Байланысты: abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy
Еріндер мен құлақтар. Ерін құрамына сүйектер (үстіңгіжәне төменгі
жақтардың алдыңғы бөліктері), бұлшықеттер және тері кіреді.
Құлақтар негізінен шеміршектер және теріден тұрады. Шеміршекте
эластинді талшықтар көп болады. Құлақтардың төменгі ұштарында біраз
құлақ қуысының бұлшықеттері, ал шошқаларда май бөлінділері болады. Тері
жамылғысы каллогенді және эластинді талшықтардан тұрады.
Құлақтар мен еріндердің белоктықзаттарының құрамында көп каллоген
болады, сондықтан оларды зелец, студеньдер және желатин өндірісі үшін
жақсы шикізат болып табылады.
Субөнімдер – жануарларды өңдеу барысында алынатын бөлшектері
мен мүшелері. Оларды қолданылуын байланысты тағамдық және техникалық
субөнімдерге бөледі.