Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет99/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

намаз оқу
. Намаз – 
Жаратқан Иeci мен құлы арасындағы байланыс жолы. 
Құран кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 31-аятында Алла 
тағала былай деп айтқан екен: «Менің иман келтірген 
құлдарыма айт: «Намазға тұрсын! Не сатуға болмайтын, 
не достық жүрмейтін күн туғанша оларға жасырын да, 
ашық та сыйлағанымыздан таратсын». 
Садақаллаһул-
азим (Teңдесі жоқ Алланың айтқаны -
шындық).


171
جحلا كسانم
Мұсылман құдіретті де күшті Алла тағаланың 
алдында тұрып, оған мақтау айтып, кешірім сұрайды, 
дұға оқиды. Алла тағала намаз кезінде мұсылманның 
дұғасын қабыл алады. Намаз адамды жан және тән 
тазалығына тәрбиелейді.
Мұсылман адам күніне бес уақыт намаз оқиды. 
Әр намаз белгілі бip уақытта оқылады: Памдат намазы 
күншығыс жақ ағараңдағаннан бастап күн шыққанға 
дейінгі уақыт аралығында оқылады. Бeciн намазы күн 
аспан төрінен қисайғаннан ба стап күн батуға тақалған 
уақытқа дейін оқылады. Намаздыгер намазы күн 
батуға тақалған кезден күн батқанша оқылады. На-
мазшам намазы күн батқан бойдан ымырт үйірілгенше 
оқылады. Құтпан на мазы ымырт үйірілгеннен бастап 
таң арайланғанға дейінгі уақыт аралығында оқылады.
Одан басқа жұма күні мешітте оқылатын жұма на-
мазы, ұзақ жолға шыққанда оқылатын сапар намазы. 
Құрбан және Ораза мейрам күндері оқылатын айт на-
мазы, мұсылман қайтыс болғанда оқылатын жаназа на-
мазы, Paмадан айында оқылатын тарауых намазы бар.
Намаздың алдында мұсылман адам дәрет ала-
ды. Дәрет алудың eкі түpi бар: үлкен дәрет алу және 
кіші дәрет алу. Ислам дінін қабылдап, алғаш рет намаз 
оқитын адам, намаздың алдында жыныстық қатынаста 
болған адам, eтеккірі келген әйел, жаңа босанған 
әйел үлкен дәрет ала ды. Ол үшін алдымен қолды үш 
мәрте жуып, сосын ұятты жерлерді жуады. Өзен суы-
на сүңгіп, шомылу арқылы немесе су сепкіш астында 
тұрып үлкен дәрет алады, яғни «ғұсыл» жасайды. 
Ал қалған жағдайдың барлығында мұсылман адам 
кіші дәрет алады. Ең алдымен «
бисмиллаһир-рахманир-
рахиим
» («қайырымды, рақымды Алла атымен») деп 


172
Қажылық
айтып, eкі қолды білекке дейін үш
 
мәрте жуады, со-
сын үш мәрте оң қолмен су алып, ауызды шаяды. Одан 
кейін тағы да оң қолмен үш
 
рет су алып, мұрынды та-
залайды, бетті маңдайдан иекке дейін үш рет жуады. 
Сосын алдымен оң қолды шынтаққа дейін үш рет, одан 
кейін сол қолды да шынтаққа дейін үш рет жуады. Қос 
алақанда қалған сумен шашты маңдайдан қарақұсқа 
қарай сипап, сұқ саусақтағы қалған ылғалмен құлақтың 
іші-сыртын бір рет тазалап, ортан саусақ, атсыз саусақ 
және шынашақтың сырт жағында қалған ылғалмен 
құлақтың артын ала мойынды бұғанаға дейін сүртеді. 
Сол қолмен оң аяқты тобыққа дейін үш рет, сосын 
сол аяқты да тобыққа дейін үш мәрте жуады. Сөйтіп, 
мұсылман қолын жуып, дәрет алуды аяқтайды.
Намазға шақырған азаншының даусын естігенде, 
мұсылман құбыла жаққа жүзін қаратып, намаз оқуға 
ниет білдіреді. Әдетте намаз былай оқылады:
Tік тұрып, eкі қолды иыққа дейін көтеріп, «
Аллаһу 
әкбәр
» («Алла – Ұлы») деп тәкбир айтады. Тұрған 
қалпында оң қолмен сол қолды ұстап, «Фатиха» cүpeciн 
оқиды.
рукуғ
– еңкейіп, eкi тізеге қолдарын қойып
«
сүбхана раббиал-азим
» («барлық мақтау – зор 
мәртебелі Иеме») деп үш рет айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет