тереңдікте ғана тіршілік ете алады. Терендік шамасының осылайша шектелуі
олардың денесінде жарық сүйгіш бір клеткалы симбионтты (селбесу)
балдырлар - зооксантеллалардың болуына байланысты. Осылардың
көмегімен мадрепоралардың қаңқасы түзіледі деген жорамал пікір бар. Егер
зооксантеллаларды денеден алып тастаса, онда қаңқаның құрылуы да
тоқталады.
Осы ерекшеліктеріне байланысты
мадрепоралы маржандар жылы
теңіздерде, Атлант, Үнді, Тынык. мұхиттарының тропикалық аймағында,
Австралия, Океания және Индонезия аралдарында кең тараған. Олар әр түрлі
көркем түсті болып келеді және арасында сол рифтің түсіндей әсем түсті көп
түрлі жануарлар (балықтар, тікентерілілер, моллюскалар, шаянтәрізділер,
көпқылтанды құрттар)
және балдырлар тіршілік етіп, өзгеше рифтік
биоценозын құрайды. Бір организмдер рифті жауынан жасырыну немесе
қоректену ретінде қолданады, басқалары рифтің түзілуіне қатысады.
Рифтер негізінен - жағалық, бөгеттік (барьерлік)
және атолл болып
қалыптасады. Жағалық рифтер судың жиегінде, барьерлік - жағалауларға
параллель, бірақ едәуір қашықтықта су ішінде орналасады. Австралияның
шығыс жағындағы барьерлік рифтің ұзындығы 1400 км-ге созылады. Рифтер
негізінен тірі және өлі полиптердің қаңқаларынан түзіледі.
Атолл - сақина пішінді маржанды арал, теңіз бетінен аздап көтерілген
дөңгелек төбешік, ортасында теңіз суына толы айдыны (лагуна) болады.
Оның беткі қабаттарында көп жағдайда су толқынымен және желмен
әкелінген өсімдік тұқымдары өніп гүлді аралға айналады.
Барьерлі рифтердің және атоллдардың қалыптасуы жөнінде көптеген
жорамалдар бар. Солардың ішінде - Чарльз Дарвиннің теориясы. Ч. Дарвин
"Бигль" кемесінде жасаған өзінің әйгілі саяхаты кезінде рифтерге бақылаулар
жүргізіп, сол
жөнінде көп материалдар жинап, мынадай нәтижеге келген:
"Жағалық рифтер орналасқан аралдың теңіз түбі, жер қыртысының
құбылыстарына байланысты, біртіндеп төмен кете бастаған сайын, оның
мөлшері де кішірейеді, сонымен қатар жағалық маржандар да аралмен бірге
судың астына батады, ал оны құрайтын полиптер тереңдікке шыдай алмай
өліп, орнына, жаңа жас полиптерді бере бастайды.
Өлген полиптердің
қаңқасы жас полиптерге бекінетін субстрат болады. Арал суға түгел батқан
кезде оның орнына атолл түзіледі" (46-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: