¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Бөлім 2. ХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТЕРДЕГІ ӨНДІРІСТІК



Pdf көрінісі
бет13/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
Бөлім 2. ХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТЕРДЕГІ ӨНДІРІСТІК 
САНИТАРИЯ 
2.1. Еңбек жағдайлары
Өндірістік орта – элементтердің және өндіріс күшінің әсерінен 
құрылатын техникалық факторлар мен табиғи құбылыстардың және 
әлеуметтік элементтердің біртұтастығы болып табылады. Адамның ісі 
жұмыс орнында белгілі бір жағдайда жүзеге асырылады және бұл жұмыс 
жағдайлары деп аталады. Жұмыс кезінде адам басқа адамдармен 
араласып қана қоймайды, сонымен қатар еңбек қондырғыларымен және 
бұйымдарымен жұмыс істейді. Өндірістік ортада адамға температура, 
ылғалдылық, ауаның қозғалысы, шу, діріл, зиянды заттар және тағы 
басқалары әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір жағдайдағы адам 
еңбегінің біртұтастылығын сипаттайды 
[1,6,8].


21 
Еңбек жағдайлары – еңбек үдерісіндегі адамның еңбек 
қабілеттілігіне және денсаулығына әсер ететін еңбек үдерісі мен 
өндірістік орта факторларының біртұтастығы. 
Өндірістік орта қауіпті өндірістік факторлар (ҚӨФ) мен зиянды 
өндірістік факторларға (ЗӨФ) бөлінеді. Қауіпті өндірістік фактор 
дегеніміз белгілі бір жағдайда не болмаса басқада кенеттен болатын 
жағдайлардың әсерінен қызметкер жарақаттанады немесе денсаулығы 
бірден нашарлайды. Егер өндірістік фактордың әсерінен қызметкердің 
денсаулығы нашарласа не болмаса еңбекке жарамсыз болған жағдайда 
оны зиянды өндірістік фактор деп атайды. 
Жарақат 
және 
дерт 
адам 
денсаулығының 
бүлінуімен 
байланысты. Бұл орайда жарақат сыртқы факторлардың ықпалынан 
тәннің тіндері мен органдарының біртұтастығының бұзылуы және 
олардың функцияларының бүлінуі деп білінеді. Дерт немесе ауру 
ағзаның тірлік функцияларының бұзылуы деп түсініледі. 
Зиянды өндірістік факторлар әсер ету мерзімі мен дәрежесіне 
байланысты қауіпті болады, және керісінше ҚӨФ мен ЗӨФ табиғаты 
бойынша төртке бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және 
психофизиологиялық. 
Физикалық ҚӨФ мен ЗӨФ келесілер жатады: қозғалмалы 
машиналар мен механизмдер, өндірістік қондырғының жылжымалы 
бөлігі, қозғалмалы бұйымдар, бұзылатын құрылымдар, бұзылған тау-
кендері, жұмыс аумағының шаңы мен ластануы, қондырғы беті мен 
материалдың жоғары немесе төменгі температурасы, жұмыс аумағының 
жоғарғы немесе төменгі температурасы, шудың, дірілдің, ультра мен 
инфрадыбыстардың жоғарғы дәрежесі, жоғары немесе төменгі 
барометрлік қысым және оның кенеттен өзгерісі, жоғарғы немесе 
төменгі ылғалдылық, ауа қозғалғысы және ионизациясы, ионданатын 
сәуленің жоғарғы дәрежесі, электр тізбегіндегі кернеудің жоғарғы мәні, 
статикалық электр тогы мен электрмагниттік сәулеленунің жоғарғы 
дәрежесі, магниттік және электр өрісінің жоғарғы кернеулігі, табиғи 
жарықтың болмауы немесе жетіспеуі, күшті жарықтандыру, жарық 
ағынының жоғарғы дірілдеуі, радиацияның жоғарғы дәрежесі, үшкір 
қалдықтар, жұмыс орнының жерге қатысты биіктіктегі жоғарлығы 
жатады. 
Химиялық ҚӨФ мен ЗӨФ химиялық заттардың адам ағзасына әсер 
етуіне 
байланысты 
улы, 
тітіркендіргіш, 
сенсибилизациялық, 
канцерогенді, мутагенді және тағы басқа болып бөлінеді. Адам ағзасына 
түсу жолдарына байланысты келесідей болып бөлінеді: тыныс алу 
мүшелері, асқазан-қорту мүшелері, тері қабаты және шырышты 
қабықшалары. 
Биологиялық ҚӨФ мен ЗӨФ патогенді микроағзалардың барлық 
түрі жатады. 


22 
Психофизиологиялық ҚӨФ мен ЗӨФ физикалық (статистикалық 
және динамикалық) және жүйке-психикалық (ой күштемесі, еңбектің 
бірқалыптылығы, шамадан тыс жүктеу) күштемелер жатады. 
Еңбек жағдайларын сипаттайтын еңбек үдерісінің факторы ретінде 
еңбек ауырлығы мен кернеулігі. Еңбек ауырлығы – ағзаның іс-әрекетін 
қамтитын 
итеріп-қозғалтқыш 
бөлшектері 
мен 
функционалдық 
жүйелердің (жүрек-бұлшық ет, демалу және т.б.) күштемесін 
сипаттайтын еңбек үдерісі. Еңбек ауырлығы кеңістіктегі қызметкер 
қозғалысының 
физикалық 
күштемесімен, 
көтерілетін 
және 
тасымалданатын 
жүк 
массасымен, 
қозғалыстардың 
санымен
сипатталады. 
Еңбек кернеулігі – жұмысшының эмоционалды сферасына, сезім 
ағзаларына, орталық жүйке жүйелеріне күш түсірумен сипатталатын 
еңбек үдерісі.
Өндірістік 
жарақат 
– 
еңбек 
қауіпсіздігінің 
талаптарын 
сақтамағандықтан өндірісте жарақаттанған жұмысшы. Өндірістегі 
жарақаттардың біртұтастығы - өндірістік жарақат деп аталады. 
Жұмысшы зиянды еңбек жағдайларының әсерінен ауырса, кәсібі 
ауру деп атайды. Кәсіби улану дегеніміз өндіріс жағдайындағы әртүрлі 
улы заттардың әсерінен улану. Қысқа уақыт ішінде пайда болған кәсіби 
ауру күшті, ал ұзақ уақыт бойы ауыруды – созылмалы деп атайды. 
Еңбек қауіпсіздігінің талаптары – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін 
заң 
шығарушы 
актілермен, 
нормативті-техникалық 
құжаттамалармен, ережелермен және нұсқамалармен бекітілген 
талаптар. Еңбек қауіпсіздігінің талаптары өндірістік ортаға, өндірістік 
үдеріске, қондырғыға, сонымен қатар өндіріс жұмысшыларына 
қойылады. 
Гигиеналық талаптар мен жіктеу принциптеріне сәйкес еңбек 
шарттары төрт бөлікке бөлінеді: 
1-ші 
класс. Еңбектің оптималды шарттары. Бұл жерде 
жұмысшының денсаулығы сақталып қана қоймай, сонымен қатар 
еңбекке қабілеттілігіде сақталады. Мысалы қауіптілігі 1-класқа жататын 
зиянды заттардың ШЖК 0,3мг/м
3
аспау керек, ал ғимарат 
температурасы (жылдың суық уақыты, ауыр жұмыс категориясы – 2а) 
18-20
0
С тең болу керек. 
2-ші класс. Рұқсат етілетін еңбек шарты. Олар еңбек үдерісі мен 
қоршаған орта әсерінің дәрежесімен сипатталады және жұмыс орнына 
арналған белгіленген гигиеналық нормадан аспау керек. Ағзадағы 
мүмкін болатын функционалдық жүйенің өзгерісі кезекті демалыс 
уақытысында не болмаса келесі кезекке дейін қайта қалпына келеді және 
жақын арада жұмысшы денсаулығына әсер етпейді. Мысалы, шынайы 
жарықтану коэффициенті 0,6 аспау керек. Ғимарат температурасы 


23 
(жылдың суық уақыты, ауыр жұмыс категориясы – 2а) 17-23
0
С тең болу 
қажет. 
1-ші мен 2-ші кластар еңбек қауіпсіздігінің жағдайларына сәйкес 
келеді. 
3-ші класс. Еңбектің зиянды жағдайлары. Бекітілген гигиеналық 
нормативтерден жоғары болатын және жұмысшы денсаулығына кері 
әсер беретін зиянды өндірістік шарттармен сипатталады. Еңбектің 
зиянды жағдайлары төрт дәрежеге бөлінеді: 
1-ші дәреже (3.1). Еңбек шарттары гигиеналық нормативтерден 
ауытқиды. Олар қайтымды функционалды өзгерістер тудырады және 
аурудың асқынуына жол береді. Ағза қайта қалпына келу үшін зиянды 
факторлармен ұзақ уақыт бойына жұмыс істемеу керек. 
2-ші 
дәреже (3.2). Өндірістік факторлар ағзада тұрақты 
функционалды бұзылуды тудыратын еңбек шарттары. Көп шартта 
уақытқа байланысты еңбекке қабілеттілік төмендейді, ауру жиілейді 
және 15 жылдан кейін пайда болатын кәсіби патологиясына әкеледі. 
3-ші дәреже (3.3). Өндірістік факторлар қызмет кезінде жеңіл 
түрдегі кәсіби патологияның пайда болуына, созылмалы патологияның 
асқынуына, сонымен қатар уақыт өткен сайын еңбекке қабілеттіліктің 
төмендеуіне әкелетін еңбек шарттары. 
4-ші дәреже (3.4). Кәсіби аурулары анық білінетін, созылмалы 
патологияның 
асқынуына 
және 
жоғары 
дәрежедегі 
еңбекке 
қабілеттіліктің жоғалуына әкелетін еңбек шарттары. 
4-ші класс. Қауіпті (экстремалды) еңбек шарттары. Олар адам 
денсаулығына өте қауіпті, кәсіби жарақаттанудың күрделі формасын 
тудырады. 
Еңбек шарттарының кластары келесі талаптармен анықталынады: 

Табиғаты химиялық немесе биологиялық зиянды заттардың, сонымен 
қатар аэрозольдардың және өндірістік шаңдардың жұмыс 
аумағындағы ауаның құрамында болу; 

Жұмыс орнындағы шудың, вибрацияның, инфрадыбыс және 
ультрадыбыс параметрлерінің дәрежесі; 

Жыл мезгіліне тәуелсіз өндіріс ғимаратындағы микроклимат 
көрсеткіштері; 

Өндіріс ғимаратындағы жарық ортасының көрсеткіштері; 

Электромагниттік алаңдар мен сәулелердің, сонымен қатар 
оптикалық диапазон сәулелерінің (лазерлі, ультрафиолетті) әсері; 

Еңбек үдерісінің кернеулік және ауырлық көрсеткіштері. 
Еңбек үдерісінің ауырлығын еңбек шарттары бойынша физикалық 
динамика күштемесі, көтерілетін және орын ауыстыратын жүк массасы, 
стеретипті жұмыс қозғалысы, статикалық күштеме және тағы басқада 
көрсеткіштер бойынша жіктеледі. 


24 
Еңбек кернеулігін бағалау кластары интеллектуалды, сенсорлы, 
эмоционалды, сонымен қатар еңбек біртектілігі және жеке 
факторлардың жұмыс тәртібімен анықталынады. 
Өлшеу нәтижелерінің негізінде еңбек шарттары жеке факторларға 
қатысты бағаланады. Жоғарыда аталғандардың барлығы қандайда бір 
факторлардың жеке әсеріне жатады. Бірнеше факторлардың біріккен 
түрі өте күрделі. Зияндылық дәрежесі және қауіптілігі бойынша еңбек 
шарттары жалпылай төмендегідей бағаланады: 

Зияндылық дәрежесі және класы өте жоғары; 

Егер үш немесе оданда көп факторлар 3.1 класына жатқан жағдайда, 
еңбек шарттары 3.2 класына сәйкес бағаланады; 

3.2, 3.3, 3.4 класының екі немесе оданда көп факторлары бірге 
болғанда, еңбек шарты бір дәрежеге жоғары бағаланады. 
Еңбек шарттарына қарай жұмыс орындарының аттестациясы жүзеге 
асырылады. Еңбек шарты бойынша жұмыс орнының аттестациясы 
жұмысшылардың 
еңбек 
шарттарымен 
танысуын, 
өндірістік 
объектілердің сертификациясы, зиянды және қауіпті, сонымен қатар 
ауыр жағдайда жұмыс істейтін жұмысшыларға ұсынылатын еңбек 
жеңілдіктерін ұсыну және ұсынбау, сауықтыру үшін өтетін ұйымдар 
өткізетін жұмыс орнын бағалау және анализ жүйесі деп аталады. 
Аттестация 
өндіріс 
бұйрығымен 
құрылған 
аттестациялық 
комиссиямен 5 жылда бір рет өткізіледі. Комиссия еңбек шарттарын 
зияндылығы мен жарақатқа қауіптілігімен бағалайды, жұмысшылардың 
жеке және ұжымдық қорғаныспен қамтылғанын, сонымен қатар осы 
қондырғылардың тиімділігін ескереді. Жұмыс орнын аттестация кезінде 
барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар тіркеледі. Өндірістік 
ортаның көрсеткіштік дәрежесі құрал өлшемдерімен немесе есептеу 
жолдарымен және негіздемелерімен анықталынады. Бұл көрсеткіштер 
таңдамалы түрде емес, қатаң жағдайда жұмыс аумағындағы арнайы 
әдістемелермен анықталған нүктелерде жүзеге асырылады. Жұмыс 
аумағы еден немесе алаң деңгейінен 2 метр биік кеңістік, ол жерде 
жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша жұмыс орны бекітілген. 
Өндірістік фактор дәрежелерінің өлшеу нәтижелері «Еңбек шарты 
бойынша жұмыс орындарының аттестациялық картасына» енгізіледі. 
Есепке жұмыс үдерісі кезіндегі жұмысшыға жұмыс уақытының 80 % аса 
көлемінде әсер ететін факторлар енгізіледі. Аттестациялау кезінде 
жұмыс орындары анықталады: 

өндірістік фактор (шу, вибрация, шаңдану, ауа газдануының 
деңгейіне, температуралық-ылғалдылық тәртібі) бойынша еңбек 
қорғау нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс 
орнының саны; 

денсаулыққа зиян, қауіпті және физикалық қиын жұмыс істейтін 
жұмысшы саны; 


25 

операцияға және жарақатқа қауіпті аумақтар, сонымен қатар 
өндірістік қондырғы, ғимарат және қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін 
құралдар; 

өндірістік жарақаттың, мамандықты және жалпы аурулардың 
сипаттамалық себептері. 
Егер еңбек шарттары 1-ші немесе 2-ші класқа жатқан жағдайда 
аттестацияланады, еңбек шарттары 3-ші класқа жатқан жағдайда 
келісілініп аттестацияланады, еңбек шарттары 4-ші класқа жатқан 
жағдайда аттестацияланбайды. Келісіліп аттестацияланған жұмыс 
орындарына 
еңбек 
жағдайларын 
жақсартудың 
жоспарлары 
құрастырылады. 
Аттестацияланбаған 
жұмыс 
орындары 
қайта 
жабдықталады не болмаса жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет