Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет153/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   271
Литература
1.Национальный план действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-
2016 годы.Постановлением Правительства РК от 25 июня 2012 года № 832.Астана: Казинформ, 
2012. 
2.Специальная дошкольная педагогика: Учеб. пособие / Под ред. Е.А.
Стребелевой,

М.:
Издат.
центр
«Академия»,
2001.

312
с. 
Лазуренко С.Б., Простова М.В. Особые образовательные потребности детей с ограниченными 


309 
возможностями здоровья // Личность, семья и общество: вопросы педагогики и психологии: сб. 
ст. по матер. VII междунар. науч.-практ. конф. Часть III. – Новосибирск: СибАК,2011. 
3. Н.А. Назарбаев. Послание народу Казахстана от 27 января 2012 года «Социально-
экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана»
 
Даулбаева Б.С. 
№ 12 тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ, Абай қ.
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ
 
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы 
мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деп, ұлағатты ұстазды мектептің 
жүрегіне теңесе, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет 
Байтұрсынұлы: «Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты - оқу мен әдебиетте» деп, 
ұлттың, мәдениеттің ұлағатты болуы ол – оқу мен білім деп жете көрсеткен.
Ұстаз – қоғам мен адамзатты ұлы құндылықтарға: ғылым мен білім, өнер мен әдебиет
мәдениет мен руханият, жалпы адам баласын асыл қасиеттерге тәрбиелеуші аса қадірлі де 
қастерлі, құрметті есім. Сондықтан да ағартушы - ұстаз Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың 
баласы бас қосса, төр - мұғалімдікі» деп, педагогтің биік мәртебесі мен құрметті дәрежесін атап 
көрсетеді.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. «Ағаш түзу 
өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» 
деп бекер айтылмаған. 
Білімді ұрпақ – болашақ бастауы. Балалар – біздің болашағымыз. 
Білім беру саласының, атап айтсақ біздің алдымыздағы басты мақсат – оқушы бойында білім – 
білік, дағдыларға қол жеткізу ғана емес, олардың жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімді, өзін – 
өзі дамыта алатын, өз бетімен кез – келген мәселені адамгершілік тұрғыда шеше алатын, өзіндік 
ойы бар жеке тұлға қалыптастыру.
Біздің басты байлығымыз білім болғандықтан, қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі 
қандай болса, елдің ертеңі - ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болары сөзсіз. Өскелең ұрпақ еркін 
ойлы, көзқарасы кең болуы керек. Сондықтан, қазіргі таңда қоғам талабына сай алған білімін 
өмірде қолдана алатын, мемлекеттік тілді білетін, елін, туған жерін қадір тұтатын елжанды 
азамат дайындау – бүгінгі ұстаздардың, яғни мына біздің басты мұратымыз болуы тиіс. 
Ұстаз шеберлігі – шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақты бере білуі 
және оқушыны түсінуден, онымен рухани қарым – қатынаста болудан тұрады. Сабақты жоғары 
деңгейде беретіноқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынында өз жолын адаспай 
табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой, әрбір мұғалім осыған ұмтылса 
ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өскелең талаптар мен 
қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда. 
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өткен жылы Ұлттық қоғамдық сенім 
кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің 
маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай – ақ еліміздің барлық халықтың күш – жігерін 
оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырған болатын. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігі 
2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп 
жариялады. Негізінен шынымен кітап оқу - сауаттылықты дамыту, адамның ішкі мәдениетін, 
рухын, ұлтжандылықты қалыптастыратын негізгі құрал деп есептелетіні шындық.
Бүгінгі күні ұйымдастырылып отырған «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» атты «Оқу 
сауаттылығы» апталығы да мектептер мен оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта 
отырып, шығармашылық қабілеттерімізді де шыңдай түсуде. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамзаттың бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман 
ағымынаілесіп отыруы, білімін жетілдіріп отыруы деп білемін. Сонымен қатар зияткерлік, дене 


