21
жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде төселе сөйлеуін, сауатты
жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық
қабілеттерінің де дамуын
ескеріп отырғаны жөн.
Баланың даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет
етеді. Мұғалім оқу-танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының
биологиялық және әлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім
кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді [1].
Қазақ
тілінен
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
педагогикалық негіздері дегенде, ең алдымен, оқушылар меңгеруі тиіс деп танылған қазақ тілінен
берілетін білім мазмұны, қазақ тілін ана тілі ретінде оқуы арқылы оқушылардың тілдің
кумулятивтік қызметін меңгеруі арқылы өзін-өзі тануы, тілдік санасы жетіліп, тілдік тұлға ретінде
қалыптасуына игі ықпал ететін педагогикалық заңдылықтар қарастырылады.
Қазақ тілін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында
оқытуда педагогиканың,
дидактиканың жаңашыл идеяларын қолдану керек, оны төмендегідей көрсетуге болады:
Қазақ тілін функционалдық бағытта оқытуда дәстүрлі дидактикалық және қазақ тілін оқыту
ұстанымдарының жүйесі қатарында мынадай педагогикалық ұстанымдар басшылыққа алынғаны
дұрыс: когнитивтік ұстаным, креативтік ұстаным, рефлексивтік ұстаным. Бұл ұстанымдар
оқушының ой өрісінің логикалық-сабақтастық желісін құрап,
ауызекі сөйлеу мен жазу
сауаттылығын қалыптастырып, дамытуда орны ерекше екендігі педагогикалық зерттеулер мен
еңбектерде дәлелденіп келеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын
игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат
көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің
болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді;
іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен
әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді [2].
Жаңа технологиялар, әдістер, тәсілдер және білім беруді тексеру мен бағалаудың жаңа
формалары, бағдарламалардың бәрі оқушылардың коммуникативтік және ақпараттық
қалыптасуына бағытталған. Қазақ тілі сабағындағы оқушы жұмысының нәтижелілігі бастауыштағы
біліміне, мұғаліміне байланысты екені аз айтылып жатқан жоқ, яғни пән мұғалімінің ақпараттық-
технологиялық сауаттылығы үлкен рөл атқаратыны сөзсіз[3].
Осылайша тиімді деген әдіс-
тәсілдерді ұдайы пайдалану пәнге деген қызығушылығын дамытуға қызмет етеді, соның негізінде
мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Жетістікке жету үшін жаңа
технологиядан ұдайы хабардар болып отыру әр ұстаздан көп ізденуді қажет етеді.
Жаттанды білім жарға жығатыны сөзсіз. Егер бойыңдағы білімің күнделікті өмірде қажетіңе
жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне
білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: