Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет96/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

шаһадат айту
дегеніміз – Ислам дінін қабылда-
ғанын куә ететін мына қасиетті сөздерге иман келтіру:
Оқылуы:
Әшһәдү ән лә иләһә иллаллаһ
уә әшһәдү әннә Мухаммәдән абдуһу уә рәсүлүһү.


165
جحلا كسانم
Мағынасы:
Мен Алладан басқа құдай жоқ екеніне куә бола-
мын және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куә 
боламын.
Осы шаһадатты үш рет қайталаған адам Ислам 
дінін қабылдап, ақиқат жолына түскен болып сана-
лады. Ол адам бүкіл дүниені жаратушы тек қана бір 
құдай - сүбхана Алла тағала екеніне, оның адамзатқа 
жіберген ең соңғы елшісі – Мұхаммед пайғамбарымыз 
(
с.а.с.
) екеніне еш күмән келтірмей, шексіз сенеді.
Шаһадаттың синонимі – «иман ижмали» («тұтас 
иман»). Ал «иман тафсили» («толық иман») мына 
қасиетті сөздерден тұрады:
Оқылуы:
Әмәнту биллаһи уә мәләикәтиһи уә күтүбиһи 
уә рүсүлиһи уәл-йәумил-ахири уәл-қадари хайриһи уә 
шәрриһи миналлаһи тағала уәл-бағси бағдәл-мәут.
Мағынасы:
Мен Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, 
елшілеріне, ақырет күніне, Алла тағала жақсылық 
та, жамандық та жасай алатынына құдіретті екеніне, 
өлімнен кейінгі тіршілікке иман келтірдім.
Енді осы «иман тафсилидің» әрбір сөзін тал-
дап, мағынасына терең үңілейік. «
Әмәнту биллаһи
» 
дегеніміз «Аллаға иман келтірдім» деген сөз, яғни 
Алла тағала бар, одан асқан күш те, құдірет те жоқ, ол 
жалғыз, ол ешкімнен туылған жоқ, ешкімді туған жоқ. 
Ол – мәңгілік.
«
Уә мәләикәтиһи
» – «оның періштелеріне иман 
келтірдім». Сүбхана Алла тағала ақыл-есі бар үш 
түрлі мақлұқтарды жаратты: нұрдан періштелерді, от-


166
Қажылық
тан жындарды, топырақтан адамды. Періштелерде тек 
болмайды, яғни ұрғашы, еркек деп бөлінбейді. Олар 
аспанда өмір сүреді, Жұмақты күзетеді, Алла тағала 
тағының айналасында болып, оған мақтау айтады. 
Періштелер Жерге де түсіп, адамдарға жебеу бола-
ды, пайғамбарларға Алла тағаланың сөзін жеткізген, 
адамдардың іс-әрекеттерін жазып отырады. Сондықтан 
біздің ата-бабаларымыз «маңдайға жазылған» деп 
тәубеге келіп отырған. 
Әр періштенің өзіне жүктелген міндеті бар. 
Әсіресе, Алла тағалаға жақын жүретін төрт періште 
бар, оларды «мұқаррибтер» деп атайды. Олар: Алла 
тағаланың сөзін Мұхаммед пайғамбарға (
с.а.с.

жеткізген Жәбірейіл періште, Алла тағала жаратқан 
бүкіл ғаламды бақылаушы Микаил періште, Қиямет 
күнінің келгенін хабарлайтын Исрафил періште, 
адамның жанын алатын Әзірейіл періште. Мұқарриб 
періштелермен қатар Нәкір мен Мүнкәр дейтін көр 
періштелері, Жұмақты күзететін Ридуан періште, 
Тозақтың күзетшісі - Мәлік періште бар. Әрбір адам-
ды екі періште жебеп, қорғайды. Олар адамның барлық 
жақсы-жаман іс-әрекеттерін жазып отырады.
Алла тағала Адам атаны топырақтан жаратты, 
сосын барлық періштелер мен жындарға Адам атаға
тағзым етіп, бас июге әмір қылды. Алайда, оттан 
жаратылған Ібіліс шайтан Жаратқан Иенің әміріне қарсы 
шығып, карғысқа ұшырады. Қарғыс атқан Ібіліс шай-
тан Алла тағаладан «Ақырет күніне дейін адамдарды 
азғырамын, олар Сенен безеді, Сені жоққа шығарады» 
деп, осы арам ойын іске асыруға мұрсат сұрады. 
Құдіретті де күшті Алла тағала оған бұл мүмкіндікті 
берді. Сөйтіп, Ібіліс шайтан кейбір жын-перілермен 


167


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет