19
Жазбаша аударма процесіне дайындалу кезеңі, аударманың өзі және
аударманы қайта қарап шығу кіреді. Дайындалу кезеңіне қосымша
материалдармен бірге аударатын мәтінді басынан аяғына дейін алдын-ала
оқу кіреді. Осы кезде түсініксіз мәселелермен қысқартылған сөздер
белгіленеді. Бұл аудармашыға маманмен консультация өткізуге және
анықтама әдебиет тізімін белгілеуге мүмкіндік береді.
Жалпы аударма аударылып жатқан бірліктің (сөйлем) және аударылып
жатқан тілдік құрал арқылы ондағы ақпаратты қайта қарап шығу және қайта
қарап шығу нәтижесінде инвариантын жазудан құралады. Аудармашының
болжамы мен интуициясы (сезімі) техникалық аударманың мағынасын
айқындаудың негізі бола алмайды, өйткені аударма барысында ақпарат
мазмұны өзгертілмей, мағынасы толық көлемде сақталып берілуі тиіс.
Қандай да болмасын жазбаша не ауызша аударма ісімен айналысатын
аудармашының өз жұмысына деген көзқарасы, жауапкершілігі қызметін
дұрыс жүргізуде өте маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ аудармашының өз
ісін қаншалықты білуі, аударма саласында қолданатын әдістері мен
тәжірибесі айтарлықтай жоғары дәрежеде болуы тиіс. Дегенмен, жалпы
аударма ісі шетел тілін білетін әрбір адамның қолынан келе бермейтін
жұмыс. Ал, жоғарыда айтылған біліктіліктердің аудармашылар үшін
барлығын бірдей дамыту оңайға соқпауы мүмкін. Сол себепті біздің
қарастырып отырған мәселеміз техникалық аударма. Және біз, нақты осы
аударма жолында болашақ аудармашыларға кажетті қабілеттер, дағдылар
мен мағлұматтарды зерттеу жұмысымыздың барысында көрсетуді және
техникалық аударманың талаптарына сәйкес аударма үлгілерін беруді жөн
көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: