4. Жамбас буынында аяқтарды жазу.
«Аяқты талтай
-
тып тұру» (мүмкіндігінше кеңірек). Дене қатаң түрде үстіге, ал
табандар алдыға бағытталуы керек. Гимнастикалық қабырғаға
қолмен тіренуге болады. Әдетте, аяқ арасындағы бұрыш 90°кем
болмауы керек.
5. Жамбас буынында аяқтың сыртқа айналуы.
Үстел
-
ге отыру. Бір аяқты көтеріп, бүгіп және басқа аяққа қою керек.
Әдетте, бүгілген аяқтың жіліншігін қолдың көмегімен көлденең
қалыпқа келтіреді.
6. Иықты үстіге жазу.
Үстелге отыру, қолдарды көтеру,
саусақтары жауырынға бағытталатындай бүгу керек. Әдетте,
тоғысқан қолдардың саусақтары жауырынның төменгі қырына
тиіп тұруы керек.
7. Алға еңкею.
Аяқтарды біріктіріп, тік тұру. Аяқты бүкпей
және босаңсыған қолдарды төменге салбыратпай алға еңкею.
Әдетте, саусақ ұштары еденге тиіп тұруы керек. Бұл омырқаның
икемділігі және санның артқы жағының созылымдылығы жақсы
жағдайда екендігінің белгісі.
8. Шалқаю.
Ішпен жату. Табандар әріптестің көмегімен
еденге жабыстырылады. Сынақты орындау кезінде санның ал
-
дыңғы жағы еденнен алынбауын қадағалау керек. Арқаны артқа
жазу арқылы кеудені көтеру. Бұл қимыл кезінде эпифизарлық
табақша, буындық беттер және омыртқаның өсінділері қатты
қысым астында. Сондықтан омыртқа аумағында ауру пайда
болғанда, жаттығуды тоқтату керек. Әдетте, кеудені көтерген
кезде кеуде тұсы мен еденнің арасы 10 — 20 см құрауы керек.
146
ҚИМЫЛ
БЕЛСЕНДІЛІ
-
ГІНІҢ ДӘСТҮРЛІ
ЕМЕС
ТҮРЛЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |