Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет76/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135
Байланысты:
сборник3

Annotation 
The article shows that the formation of humanspirituality comes in initially existing spiritual 
space.The authors identifies the elements of spiritual space:the moral norm, which is the basis of 
morality, givingthe actions of human moral coloring; system ofspiritual and moral values that are 
absorbed by man,from childhood; spiritual culture.Spiritual space exists not only in the present and 
in thepast and the future. Being in the spiritual space meansthat people should follow the spiritual and 
moral lawsand have spiritual needs. 
Ғасырлар тоғысында, мемлекеттің, сонымен қатар әрбір жеке адамның өмір сүру стилі 
өзгеріп отырғанда, өмірдің мәні болатын идеалдар да өзгереді. Сондай идеалдарды немесе 
ұлттық идеяларды іздестіруде заңшығарушылар, саясаттанушылар, журналистер
өнертанушылар бас қатырады. Осы жерде жастарды дұрыс тәрбиелеу мен теріс әсердің алдын 
алуда ғылыми негізделген амалдардың қажеттігі туындайды. Осы қиын мәселені шешуде 
психология ғылымы не ұсына алады? Психология ғылымдарының кандидаты Л.Н.Собчиктің 
айтуынша [7], жетекші тенденциялар теориясы адам тұлғалылығының генетикалық, 
психологиялық және әлеуметтік құраушыларының бірлігін растайды. Бұл концепцияға сай 
өзіндік сананың жоғарғы деңгейлері, әлеуметтік бағдар және индивидтің құндылықтар 
иерархиясы тек қана әлеуметтік ортаның әсерінен ғана қалыптаспайды, сонымен қатар 
даралық тропизмге де (яғни, таңдамалылыққа да санасыз тартылу) байланысты. 
Даралық-тұлғалық қасиеттер жетекші тенденциялармен анықталады. Бұл адамның 
ерекшеліктері мен темпераментін қалыптастыратын генетикалық бейімділігінен бастау 
алады. Мінез – бұл адам психикасының конституционалды берілген қасиеттерінің қорытпасы. 
Оған адамның тұрақты даралық қасиеттерін реттеп не ушықтырып отыратын ғана емес, 
сонымен қатар өзін бақылауға жағдай жасайтын ортасы тәрбиелік әсер ете алады. Тұлғаның 
жоғары деңгейлері, адамгершілік ұстанымдар, азаматтық сана, құндылықтар иерархиясы – тек 
қоғамның мәдени-тарихи тәжірибесі арқылы ғана қалыптаспайды, сонымен қатар әрбір 
адамның таңдамалылығымен де байланысты. Ал бұл адамның даралық типологиясына 
байланысты. Психодиагностикалық зерттеулер арқылы гипертимді (риясыз, қатаң, 
экстравертті, агрессивті типологиялар) және гипотимді (сезімтал, интровертті, мазасыз, 
лабильді типологиялар) тұлғаларды анықтауға болады. 
Психодиагностикалық зерттеулер адамның рухани толықтығын, оның өмірдің мәні 
туралы ойлану қабілетін анықтауға қаншалықты көмектесе алады? Әуелі, руханилық деген 


67
ұғымға сипаттама беріп көрейік. Соңғы жылдары қазіргі ғылым руханилық мәселелерді 
шешуге бет бұрып отырғаны белгілі. Руханилықты түсінуде анықтамалар көп: 
- руханилық бейсаналық сферасы ретінде (А.Адлер, З.Фрейд, Э.Фромм, К.Хорни, 
К.Юнг); 
- руханилық өмірдің құнды-мағыналық сферасына бағдарлану ретінде (В.А.Беляева, 
Б.С.Братусь, Л.П.Буева, Т.И.Власова, Ж.Годфруа, В.А.Пономаренко, З.Д.Рахматуллина, 
В.Франкл); 
- адамгершілік тіршілік етуге, абсолютке ұмтылыс ретінде (Г.Г.Шпэт); 
- адамгершілік діндарлық ретінде (И.А.Ильин, И.М.Ильичева, В.С.Соловьев); 
- руханилық өмір сүру тәсілі ретінде (М.М.Бахтин, Б.С.Братусь, Л.И.Казакова, 
И.К.Мамардашвили); 
- руханилық шындыққа ұмтылыс ретінде (В.П.Зинченко [1]); 
- руханилық субъективті проекциядағы адамның шынайылық үрдісі ретінде 
(Е.И.Исаев, В.И.Слободчиков[3]); 
- руханилық адамның мәдениеттілік және сауаттылық деңгейі ретінде (А.А.Аболин, 
А.И.Зеличенко, В.В.Знаков [4], В.Д.Шадриков [5]); 
- руханилық адамгершілік ретінде (А.А.Андрушкевич, А.А.Какурин, В.С.Соловьев, 
В.А.Релизов); 
- руханилық шығармашылық ретінде (В.У.Бабушкин, Н.А.Бердяев [2]); 
- руханилық сананың ерекше қабаты ретінде (Л.Божович, В.Г.Зинченко,А.Спиркин); 
- руханилық қажеттілік ретінде (Ю.П.Вяземский, П.М.Ершов, П.В.Симонов); 
- руханилық тұлғалық әлеуметтік-психологиялық білім және психологиялық көрініс 
ретінде (З.Г.Антошкина, И.М.Ильичева, Н.А.Коваль); 
- руханилық тұлғаның өзін-өзі іске асыруына, өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі 
жетілдіруіне ұмтылысы ретінде (Л.М.Аболин, В.П.Зинченко, И.М.Ильичева, Л.Рубинштейн, 
А.А.Фоменко). 
Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге болады. 
Руханилық құрамындағы мына салалар жиынтығынан тұрады: 
құнды-мағыналық (рухани және материалдық құндылықтардың байланысы және 
өмірдің мәнін іздеу), шындыққа ұмтылу, адамдарға, мамандыққа және өзіне қарым-қатынас, 
адамның сауаттылық және мәдениеттілік деңгейі, шығармашылық (жасау, қайта жасау ниеті), 
адамның діни сауаттылық деңгейі, адамгершілік нормалар мен ережелерді ұстануы, тұлға 
өмірінің адамгершілік-этикалық жақтары, өзін-өзі дамытуға ұмтылысы. 
Адамның руханилығы кенеттен пайда болмайды. Адам рухани кеңістікте дүниеге 
келеді. Сол кеңістіктен адам шынайы мәселелерінің дайын шешімдерін алып отырады. 
Руханилық дегеніміз тұлға қалыптасатын және дамитын кеңістік болып табылады. 
Адамның руханилығы –өмір сүрудің өзімшілдік ұмтылыс шеңберінен шыға білу, 
жетістікке жете білу, өзін қиыншылықтан қорғай білу. Рухани байлыққа толы өмір өз Меніне 
қоршаған орта туралы ақпаратты кең енгізу ғана емес, сонымен қатар өзінің Менін ғаламдық 
мәнде қарастыра алу қабілеті. Және де адам енжар рольде емес, іс-әрекет субъектісі ретінде 
болады. Бұл – осы өмірдегі өзінің орнын түсінуге тырысатын, өмірін белгілі бір мәнге 
толтыруға ұмтылатын және өзімшілдік мақсатта емес, кейбір идеалдар үшін белсенді әрекет 
ететін тұлға. 
Руханилық біреулер үшін қоғамдық моральға сүйену болса, екінші біреулер үшін бұл 
өзіндік ары. Егер адам жазадан қорқудан емес, өзінің адамгершілік ұстанымдарына сүйеніп 
әділеттілік заңын бұзбайтын болса, бұл адам жанының жоғары деңгейін көрсетеді. 
Рухани дамуға дайындық әр адамның бойында бар қасиет, бірақ ол оның өмірі мен 
жанын толтыру үшін қоршаған ортаның әсері қажет. Сонымен қатар, білімге тәуелсіз 
сезімдерді тәрбиелеу қажет. Алайда осы талаптармен қатар адамның рухани дамуы үшін 
тұлғаның интровертті, мазасыз және сезімтал, яғни гипотимді типтері жағымды әсер етеді. 
Оларда жанашырлық, өзін талдау, өзімшілдіктен аттау және Мен образын иеалды образбен 
жақындастыруға бейімділік көрініс табады. Сонымен қатар олардың іс-әрекет мотивтері 
гуманистік бағытымен ерекшеленеді. Тұлғаның бұл типінде рухани қанық стильде өмір сүруге 


68
талпыныс басым келеді. Тұлғаның мұндай даму нұсқасын «бастапқы руханилық» деп атауға 
болады. 
Зерттеулер көрсеткендей гипертимді (риясыз, экстравертивті, агрессивті және қатты) 
көп жағдайда өзінің Менін «осында және қазір» типінде іске асыруға бағытталған. Олар 
өздерін белсенді жариялайды, және де өзіндік Мені сол әлемін басып тұрады. Олар өзіне 
талдау жасауға және өмірдің мәнін табуға аз бейімді. Оларға өткен және болашақ туралы ойлар 
емес, өмір сүрудің әрекетті стилі тән. Тұлғаның бұл екі типі де қоғамдық үйлесімділікке қажет. 
Бірақ гипертимдер реформаторлық ойларда, техникалық дамуда және өркениеттің 
ілгерілеуінде іске асырылса, тұлғаның гипотимді нұсқасы қоғамға рухани жетілу үшін, мәдени 
дәстүрлерді, адамгершілік ұстанымдарды сақтау үшін қажет. 
Психодиагностикалық зерттеу мәліметтері (MMPI тесті, Түс таңдау әдістемесі (МЦВ), 
Сонди тесті (МПВ), Даралық-типологиялық тест (ИТО), т.б.) тұлға бағыттылығын анықтауға 
кең мүмкіндік береді. 
Дарынды ғалым В.П.Эфроимсон адам тұлғасының құрамы генетикалық, 
психологиялық және әлеуметтік бірлікте деп айтқан. Көпжылдық генетикалық, биохимиялық, 
психологиялық және мәдени-тарихи зерттеулер нәтижесінде Эфроимсон дәлелдегендей
басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын адамдарға тән альтруизм 
сынды қасиет генетикалық шартты болып табылады. Әлемге қайғы мен күйреушілік әкелетін 
жағымсыз адамдардың бойындағы өзімшілдік, сараңдық, агрессивтілік және басқа да теріс 
қасиеттерге қарамастан, адамзат рухани бай адамдардың басқа да жақсы сапалары, яғни өз 
мүддесін басқаның мүддесінен төмен қою қабілеті, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу, 
сүйе білу сынды қасиеттер арқасында дамиды және жетіледі: «Біз аман қаламыз...... Егер 
бойымызда жанқиярлық және өзара қарым-қатынасқа ұмтылу сынды қасиеттерімізді сақтап 
қалсақ», - деп жазды Эфроимсон [6]. 
Қорытындылай келе, руханилық - адам өмір сүруінің биік деңгейі деп тұжырымдауға 
болады. Адамның тұлғалық, кісілік, рухтық көрсеткіштерінің бірі - адамдардың бір-біріне 
деген сыйластығы. Адамның рухы - оның өмір сүруі мен дамуына кепіл болады. Рухани адам, 
«рухталған» жан – бұл өзін-өзі біртұтас жан-жақтылық бағытқа дамыта алған еркін тұлға деп 
түсінгеніміз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет