14
1) «А дегеніміз Б» құрылымының кең қолданылуы, яғни байланыстырушы
етістік пен предикативтен құралатын бағыныңқылы етістігі бар құрмалас
сөйлем. Мысалы:
Control is by a foot switch – Басқару аяқ педалімен іске асырылады.
The refrigerants are nontoxic and nonirritating – Тоңазытқыштардың еш зияны
жоқ.
2) жасырынулы анықтауыштар болып табылатын
көптеген атрибутивті
топтар зат пен құбылыстың әртүрлі белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Мысалы:
A differential pressure type specific gravity measuring instrument – Қысым
төмендету тәсілін қолданатын салмақ өлшейтін құрал.
3) техникалық стильдегі дәйектілік және зат есімдік құрылымының басым
болуы нақты заттарға негізделуден туады.
Зерттеулер көрсеткендей бұндай мәтіндерде үрдістің сипатталуы да іс әрекет
те қалыптасады.
Мысалы:
«
to dean after the welding
» деудің орнына маман «
to do post welding cleaning
»
деп айтуды жөн көреді –
желімдуден кейін тазарту жүргізу.
4) техникалық мәтіндерде оператор етістіктердің кең қолдануы байқалады.
Бұл іс қимылдың шындық бейнелеуінің функциясы заттық ұғымға берілумен
байланысты. Ал баяндауыш сөйлемде тек іс әрекетті білдіруші, заттың
операторы болып табылады. Төмендегі етістіктер оператор қызметін
атқарады:
to effect, to assure, to perform, to obtain, to provide, to give, to involve,
to entail, to imply, to result in, to lead to, etc.,
олардың мағынасы мен
аудармасы толығымен сөйлемдегі негізгі мағынаға ие зат есімге тәуелді.
5) үстеуді сөйлемнің заттық сөз тіркестерімен алмастыру дәйектілеу салдары
болып табылады.
Мысалыға:
accurately
сөзін
with accuracy very easy – with greatest ease
немесе
easy way
түрінде беруге болады. Бірақ бұның күшейткіш үстеулерге қатысы жоқ, олар
15
техникалық мәтіндерде негізгі модальды экспрессивті әдісс ретінде
қолданылады. Атап айтатын болсақ мына үстеулер:
clearly, completely,
perfectly, positively, markedly, essentially, etc.
Мысалы:
the energy loss is markedly reduced
–
қуаттың жойылуы айтарлықтай
қысқаруда.
6)етістіктердің орнына демеулігі бар етістіктен туған сын есімдердің кең
қолданылуы техникалық стильдің етістікке қарсы үрдісінің бірден бір
көрінісі болып табылады.
Мысалы:
to attendant on –
қызмет көрсетуші,
to be conductive to –
бір нәрсе әкеп
соғушы,
to be destructive of –
бір нәрседен жойылу,
to be incidental to – әсер
етуші, to be responsive to – бір нәрсеге сезімтал болу.
This system is conductive to high volumetric efficiency – Бұл жүйе көлемді
нәтиже береді.
7) етістікті қолданудың ерекшелігі техникалық
мәтіндердегі етістіктен
туатын баяндауыш саны көркем әдебиет туындыларына қарағанда екі есе аз.
Ырықсыз форма мен нақ осы шақ формасының басымдылығы байқалады.
Аудармашы арнайы мәтіндерде ырықсыз етістік мағыналы ауыспалы емес
формасында ауыспалы етістіктің қолдануына ерекше көңіл бөлуі керек.
Мысалы:
The steel forges well – Болат жақсы балқытылады.
8) ағылшын тіліндегі техникалық стильдің маңызды белгісі мазмұнды қысқа
түрде берілуі болып табылады, ал эллиптикалық құрылымның айтарлықтай
кең қолданылуында көрініс табады.
Мысалы:
A remote crane
немесе
a liquid rocket
сөз тіркесін аудару барысында
аудармашы сөз тіркестердің эллиптикалық формасын тани білуі тиіс.
A remote operated crane – қашықтықтан басқарылатын кран,
A liquid fuelled rocket – сұйық жанармаймен ұшатын ракета.
16
Мазмұнды қысқа түрде беру үрдісі айқындауышты
бағыныңқылы сөйлемді
жанама сын есіммен ауыстыруға (әсіресе
–able, -ive
және т.б. суффикстері)
және сол мақсатпен инфинитивті форманың анықтауыш функциясында
қолануына себеп болады.
Мысалы:
The materials available – қол жетерлік матермалдар, problems difficult with
ordinary equipment – арнайы құрал жабдықты қажет ететін күрделі
жағдай, the properties to be expected – күтілетін қасиеттер, the product to be
cooled – салқындатуды қажет ететін өнім.
9) техникалық мәтіндерде артикльді, әсіресе белгілі артикльді, түсіру
жағдайының жиі кездесуін атап көрсетуге болады, басқа типті мәтіндерде де.
Мысалы, реттік сан есім және нақты бөлшек атауының алдында:
First
uranium mine in the region was - ... Осы аймақтағы тұңғыш уран шахтасы...
10) ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіннің жиі кездесетін грамматикалық
ерекшеліктеріне өлшенбейтін зат есімдердің көпше түрінің
кең қолданылуы
жатады: (
fat – май, oil - мұнай, greases - май, steel - болат, rare earth – сирек
кездесетін жер үсті элементтері, sand - құм, wool - жүн, gasoline –
жанармай) бұл құрал-сайман атауларының көпше түрі (clippers - тістеуіш,
jointers - жақша, dwiders - циркуль, өлшеуіш);
атрибутивті сөз тіркестерін
type, design, pattern, grade
Достарыңызбен бөлісу: