Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет102/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
Қазба-байлықтан алынатын зекет Жер астынан 
табылған алтын, күміс секілді бағалы тастарға бай-
ланысты. Осы табылған қазба-байлықтың бестен бір 
бөлігі – зекет мөлшері болып саналады.
ораза ұстау
дегеніміз күн атқаннан батқанға 
дейін тағамнан, сусыннан, темекі шегуден, жыныстық 
қатынасқа түсуден бас тартып, Алла тағалаға жақын 
болуға ниет қылу.
Ораза – Адам атадан (
ғ.с.
) келе жатқан көне ғибадат. 
Құран кәрімдегі «Бақара» сүресінің 183-аятында «Сен-
дерге дейін болғандардың маңдайларына жазылғандай 
иман келтірген сендерге де ораза ұстау маңдайларыңа 
жазылған. Бәлкім, сендер тақуалы боларсыңдар» 
делінген.
Ораза ұстаудың діни, денсаулық, әлеуметтік
жақсы жақтары бар. Ораза жыл сайын бір ай бойы адам-
ды рухани, тәндік тазалыққа тәрбиелеп, адамгершілікке 
баулиды. Ораза кезінде мұсылман Алла тағаланың 
шапағатына ие болып, күнәлары кешіріледі.
Рамадан айында ораза ұстау – әрбір ақыл-есі дұрыс, 
кәмелетке толған, ораза ұстауға денсаулығы жарамды, 
мұсылманның парызы. Ораза кезінде әйел етеккірден 
және босанғаннан кейін болатын қаннан таза болу ке-
рек. Ауру адам, аштық пен шөл денсаулығына әсер 
ететін қарт адам, төрт бурудтан астам шақырымға 
(буруд - Пайғамбар кезіндегі қашықтық өлшемі, ол 
12 мильге тең, сонда 4 буруд дегеніміз 160 км) сапар 
шегетін, әрі сол сапар кезінде бір жерде төрт күндей 
түнемейтін адам, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел, 
жаңа босанған, не етеккірі келген әйел Рамадан кезінде 
ораза ұстаудан босатылады.


178
Қажылық
Ораза ұстау іштей бес түрге бөлінеді: 
парыз
(міндетті), 
мүстәхәб
(қошеметті), 
нәфилә
(қосымша), 
мәкруһ
(мәжбүрлі), 
харам
(тыйым салынған). Уәжіб 
оразаға Рамадан айындағы ораза мен тамақ ішуге ша-
масы жетпейтін кейбір жағдайлардағы кәффәрәт ораза, 
яғни күнәлардан тазартатын ораза жатады. Мүстәхәб 
оразаны Шәууәл айында алты күн бойы, Зул-хижжа 
айының 9-күні, яғни Арафат күні, Мұхаррам айының 
10-күні болатын Ашура күні, Шағбан айының орта-
сында, дүйсенбі мен бейсенбі күндері, әрбір айдың 
«бақытты күндері» ұстауға болады. Әрбір айдың 
«бақытты күндеріне» Шағбан және қасиетті төрт айдың 
(Зүл-қағда, Зул-хижжа, Мұхаррам, Рәжәб) алғашқы үш 
күндері жатады.
Мүстәхәб ораза күндерінен басқа күндері 
мұсылман адам өз еркімен ораза тұтса, оны нәфилә 
ораза деп атайды.
Мәкруһ ораза деп жұма күні мұсылман адам 
жалғыз өзі ұстайтын оразаны айтады. Шағбан айының 
соңғы 29-шы күнімен Рамадан айының 1-күнінің 
арасындағы түнде жаңа Ай туу керек. Сол мезгілден 
бастап ауыз бекітіп, Рамадан айының оразасы баста-
лады. Егер сол түні жаңа Ай туғаны байқалмаса, оны 
күмән келтірген күн деп, Шағбан айының 30-күніне са-
нап, мәкруһ ораза ұстаған болып есептеледі. Егер әйел 
күйеуінің рұқсатынсыз өз еркімен ораза тұтса, оны да 
мәкруһ оразаға жатқызады.
Ораза айты мен Құрбан айтында, Зул-хижжа 
айының 10-күнінен кейін, яғни құрбандық шалатын 
күннен кейінгі үш күнде («ташриқ күндері») ұстаған 
оразаны харам ораза дейді. Етеккірі келген, не жаңа 
босанған әйелдің оразасы және «Ораза ұстасам, өліп 


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет