралы түсінік
Толықтауыштың жасалу жолдары
Толықтауыштың түрлері
Қорытынды
Тірек сөздер: тұрлаусыз мүше, толықтауыш түрлері, тура толықтауыш, жанама толықтауыш ж.т.б.
Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын тұрлаусыз мүшелер де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Бұларды «тұрлаусыз мүшелер» дейтін себебіміз не? Сөзінде тиянағы жоқ кісіні
«сөзінің тұрлауы жоқ» те атаймыз. Осындағы «тұрлау» сөз «тиянақ», «береке», «пəтуа» деген ұғымдарды білдіреді. «Тұрлаусыз» деген сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне тануымыз ол мүшелердің сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында, бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты енетін, оның бас арқауы болса, тұрлаусыз мұшелерде ондай қасиет болмайды. Олар бас мүшелердің маңына топтанып, алдымен соларды жəне бірін-бірі анықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Көк жүзінің шарбы бұлты əлдеқайда тарап жоқ болып тұр: көк жүзінің шарбы деген сөздер
(анықтауыштар) бұлты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды. Ал əлдеқайда (пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды. Қолдың саласындай тарамдаған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып… қарауытқан сай болды . Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер: біреуі (бастауыш), сай болды (баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер- анықтауышпен пысықтауыштар.
Осылардай тұрлаулы мүшелердің ғана емес, тұрлаусыз мүшелердің де: анықтауыштың- анықталушы, пысықтауышы, толықтауышы; толықтауыштың анықтауышы; толықтауышы, пысықтауышы, пысықтауыштың толықтауышы болуы мүмкін.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айрудың ғылыми тірегі əлсіз болады. Дұрысында, сөйлемнің тұрлаусыз мүше мəселелері сөз тіркесі жайындағы іліммен тығыз байланысты қаралуға тиіс. Сонда өзара тіркескен сөздер тобының қандай қарым-қатынасты білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын боламыз. Сол ізбен зат есімдер мен атрибуттық қатынаста жұмсалатын түрлі-түрлі тұлғадағы сөздердің бəрі-анықтауыш, етістікпен жəне кейбір есімдермен объектілік қатынаста тіркесетін, заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік қызметі толықтауыш болады. Сондай-ақ етістіктерге, кейдй кейбір есімдерге қатысы болып, мезгіл, мекен, амал, т.б. мағыналарда жұмсалатын сөдер, қандай тұлғада болмасын, пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |