Үздіксіз-ағым- дық нұсқа жаттығуларды бірінен соң бірін, үздіксіз, демалы
-
стың интервалымен орындауға негізделеді. Бұл нұсқа жұмыс
қуаттылығын арттыру (максималды жүктеменің 60%-ына дейін
арттыру) және бір немесе бірнеше шеңберде жаттығулар санын
арттыру есебінде жеке жүктемені жоғарылатумен ерекшеле
-
неді. Жаттығуларды орындау уақыты бір уақытта қысқарып
(15-20 с-қа дейін), ұзарады (30-40 с-қа дейін). Бұл нұсқа қимыл
сапаларын кешенді дамытуға ықпал етеді.
Ағымдық-интервалдық нұсқа техникасы бойынша қара
-
пайым жаттығуларды 20-40 секунд аралығында орындауға
негізделеді (макисмалды жүктеменің 50%-ы). Мұндайда әр
«станцияда» минималды демалыс беріледі. Нұсқа мақсаты
– бақылау уақытын қысқарту. Аталмыш режим жалпы және
күшті төзімділікті дамытады, тыныс алу жүрек-қан тамыр жүй
-
есін жетілдіре түседі.