173
جحلا كسانم
«
сүбхана раббиал-ағла
» («барлық мақтау –
жоғары
мәртебелі Иеме») деп айтады.
жүліс
– басты жайнамаздан көтергенде тәкбир ай-
тып, дененің салмағын сол аяққа түcipe отыру. Отырған
қалыпта «
аллаһумма иғфир ли фи йәум йақумул-хисәәб
»
(«Я, Алла! Қиямет күнінде мені кешіре гөp») деп дұға
оқиды.
Eкінші рет сәждеге бас қойып, «
сүбхана раббиал-
ағла
» деп үш рет айтып, орнынан тұрады. Міне, осы-
мен намаздың бip бөлімі бітеді.
Намаз бірнеше бөлімнен тұрады, бөлімді «рәкат»
дейді. Рәкаттың eкі түpi болады: парыз рәкат және нәфіл
(қосымша) рәкат. Нәфіл рәкаттар парыз рәкаттардың
алдында да, соңында да келеді. Бес уақыт намаз 17
парыз, 12 нәфіл рәкаттан тұрады. Әр намаздың парыз
және нафіл рәкаттар саны әртүрлі. Памдаттың eкі па-
рыз pәкәты Адам атадан, Бесіннің төрт парыз рәкаты
Ибраһим пайғамбардан, Haмaздыгepдiң төрт парыз
рәкаты
Салық пайғамбардан, Намазшамның үш па-
рыз рәкаты Иса пайғамбардан, Құтпанның төрт па-
рыз рәкаты Мұса пайғамбардан (
ғаләйһим ас-салат уә
сәлләм
) мұсылмандарға мұра болып қалған.
Исламның бес қазығының бipi –
зекет
. Мұхаммед
пайғамбарымыз (
с.а.с.
) зекетті Исламның шаңырағы
деп атаған. Мұсылманның бұл парызы һижра жыл
санауының екінші жылынан, яғни 624 жылдан кең етек
алды. Сүбхана Алла тағала дәулетті адамдарға кедей-
мүсәпірлерге көмектесуді парыз еткен. Құран кәрімнің
«Мүминун» сүресінің 1-4 аяттарында «Бос әңгімеден
бойын аулақ ұстайтын, зекет беретін, намазда момын
иман келтіргендер бақытты» делінген.
174
Қажылық
Шариғат заңы бойынша
зекетті мына адамдарға
береді:
1) Пақыр адам, яғни бар тапқан-таянғаны, мал-
мүлкі, табысы бip жылда өзін-өзі асырауға жетпейтін
мұсылман адам.
2) Мүсәпір адам, яғни ештеңесі жоқ сіңірі шыққан
кедей.
3) Жұмысшылар, оларға кеңсе қызметкерлері, хат
тасушылар, зекетті жинаушылар жатады.
4) Ислам дінін қабыл алуға ниет білдірген адам.
5) Еркіндікке жіберілген құл. (Алайда, бұл
топтағы адамдар құлдық дәуір кезінде өмір сүрген.)
6) Қарызданушы,
яғни қарызын өтеуге шамасы
жетпейтін мұсылман адам. Егер қарыз алған адам бар
ақшасын ішімдікке, не мұсылманға тән емес істерге
салса, онда ол адамға зекет берілмейді.
7) Алла жолында күрескен жауынгер.
8) Туған жеріне қайтуға пұлы жоқ жат елдік
мұсылман адам.
Зекет пітір зекеті және
байлық зекеті болып екі
үлкен топқа бөлінеді. Ал байлық зекеті іштей бес түрге
бөлінеді: күміс пен алтыннан
алынатын зекет, егін
өнімдерінен алынатын зекет, сауда-саттық тауарла-
рынан алынатын зекет, малдан алынатын зекет және
қазба-байлықтан алынатын зекет.
Айт күні әрбір мұсылман пітір зекетін беруге
міндетті. Мұсылман пітір зекетін өзі үшін, қарт әке-
шешесі үшін, әйелі мен кішкентай балалары үшін,
үй қызметкерлері мен күтушілері үшін береді. Пітір
зекетін Рамадан айының соңғы күні
кешінен келесі
күні айт намазы басталғанша дейін берген абзал бо-