310 
және рухани тұрғысынан дамыған азаматты қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуін 
дамыту болып табылады. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік 
бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге де үйретуіміз қажет. 
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы – оқушының пәнді терең түсіну 
қабілетін дамытуға, алған білімін сабақта және кез келген жағдайда пайдалана білуге септігін 
тигізері хақ. 
Еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары, оның жедел 
ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. ХХІ 
ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру 
мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар 
қойылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдардамасындағы әр 
пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше 
Қазақ тілі мен әдебиетінен білім беру жұмысындағы алдыма қойған басты міндетім – 
оқушылардың функционалдық дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін ашу, дамыту. 
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, яғни сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен 
жұмыстың пайдасы өте зор. Мәтінмен жұмыс оқушының ойлау дағдысын талдауға, жинақтауға 
алып келеді. Оқушының пікірін тудырады, оқушы өз пікірін бағалайды, түсінеді, ізденеді. 
Мәтінді оқыған кезде,көбінесе оқушылардың мазмұнын толық түсінуін қадағалап, өз сөздерімен 
айтып беруін талап етемін. Сондай - ақ кездескен жаңа сөздерді талдап, ұзақ естерінде сақтау 
үшін жаттығу жұмыстарын да жүргіземін. Оқушылардың ой – өрісінің дамуында, тіл 
шеберлігінің қалыптасуына, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда мақал – мәтелдер, шешендік 
сөз, жаңылтпаштардың орны ерекше. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылармен «1001 мақал, 101 
жұмбақ» атты танымдық сайыс түрін ұйымдастырып, мақалдарды жалғастыр, сөзжұмбақты шеш 
секілді өздік жұмыстарынберемін. Осы сайысқа деген оқушылардың қызығушылығы ерекше 
екендігін атап кеткенім жөн. Сондай – ақ, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту 
мақсатында 9 – сынып оқушыларымен өткізген «Болашаққа бір қадам» тақырыбында Zoom 
платформасында білгірлер сайысы да оқушылардың қызығушылығын оятты. Ең маңыздысы 
«Жеті жұрттың тілін біл»(жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни 
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту қажет), «Зымыран сұрақтар»(берілетін сұрақтарға дұрыс 
жауап беру керек) бөлімдері бойынша берілген тапсырмалар да оқушыларға оң әсер етті.
Сонымен қатар жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, 
адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін 
тигізеді. Өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Сондықтан 
қазіргі қоғамда әр мұғалім оқу үдерісінде қажетті өзгерістерді, тәжірибелер жөніндегі 
мағлұматтарды, жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі тиіс деп 
санаймын.
Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау арқылы екі – үш 
сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстарын да жиі жүргізілуі тиіс. Жұмыс барысында 
сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қоя білу сияқты жұмыстар тіл дамыту 
жұмыстарына негіз бола алады. Оқу сауаттылығы – оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және 
қолдануы, мәтін барысында ой – толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, 
әлеуметтік ортаға бейімделуі болып саналады. Оқушылар өздері оқығандары мен 
тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын 
қысқаша айтып берулері сабақтың оң нәтижесі болып саналады. Қазақ тілінде тыңдағанын, 
естігенін түсіне білсе, басқа адамдармен сөйлесуге, тілдік қарым – қатынас жасауға қажетті 
жағдайлар тудырады. 
Функционалдық сауаттылықтың бір міндеті сырттай бағалау және іштей бағалау болып 
табылады. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай 
бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері. 
Бағалау модулінің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мен қатар 
оқушыларды өздерін бағалауға үйрету. Мұғалім сабақ барысында оқушы берген жауапқа 
«Керемет», «Жарайсың», «Өте жақсы» деген стикерлерді пайдалану арқылы формативті 
бағалауды жүргізсе, нәтижесінде оқушылардың ынталары едәуір артатыны шындық. Ең 


311 
алдымен оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін негізінде ынталандыру сөздерін көп 
қолданған абзал. Сонда ғана оқушы берілген сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытады. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту 
бойынша мынадай келелі жұмыстарды ұйымдастырсақ, нәтижесі зор болары сөзсіз:
1.Оқушыларға бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, 
тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу; 
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету; 
3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым – қатынас жасау; 
4. Қазіргі заманға сай оқушыларға ақпараттық технологияларды қолдана алуды үйрету;
5. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту бойынша жоғарыда келтірілген барлық жұмыстарды ұтымды 
ұйымдастырып, пәрменді жүргізсек, оқушыларға өзге тілді оқып – үйренудің керектігін, қазақ 
тіліне деген сүйіспеншіліктерін оятып, мемлекеттік тілді құрметтеу, қастерлеу міндетті екендігін 
жас ұрпақтың санасына сіңіре білу мына біздің – ұстаздардың басты міндетіміз деп санаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет