Қорытынды
Мың жылдықтар алмасып, ғасырлар ауысқан соңғы жылдар бүкіл
адамзат қауымы үшін орасан өзгерістер кезеңі болды. Өтпелі кезеңде
өткенді қайта қарау, жинақталған тәжірибені қорыту, жетістігі мен
кемістігін саралау, ұмыт қалған маңызды рухани дүниелерімізді қайта
жаңғырту міндеттері қолға алынып жатқаны белгілі. Қазақ әдебиеттану
ғылымы да заман талабын, уақыт тынысын жіті байқап, өз жолын
дұрыс бағыттағы жолға қойып, әлемдік мәдениеттің даму көшіне ілесіп
келеді. Осы көштің келелі болуына, ұлттық құндылықтарымызды
ұлықтауда қазақ әдебиетші ғалымдары саналы түрде бар күш-қуатын
салып, еселі еңбек етуде. Осы ұсынылған диссертациялық жұмыс қазақ
әдебиетінде 60-90 жылдар аралығында жүргізілген ғылыми еңбектерге
шолу жасалып, әдебиетшілердің кеңес дәуіріндегі маңыздылары аталып
өтіліп, оған өзіндік үлес қосқан, талантты ақын әрі көрнекті
106
әдебиеттанушы С. Сейітовтің ғылыми мұрасы нысанға алынып, жан-
жақты талданды. Зерттеу жұмысы екі тараудан тұрады:
1.ХХ ғ. 60-90 жылдардағы әдебиетану ғылымы және С. Сейітов
еңбектері.
2.С. Сейітов және туысқан халықтар әдебиеті.
Әр тарау
тараушаларға бөлінді. Бірінші тарауда үш тарауша – С. Сейітовтың
шығармашылық өмірі, әдебиеттануға қосқан үлесі, сыни мақалалры мен
еңбектері қарастырылып, ғылыми тұжырымдар жасалды. Екінші тарау екі
тараушадан – туысқан халықтар әдебиетінің өзара байланысы және С.
Сейітовтің аударма ахуалы туралы ғылыми зерттеулері қарастырылды.
Зертеуіміздің алғашқы тараулары бойынша, қазақ әдебиеттануының
ғылымы ХХ ғасырдың 60-90 жылдар аралығындағы кезеңіне қазіргі
күннің талабы тұрғысынан шолу жасалды. Зерттеу жұмысындағы
тараулардың әрқайсысында С. Сейітовтің әдебиеттану ғылымының әр
саласы бойынша жазған еңбектері сараланып, лайықты бағаланды. Осы
кезең әдебиетін қарастырған зерттеушілердің еңбектері мен ғылыми
табыстары жүйелі түрде және қазіргі ғылыми талаптарға сай
сарапталды. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерделеудегі С.
Мұқановтың, І. Жансүгіровтің, С. Сейфуллиннің, М. Әуезовтің, Ғ.
Мүсіреповтың, З. Ахметовтың, Қ. Жұмалиетің, Б. Кенжебаевтің, Е.
Ысмайыловтың, М. Қаратаевтың, С. Қирабаевтың, Т. Кәкішев т.б.
ғалымдардың еңбектері сол кезеңдегі әдебиеттану бағытында алғашқы
баспалдақтар болды. Аталған дәуірде Ресей, Еуропа елдеріндегі
методологиялық тәсілдерді, түрлі мектептердің сабақтарын, ұлы
ойшылдар, әдебиетшілер, сыншылар мұрасын (Ф. Достоевский, М.
Горький, В.Белинский, М.Бахтин, т.б.) дендей меңгеріп, оларды ұластыра
дамытып, ұлттық өнерді талдап-бағалап, саралауда көп іс тындырылды.
Аталған жылдардағы еңбектерді қарастыру барысында өз дәуірінің әдеби-
мәдени өміріне бей-жай қарай алмайтын, өзіндік қолтаңбасы бар
сөззергері, ғалым С. Сейітовтің осы саладағы зерттеу еңбектері толық
қарастырылды. Әсіресе, «Қырық жылда» атты ауқымды зерттеу еңбегі
әдебиеттің туып, қалыптасу бағытын танытатын алғашқы еңбектердің
бірі болған. Онда ғалымның қаламгерлер шығармаларына жасалған
ғылыми талдаулары, көтерген негізгі мәселелері, әдебиеттанудың бірнеше
салаларында жасалған рецензиялары мен сыни мақалалары ғылыми
біліктілігінің биіктігін танытатынын анықтадық. Зерттеуші жас кезінен,
соғыстан бұрын студенттік шақтан бастап қазақ қоғамындағы рухани
дүниеге, оның ішінде әдебиетке деген зор ықыласын танытып отырғаны
байқалды. Ол Ұлы Отан Соғысына аттанғанда да қаламын қарумен бірге
жауға қарсы қолдана білді. Қып-қызыл өрттің ішінде жүріп, майдан
газеттерінде елдегі әдеби ахуалға алаңдап, тіпті, ұлы Ғ.Мүсіреповке хат
жазып, майдан газеттеріне мақалалар беруін өтінген хаттарын оқыдық.
Ол «Отан үшін», «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» деген майдан
газеттерінде тілші боп қызмет істеп, туған тілге, сөз өнеріне деген
перзенттік адалдық пен рухани тазалықты байқатты. Жігерлі
107
жырларымен, өршіл өлеңдерімен майдандас достарына Рух бере жүріп,
әдебиет әлеміне өлшеусіз еңбек етті. Қарапайым кісілік келбетімен
адамгершіліктің биік тұғырынан сөз сөйлеген ғалымның рухани дүниесі
бай, ұрпаққа үлгі болар тұсы мол екенін аңғардық. Соғыстан аман-есен
оралып, бар күш-жігерін, ғұмырын қазақтың төл мәдениеті – сөз өнеріне
арнады.
Әдебиет – қоғамның рухани саласы. Оның дамуы тарихи-
әлеуметтік жағдайларға тікелей байланысты. Қоғамдық жағдай, тарихи
оқиғалар алдымен әдебиетте көрініс беретіні белгілі. 1960 жылдардан
бергі уақыт әдебиеттің қарыштап дамыған кезеңі. Әдебиет пен сынның
дамуына орасан кедергі келтірген жеке басқа табыну салтының күйреуі,
демократиялық нормаларды аздап қалыпқа келтірді, семіп қалған
коммунистік қағидалардың босаңсуы «жылымық» кезеңін туғызды.
Одақтық әдебиет те, ұлт әдебиеттері де өздерінің қордаланып қалған
мәселелерін көтерді. 1957 жылы «Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және
музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы
және оны жақсарту шаралары туралы» Қаулы қабылданғаны, осы Қаулы
негізінде елуінші жылдары сынға ұшыраған мәдени мұраны қайта қарап,
сын тұрғысынан пайдалану мәселесі қозғалды. Бұрын шығармалары
қайшылықты деп есептелген ақын-жазушылар еңбектері жайлы тың
пікірлер туды. Осы тұжырымның негізінде 60-жылдардың басында
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960-1967ж.) кітабын жазу қолға алынды.
Үш томнан тұратын бұл құнды еңбеккеМ. Әуезов, М.Қаратаев пен
Қ.Жұмалиев ғылыми жетекші болды. Бұл маңызды еңбекті жазуда
С.Сейітовтің қосқан үлесі зор еді. Ғалым бұл тарихи маңызы бар үлкен
еңбектің төрт тарауын жазуға ат салысқан. Мектеп оқулығын
құрастыруға қатысқан. Ғылым академиясының Тіл-әдебиет институтында
қызмет атқарған соғыстан кейінгі жылдары ғалым әдебиеттану саласында
көптеген құнды зерттеулер, ғылыми диссертациялық және
монографиялық еңбектерін жазды. Солардың арасында жоғарыда атап
өткен «Қырық жылда» және басқа «Пушкин лирикасын қазақ тіліне
аудару дәстүрі», «Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі», «Өмір
өрнектері», «Тоғысқан толқындар», «Ақын сапары» (Т.Жароковтың
шығармашылық портреті) сынды еңбектері төл әдебиетіміздің
өркендеуіне қосылған сүбелі әрі салмақты рухани қазына екендігін
пайымдадық. Зерттеуде осы еңбектерге ғылыми талдаулар жасалып, басқа
ғалымдардың ой-пікірлері сабақтастырыла қарастырылды.
Осы кезеңде әдеби сынға көңіл бөлінудің үлкен көрінісі – сын
кітаптарының көптеп басылуы еді. Зерттеуде отыз жылды әдеби көрінісі
сипатталғандықтан, бүгінгі күнге дейін маңызды, әдебиеттанудағы негізгі
ғылыми басылымдарға тоқталып, ондағы С. Сейітовтің үлесін саралап
көрсетуге талпындық. Әуелі, айтатынымыз – М.Әуезов пен С.Мұқановтың
мерзімдік баспасөзде жарияланған, бірақ кітап болып басылмаған
еңбектері («Әр жылдар ойлары», «Өсу жолдарымыз», «Жарқын
жұлдыздар»т.б.) жинақталып жарық көрген. Осыған жалғас аға буын
108
әдебиет зерттеушілері Қ.Жұмалиевтің («Қазақ эпосы мен әдебиеті
тарихының мәселелері», «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
поэзиясының тілі»), Е.Ысмайыловтың («Ақындар», «Сын және шығарма»,
«Әдебиет жайлы ойлар») Б.Кенжебаевтің («ХХ ғасырдың басындағы қазақ
әдебиеті»), М.Қаратаевтың («Туған әдебиет туралы ойлар», «Шеберлік
шыңына», «Әдебиет және эстетика»), т.б. көптеген қазақ әдебиетінің
дамуына тер төккен ғалымдарымыздың зерттеулері және С.Сейітовтің
сын саласында жазған еңбектері бүгінгі күн тұрғысынан қарастырылып,
әдебиетке деген жаңа көзқарастарға орай сарапталды. Атап айтар болсақ,
зерттеушінің «Даму мен дәстүр» деген мақаласында (1978ж. 03.11. «Қ.Ә.»)
академик З.Ахметовтің орыс тілінде жазылған «Қазақ әдебиетінің дамуы
мен дәстүрлері» атты монографиясы алғаш жарық көрген кезде ғылыми
пікір білдіріп, әдеби көзқарасын аңғартқан маңыздылығымен құнды.
Себебі, аталған кітап қазақ әдебиеттану ғылымының поэзия жанрындағы
алғашқы ізденістері мен бағыт-бағдарын танытатын еңбек болатын.
Зерттеу барысында осы мәселелер бойынша ғылыми сараптама жасалды.
Сондай-ақ, «Поэзиямызда жаңа дәстүрдің дамуы» деп аталын мақаласы
да ( 1984ж. 05.10. «Қ.Ә.») ғалымның ұлттық поэзия жанрының дамуы
туралы тың пікірлерін білдіреді. «Қашанға дейін бұрмалай бермекпіз?»
деп аталатын (1983ж. 28.01. «Қ.Ә.») мақаласында ғалым ұлтымыздың
рухани жоқтаушысы ретінде үн қатады. Халықтың мәдениетінің алтын
қазынасы саналған халық әндерінің мәтіндері бұзылып, жөн-жосықсыз
бұрмаланып жүргеніне шыр-пыр боп араша түседі. «Тілеуқабақ»,
«Аққұм», «Ардақ», «Қамажай», «Япыр-ай», «Ахау, керім», «Әпитөк», т.б.
көптеген халық әндерінің сөздеріне тоқталады. Кеңес кезеңінде ондай
бұрмалаулардың болғаны жасырын емес. Бірақ соны көзге шұқып
көрсетіп, ақ пен қараны айырып, халық қазынасына жанашырлыцқ
білдіру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс еді. Қатаң цензураның
заманында «халық әндерінің жеке жолдарын жөндеу, қысқартып тастау,
беймәлім тармақтар қосу, ертеректе қалыптасқан ұғымдар мен
түсініктердің айтылуын жағдайға қарай бейімдеу тәрізді келеңсіздіктер
орын алды» деп жазу – ұлттық мұраға деген жауапкершілік пен
қамқорлықты танытады. Ал, жеке порттреттерді танытатын мақалалар өз
алдына бір төбе. С.Сейітовтің қаламынан туған С. Мұқанов туралы
«Алыптың тұлғасы». (1980,06.06, «Қаз.Мұғ.»), Х. Ерғалиев туралы
«Сарабдал суреткер» (1976ж. 1976ж 29.10.» Қ.Ә.»), М.Базарбаев туралы
«Ізденген жетер мұратқа» (1987ж. 15.05. «Қ.Ә.»), М. Әуезов туралы
«Классик казахской и мировой литературы» ( 1997ж. 21.03. «Қаз.
Сарбаздары») т. б. көптеген мақалалары мен қоса отызға тарта сын-
библиографиялық еңбектері қазақ әдебиетінің дамуына қосылған сүбелі
еңбектер болғанын атап көрсеттік. Ол Алаш зиялылары А. Байтұрсынов,
М. Дулатов, М. Жұмабаев туралы да тың деректер тауып, Р. Нұрғалиев,
А.Ісмақова,
Т.Кәкішев,
Ө.Әбдіманов
сияқты
бүгінгі
күнгі
алаштанушылардың еңбектеріне, аударма саласы турасында өз үлесін
қосты. Зерттеу жұмысымызда ғалымның әдебиеттануға қосқан үлесі
109
сараланды. Оның әдеби-сыни мақалаларына шолу жасалып, арнайы
талдау жүргізілді. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы аталған бағыттар
бойынша С. Сейітов пайымдауларының ғылыми нышандарын, тарихи
дәйектілігі мен маңызын қазіргі өмір шындығына сай, заман шындығын
ескере отырып, сараптауды мақсат еттік.
Жұмысымыздың екінші бөлімінде С. Сейітовтың мағыналы
ғұмырында шығармашылығының басты зерттеу нысанына айналған –
туысқан халықтар әдебиеті арасындағы байланыс пен ықпалдастыққа
арналған шығармаларына тоқталдық. Оның қаламына арқау болған ұлы
достық – мәңгілік маңыздылығын жоғалтпайтын арна. Ұлы Отан
соғысына қатысып, қалам мен қаруды қатар алған ақын үшін халықтар
арасындағы, адамдар арасындағы достықтан ұлы ештеңе болмасы анық.
Көршілес қырғаз, өзбек, татар, қарақалпақ әдебиетінен бастап, орыс,
украин, белорус, татар, азербайжан, армян, дағыстан, т.б. халықтар
әдебиетін зерттеп, олардағы аса көрнекті әдебиет қайраткерлерінің
образын сомдап берді. Шыңғыс Айтматов, Темірқұл Уметалиев, Расул
Ғамзатов, Ғалымжан Ибрагимов, Мұса Жәлил тәрізді қаламгерлердің
шығармаларына тоқталып, оны қазақ қаламгерлерімен салыстыра
сипаттауы – ғалымның зерттеулеріндегі өзіндік ерекшелігі екенін
анықтадық.
Бұрынғы
туысқан
халықтар
әдебиетіндегі
үлгілі
шығармалардың аудармаларына көңіл бөліп, сын тұрғысынан талдайды.
Екі тілге жүйрік С. Сейітов аударманың түпнұсқасымен салыстыра
отырып, қазақ ақындарының поэзиялық шығармаларына терең сараптама
жасайды, салыстыра зерттейді. Сөз қолданысы, көркемдік деңгейі,
тәржімадағы сөздің түп төркініне алыс-жақындығы, сол сөздердің
синонимдік қатары терең талқыланып, зерттеушінің талғамының жоғары
екенін байқатты. Оны нақты мысалдармен көрсетуге тырыстық. Ол
әсіресе, орыс-қазақ поэзиясы, түркімен-қазақ әдеби байланысы, қазақ-
қырғыз, қазақ-өзбек әдебиеті, қазақ-башқұрт әдеби-мәдени байланысы,
қазақ-украин арасындағы рухани жақындық т.с.с. елдер арасындағы
шығармашылық жолмен келген байланыстар. Сондай-ақ, ғалымның қазақ
ақын-жазушыларының басқа туысқан елдер туралы жазған шығармалары
туралы зерттеулері арқылы халықтар арасындағы достықты танытатын
көркем туындылардың қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін
пайымдадық. Қаламгердің соғыста жүріп өз көзімен көрген ұлы достығы
өмірінің мәніне айналғанын оқырман қауым, әдебиетші орта ерте
сезінген. Сондықтан оны ұрпаққа мұра етіп, мектеп оқулықтарына,
жоғары оқу орнына арналған кітаптарға немесе арнайы курстық жұмыс
түрінде насихаттауға болатынын баса айтқымыз келеді. Оның «Тоғысқан
толқындар», «Туысқандық туғызған», «Сөз сұрайды солдаттар»,
«Майдангер көзімен», т.б. көптеген кітаптарынан бөлек «Пушкин
лиркасын қазақ тіліне аудару дәстүрі», «Қазақ поэзиясындағы
Маяковский дәстүрі», «Қазақ-түркімен әдебиеттернің байланысы» сияқты
ауқымды моноргафиялық еңбектерінің маңызы анықталды. Зерттеу
жұмысы барысында бұл шығармалардың барлығына дерлік кезеңдік
110
әдебиеттану тұрғысынан, ғылыми талдау жасалды. Екінші бөлімнің бір
тарауы халықтар әдебиетінің классиктері шығармаларының
аудармаларына арналды. Әдебиеттану ғылымындағы аударманың ролі
анықталды. Орыс поэзиясындағы Абай бастаған қазақ әдебиетіндегі
тәржіме үлгілеріне толық талдау жасай отырып, ғалым әдебиеттегі
эстетикалық талғампаздықтың жоғары деңгейін анықтауға тырысқанын
байқадық. Ғалымның әлемдік тұлға А.С. Пушкиннің лирикалық
шығармаларына жасалған зерттеуіне тоқтала отырып, көркем аударма
туралы ғалымның бұл еңбегі осы саладағы алғашқы зерттеулердің бірі
болып, қазақ руханиятына қосылған зор табыс деп таныдық.
Монографияда Пушкиннің әйгілі өлеңдерін әр ақынның әр кезде қалай
аударғаны, тіпті бір туынды бірнеше қаламгердің жарыса аударылу
нәтижесінде қандай дәрежеге жеткендігі, әр ақыннның түпнұсқаны қалай
түсініп, қалай қазақшалағаны нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Қазақ
поэзиясының аса талантты өкілдері Ілияс Жансүгіровтың, Қ.
Шаңғытбаевтың, Қ. Аманжоловтың, Ғ. Қайырбековтың, М. Әлімбаевтың,т.б.
ақындардың аудармаларын көркемдік сапа, сөз қолданысы тұрғысынан
нақты мысалдармен салыстыра зерттейді. Оны ғалымдардың (М. Әуезов,
С.Мұқанов, т.б.) зерттеулерімен салыстыра көрсетуге тырыстық. Сондай-
ақ, Пушкиннің атақты өлеңдерінің («Ақынға» , «Пайғамбар», «Қысқы таң»,
«Чадаевқа» т.б.) Орта Азия халықтарының тілдеріне қалай тәржімаланып
жүргенін жоғары талғаммен таразылайды. Бір өлеңнің өзі ғана емес, жеке
тармақтары мен шумақтарының, бейнелі тіркестерінің, мәселен,
азербайжан, өзбек, қырғыз, татар, ұйғыр тілдеріндегі нұсқаларын қаз-
қалпында келтіріп, оларды өзара салыстыру арқылы тиянақты
тұжырымдар жасауға қол жеткізеді. Қаламгердің ұзақ ғұмырында көре
алмай кеткен еңбегі «Қазақ-түркімен әдебиеттерінің байланысы» жеке
мұрағатында жиырма жыл жатқан екен. Еліміздегі саяси өзгерістер мен
тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы қиындықтар рухани
саланы тоқырауға ұрындырғаны жасырын емес. Сол кездерде жазылған
бұл монография бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес. Әлемге
әйгілі «Көрғұлы» дастаны туралы тың деректер мен толыққанды талдау,
Мақтымқұлы мен ұлы Абай биіктігін таразылау ғалымның ғылымға
қосқан қомақты үлесін танытады. Артында мол мұра қалдырған С.
Сейітов қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, қолтаңбасы даралық
қасиеттерге ие дарындылардың қатарында аталады. Ғалымның бұл
еңбектері барлық халықтардың классикалық рухани мұрасы, адамзаттың
асыл үлгілерін өз бойына жинақтаған бүгінгі әдебиетпен байланысып
жатқаны даусыз. Түрлі халықтардың ұлы ақындары мен жазушыларының
өлмес-өшпес шығармалардың адамдарға, әсіресе жастарға адамгершілік,
эстетикалық тәлім-тәрбие беру жолында тигізер көмегі әлі де зор.
Сонымен, С. Сейітов еңбектері – қазақ әдебиеттану ғылымында өз
орны бар, жас ұрпаққа тигізер рухани пайдасы зор, мән-мағынасы терең,
ұлттық мәдениетімізге қосылған құнды мұра. Әдебиет тарихынан өзінің
лайықты бағасын әлі де ала қоймаған, артына осынша мол мұра
111
қалдырған С. Сейітовтың майдангер ақын болумен қатар, оның талантты
ғалым екенін ғылыми қауым ғана емес, енді оны жас ұрпақ, қалың
оқырмандар мен студенттер терең біліп, оқып, түсінуі тиіс. Біздің негізгі
мақсатымыз – осы. Үш дәуірдің куәсі болып, саналы ғұмырын қазақ
әдебиетінің дамуына арнаған қаламгер тоқсанға қараған шағында
дүниеден озды. Сағынғали Сейітов зейнеткерлікке шыққаннан кейін де
жасының егде тартқанына қарамастан, өзіне жарты ғасырдан астам серік
болған қаламын қолынан тастамаған. Сексеннен асып, тоқсанға келіп
қалған жасына, көз жанарының нашарлағанына да қарамай, мейлінше
өнімді еңбек еткен қаламгер. Оған куә – ақынның өзі дайындап кеткен,
«Ана тілі» баспасынан шығарылған «Ой керуені» жинағы. Кітап жеті
тараудан тұрады: 1.Жадымда жорықтардың жаңғырығы (1995); 2.
Толғаныстар толқыны (1996); 3. Күмбірлейді көмейім (1997); 4. Алуан
ағыстардың арасынан (1998); 5.Тармақтар–тамшылары толғамдардың
(1999); 6.Жыл мынау екі мыңыншы (2000); 7.Жаңа ғасыр, қош келдің
(2001-2007). Өзінің мерейтойында еліне жасаған көлемді тартуы болды.
Бұл жинаққа соңғы жылдардағы, ел Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі
уақытта жазылған өлеңдері мен топтамалары, толғамдары енгізілген.
Көбісі алуан тақырыптардағы қысқа-қысқа қайырымды шумақтар мен
оралымдар. Ақын заманының абыз ақсақалы ретінде жақсы мен
жаманды, ақ пен қараны айыра толғайды. Тәкаппар сұлу сөзді
болмайтын майда ойға қор қылмай, кесек айтады, кесіп айтады.
Махамбеттің өрлігін өміріне ту еткен қайсар мінез оның әр өлеңінен, әр
сөйлемінен көрініп тұрғандай. Өз дәуірінің қуанышына мерейленіп,
қиындығына нардай болып, арқасын тосып, ауырлығын көтеріскен өр
мінезді арыстарымыз қазақ әдебиетінде көп емес. Кешегі қан майданнан
аман келіп, өз қолымен қазақ қоғамының рухани өмірін қаласқан,
бүгінгі тәуелсіз елдің арайлы таңын көрген ақын:
Атыңнан айналайын, Қазақстан!
Келгенде қыс қиырдан, жаз алыстан,
Алдымда сен тұрасың анамдай боп.
Мерейлі, мәртебелі, Ғажапстан!– деп тебіренуден шаршаған емес.
Ол кейде:
Қазақ жері – сан ұлттардың мекені,
Аян олар ынтымақты екені.
Алтындатып тікті туын тірліктің,
Жалтылдатып тікті туын бірліктің! – деп жырлайды.
Тағы:
Сөйле, қазақ, өз тіліңде көсіле,
Сөйле еркін Есіл сынды есіле.
112
Сөйле биік мінбесінен мезгілдің,
Сөйле еркін, тартынасың несіне?! – деп, кейінгі ұрпақты
қайраттандырады. Рухты жырлары мен таудай еңбектерімен қазақ
әдебиетінің төрінен өз орнын еншілеген С. Сейітов қаламы ұшқыр ақын
ғана емес, талантты сөз зергері екенін талай мәрте дәлелдеген қаламгер.
Кітаптың жарыққа шыққанын өзі көрмесе де, жарық көргелі жатқанын
біліп, сеніп кеткен. «Артына елуден аса кітап қалдырған ақынның ең
басты бақыты – халқы армандаған Тәуелсіздіктің тәтті жемісінен дәм
татты. Қайратына мінді. Жаңаша шабыт пырағын ерттеді. Егемендікті,
жаңа ғасырды жырына ту етті. Өңіріне «Тәуелсіздікке – он жыл» медалін
тақты»,– деп оның мерейтойына арналған мақалада Т. Тәшенов жылы
лебізін білдіреді. [111]. Көзі тірісінде өзі туралы айтуды ұнатпаған, көп
іс тындырып, қарапайым ғұмыр кешкен талантты қаламгердің артында
қалған мол мұрасын жас ұрпаққа лайықты бағамдап, игерту мезгілі
жетті. Ақындық шығармашылығын өз алдына бір әдебиеттің үлкен қоры
десек, зерттеушілігі ғылымға қосылған алтын қазына болды. Ғалымнан
қалған мұра –ғылыми еңбектері мен монографиялары, жүздеген әдеби-
зерттеу мақалалары әдебиет тарихы, сыны, аударма салалары үшін
ешқашан маңызын жоймасы анық. Заман көшіне қарай, С.Сейітов
сұлбасы биіктей береді, әдеби-ғылыми еңбектері күн өткен сайын
маңыздылығын арттыра берері даусыз.
Сөзімізді қорытындылай келе, көрнекті ғалам Б. Майтановтың:
«Қазақ әдебиеттануы мен сынының бұл дәуірдегі дем-тынысынан
эстетикалық ой мен талғам, талап межелерінің кеңігенін, ғылыми
мұқияттылық пен қарымдылық белгілерін, өмір мен өнердің күрделі
байланысын саяси-философиялық, әлеуметтік-этикалық таным биігінен
әділ де терең толғауға ұмтылысты ұтымды көріністерінен толық
аңғарамыз»,– деп, кеңестік кезеңнің әдебиет пен мәдениетке, өнерге
айтарлықтай олжа салғанын тілге тиек етеді.[112, 328-б.]
Дәл қазіргі уақытта қазақ әдебиеттануы күрделі ахуал кешуде.
Талғамы жоғары оқырманның тілегін қанағаттандырар бүгінгі күн
тұрғысынан көрсететін өмір шындығына негізделген көркем туынды
жазу күрделі мәселеге айналып отырғаны рас. Оның ғылыми бағыты да
түрліше дамуда. Ол басқа әңгіме. Мағауиннің: «... әдеби мұраға әр ұрпақ
өз заманының тілегіне сай баға береді, сонымен бірге ондаған, жүздеген
адамдардың, әлденеше ұрпақтың тынымсыз еңбек етуін тілейді»,– деген
сөзі орынды.[113].
Достарыңызбен бөлісу: |