69
Ондағы Якуб Колас, Янка Купала, Аркадий Кулешов, Петрус Бровка,
Максим Танк сияқты белорус қаламгерлері шығармаларының
тақырыбына, көркемдік деңгейіне, орыс, қазақ және басқа туыстас
елдермен рухани байланысы туралы толыққанды талдау жасайды.
Қазақ-белорус әдебиетімен байланысы туралы ғалым: «Қазақстан
баспасөзінде белорус әдебиетінің өміріндегі оқиғалар жөнінде түрлі
хабарлар, мақалалар жиі жарияланып тұрды. 1949 жылы Ғ.Мүсірепов
өзінің Украина мен Белоруссияға барғаны туралы «Достармен кездесу»
деген мақаласын жариялады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Белорус
майданында әскери қызмет атқарған Жұбан Молдағалиевтің бірталай
өлеңдері белорус жерінде жазылды («Сағындым, Жайық», «Батыр туралы
баллада», «Солдат сыры» т.б.). Ақынның Белоруссияны азат ету
жолындағы ерлік қимылдары жөнінде Жұбанның және басқа да
жазушылардың майдан газетінде жарияланған мақалалары, очерктері мен
суреттемелері қаһарлы жылдардың тынысын танытады, сұр шинель
киген адамдарымыздың биік бейнесін елестетеді. Ал, С. Мәуленовтың
«Белорус дәптерінен» деп аталатын өлеңдер тобына құмартпау мүмкін
емес »,– деген деректері де ғалымның туыстас елдер әдебиетін таныту мен
талдауда ерінбей ізденгенін байқатады [24, 246-247 б.].
«Ғалым қай бір ақынның творчествосын талдаса да, олардың өзіне
ғана тән ерекшеліктеріне тоқталмай өтпейді. Бұған,әсіресе, оның
Н.Тихонов, Ғ.Тоқай, Ш.Руставели, Т.Шевченко творчествосына арналған
зерттеулері дәлел» ,– деген әдебиетші М.Қалдыбаевтың пікірі жоғарыдағы
ойымызды қуаттайды [70]. Жалпы, С.Сейітовтың шығармашылығымен
танысу барысында көз жеткізген мәселеміз, ғалым қай тақырыпта қалам
тартса да, сол зерттеу жұмысын нақты деректерге сүйене, жан-жақты
ізденіспен, ғылыми тұрғыдан сараптауға тырысады.
Ғалымның
Достарыңызбен бөлісу: