Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Үлкендердің балаға құлақ берудеғі ниеті



Pdf көрінісі
бет67/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

20.Үлкендердің балаға құлақ берудеғі ниеті 
A.
«Әңгімешіл, шешен болсын» деген ниет 
B.
«Қамқор, жомарт болсын» деген ниет 
C.
«Үғымтал әрі зерек болсын» деген ниет
D.
«Тілалғыш, елгезек болсын» деген ниет
E.
«Мейірімді, адал болсын» деген ниет 
1487-нұсқа 
3-мәтін 
Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуыоңай әрі тамақтық қуаты мол
берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік. Ірімшік бертін келгенше 
қазақ дастарқанында нанды айырбастап келді. Қаймағы алынбаған қой сүтінен 
жасалатын ірімшікті маңызына, дәмділігіне, үгіліп тұратын қасиетіне бола 
көшпелілер негізгі тамақтың біріне балаған. 
Ірімшік екі түрлі: ақ ірімшік, қызыл ірімшік. Ірімшікті жасау үшін қойдың сүтін 
қазанға құйып, аздап жылытады, пісірмейді. Содан соң «мәйек» деп аталатын 
сүт ұйытқышты әлгі қазандағы сүтке сала қояды. Сонда сүт дір етіп, 5-10 минут 
ішінде ұйып қалады. Мәйек - сүтті ашытпай ұйытып, тәтті дәмін сақтап қалу 
үшін көшпелілер ойлап тапқан ғажайып ашытқы, ұйытқы. 
Егер сүтке айран құйып ұйытса, әрі көп уақыт кетеді, әрі ашып кетеді. Мүндай 
жағдайда одан «ежігей» деп аталатын құрттың бір түрі жасалады. Ал дәмі тәтті 
ірімшік тек мәйекпен ұйытқан сүттен ғана жасалады. Мәйек жасау үшін 
отықпаған жас қозының немесе лақтың уыз сүті байланбаған ұлтабары 


пайдаланылады. Осы ұлтабарды жармай айналдырып, уыз құяды да, аузын 
буып, мәйек қапқа салып, керегенің басына немесе түтін шалу үшін 
күлдіреуішке іле салады. Сүт құйған мәйек бес-алты күнде ашиды. Содан ірімшік 
жасайтын сүтке әлгі мәйекті батырса болды, демде ұйытады. Әрине, сүт ашып 
үлгермей ұйиды. 
Мәйек салып ұйытқан сүтті пышақпен торлап тіледі де, қайната бастайды. Әрі-
беріден соң ұйыған сүт бөлектеніп, көк суы іркіліп, ақ ірімшікке айналады. Егер 
тағы біраз қайната түссе, ақ ірімшік сарғайып, тіпті қып-қызыл болып, тамаша 
иісі танауды қытықтап, сілекей үйіреді. 
Бұл екі арада ірімшіктің сары суы да азайып, қызара қойылады. Егер қазан 
түбіндегі қою қызыл сұйықты кесеге, тегешке құя қойса, шамалы уақытта қата 
қалады. Мұны «сірне» дейді. Сірненің ғажайып тәттілігін балға да, қантқа да 
теңестіруге болмайды. Бұл - бір теңдесі жоқ тәтті әрі қуаты күшті тағам. 
Сонымен, қазандағы қызыл ірімшікті қотарып алып, сөреге жаяды. Сөреде 
тұрып кепкен соң қапқа, кебежеге салып қойса, ірімшік бүлінбестен бір- екі 
жылға, тіптен одан да көп уақытқа шыдайды. 
Көшпелі елдің дастарқанындағы құрт, май, ірімшік, сірне сияқты күнделікті 
ішіп-жемнен артылған тағамдарын жаз бойы бөлек қапқа салып жинап 
отыратын дәстүрі болған. Өйткені алда алты ай қыс бар. Міне, осы күнделікті 
ішіп-жемнен артылған тағамды «тірнек жинау» деп атаған. Бір нәрсені ерінбей, 
аз-аздан, ұзақ уақыт жинағанда, «тірнектеп жүріп жиғаным ғой» деп келетін 
қазақ тіліндегі тіркес содан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет