455
зерттеулердің Тақырыптық жоспарын жүзеге асыру бойынша «Тәуелсіз
Қазақстанның құндылықтары және идеалдары» атты бағдарламасына
жетекшілік етті.
Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру, мәдениет, дін,
қазақ және әлемдік философия мәселелері
бойынша монография-
лар мен ғылыми мақалалар жариялайды. Институт қызметкерлерінің
ғылыми жарияланымдары таяу және алыс шетелдердің ғылыми
рейтингтік басылымдарында сұранысқа ие.
«Мәдени мұра» бағдарламасының бойынша Институт «Шығыс
Аристотелі» – әл-Фарабидің шығармалар жинағын (10 том), «Әлемдік
философиялық мұрасын» (20 том), «Қазақ халқының философиялық
мұрасын» (20 том) басып шығарды.
«Ғылыми қазына» пәнаралық ғылыми бағдарламасы аясында (2012–
2014 жж.) «Қазіргі Қазақстандағы идеологиялық концептілерді конструк-
циялау» бағыты бойынша 18 монография жарық көрді. 2013 жылы Ин-
ститут жаңа саяси терминологияның қазіргі сөздігі – «Қазақстан-2050»
Стратегиясы» Терминологиялық анықтамалығын дайындауға белсенді
қатысты.
Институт ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ұсынған екі журнал шығарады: «Адам әлемі» (1999 жылдан бері) және
«Әл-Фараби» (2003 жылдан бері). Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі
Институттың өз сайты бар (www.iph.kz).
Институт үнемі халықаралық ғылыми конференциялар,
дөңгелек
үстелдер, семинарлар, пікірталас алаңдарын өткізіп тұрады. Бұл іс-
шараларға қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Инсти-
тут Ресейдің, Беларустің, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың,
Германияның, АҚШ-ң, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстан-
ның және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу
орталықтарымен тығыз
ынтымақтастық орнатқан.
Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және т. б. жетекші қа-
зақстандық жоғары оқу орындарының магистранттары мен PhD доктор-
анттары тағылымдама мен зерттеу тәжірибесін өткізеді.
Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі
үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Философия, саясаттану және дінтану институты туралы анағұрлым
кең ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады:
Қазақстан Республикасы, 050010,
Алматы, Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)
Тел.: +7 (727) 272-59-10
Факс: +7 (727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz