Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет106/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

Ескерту:
диктантта барлық сан есімдер, тіпті күндерді 
көрсететіндері де сөзбен жазылады. 
13. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға 
алынбай жазылады. 
14.Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы 
керек. 
15. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс 
белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек. Өлеңнен 
алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады. 
16. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы 
керек.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шығарма жаздыру- балаға білім 
беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы 
үйде де, сыныпта да жаздырады. Бағдарламада шығарма жаздыру 
сағаттары берілген. Тақырыптың ауыр-жеңілдігіне, оқушылардың жас 
ерекшелігіне байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. 
Мысалы, сыныпта – 2-3 сағат, үйде – 1 апта, не 10 күнге дейінгі 
мерзімге беріледі.
Мұғалім қосымша сабақ өтеді, жекелеген оқушылармен жұмыс 
жүргізеді, қосымша материалдар іріктеуге, эпиграф алуға көмектеседі. 
Оқушы шығарманы үйде жазып жатса, оның алғашқы сұлбасын оқып, 
ақыл-кеңес береді. Басында үлгісі берілген нұсқау-көмекті естеріне 
түсіріп, шығармаға қояр талапты қайталайды. Егер тақырып қиын 
болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек 
жасайды. Кейде оқушылардың пікірі, ойына ерік беру керек. Қай 
тақырыпта шығарма жазады, қай тақырып маңызды- өздері шешсін. 
Шығарма жазу үшін, ең басты мәселе- оқушының сол тақырыпты 
білуіне ғана емес, сонымен бірге білгенін көркем, тиянақты тілмен 
жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы, негізгі 


108 
мәселелерді дөп тауып, соны тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да 
үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды пайдалана білу өте 
алғырлықты, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім балаларды 
шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет. 
Шығарма 
жазуда 
жоспардың 
жай, 
күрделі 
түрлері 
пайдаланылады. Егер оқушы шығармасының мазмұны, тілі, стилі, 
сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па 
оны негізге алмау керек. Эпиграф жайлы да осыны айтуға болады.
Шығарма –
оқушының білім деңгейін көрсететін творчестволық 
жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын дәлелдей 
алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет