286
субъектінің көңіл-күйін, іс-әрекетін түсінбегендіктен,
яғни адамды бір
психологиялық күйден екінші психологиялық күйге кенет ауыстыру «бос
шиеленісті» тудырады.
Сурет-82. Педагогикалық қақтығысты шешу шарттары
Ондай шиеленісті жағдаятты шешу адамға
ешқандай рухани пайда
бермейді, тек оның жүйке жүйесіне жүк түсіреді, қосымша күш жұмсатады.
Баланың көңіл-күйін түсіне отырып, оған өз шешімін білдірмей көндіру «бос
шиеленісті» шешу жолының бір амалы. Бала өмірі көптеген қателіктерге толы.
Оған бірден қатаң үкім айту, тыйым салу сияқты әрекеттер жақсы нәтиже
бермейді, одан тек қарым-қатынас бұзылуы мүмкін.
Әрине, жанжалдарды шиеленіспей
тұрғанда шешу қажет, әйтпесе
керісінше шиеленіс психологиялық кеңістікті түгел қамтып,
өршіп кетсе оны
шешу өте қиынға соғады.
Қақтығысты шешу – шығармашылық жұмыс. Ол үшін қақтығысты
жағдаятты зерттеп, оның пайда
болу себебін саралау қажет, алдын-ала шешім
қабылдауға болмайды, әр педагог әрдайым дербес шешім іздестіруі ұтымды. Ең
бастысы,
мейірімділік, сүйіспеншілік, ұстамдылық шиеленісті төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: