Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


көл сөзін, туынды негізгі  көлшік



Pdf көрінісі
бет44/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

көл
сөзін, туынды негізгі 
көлшік
сөзін 
жатқызамыз
» деген тұжырымдары дәлел. 
Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерге бөлінетіні сияқты 
морфологиялық тұрғыдан талданатынын көрсетіп, сөзді құрайтын түбір, 
қосымша, қосалқы үшеуін «сөз мүшелері» деп атайды. «
Сөз тек түбip сөздiң 
өзi болса, бip мүшелi болады. Кipiккен сөз, қиюлы сөз, қосаp сөз, қосымшалы 
сөз, қосалқылы сөздеpдiң бipi болса, көп мүшелi болады
». Әрі қарай ғалым 
түбір мен қосымшалы сөздердің айырмасын былайша көрсетеді: «
Сөздiң түп 
мағынасын беpетiн – түбip. Түбipсiз жеpде сөз болмайды. Түбip бip өзi 
тұpып та, басқа мүшелеpдi еpтiп алып та сөз бола беpедi. Түбipден басқа 
мүшелеp өздiгiнен сөз бола алмайды, тек түбipге жамалып тұpып, түбip 
сөздi толықтыpуға жаpайды
». Ғалым түбірді «
түп мүше
», ал қосымшалы 
және қосалқылы сөзді «
жамау мүше
» деп атап, оларға мысалдар келтіре 
отырып, ерекшеліктерін көрсетеді. 
Ғалым қосымшалы сөздерді жалғаулы сөз және үстеулі сөз деп екіге 
бөледі де, «бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін жалғанатын 
қосымшаны – жалғау», «сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын 
қосымшаны – үстеу» деп атаған. «
Түбір сөзге жалғау қосылса жалғаулы сөз 
болады, түбір сөзге үстеу қосылса, үстеулі сөз болады
», – дейді (8, 166). 
Қазіргі 
грамматикалардан 
айырмашылығы 
– 
Қ.Жұбановтың 
жұрнақтарды «үстеу» деген терминмен атауында. Қазіргі ғылыми 
грамматикаларда, оқу құралдарында тұрақты қолданыс тапқан «жұрнақ» 
терминін Қ.Жұбановтың «үстеу» деп атауының себебі не деген сұрақ 
туындары сөзсіз. Шындығында, жұрнақтардың бір жартысы, яғни 
сөзжасайтын жұрнақтар жалғанған сөзінен басқа жаңа мағыналы сөз 
жасайды. Ал жұрнақтардың бір тобы жалғанған сөзіне лексика-
грамматикалық мағына ғана үстейді, яғни сөз жасамайды. Мәселен, етіс, 
шырай жұрнақтары сияқты «модификациялық қосымшалар» (38). Ал 
жұрнақтардың үшінші тобы жалғанған түбірге тек таза грамматикалық 
мағына ғана жамайды. Олар – шақ, рай сияқты қосымшалар. Демек, жалпы 
жұрнақтардың табиғатында лексикалық немесе грамматикалық мағына 
үстеушілік қызметі бар. Қ.Жұбанов жұрнақтардың осы ерекшелігіне қарай 
оларды «үстеу» деген терминмен атаған болу керек. Бұл термин қазіргі 
қолданыста сөз табына қатысты қолданылғанымен, Қ.Жұбановтың оларды 
тілдік табиғатына дәл келетін терминмен атағандығы дау тудырмайды.
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі морфология мәселесіне қатысты назар 
аударарлық тағы бір жаңалық – ғалымның өзі атап отырған жалғау мен 
үстеулердің түбір сөзге жалғану реті туралы ғылыми ойлары. Ғалым 
еңбегінен үзінді келтірейік: «
Қазақ тілінде қосымшаның бәрі түбірдің соңғы 
жағынан жалғанады. ...Үстеу мен жалғаудың екеуі де жалғанса, үстеу 
бұрын келеді де, ең соңынан жалғау келеді. ... жалғау, көбінесе, бір сөзде 
біреу-ақ болады да, бір жалғаудың үстіне екінші жалғау жалғанбайды 
(Ғалым бұл жерде бір категорияға жататын жалғауларды айтып отыр, 
мысалы, септік жалғаулар 
үй - ге - нің
болып жалғанбайды). Үстеу бірінің 


93 
үстіне бірі жалғана береді де, бір сөзде біреуі ғана болмай, бірнешеуі бола 
береді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет