170
Қажылық
мұсылмандардың болмашы күнәларын кешіруді Алла
тағаладан сұрайды. Барлық адамдар қыл көпір – си-
раттан өтеді. Күнәға батқандар көпірден құлап, тозақ
отына күйеді, ал тақуалы мұсылмандар жаннат бағына
кіреді.
«
Уәл-қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи
тағала
» – «Алла тағала жақсылық та, жамандық та
жасай алатынына құдіретті екеніне иман келтірдім».
Адамдар жақсылық пен жамандықты айыру үшін
Алла тағала дүниені қарама-қайшылыққа толы етіп
жаратқан. Бұ жалған дүние ақ пен қарадан, жауыздық
пен мейірімділіктен, өмір мен өлімнен, күн мен түннен,
суық пен ыстықтан, махаббат пен жеккөрініштен ...
тұрады. Осының барлығы адамдарға үлкен сынақ. Ол
осы қарама-қарсы дүниелердің тек қана жақсылыққа
шақыратынын таңдай білу керек.
«
Уәл-бағси бағдәл-мәут
» – «өлімнен кейінгі
тіршілікке иман келтірдім». Сүбхана Алла тағала екі
дүние жаратқан. Бұ дүниеде адам мұсылман болып,
салиқалы өмір сүрсе, о дүниеде жұмаққа кіреді. Бұ
дүние – жалған, о дүние – мәңгілік.
Міне, адам осы айтқандардың барлығына иман
келтірсе, онда ол бес парызының алғашқысын, яғни
шаһадат айтуды орындаған болып саналады.
Исламның екінші қазығы –
Достарыңызбен бөлісу: