98
КӘСІБИ ТҰРҒЫ
-
ДА
МАҢЫЗДЫ
ДЕНЕ (ҚИМЫЛ)
ҚАБІЛЕТ
-
ТЕРІ.
ОЛАРДЫ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ҚҰРАЛДАРЫ
МЕН ӘДІСТЕРІ.
белсенділігінің кескіндеу түрлеріне спорт түрлерін жатқызуға
болады: баскетбол, футбол (36-сурет), қол добы (кішкендай
доптар).
Таңдау реакцияларына орын алған жағдайға байланысты
жылдам жауап қайтаруды қажет ететін әрекеттер жатады. Ре
-
акцияның мұндай түрін дамыту үшін жекпе-жектің әртүрлі
түрлерін пайдаланған жөн (мысалы, бокс, 37-сурет). Реакция
шапшаңдығын дамыту мақсатында қозғалыстарды орындау та
-
лаптарын күрделендіру қажет, қабілетті артыру қажет, жағдай
-
ды алдын ала болжай білу қажет.
Шапшаңдықтың бір түрі уақыттың қысқа ара
-
лығында циклдік жаттығуларды қысқа дистан
-
цияларда орындауға негізделеді (30, 60, 100 м-ге
жүгіру). Бұл – сигналға жедел жауап қайтара білу
қабілеті, қозғалыстарды жоғары жылдамдық пен
жоғары жиілікте орындай білу. Аталмыш жат
-
тығулар жылдамдық жаттығулары деп аталады.
Шапшаңдықты дамытудың жетекші әдісіне қай
-
талама әдісті, ал негізгі әдіс ретінде қысқа дистан
-
цияларға жүгіруді атай аламыз. Дистанция ара
-
лығы сайыс арақашықтықтарынан 3-5 есе қысқа
болуы тиіс, қозғалыс жылдамдығы – максималды
80-85 %-ын құрауы тиіс, демалыс үшін аралық
3-10 минутты құрауы тиіс.
Шапшаңдықтың көрініс табуы жүйке проце
-
стері қозғалғыштығының жоғарылауына байла
-
нысты. Қозғалыстар шапшаңдығы бірінші ке
-
зекте бұлшықеттердің тырысуы мен босаңсуын
реттеуші, қозғалыстарды бағыттаушы және үй
-
лестіруші бас ми қабығының сәйкесінше қы
-
зметімен анықталады. Шапшаңдық қозғалыс машығының
жетілуіне, бұлшықеттердің күші мен иілгіштігіне, буындар
қозғалғыштығына, ал ұзақ жұмыс кезінде адам төзімділігіне ай
-
тарлықтай тәуелді. Шапшаңдықты арттыруға болады, ондайда
бірінші кезекте қысқа уақыт аралығында көп іс істеу қабілетін
жоғарылатумен бұлшықеттер күшін жақсарту қажет. Бұл үшін
арнайы күш жаттығулары, оның ішінде ауырлық түсіретін жат
-
тығулар пайдалы.
Қозғалыстар шапшаңдығын бұлшықеттер иілгіштігін жақ
-
сарту негізінде жоғарылатуға болады. Себебі алдын ала со
-
зылған бұлшықет жоғары күшпен және шапшаң жиырылады.
Футбол
ойыны
қозғалатын объек
-
тіге
шапшаң реак
-
цияны
дамытады
Достарыңызбен бөлісу: