ҚОЛ ¥ШЫ Б¥ЛШЫҚЕТТЕРІ
Білек бұлшықеттерінің қол ұшының сыртқы мен алақандық бетгерінде
өтетін сіңірлерінен басқа, онда қолдың осы бөлімінен басталып, аяқталатын
меншікті қысқа бұлшықеттері болады (150, 151-суреттер). Олар үш топқа
бөлінеді. Олардың екеуі алақанның кәрі және шынтақ жіліктердің
жиектерінде орналасып, бас бармақ томпағы, thenar мен шынашақ
томпағын, hypothenar түзеді; үшінші топ алақан ойысында, palma manus-та
орналасады. Адамда қолдың - еңбек мүшесінің, ең маңызды бөлігі болып
табылатын қол ұшы бұлшықеттері барынша жетілген. Бұл жағдайда адам
эволюциясы үрдісінде адамтәрізді маймылдармен салыстырғанда бас
бармақ бұлшықеттері барынша дамыған, соның арқасында адам оны басқа
саусақтарына барынша қарама-қарсы қоя алады. Оны адам жұдырығын
түйіп, бас бармағының ұшымен V саусақтың буынына жеткізе алу
қабілетінен байқаута болады. Адамда жазғыш бұлшықеттер де жақсы
дамыған, соның салдарында әрбір саусақ толық жазылып, тіктеле алады.
Нәтижесінде қол ұшы мен оның әрбір саусағы жұмыс істеуі үшін, барынша
бүгіліп, әрі жазылу қабілетіне ие болған.
T henar бұлш ықеттері.
1. Бас бармақты әкететін қы сқа бұлшықет,
Достарыңызбен бөлісу: