144
ҚИМЫЛ
БЕЛСЕНДІЛІ
-
ГІНІҢ ДӘСТҮРЛІ
ЕМЕС
ТҮРЛЕРІ
Алғашында жеңіл стретчинг пайдалану ұсынылады. Бұл
жағымды сезімдерді тудыратын толығымен босаңсып тұрған
кейіпінде орындалады. Тек осыдан кейін дамытатын (созылым
-
ды) жаттығулар жасауыңызға болады.
4. Жаттығу кезінде асықпай және ырғақты тыныс алу
керек. Сонымен қатар тыныс алу қысқа дем алудан (мұрын
арқылы) және дем шығарудан (ауыз арқылы) тұрады. Бұл іш
қуысын ауамен барынша қанықтыруды қамтамасыз етеді, ал
диафрагма механикалық созылу үшін тірек нүктесі ретінде қы
-
змет етеді.
5. Қатты ауыруды сезімі пайда болған кезде жаттығу де
-
реу тоқтатылуы керек. Дененің немесе созылғыш аяқ-қолдың
дірілдеуі буынға ауырлықтың тым көп түскенің білдіреді, бұл
жағдайда сіз босаңсу қалпына ену керек.
6. Сабаққа жаттығуды енгізбес бұрын, оның қауіпсіздігіне
көз жеткізіңіз.
7. Ұқсас бұлшықет топтары үшін бірнеше жаттығуларды
орындау қажет емес. Сабақ жоспарын мүмкіндігінше әртарап
-
тандыру керек.
Стретчинг әдістерін қолдануға кіріспес бұрын, буындар
-
дың қозғалғыштығын тексеру ұсынылады. Сынақ нәтиже
-
лері икемділік деңгейін, сондай-ақ созылатын жаттығулардың
тиімділігін және уақытында қажетті түзетулерді жасауға мүм
-
кіндік береді. Олар гониометр көмегімен градуспен өлшенген
аяқ-қолдар арасын немесе аяқ-қолдар мен дене аралықтардың
бұрыштың өлшемімен және қозғалыс амплитудасы сантиме
-
трмен көрсетілуі мүмкін. Буындардың қозғалғыштығын, со
-
зылған бұлшықеттердің дәрежесін бағалау СБЖ қандай бөлімі
-
не түзету қажет екенін көруге мүмкіндік береді.
БУЫНДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛҒЫШТЫҚ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚЕТ
-
ТЕРДІҢ СОЗЫЛҒЫШТЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ АРНАЛҒАН
СЫНАҚТАМАЛАР
Достарыңызбен бөлісу: