Дипломдық ЖҰмыс «Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» «050207-Аударма ісі»



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата03.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#137708
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ диплом 2010

Мәтін
сипаттамасы
1)
 
«тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі»; 
2)
 
жүйелі, байланысты, тұтас, тиянақты, қалыптасқан мағыналық 
жағынан өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі; 
3)
 
коммуникацияға қатысушыға тән сөйлемелік бірізділігі; 
4)
 
жазу үлгісіндегі ауызекі сөйлеу шығармалары; 
5)
 
ауызша немесе жазбаша ауызекі сөйлеу шығармалары [ 2,453]. 
Лингвистика тұрғысынан, мәтін – аяқталған тілдік шығарма ретінде 
қарастырылады. Ал, кейбір жаңа зерттеу бағыттарының сипаты мәтінді 
шығарма тұрғысынан қарастыруды жөн санайды. Мәтінді тілдік шығарма 
ретінде жалпылыққа тән құбылыс [3, 608]. Осы анықтамаға сүйене отырып, 
мәтінді сөйлемдер жиынтығы немесе бір сөйлем, сөз тіркесі немесе бір сөз 
деп алу тиімді. 
Мәтін – жазбаша немесе ауызша тілдік шығарма, кейбір құрылымдары 
қарым-қатынас кезінде қалыптасқан, өз алдына аяқталған дербес құрылым. 
Лингвистер «мәтін» атауын элементтер арасындағы байланыспен немесе 
фразааралық байланыспен түсіндіреді. Олардың ойынша, мәтін дегеніміз - 



әртүрлі байланыстар түрімен біріккен, жеке дара сөйлем ғана емес, 
сөйлемнен де ірі абзац, параграф сияқты бірліктер құрылымын айтады [4,8]. 
Кейде мәтінді «тұйықталған құрылым» деп түсінеді. 
Мәтін мәнін осылайша түсіндіретін бұл топтың бір ерекшелігі 
«байланыстылық» категориясын енгізгендігінде болып отыр. Бұл топ 
өкілдерінің бірі Харвегтің анықтамасы бойынша, мәтін – парадигматикалық 
және синтагматикалық екі өлшемді үздіксіз алмастырушылар (субституттар) 
тізбегін құраған тілдік бөлшектердің (бірліктердің) жалғаспалылығын 
айтады. Алайда, Харвегтің берген анықтамасы мәтінді мағыналық, мәндік 
аясынан тарылтады [5,13].
Мәтін – белгілі мақсаттылыққа және прагматикалық бағдарға ие 
шығарма. Егер сөйлесімді дыбыстық қасиетке ие дейтін болсақ, мәтін 
графикалық қасиетке ие. Егер сөйлесімді оның бірілділігі оқшаулап тұрса
мәтінді оның көпөлшемділігі оқшаулайды. Сөйлесімді бірізді дейтініміз, ол 
дыбыстық қасиетке ие баспа (графикалық не магнитті лента) оның саласын 
өзгертеді. Осылайша ауызекі тіл қайтымсыз – дыбысталды және қандай да 
бір бөлшегіне оралу мүмкін емес. Мәтін көпөлшемді, себебі оның кез келген 
бөлшегіне көптеген оралу жолдары бар. Егер ауызекі сөйлеу қозғалыс, 
әрекетте болса, мәтін екіжақты қасиетке ие, яғни тыныштық қалпында болу 
және қозғалыста болу. Егер ауызекі сөйлеу тек сөйлеу процесі кезінде 
дыбысталу уақытымен шектелсе, мәтін ештеңемен шектелмейді. Мәтін 
шындықты бейнелеп қоймай, ол жайында хабардар етеді [6,12]. 
Мәтіннің 
семантикасы 
номинативтік 
және 
коммуникативтік 
компоненттерден тұрады. Мәтінде коммуникативтік, когнитивтік және 
эмотивтік қызметтері қиылысады. Коммуникативтік біртұтастықтың жоғарғы 
деңгейі ретінде мәтін – ашық және тұйық жүйе болып табылады. Мәтіннің 
тұйықтылығы оның аяқтылығы мен шетілігіне байланысты. Ал, мәтіннің 
ашық жүйесі оның қабылдану ерекшеліктеріне байланысты. 
Мәтін дегеніміз – жүйелік пен жекеліктің бірлігі. Мәтіннің жүйелілігі 
тілдік кодтармен берілген мәтінді моделдеп, алушының жіберушіге деген 



талабымен сипатталады. Мәтіннің жекелігі әдеби бейнені өзімен алып 
жүрген заттық форманың шексіз вариациялық нәтижесімен сипатталады.
Р. Барттың мәтін жайында берген анықтамасында былай делінген: 
«байланысқан мәтін мазмұны жағынан біртұтастықты білдіретін, ішінара 
ұйымдасқан және коммуникативтік мақсатқа арналған аяқталған тілдік 
ілеспелілік» [7,18]. 
Сонымен, мәтін дегеніміз – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық
құрылымдық 
және 
коммуникативтік 
мағынасында 
байланыстылық, 
біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма. Сондай-ақ, мәтін – 
өз алдына негізгі қасиеттері байланыстылық пен біртұтастық болып 
табылатын, мағыналық жағынан біріккен таңба бірліктерінің бірізділігі. Ол 
функционалдық, семантикалық, құрылымдық бірлік ретінде бір құралу 
ережесіне ие, өзін құрайтын бірліктердің формальды және мағыналық 
заңдылықтарын айқындайды деген тұжырымдамаға тоқталдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет